Қазақстан Республикасында акушерия – гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Акушериядағы деонтология. Акушериялық стационардағы аурулардың алдын алу


Жүктілікпен байланысты аурулар. Жүктілік гестозы



бет16/45
Дата12.12.2023
өлшемі157,54 Kb.
#196663
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45
Байланысты:
акушерия және гинекология емдеу ісі каз

Жүктілікпен байланысты аурулар. Жүктілік гестозы.
Жоспар:

  1. Гестоз туралы түсінік.

  2. Гестоздың себептері мен даму жолдары.

Гестоз-жүктілітің ең жиі кездесетін асқынуларының бірі. Гестоз немесе токсикоз деп тек жүктілік кезінде пайда болатын паталогиялық құбылыстар мен аурулар тобын айтады. Гестозда барлық жүйелер, мүшелер, әсіресе жүрек қан тамырлар, жүйке, бүйрек, бауыр, плацента, зат алмасу жүйелері паталогиялық өзгерістерге ұшырайды. Бұл паталогиялық өзгерістерден әйел босанғаннан кейін немесе түсік тастағаннан кейін ғана айығады.
Гестоз екі үлкен жікке бөлінеді:
І.ерте гестоздар жүктіліктің бірінші жартысында ( 1-3 ай аралығында) пайда болады.
ІІ. Кеш гестоздар-жүктіліктің екінші жартысында дамиды.
Ерте гестоздар: құсу, сілекей ағу, жүктілік дерматозы, сары ауру, остеомаляция, бауырдың жедел сарғайып солуы.
Кеш гестоздар: жүктілік шемені, нефропатия, преэклампсия, және эклампсия.
Гестоздың себептері мен даму жолдары толық анықталмаған. Ғылыми тұрғыда 30ға жуық теориялар бар.
Қазіргі кезде көп теориялардың ішіндегі негізгілері:

  1. Нейроген теориясы бойынша: жүктілік кезінде жатырдан орталық жүйке паталогиялық толқындар келіп түседі. Соның әсерінен жатыр мен орталық жүйкенің қарым қатынасы бұзылып, мүшелер мен жүйелердің қызметтері қалыптан тыс ауытқиды. Осының салдарынан ішкі сөлденіс бездерінің, мидың, бауыр, бүйрек т.б. мүшелердің қызметі паталогиялық өзгерістерге ұшырайды. Зат алмасудың барлық түрлері бұзылып организмде дистрофиялық процесстер дамиды.

  2. Иммунно-генетика теориясы бойынша: жүктілік кезінде ана –бала жолдасы – ұрық өзара қалыпты иммунологялық қарым қатынаста болады. Жүктіліктің даму барысында осы қалыпты жағдай көптеген сыртқы және ішкі факторларының әсерінен плацента жүйесі, ұрық паталогиялық өзгерістергі ұшырайды. Сөйтіп, ана мен ұрықтың арасында иммунно-генетикалық сиыспаушылық байқалады, яғни ана мен ұрықтың антигендік құрылыстары әр түрлі болады.

  3. Адаптация (бейімделу) теориясы: Жүктілік кезеңі әйел организіміне елеулі өзгерістер енгізеді, осыған байланысты бұл кезең организмге ең жоғар талаптар қояды. Осы талаптарға сәйкес әйел организімінің бейімделуі физиологиялық немесе паталогиялық салада болуы мүмкін.

Жүктіліктін екінші жартысындағы гестоз кезінде ана организімі жаңа талаптарға бейімделу саласнда үлкен паталогиялық өзгеріске ұшырайды. Бұл өзгеріске бірден бір әсер ететін ана-ұрық және плацента жүйесіндегі иммуналогиялық қозғалыстар. Бұл паталогиялық өзгерістермен нейро-гумаралдық қарым қатынастың бұзылуы салдарынан, жүктілік гестозы кезінде бүкіл организімінде қан тамырларының түиілуі (тамыр спазымы) пайда болады. Бүкіл әйел организіміндегі қан тамырларының түйілуіне байланысты, қан тамырлардың барлық физиологиялық қасиеттері бұзылып қан айналымы паталогиялық өзгерістерге ұшырайды.өзгерстер бүкіл организімдегі оттегінін азаюына себеп болып, осынын салдарынан мүшелерде, клеткаларда оттегі жетіспейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет