Босанар алдындағы бөлімше: Бұл бөлімшеде никельденген төсек, астауша, нархоздық, қан қысымын өлшейтін аппараттары болды.
Кезекші акушер әйелдің жалпы жағдайын, қан қысымын, тамыр соғуын, толғақтың сипатын, жүрек соғуын бақылап, босану тарихына жазып отырады. Босанып жатқан әйелдерде қынаптық зерттеуді кіші операция бөлмесінде, ал қан кеткен жағдайда үлкен операция бөлмесінде жасайды.
Босану бөлмелері: Бұл бөлмелерде әйелдер босанатын Рахманов төсектері, дәрі-дәрмек, зарарсыздандырылған құрал-аспаптар, жылжымалы рефлектор шамы, дәрі тамызуға арналған штативтер және зарарсыздандырылған материалдармен (халат, мақта жұмыршасы, резеңке қолғаптары т.б.) жабдықталған бірнеше бикстер болады. Сонымен қатар, нәрестенің тыныс жолдарын тазартатын электросорғыш, оттегі балондар, наркоз беретін аппарат, тонометр, стетоскоп болу керек. Босанатын екі бөлменің ортасында жаңа туған сәбиге арналған дәрі – дәрмек, арнайы құрал- аспаптармен жабдықталған бөлме бар. Босануға арналған бөлмелерге таяушағын операциябөлімшесі орналасады, барлық акушерия операциялары осы бөлмеде, ал кесар тілігі үлкен операция бөлмесінде жасалады.сонымен қатар, жедел дәрігерлік көмек көрсету үшін, зарарсыздандырылған аспаптар, қан, қан орна жүретін ертінділер, дәрі – дәрмектер күні бұрын дайын болу қажет.
Физиология бөлімі: Бұл бөлмеде босанған аналар жатады. (екі сағаттан кейін әйелді физиология бөліміне көшіреді). Дәрігер күнделікті ананың күй-жағдайын, дене қызуын, қан қысымын, тамыр соғуын, емшек бездерін, жатырдың жиырылуын бақылайды.
Егер босану, босанғаннан кейінгі кездерде паталогиялық асқынулар болмаса және сәби денсаулығы жақсы болса, бірден емізуге берілсе, сәби анасымен бірге болады. Ана мен сәбидің бір бөлмеде болуы зор.
Ана мен сәбилер арасында септикалық аурулар төмендейді.
Ана сәбиді күту ережелерін үйренеді.
Сәбиді бірден және ұзақ емізу, оның дұрыс өсіп дамуына, босанғаннан кейінгі кезеңнің қалыпты өтуіне және перинатология ауруының, өлімнің төмендеуіне әсер етеді.
Бұл бөлімшенін негізгі міндеттері:
Медицина қызметкерлерін қажетті ережелермен таныстыру, үйрету.
Барлық жүкті әйелдерге ұзақ емшек сүтімен қоректендірудің маңызын және әдісін түсіндіру.
Босанған анаға сәбиді бірден емізуге көмектесу.
Сәбиге емшек сүтінен басқа тағамдар бермеу.
Ана мен сәбидің тәулік бойы бір бөлмеде болуын қамтамасыз ету.
Ананың тұнғыш рет сәбиді күту ережелерімен бөбектер бөлімінде істейтін мейірбике таныстырады. Ананың 4-5 күні үйіне шығарады. (сәбидің кіндік тұқылы түскенен кейін). Егер ананың немесе сәбидің ыстығы көтеріліп ауырса, бірден обсервация бөліміне көшіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |