Қан және жүрек қан тамырлар жүйесі. Әдетте жүктілік кезінде жүрек қан тамыр жүйесіне үлкен талап қойыладығ, жүрекке ауыр салмақ түсудің нәтижесінде сол жақ қарыншасы шамалы ұлғаяды, жүректің минуттық көлемі артады, тамыр соғу жиілейді.
Жүктілік кезінде физиологиялық тахикардия байқалады,үшінші триместірде жүрек соғуының жиілігі артады, жүктіліктің соңғы айларында 80-95 минутына.
Тыныс алу жүйесі. Жүктілік кезінде тыныс алу мүшелері едәуір өзгерістерге ұшырайды, олар ұрықты оттегімен қамтамасыз етеді. Жатыр көлемі үлкейген сайын іш перде қуысының мүшелері жылжымайды (диафрагма экскурсиясы ұлғаяды), бұл өкпенің вентиляциясын қиындатады. Әйелдің тыныс алуы жиі болады (10%).
Асқазан ішек жүйелері. Жүктілік кезінде әйелдің дәм сезімдері өзгеріп, тамақ талғайды ( қышқыл тағамдарға әуес келеді). Жүктіліктің соңғы айларында асқазан жоғары көтеріліп оның қызметі төмендейді. Сонымен қатар ішектің қызметі төмендеп, үлкен дәретке отыру сиірейді, бұл жағдай вегатативтік жүйенің өзгеруіне де байланысты.
Бауыр. Жүктіліктің соңғы айларында бауыр жоғары артқа және оңға қарай жылжып көлемі шамалы үлкейеді, өт жолдары кеңейіп, өт көлемі артады. Бауырда гликоген және жалпы белок төмендейді. Жүктілік кезінде бауырға ауыртпашылық түсіп ( анамен ұрықтың зат алмасуы қалдықтарынан залалсыздандырылады) оның антитоксикалық қызметі төмендейді.
Жүйке жүйесі. Жүктілік кезінде орталық және вегатативті жүйке жүйелері едәуір өзгеріске ұшырайды. Ананың жүйке жүйесі ұрықтан ұзақ уақыт әсер ететін толқындарды қабылдайды. Жүктілік пайда болысымен ананың орталық жүйке жүйесіне көп толқындар ағымы түсе бастайды, бұл ми қыртысында жергілікті жоғары қозу ошағының пайда болуына әсер етеді-гестациялық доминанта деп аталынады. Индукция заңы бойынша басқа қозуларда басып отырады. Жүктіліктің физиологиялық ағымында вегатативті жүйке жүйесінің тонусы өзгереді, осыған орай жүкті әйел ұйқышыл, ашуланшақ, шаршағыш келеді. Кейде бас айналады. Бұл көбінесе жүктіліктіңтұңғыш айларында болады.
Достарыңызбен бөлісу: |