Қазақстан Республикасында акушерия – гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Акушериядағы деонтология. Акушериялық стационардағы аурулардың алдын алу



бет2/45
Дата12.12.2023
өлшемі157,54 Kb.
#196663
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
акушерия және гинекология емдеу ісі каз

Гинекология – латының ( гине – әйел, логос – ілім ) сөзінен аударғанда, әйел жыныс жүйесіндегі физиологиялық қалыпты жағдайдағы және паталогиялық ауруға шалдыққан кездегі өзгерістер жөніндегі ілім. Бұл ілім терапия, хирургия ілімдері сияқты клиникалық ілімдерге жатады. «Гинекология» кең мағналы сөз, ол «Акушерство» және «Гинекология» деген екі бөлімнен тұратын әйелдер жөніндегі ілім.
«Акушерство» - (латын сөзі – туу, босану) деген түсінік, ол медицинаның әйел бойына баланың бітуін, жүктілік, босану, босанғаннан кейінгі кезеңдерінде әйел организмінде кездесетін физиологиялық және патологиялық жағдайлардағы өзгерістерін зерттейтін түріне жатады. Жаңа туған балалар жөніндегі ілім де «Акушерство» ілімінің ажыратылмайтын бөлігі. «Гинекология» - әйел жыныс мүшелерінің ауруға шалдыққан кездегі өзгерістерін, аурудың пайда болу себептерін, алғашқы белгілерін, емдеу тәсілдерін, аурудың алдын – алу шараларын зерттейтін ғылым деген түсінік. Акушер – гинеколог дәрігерлердің басқа дәрігерлерден айырмашылығы, олар ауруға шалдыққан кезде дәрігерлік көмек көрсетумен қатар, «ж.ктілік және туу» сияқты физиологиялық жағдайларда да көмек көрсетеді. Акушер - гинеколог дәрігерлері ана мен бала өміріне жауапты араша жандар. «Акушерство » және «Гинекология»ілімдері бір бірлерімен өте тығыз байланысты және басқа медицина ғылымдарының салдарына жатады. Акушерлік дәрігерлік көмек басқа салалармен салыстырғанда, көпшілік – әйел қауымына көрсетілен көмек болып табылады.
Қазақстан Республикасында акушерия – гинекологиялық көмекті ұйымдастыру және оны жүзеге асыру істері ең алғашқы әйелдерге көмек көрсету кеңес орны 1921 жылы Орынбор қаласында, 1928 жылы Алматыда ашылды. 1932 жылы Қазақстан астанасы Алматыда Ана мен баланы қорғау ғылыми – зерттеу институты ашылды. Бұл институт акушерлік – гинекологиялық көмек көрсетудің әдістемелік орталығына айналды,әр түрлі акушерлік – гинекологиялық өзекті мәселелер ғылыми жұмыстарды жүргізуде институт директоры А.Б.Бисенова көп еңбек сіңірді. Республикамыздағы 5 медицина институтының акушерство – гинекология кафедраларында зерттеу жұмыстары кеңінен жүргізілді. 1934-54 жылдар аралығында Алматы медицина институты акушерство – гинекология кафедрасының меңгерушісі, ғылым докторы, профессор А.И. Малининнің одан кейінгі 1958-78 жылдар аралығындағы кафедра меңгерушісі болған, медицина ғылымының докторы, профессор К.Д.Өтегенованың, 1978 жылдан кафедра меңгерушісі болған профессор Мезинова, одан кейін кафедра меңгерушісі, медицина ғылымының докторы, Қазақстан Медицина ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі, Э.Т.Раисованың шәкірттері болашақ акушер-гинеколог мамандарды дайындауда еңбектері зор, ғылыми жұмыстармен шұғылданып, соның нәтижесін тәжірибе жүзінде дәлелдеп, акушерлік ғылымның дамуына, оның алға басуына ерекше көмек көрсетіп жүрген бетке ұстар Республика ғалымдары.
Сонымен қатар Н.А.Каюпова,Р.С.Бейсембаева, К.К.Кәрімова, Г.Икіманова,К.Е.Мырзалиева,Л.П.Бакулева,Т.М.Үкітбасова сынды ғалымдар қазақ елінің акушерлік- гинекологиялық ілімнің дамуына өз үлестерін қосты және әлі де осы салада қажымай еңбек етуде. 1975 жылы Алматыда Акушерлік – гинекологиялық ғылыми зерттеу институты ашылды. Осы институт құрамынан 1991 жылы «Ана мен бала денсаулығын қорғау» - Республикалық ғылыми – зерттеу орталығы ашылды. Бұл орталықтың директоры ғылым докторы, профессор Н.А.Каюпова.
Акушерлік – гинекологиялық мекемелерде аяжандармен қатар мейірбикенің алатын орны ерекше. Оларға да ана мен бала өмірін сақтауда үлкен міндеттер жүктеледі. Дәрігер белгілеулерін бұлжытпай орындау, терең білім, кәсіби шеберлік, мейірбике еңбегінің нәтижесін көрсететін көрсеткіштің бірі. Мейірбикенің адамгершілік қасиеті, сыртқы бейнесіжәне мінез – құлық ережесі ең маңыздыларының бірі. Этика және деонтология ілімдерін зерттеп, егжей – тегжейіне дейін оқымайынша мейірбике мамандарын дайындау мүмкін емес.
Этика - мінез құлық ережесінің жиынтығы. Ол дәрігер мен ауру, аурудың туған-туыстары және медицина қызметкерлері арасындағы қарым-қатынасты, тұрмыстағы мінез - құлық ережесін қамтитын ең жоғарғы адамгершілік қасиет. Дәрігерлік деонтология – медицина қызметкерлерінің міндеті, борышы, мінез – құлық ережесінің тәртібі, ол емнің ауру адамға көп көмек келтіруіне бағытталған ілім, сондықтан да,ол этиканың бір бөлігі. Акушерлік – гинекологиялық мекемелерде мейірбике жұмыстарында, деонтологияның алатын орны ерекше. Мейірбикенің барлық науқастармен қарым – қатынасы бірдей, әрі кішіпейілді, ақжарқын, ұстамды болу керек. Орта және кіші медицина қызметкерлері аурудың атын яғни диагнозын, емдеу жолдарын, операцияның қортындысын, науқас адамға айтып түсіндіруге болмайды. Бұл жөніндегі мағұлыматтарды тек қана дәрігер белгілейді. Сондықтан мейірбикенің өз беттерінше ауруларға дәрілерді берулеріне қатаң тыйым салынады. Ауруларды аралап шығу кезінде мейірбике дәрігердің назарын алаңдатып, басқа жұмыстарды орындамауы тиіс. Акушерлік – гинекологиялық мекемеде жұмыс істейтін мейірбикенің кейбір сұрақтар төңірегінде әсіресе, өмірдің сырлас, қарым қатынас жақтары мәселелерін анықтау кезінде әдеп сақтаулары керек. Акушерлік және басқа да аурулармен ауратын әйелдерді жағымсыз, көңілге қонымсыз хабарларды естіртуден сақтау керек. Жағымсыз көңіл – күй кейбір жүрек ақаулары, қан қысымының көтерілуі және жүктілік ауруларымен ауыратын әйелдердің жағдайларын төмендетіп,ауруларын қоздыруы мүмкін. Бүкіл медицина қызметкерлері ана мен бала өмірі үшін жауап беретіндіктерін ұмытпағаныдары жөн. Жүкті әйелдермен жұмыс істеген кезде мейірбике босану процессі физиологиялық процесс екендігін ескерте отырып, олардың өздері аман- есен босанатындықтарына көздерін жеткізіп, сендірулері керек. Аяжандар әйелдің босануы кезінде, оның өтуіне көңіл бөлмей, ұят нәрсе екен деп, ұялатындай артық сөздер айтпай, көңіл- күйін жабырқатпай, аман-есен босануларына мүмкіншілік жасаулары керек. Осы кезде дәрігерлік құпияны сақтау керектігін ұстау керек.
Акушерлік – гинекологиялық мекемелерде жұмыс істейтін мейірбикелер өздерінің кәсіби – шеберліктерін, терең білімдерін қарапайымдылық, кішіпейілділіктерін, сүйкімді сыртқы кейіптерін көрсете алатын жоғарғы адамгершілік қасиеттері мол дәрігер көмекшілері болып табылады.
498 Бұйрыққа жүгінеміз.
Жүкті әйелдердің паталогия бөлімі: Бұл бөлімде жөғары, орта және төмен дәрежелі «қауіп -қатер» тобындағы әйелдер тексеріліп,емделеді. Құрамына қарау, емдеу, асхана бөлмелері кіреді. Бөлімге түскен әйелдің қажетті мәліметтер жинап, арнайы акушерлік және клиникалық – лабораториялық зерттеулер жүргізіліп, жүктіліктің асқынуын анықтап, оның босану жоспарын белгілейді.
Босанатын бөлім: Құрамына босанарр алдындағы бөлімше, босанатын және операция бөлімдері кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет