Қазақстан Республикасында акушерия – гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Акушериядағы деонтология. Акушериялық стационардағы аурулардың алдын алу


Жүктіліктің физиологиясы. Жүктілік кезінде әйел организмінде болатын өзгерістер. Іштегі нәрестені антенатальді қорғау



бет5/45
Дата12.12.2023
өлшемі157,54 Kb.
#196663
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
акушерия және гинекология емдеу ісі каз

Жүктіліктің физиологиясы. Жүктілік кезінде әйел организмінде болатын өзгерістер. Іштегі нәрестені антенатальді қорғау.
Жоспар:

  1. Жүктілік физиологиясы туралы түсінік.

  2. Жүктілік кезінде әйелдің организмінде болатын өзгерістер.

  3. Іштегі нәрестені антенатальді қорғау туралы ұғым.

Әйел организімінде жүктіліктің дамуы жаңа функционалды жүйенің-ана ұрық пайда болуына байланысты. Жүктілік кезінде ананың күй жағдайының өзгеруі ұрықтың өсіп-дамуына, ұрықтың күй жағдайы ана организіміне әсер ететіндігі дәлелденген.
Ана мен ұрықтың арасын байланыстыратын негізгі буын- плацента.
Жүктіліктің физиологиялық ағымында ұрық және плацентаның дамуына байланысты әйел организімінде барлық мүшелер мен жүйелердің функциясы өзгереді. Бұл өзгерістер бейімделу және ұрықтың өсіп-дамуына жағдай жасауға бағытталған.
Жүкті әйел организіміндегі физиологиялық өзгерістерді екі топқа бөлуге болады:

  1. Жалпы өзгерістер

  2. Жыныс жүйесіндегі өзгерістер

Жүкті әйелдің сырт бейнесі, әсіресе жүктіліктің екінші жартысында қатты өзгереді: бет бейнесі дөрекіленіп, аяқ қолдары, бет, сүйек жақтары үлкейеді.
Іш үлкейген сайын омыртқа сүйектері түзеліп, иық пен желке артқа қарай шалқаяды, осыған байланысты әйелдің жүріс тұрысы өзгереді. Шекспир айтқандай « жүктілердің тәкаппар жүрісі» пайда болады. Жүктілік кезінде жамбас сүйек қосылыстарында қатты өзгерістер, әсіресе шат қосылысының жан жаққа ажырауы байқалады. Тері қабаттары да өзгереді. Жатырдың ұлғаюына байланысты құрсақсозылып, іштің ақжолағы кеңейеді. Іштің төменгі жағында шат аймағында, жамбас және сүт бездерінде шамадан тыс май жинала бастайды. Терінің көбірек созылған жерлерінде жүктілерге тән жолақтар, тері түсінде қоңыр түсті дақтар пайда болады. Дақ әсіресе бетте айқын көрінеді және іштің ақжолақтарында, емшек ұшында айналасында болады. Сыртқы жыныс мүшелерінің айналасында қынап қабырғаларында, емшек бездерінде вена кеңеюі мүмкін.
Әдетте, ол ббосанғаннан кейін қалыпқа келеді. Екіқабат кезінде дененің жалпы салмағы орташа есеппен -9-12кг артады, ұрықтың салмағы-1,4 - 1,8кг ұлғаяды. Апта сайын салмағы 250-300гр аспау қажет. Ал 90% жүкті әйелдерде 3-4күн бұрын салмағы орта есеппен 1кг шамасында төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет