Зәр шығару жүйесі.жүктілік кезінде әйел бүйрегінің қызметі ұлғаяды. Организм және ұрықтың зат алмасу қалдықтарын сыртқа шығарады. Бүйрек қан айналымы жүктіліктің бірінші триместірінде ұлғаяды, содан кейін жүктілік ағымында біртіндеп төмендейді ( бұл бүйректің бейімделу реакциясы), жүктіліктің соңында басқа мүшелерді қосымша қанмен қамтамсыз етеді. Жүктілік кезінде бүйректің филтрациялық қызметі өседі. Жатырдың көлемі үлкейген сайын қуықты басып, жүктіліктің соңында қуық қабырғалары және зәр шығару жолдары ұзарып, гипертрофияланады. Несеп ағар жүйесінің физиологиялық өзгерістері жүктілік кезінде пиелонефриттің дамуына әсер етеді.
Иммундық жүйе. Жүктілік барысында ана және ұрық арасындағы иммундық қатынастыың маңызы зор. Генетикалық тұрғыдан қарағанда жартылай « сиысқан трансплантант» ана мен ұрық арасында жүктілік кезінде өте күрделі иммуннологиялық қарым қатынас пайда болады. Бұл қырым қатынас ұрықтың дұрыс өсіп, дамуын қамтамасыз етеді. Ұрықтың иммуннологиялық қорғансында плацентаның және ана организімінің иммунологиялық толерантының « ұрық антигеніне қарсы» маңызы үлкен.
Ішкі секреция бездерінің қалыпты дамуы жаңа ішкі секреция безінің – « жүктіліктің сары денесі» қызметіне байланысты. Сары денеге жыныс гормондары прогестерон және экстрогендер) өндіріледі. Оның имплонтацияға және жүктіліктің дамуына әсері зор. Үшінші төртінші айлардан бастап сары дене кері дамып, оынң қызметін түгел плацента алады, ол ана қанына гармондар мен биологиялық әсерлі заттар бөліп шығарады. Гипофиздің алдыңғы бөлігі жүктілік кезінде екі үш есе ұлғаяды және ФСГ және ЛГ гармондарының түзілуін басады, ал пролакатиннің түзілуі артады. Сонымен қатар ТТГ (тиреотропты гармон ) қанда жүктілік барысында және босанар алдында көбейеді.
Гипофиздің артқы бөлігі ұлғаяды, окситацин артқы бөлігінде жиналып, жүктіліктің босану ағымында көбейеді.
Іштегі нәрестені антенатальдық қорғау.
Эмбрион мен шақалақтың сыртқы қоршаған ортаның кесапаты факторлары әсеріне жауабы мен морфогенезінің (ағзалар өзгерістерінің) ерекшеліктеріне сүйене отырып, адам баласының жатырдағы дамуын мынандай кезеңдерге бөлуге болады. Ол: имплантацияға ( жабысқанға ) дейінгі даму; Имплантация ( жабысу ); органогенез немесе ағзалардың пайда болып дамуы, плацентация немесе бала жолдасының және шақалақтың пайда болу (фетогенз) кезеңі деген сатылар.
Имплантацияға дейінгі даму- аналық клетка ұрықтанған сәттен тұқымның жатырдың былжыр қабығына келіп жабысқанға дейінгі 7-8 күнге созылады.
Ғалым П.Г. Светловтың зерттеулеріне қарағанда, имплантацияға дейінгі кезеңнің соңғы күндері ( ұрықтанған соң 4-5 күні) ұрықтың қоршаған ортаның кесапаты әсерлеріне тым сезімтал болатын сәті байқалады екен. Бұл кезеңді эмбрион дамуының бірінші осал кезеңі дейміз. Дамудың осал сәтінде клеткалар мен ткандердің (тіндердің) жіктелу құбылысы өте жіті жүріп, зат алмасуы күшейеді. Эмбрион дамуының осал сәттері қоршаған ортаның кесапаты әсеріне өте сезімтал болып келетінінің тағы бір себебі, ұрпақтың зақымданған жерінің қайта қалпына келу ( регенерациясының ) қасиетінің тым әлсіреп кететіндігі. Осының салдарынан оның өліп қалуы да ықтимал. Осал сәттерде эмбрионның даму құбылысын мүлдем өзгертіп жіберетін зардаптарға: мұздап қалу, қатты ысып кету, тұншығу (гипоксия), радиация сәулелері, дәрі дәрмектер, пестицид, нитрат, хлорофос, бутифос тәрізді улы химикаттар, арақ, есірткі, жұқпалы инфекциялар әсері жатады. Егер бірінші осал кезеңінде ұрыққа қоршаған орта факторлары зиянды әсер ететін болса, онда ұрық жатырдың былжыр қабығына дұрыс жабыспайды да не мүлдем жабыса алмастан өліп қалады. Эмбрион жатырдың былжыр қабығына жабысқан соң ағзалардың немесе органогенез бен бала жолдасының пайда болуы – плацентация, деп аталатын ең жауапты кезең басталад. Бұл кезең құрсақтағы перзент дамуының 3-4 айлығына дейін созылады. Оның ең сезімтал сәті – ұрық дамуының алғашқы 3-6 апталығына яғни ағзалардың пайда болу (органогенез) кезеңіне сәйкес келеді. Бұл кезенді эмбрион дамуының екінші осал кезеңі деп атайды.
Ұрықтың күй-жағдайын анықтайтын негізгі антенатальдық тестілер: УДЗ, ұрықтың жүрек соғуын зерттеу, анаплацента ұрық жүйесінде допплериометриялық қан ағымын анықтау.
Жүктілік кезінде УДЗ-ны барлық мерзіміне кеңінен қолдануға болады. Оның жүктілерге және ұрыққа ешқандай зиянды әсері жоқ. Қазіргі кезде жүктілер арасында УДЗ екі рет жүргізіледі, бірінші 16-24 апта, екінші рет 32-26 аптада. УДЗ арқылы нәресте кемтарлығы 90-95 % аралығында анықталады.
Жүктіліктің І триместірі:
УДЗ арқылы овуляциядан кейін 4-5 апталық уақытта ұрықты анықтауға болады.
Жатырдан тыс жүктілікте УДЗ арқылы жатыр қуысында жалған ұрық жұмыртқасы анықталады.
Жатырдағы ұрықтың жүрек соғуын соңғы етекірден кейін 8 апта аралығында анықтайды.
Ұрықтың мөлшері бойынша босану уақытын анықтауға болады.
УДЗ арқылы жатыр көлемі мен гестациолық кезеңнің сәйкес еместігін анықтайды.
УДЗ – де жатырдан қан ағудың төменгі себептерін анықтауға болады. Плацентаның төмен орналасуы, қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуі.
УДЗ жатырішілік ұрықтың кемтарлығын, жүрек ақауларын алдын ала анықтайды.
УДЗ жүргізер алдында жүкті әйел қуығын су ішіп толтыруы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |