Ұрық гипоксиясының және нәресте асфиксиясының алдын – алу шаралары
Бұл күрделі мәселенің профилактикасы әйелдер кеңес орнынан басталады.
1. Жатыр – плацента қанайналымының жетіспеушілігін тудыратын «қауіп –қатерлі » топтағы жүкті әйелдерді ерекше есепке алу.
2. Әйел организмін инфекция ошағынан тазарту; 12, 20, 23, 30, 32, апта аралықтарында плацентаның қанайналымын жақсартатын комплексті емді 12-14 күн жүкті әйелдерге қолдану.
3. Ем нәтижесіз болса, әйелді перзентханаға жатқызу.
4. Алдын – ала юосану тәсілдерін анықтап, босану әрекеттерін нәтижелі жүргізу.Босану ағымында – ұрық гипоксиясының және нәрестеге асфиксиясының емі мен профилактикасы төменгі асқынуларда міндетті түрде жүргізіледі:
1.Босану ағымының ауытқуында және сусыз кезеңнің ұзақтығында 2.Ұзаққа созылған жүктілікте
3.Тестоздың ауыр түрінде
4.Ана мен ұрық қанының изосерологиялық сыйыспаушылығында
5.Жүрек – қан тамыр, қант диабеті т.б. ұрыққа әсер ететін ауруларда.
Жанұяны жоспарлау
Жоспары:
1.Ана денсаулығын қорғау
2.Жанұяны жоспарлау міндеттері
3.Әйел денсаулығына жүтіліктің тигізер әсері
4.Аборт асқынулары
5.Таблеткалар – гормональді тәсіл
6.Иньекциялық тәсіл
7.Кампулалы тәсіл
8.Презерватив қолдану
9.Сперальді қолдану
10.Спермицидті тәсіл
11.Локтациялық аменорея
12.Етеккір циклін есептеу
13.Ұрық жолын байлау.
Соңғы он жылдықта әйел – ананың тұқым дамыту денсаулығын сақтау негізгі мәселелердің бірі болып табыылып жүр.Салауатты өмір сүру саласының негізгі тармақтарына: дұрыс тамақтану, дене шынықтырумен шұғылдану, зиянды әдеттердің болмауы, жұмыс жағынан қосымша әсердің болмауы, жүйке жүйесінің әсер ететін әдеттердің болмауы, жұқпалы аурулар, көңіл бөлетіндей қосымша аурулар, тұқым қуалаушылық ыңғайлы қоршаған ортаға жатады.
Әйелдің тұқым дамытудағы мінездемесі оның жалпы жағдайына байланысты.Соңғы жылдары жүктілікпен босану 25 – жасқа дейінгі әйелдерді қатерлі – қатерсіз ісіктерден қорғайтыны анықталды.19 – жасқа дейін жыныстық қатынасы ерте бастағандардың және көп жыныстық серігі бар әйелдер арасында жатыр мойнының қатерлі ісігі жиі кездесетіні анықталған. Егер әйелдер арасында 20 – 24 жасқа дейін жатыр қуысы жиі құрылса, аборт жасалса, онда сүт безінің қатерлі ісігі 2 есе көп кездеседі.
ВОЗ – дың анықтамасы бойынша жанұяны жоспарлау дегеніміз - әйелдің тұқым дамыту қабілетін қадағалай отырып, тек қажетті баланы өмірге әкелу. 1984 жылы Алматы декларациясында ана мен бала денсаулығын қорғау.Жанұяны жоспарлау алғашқы дәрігерлік көрсетілетін көмектің негізгі бөлігі болып қаралады, жанұя денсаулығын қорғауда.
Жанұяны жоспарлаудың міндеттері:
Ұрықсыз некені емдеу.
19жасқа дейінгі, 35 жастан кейінгі әйелдерге жүкті болуға қарсы тұру.
Босану арасында кемінде 3 – жыл үзіліс болу керек.
Қосымша аурулары бар әйелдер арасында, қатерлі топтарға жататын әйелдер арасында абортты болдырмау.
Бірінші тумалар арасында абортты болдырмау.
Жүктілікке, босану әрекетіне және жас нәресте денсаулығына әйелдің жасының әсері.
Дәрігер, социялдық жоспарлар арасында көптеген қайшылықтар кездеседі. Егер жас өспірімдер арасында жүктілік кездессе оның өзі қайшылық және әйел неғұрлым жас болса жүктілігі соғұрлым ауыр шешіледі.Ғылыми тексерістер ана мен бала денсаулығына ерте жүкті болудың неғұрлым ауыр тиетінін көрсетіп береді; анемия 2 – 2,5 есе өседі, кеш гестоздар 1,5 – 2 есе өседі, мезгілсіз босану 5- есе өседі, перикаталды және ана өлімі 2- есе өседі. Анасы 20 – жаста, әкесі 25-те туған нәрестелерді өте төмен даму көрсеткішін көрсетеді. Жүкті әйелдің жасы ұлғайған сайын жүктілік кезіндегі босану кезіндегі кездесетін асқынуларда өседі. Жер жүзінде жылына 0,5 млн әйел босану кезінде өледі. ВОЗ көрсеткіші бойынша егер 35 – жастан асқан әйелдер арасында жүктілікті қысқарса онда ана өлімінің 1/3- ін қысқартуға болар еді.
35 – жастан асқан жүкті әйелдер арасында негізгі ана өлімі, босану кезіндегі қан кетуден, кеш гестоздардан болады. Жасы ұлғайған әйелдерде асқынудың көп болу себебі, осы жасқа жеткенде әйелдің қосымша аурулары көбейеді, гендік өзгерістер көп кездеседі, ағзаның жүктілікке бейімдеуі төмендейді. 35 – 40 жаста іштегі нәрестенің ақауы 15 – 20 рет көп кездеседі.45 –жастан асқан әйелдер босанса олардың арасында сүт бездерінің ісігі жиі кездеседі.
Екі жүктіліктің аралығы.
Жиі жүкті болу және жиі босану әйел адамның жүктілігіне, босану әрекетіне нәресте денсаулығына көптеген асқынулар береді. Жиі босанатын әйелдерде анемия 2,6 есе көп кездеседі, жиі қан құюлар болады.Анемия әйел адам жиі босанғандықтан қалпына келу жүйесі әлсіз болғандықтан болады. Әрбір 1-2 жыл арасында босанып жүрген әйелдер арасында жиі токсикоздар 2- есе көп кездеседі. Кеш гестоздар 3- есе көп кездеседі. Босану әрекетінің аралығы 2- жылдан кем болған кезде мезгіліне жетпей босану, босану әрекетінің ауытқуы 2- есе көп кездеседі, босанғаннан кейінгі кезеңнің қан кетуі 2,5 есе өседі. Босанғаннан кейінгі қан кетуі босану әрекетінің әлсіреуінен, кеш токсикоздың әсерінен әйелдің қосымша күштерінің төмендеуінен болады. Нәресте жолдасының мезгілсіз ажырауы жиі босанатын әйелдерде 2,8 есе көп кездеседі, ол нәресте мен жатыр арасындағы қан тамырының сынғыштығына байланысты.
Аборттың әйел ағзасына тигізетін әсері
Аборт әйел организміне көптеген асқынулар береді. Оларға келесі асқынулар жатады. Аборттың жасалу кезіндегі болатын асқынулар, және аборттан кейінгі кеш кезеңде кездесетін асқынулар. Аборт жасалып жатқан кездегі асқынуларға: жатыр мойнын жырту, тесу, қынапты жырту, ішетті тесу. Ерте болатын асқынуларға қабыну процессі, жатыр қуысында ұсақ бөлшектердің қалып қоюынан қан кетулер . Егер аборт дәрігердің жүргізуінсіз өтсе, және жүктіліктің кеш мезгілінде өтсе, түсіктер жиі болады.
Контрацепция тәсілдері
Таблеткалар 2 түрлі болады.2- фазалы және 3- фазалы. 2- фазалы таблетканың құрамы эстроген, прогестерон үлкен дозада болады. 3- фазалы таблеткалар 1- ші қатар таблеткалар эстроген болады. 2- қатар эстроген мен прогестероннан тұрады. 3- қатар таза прогестерон әсері құрамында гормоны бар овуляцияны тежейді. 2- ші әсері жатыр мойнының шырын қоюлатады.
Тиімділігі.1- ші жүктіліктен сақтайды.
2- етеккір циклін реттейді.
3- ші қабыну процесін.
4-ші қатерлі, қатерсіз ісіктерді алдын алу
Тиімсіздігі.1- ші әйел адамның құсқысы келеді.
2-ші етеккір циклінің арасында аздаған қанды бөлініс болуы мүмкін. Әйел адам қосымша салмақ қосуы мүмкін.
Кімдерге болмайды;Қант диабетімен ауыратындарға, гипертоникалық ауру мен бауыр ауратын әйелдерге болмайды.
Қолдану тәсілі: Әйел адам 1- ші күні упаковканы 1- таблеткасын бастап ішеді күнде 1 мезгілде ішіп тұру керек. Шама келгенше, түске дейін ішеді, көп мөлшерде сумен ішеді. Егер әйел адам 1 таблетканы ұмытып кетсе келесі күні 2 таблетканы ішуге болады. Егер 3- күн кетсе кезекті таблетканы ішеді. Бірақ таблетка ішуді ұмытқан күннен бастап әйел адам жыныстық қатынасқа түскен кезде қосымша бір тәсілмен сақтану қажет.
Иньекциялық тәсіл.
Иньекция ретінде құрамында таза гормондар бар уколдар қолданады.
Оларға депопровера таза прогестерон тұрады.
Әсері: бұлда таблеткадай.
Тиімділігі:
1- ші жүктіліктен сақтайды.
2- ші анемияны емдейді.
3- ші етеккір кезіндегі кететін қанның мөлшерін азайтады. Жүктіліктен 3- айға дейін сақтайды.
Тиімсіздігі: Етеккірдің мүлдем азаюы мен тоқтап қалуы. Таблеткаларда, уколдарда, жыныстық қатынаспен берілетін ауруларда.
Кімге қолдануға болмайды:Бауыр ауыратындар, қант диабетінің ауыр түрлерінде қолданған жасөспірімдерге.Етеккір циклі бұзылған әйелдерге қолдануға болмайды.
Қолданылуы: Әр ай сайын 1- мезгілде әйел адамның қолының қырының бұлшық етіне егеді.
Қосымша әсері: Алғашқы 3 айда өздігінен қанды бөлініс болады.Әйел адам аздап салмақ қосуы мүмкін, жүрек айнып құсқысы келуі мүмкін.
Жүктіліктен 5 жылға сақталады.Капсула етеккір қанын азайтады, кейде мүлдем тоқтатады.
Тиімсіздігі: Жыныстық қатынаспен берілетін ауруларды сақтайды.Капсула міндетті түрде тілу арқылы тігіледі. Капсуланың уколдан айырмашылығы оны денеден алып тастағаннан кейін әйел адам жүкті бола береді. Ал иньекцияны егуді тоқтатса әйел адам соңғы иньекциядан кейін әйел 9 айға дейін жүкті бола алмайды.Капсуланы – норплант дейді.Құрамында гармоны бар сперальдар механизмі жүктіліктен 10 жылға сақтайды.
Етеккір циклі аса көп әсер етпейді.Құрамында эстрогені бар таблеткаларды бала емізіп жүрген әйелге ішуге болмайды.Себебі ол таблеткалар сүтті азайтады.Ал құрамында прогестерон бар препараттарды бала емізіп жүрген әйелге қолдануға болады.Себебі: олар сүтті көбейтеді.Құрамында бар таблеткаларды жедел - жәрдем контрацециясы ретінде қолданады.Егер қыз баланы зорлап кетсе немесе әйел қыз бала қажетсіз жыныстық қатынасқа түссе өзін - өзі жүктіліктен сақтау үшін жедел – жәрдем контрацепциясын қолдануға болады.Егер қлолданған таблетка дозасы аз болса онда әйел алғашқы 72- сағат ішінде 1- ші 4 таблетканы одан 12- сағаттан кейін 4 таблетка қабылдау керек.
Ал егер қолданған таблетканың дозасы үлкен болса, 1- ші 2-таблетканы қолданады.Сосын 12-сағат өткеннен кейін 2 таблетка те қолдану. Бірақ осы таблетканың бәрін 72- сағат ішінде қолдану керек. Егер таблетка болмаса 72- сағат ішінде жтыр қуысына спераль енгізу керек.
Таблеткалар: Ригивидон, Нон- авлон, Бисикулин, тригивидон.
Презерватив- жыныстық қатынаста жүктіліктен сақтайды.
Тиімсіздігі: жоқ.
Қолдану ерекшелігі: презервативті қолданбас бұрын мерзіміне, қағазына, ашқаннан кейін майлылығына және бүтіндігіне көңіл бөлу керек.Презерватив тек жыныстық қатынасқа тек қозу кезінде ғана киеді.Егер жыныстық қатынас кезінде презерветив жыртылған болса, міндетті түрде қосымша түрде сақтану керек.
Тиімділігі:
1.Ер адамдарға жауапкершілік артады.
2.Жыныстық қатынастан берілетін аурудан сақтайды
3.Өте арзан
4.Жасөспірімдерге қолайлы.
Спераль
Әсері; жатыр түтігінің тесігін бітеп спермотозоидты жатыр түтігіне түсуіне кедергі жасайды. Ал егер пысық болып өтіп кеткен болса, ұрықтанған клетканың жатыр қуысына қондырылуына кедергі жасайды.
Тиімділігі: 10- жылға сақтайды, жүктіліктен жыныстық қатынасқа әсерін тигізбейді.
Тиімсіздігі: Спираль тұрған кезде жатыр қуысына қарай инфекция көп болады. Жол ашық әйелдерде жиі -жиі қабыну болады. Ауыр жұмыс жасаса түсіп қалады. Спераль дұрыс салынбаса жатырдан тыс жүктілік дамиды.
Қолдану ерекшелігі:
Аборттан кейін 1- рет және босанғаннан кейін 1- ден салуға болады. Тек жыныс мүшесінде қабыну процесі болмаса спиральді енгізу және алу өте жоғары асептикалық жағдайға алу керек және үйретілген маман ғана алады.
Спиральді кімдерге қолдануға болмайды:
Жатырдың ақауы бар әйелдерге қолдануға болмайды. Жатыр мойнының қатты үлкен жыртылысының тыртығы барларға қолдануға болмайды. Жатыр мойнының жетіспеушілігі әйелге қолдануға болайды.
Жыныстық қатынспен берілетін жиі әйелге ішкі жыныс мүшесінің қабыну процессі бар әйелдерге қолдануға болмайды.Жатыр қуысында қатерлі, қатерсіз ісіктерге қолдануға болмайды.
Спермицидтер
Құрамында химиялық заттары бар таблеткалар, майлар, балауыздар жатады.
Әсері: Қынаптың ортасын қышқылдық ортадан сілтілік ортаға ауысады.Сөйтіп сперматазоидтардың қынапта өлуіне себеп болады және спермотозоидты қимылсыз қалдырады.
Қолдану ерекшелігі: Әйел адам егер таблетканы қолданбаса қолын жақсы жуып таблетканы 2-3 ші саусақтың көмегімен қынапқа жатыр мойнына енгізеді.Ал кремді немесе майды қолданса оларда арнайы шрицке сорып лып қынапқа жібереді. Спермицидтерді қынапқа енгізу жыныстық қатынасқа түсердің алдында 10- минут бұрын салады.
Спермицидтерді енгізу үшін әйел адам өзінің жыныс мүшесінің анатомиясын жақсы білуі керек.
Тиімсіз жағы: жиі қолданса қынапты ашытады және кейбір әйелде жеке аллергиялық реакция болуы мүмкін.
Қолдануға болады: Сирек жыныстық қатынасқа түсетін әйелдерге болады. Қоршалған жыныстық қатынас кезінде қолдануға болады. Контрацепцияның бөгде тәсілін мүмкін болмаған жағдайда қолдануға болады.
Қолдануға болмайды: Жатыр мойнының жарасы бар әйелдерге қолдануға болмайды және спермицидтерді күнделікті әдіс ретінде қлдануға болмайды.
Тампондар
Құрамында химиялық заттары бар кішкене келген губкалар, тампондар әйел адам спермицидтер сияқты сияқты жыныстық қатынасқа түсер алдында 10 – минут бұрын салады.Тампондар әйел адамды жыныстық қатынастан берілетін аурулардан сақтайды.
Локтациялық аменория арқылы жүктіліктен сақтану
Әсері: Нәресте емшектерді сорған сайын емшек ұшының ойығы нерв талшықтардан тітіркендіріп, тітіркендіргеннен пайда болған сигналдар. Орталық нерв жүйесін гипофизге жетеді.Гипофиз деп фоликулин жетілдіруші гормон лютеотропты гормонның шығуы көбейеді. Соның әсері аналық безде жыныстық гормондар көп бөліне бастайды. Жыныстық гормонның көп бөлуін овуляция тежеледі.
Қажетті шарттар.
1-ші әйелде етеккір болмауы керек
2- нәрестені таза емшек сүтімен ғана тамақтандыру керек
3-тәсіл 6-айға дейін ғана тиімді.
Қолдану ерекшелігі
Нәресте емізіп жүргенде түнгі үзіліс 6- сағаттан аспау керек және нәрестеге немесе су қосымша тамақ берілу керек.
Егер ол нәресте емізіп жүргенде таза емшекпен ғана емізіп жүрседе етеккір келетін болса онда тәсіл тиімсіз болады.
Тиімділігі:
1.Әйел адамға қаражат шығарылады
2. Нәресте емшек сүтімен алатын қоректік заттарды толығымен қабылдайды
3.Нәрестенің имунитеті жоғары болады
4. Әйел адамның нерв жүйесіне тыныштық пайда болады.
Тиімсіздігі: Жыныстық қатынаспен берілетін ауруулардан сақтайды.
Қалыпты етеккір циклін есептеу тәсілі.
Етеккір циклінің қауіпті күннен табу үшін етеккір циклі ұзақтығына 18 – күнді алып тастаймыз. Егер етеккір циклі 28 – күн болса одан 18-күнді алып тастасақ 10-күн қалады.
Ал қатерлі уақыттың аяқталған күнін табу үшін етеккір цикл ұзақтығына 11- күнді алып тастаймыз.
Тік ішек температурасын анықтау тәсілі
Тік ішек температурасы қалыпты жағдайда 36,2-36,3 мөлшерде болады ал овуляцияның алдында тік ішек t-төмен түсіп кетеді. Осы күннен бастап әйел адам 1 жеті жыныстық қатынасқа түспеу керек.Овуляция болғае кезде тік ішек t-сы 36,7-36,8 дейін көтеріледі.
Жатыр мойнының шырышын анықтап жүктіліктен сақтану.
Овуляция болар алдында жатыр мойнынан шырышты тығын бөледі. Ол шырышты бөлініс овуляция кезінде созылғыш болады. Овуляция аяқталғаннан кейін бөлініс өзінен өзі тоқтайды.
Қалыпты тәсілдің тиімділігі:
1- ші әйел адам өзінің денесінде болып жатқан физиологиялық құбылысты қадағалап отырады.
2- ші Етеккір циклін қадағалай ауытқуы болса реттейді.
3- қаражат шығарылады.
Тиімсіз жағы:
1- ші жыныстық қатынастан берілетін аурулардан сақтайды
2- ші өз организмінің физиологиялық құбылыстың дұрыс анықтай алмауын қолдана алмайды.
3-ші етеккір циклі ауытқуы бар әйелде қолдануға болмайды.
Ұрық жолын байлау операциясы
1.Возэктомия, ер адамның ұрық жолын байлау.
Тиімділігі:
1. Операция қан шығатындай өтеді.
2. Ер адамға жүктілік артады.
3. Әйел адамға контрацепциясы өзге тәсілін мүмкіндік болмаған кезде жасалынады.
Тиімсіздігі:
1.Өмір бақилық тәсіл. Сол үшін бұл тәсілге барған кезде әйел адамның, ер адамның қолынан қол хаталу керек. Бұл және операция жасағаннан икейін ер адамның ұрық жолында әлі 20 жыныстық қатынасқа түсетіндей спермотозоид қалады.
Стерилизация – жатыр түтігін байлау. Стерилизация көбінесе босанғаннан кейін бірден жасалынады. Ал қалыпты жағдайда әйел өзінің жүкті емес екендігіне сенімді болса етеккір циклі кез – келген уақытында болады.
Тиімділігі:
1.Контрацепцияны қолдану
2. Әйел адамның өміріне қауіп төнген кезде жасалынады.
3. Өмір бақилық тәсіл
Тиімсіздігі: Қайтіп қалпына келмейді.Жыныстық қатынаспен берілетін аурулардан сақтамайды.
Достарыңызбен бөлісу: |