Қазақстан Республикасында акушерия – гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Акушериядағы деонтология. Акушериялық стационардағы аурулардың алдын алу


Жүктілікпен босану ағымыныңда экстергенитальды ауырулар жүргізудің ерекшеліктері



бет19/45
Дата12.12.2023
өлшемі157,54 Kb.
#196663
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45
Байланысты:
акушерия және гинекология емдеу ісі каз

Жүктілікпен босану ағымыныңда экстергенитальды ауырулар жүргізудің ерекшеліктері.
Жоспар:

  1. Қант диабеті ауруында жүктіліктің ІІІ триместрі және босану ағымының ерекшелігіктері

  2. Жүрек қан-тамыр аурулары және жүктілік, босану, босанғаннан кейінгі кезеңдердің ерекшеліктері

  3. Гипертония ауруындағы ерекшеліктері

  4. Анемия ауруындағы ерекшеліктері

  5. Бүйрек аурулары және жүктілік, босану, босанғаннан кейінгі кезеңдердің ерекшеліктері


Қант диабеті ауруында жүктіліктің ІІІ триместрі және босану ағымының ерекшелігіктері.
Инсулин қажетті диабетте жүктіліктің 34-36 аптасында әйелді перзентханаға жатқызып, жатырдағы ұрықтың күйжағдайын анықтайды.жүктілікті үзу ұрықтың күй-жағдайы мен оның жетілу қабілетіне байланысты ( қант диабетінде ұрық өкпесі кеш өсіп жетіледі). Көптеген авторлардың айтуы бойынша қант диабетінде жүктіліктің ағымы асқынбаған жағдайда, жүктілікті мерзіміне дейін сақтауға болады.
Егер жүктілік гестозбен, қағанақ суының көп болуымен асқынса, жүктілікті үзеді.
Босанудағы асқынулар:
1) қағанақсуының мезгілінен бұрын кетуі.
2) босану күшінің әлсіздігі.
3) нәресте асфиксиясы.
4) босанғаннан кейінгі қан шығынының артуы.
5) босану жолдарында нәрестенің жарақаттануы.
Қант диабетінде көбінесе нәресте салмағы ірі болады, осыған байланысты клиникалық тар бөксені мезгілінде анықтаудың маңызы зор.
Босандыру тәсілдері: әдетте әйелдің өзін босандыру қажет. Егер қант диабеті гестоздың ауыр түрімен бірлескенде, нәресте жамбаспен жатқанда және бұрын өлі бала туған, жасы ұлғайған әйелдерге, әйел өміріне қауіп туған жағдайда кесар тілігі жасалады. Босанғаннан, операциядан кейін бірден қандағы глюкоза мөлшерін анықтайды (Босанғаннан, операциядан кейін бірден қандағы глюкоза мөлшерін анықтайды (3-4 сағ.сайын)


Жүрек-қан тамыр аурулары және жүктілік, босану,босанғаннан кейінгі кезеңдердің ерекшеліктері.
Экстрагениталды паталогия арасында жүрек аурулары жүктілер арасында бірінші орында. Жиілігі: жүктілер арасында жүрек қан тамырлар аурулары 1-7%; гипертониялық ауру - 2,5%; гипотониялық ауру- 7,5%.
Жүктіліктің өзі жүрекке және жүрек қан тамырларының жүйесіне үлкен талаптар қояды, себебі жүктілік кезінде жалпы айналымдағы қан көлемі көбейеді, зат алмасу күшейеді, дене салмағы артады, қосымша бала жолдасының қан айналым жүйесі пайда болады, іш пердесінің қысымы жоғарылайды және диафрагманың жоғары тұруы жүректің жағдайын өзгертеді. Жүрек қан тамырлар жүйесіне күш түсу жүктіліктің соңғы айларында азаяды, ол бейімделу механизмдерінің дамуы мен жатыр түбінің төмен түсуіне байланысты.
Жүрек қан тамырлар жүйесі босанудың бірінші, әсіресе екінші кезеңінде күшті кернелуде болады, бұл артерия және вена қан тамырларының өзгеруіне, қанның қайта таралуына байланысты.
Жүрек қан тамырлар жүйесіне бірінші, екінші кезеңде ғана емес, үшінші кезеңде де босанғаннан кейін де жоғары талап қойылады, оған себепші – жатыр бірден босаған кезде, іш перденің қысымы төмен түсіп, қанның қайта таралуы. Бейімделу және компенсаторлық механизмдері жақсы жетілген дені сау әйелдерде, бұл өзгерістердің кері әсері болмайды, ал егер жүрек қан тамырлар жүйесінде аурулары бар болса, бұл жағдай анаға және нәрестеге қауіп төндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет