ҮІІІ - ТАРАУ
ІШКІ СӨЛДЕНІС БЕЗДЕРІ МЕН ЗАТ АЛМАСУ
ДӘРІСІНІҢ БҰЗЫЛУЫ
Ішкі сөлденіс бездерінің анатомиясы мен физиологиясы
Ішкі сөлденіс жүйеге ішкі сөлденіс бездері де кіреді, жүйке жүйесі сияқты барлық басқа ағзалар мен жүйелердің жұмысын реттеуін жүзеге асырады, ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді. Бездер ағзаның өмір сүруіне қажетті ерекше физиологиялық белсенді заттар шығаратын мүше. Ішкі сөлденіс бездері ағып шықпайды, гормон торшалардан қанға, лимфаға, жұлын сұйықтығына түседі де, белгілі бір жүйелер немесе мүшелерді қоздыратын немесе тынышттандыратын әсер береді. Барлық гормондар ағзаның қалыпты түрде жұмыс істеуі үшін қажет, ал жеткіліксіздіг немесе көп бөлінуі белгілі бір ауруға әкеледі. Аралас сөлденіс бездер бар, мысалы – еркек жыныс безі гонада. Ол өңдіріп шығаратын шәует ұрықтандыру қызметін атқарады, сонымен қатар осы без шығаратын жыныс гормондары – андрогендер, ағзаның жұмыс істеу қызметіне өте күшті қоздыру әсерін береді. Аралас сөлді безге ұйқы безі де жатады (асқорыту сөлінен басқа, ол ерекше гормон – инсулин шығарады, қанттың гликогенге айналуына және ағзаға таралуына әсер етеді). Қалқанша без де маңызды орын алады. Ол мойынның алдыңғы бетінде, жұтқыншақтың қалқанша шеміршегінің үстінде орналасқан. Қалқанша без тироксин гормонын өңдіреді. Тироксиннің құрамына йод кіреді, ол қалқанша безге тағамдар мен ішетін судан бөлек (қанның ағынымен түседі) келіп түседі. Қалқанша без екі бөліктен тұрады, оның салмағы 30 грамға жуық. Қалқанша бездің тінінде көптеген ұяшықтар бар, олардың құрамы тироксин қосылыстар кіретін колоидты заттармен толтырылған. Қалқанша без зат алмасуына әсер етеді: мөлшерден көп тироксиннің бөлінуі зат алмасуының төмендеуі және бұл гормонның жеткіліксіз өңдірілуінен зат алмасуы төмендейді. Ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне бүйректің үстіңгі жағында орналасқан, бүйрек үсті безі де маңызды роль атқарады. Екі бездің салмағы 15 г ғана, бірақ көп қан тамырларымен қамтамасыз етілген. Бүйрек үсті безінде сырты (қыртыс) және ішкі (милы) заттардан тұрады, онда әртүрлі гормондар (адреналин, норадреналин) өңдіріріліп шығарылады. Адреналин – бүйрек үсті безінің милы затының гормоны. Ол жүрек – тамыр жүйесіне әсер етеді: тамырларды тарылтып, артериалды қысымды жоғарылатады да жүректің қызметін күшейтеді. Гипофиз – ішкі сөл бөлу безі, бастың негізгі сүйегінде түрікершігінің тереңінде орналасқан, оның гормондары ағзаның өсуіне әсер етеді. Гипофиз екі бөліктен тұрады: алдыңғы және артқы. Алдыңғы бөлігінің қызметі өте күшті болған жағдайда адмның бойы өте биік болады, бұл қанқаның, ал кейде кейбір оның бөліктерінің (бас сүйкгі, саусақ, табан) өте күшті өсу әсерінен болады. алдыңғы бөлігінің қызметі нашарлағанда бойдың өсуінің бәсеңдеуі және тоқтауына әкеледі . гипофиздің артқы бөлігінің қызметі май алмасуымен байланысты: оның қызметінің төмендеуі семіздікке әкеледі. Гипофиз басқа да гормондар шығарады. Басқа ішкі сөлденіс бездері сүйектердегі кальцийдің құрамын қалыпты түрде реттейді, еркек жыныс гормонының белгілібір жасқа дейін дамуын тежейтін без және тағы басқа. Ағзаның аса маңызды қызметерін реттеуге қатынасады. Сөлдену және жүйке жүйелері өз ара тығыз байланысты. Жүйке жүйесі мен сөлдену жүйелерінің тығыз байланысының мысалы ретінде инсулин шығаратын асқазан асты безінің қызметі бұзылуы нәтижесінде қандағы қан мөлшерінің көбеюін айтуға болады; қалқанша бездің қызметінің күшеюі басқа құбылыстар мен бірге тітіркендіргіштікке қозудың күшеюіне әкеледі.
Негізгі клиникалық белгілері
Дене салмағының өзгеруі ішкі сөлденіс безі жүйесінің ауруларына тән арнайы белгі болып табылмайды, бірақ ішкі сөлденіс бездерінің ауруларында жиі кездеседі. Науқастың қалыпты жағдайдағы және тіпті көп тамақтанғанда дене салмағының тез арада азаюы тиреотоксикозда (уытты жемсауда), қант сусамырында байқалады. Дене салмағының мөлшерден тыс көп болуы – семіздік – бірнеше ауруларды сипаттайды. Денеде, бетте, аяқ – қолда майдың бір қалыпты, тепе – теңдік түрде жиналуы семіздіктің алиментарлы, немесе экзогенді – конституциялдық түріне тән. Тері асты майлы (мысалы, аяқ – қолды аса сондай толық емес болғанда үлкен салбырап тұрған ішнемесе “жіңішке аяқ” болғанда иық белдеуінде майдың көп жиналуы нейроэндокринді аурудың негізгі бір белгісі, ал кейде пайда болуының басты белгісі болып табылады (гиперкортицизм, семіздіктің гипоталомдық түрі). Жиі науқастарды бұлшық еттің әлсіздігі әсерінен науқастар жүре де, тұра да алмайды, кейде олар жұта алмайды, шайшай адмайды, сөйлей алмайды. Диффузды уытты жемсауда қолдың бұлшық етінің тонусы төмендейді (науқасқа сатымен көтерілу қиын). Бұлшық ет әлсіздігі гипотиреоз, қант сусамырымен ауыратын науқастарға тән. Жүйке жүйесінің қызметінің өзгерістері – сөлденіс бездері жүйесінің ауруларының жиі белгісі. Диффузды уытты жемсау психикасының бұзылысы мен жүрек – тамыр жүйелерінің қызметтерінің бұзылысы негізгі клиникалық белгілер болып табылады, осы арқылы қосымша зерттеулерсіз кейде диагноз қоюға болады. осындай белгілерге жүйке қозғыштығының жоғарылауы, тітіркенгіштік, жылауықтық, бір жерде отыра алмауы, көңіл – күйінің тез өзгеруі жатады. қалқанша бездің қызметі төмендегенде (гипотиреозда), керісінше, қозғалыстың ақырындығы, естің әлсіздігі, ұйқышылдық тән. Семіз науқастарда ұйқышылдық байқалады. Сөлденіс бездері мүшелерінің патолгиясына перифериялық жүйке жүйесінің зақымдануы жатады. Аяқтың ауруы, құмырсқа тәрізді жыбырлау сезімі (парестезия), балтыр бұлшық еттерінің құрысып тырысуы – сусамырлық невропатиямен байланысты, қант сусамырының маңызды белгісі болып табылады. Шөлдеу мен көп зәр шығару (полурия) – қант және қантты емес сусамырының негізгі белгілері, бірақта гипофиздің артқы бөлігінің өзгерісі ауыр түрде кездесуі мүмкін. Қант сусамырына көбінесе күндіз жиі зәрдің көп шығуы тән, тамақ ішкеннен кейін қандағы қант мөлшерінің көтерілуі (гипергликемия) тән. Жиі ішкі сөлденіс безі патолгиясы бар науқастар асқорыту қызметінің бұзылыстарына байланысты шағымдар айтады. Семіздігі бар, қант сусамыры (кетацедоз жоқ болғанда), диффузды зобы бар науқастардың тәбеттері үнемі жоғары болады. іштің ауырсынуы, лоқсу, құсу – қант сусамырындағы сусамырлық кетацидоздық белгісі болып табылады; бұл белгілер тиреотоксикозда байқалады, әсіресе тиреотоксикалық кризде олар іш өтуімен, жиі қою нәжіспен байланысқанда байқалады. Гипотиреозда, керісінше нәжіс тұрып қалады. Көрсетілген белгілерден басқа, ішкі сөлденіс бездерінің ауруларында көптеген басқа белгілер де кездеседі, бірақ олардың көбісі қандай да бір ішкі сөлденіс бездерінің ауруларына жатады, өйткені әрбір ішкі сөлденіс бездері өзіне тән арнайы гормон бөледі.
Тексеру әдістері
Сұрастыру. Ішкі сөлденіс бездерінің организмнің түрлі жүйелерімен жеке ағзаларына әсері өте күрделі де маңызды болғандықтан олардың ауруларымен байланысты шағымдар да алуан түрлі. Көбнесе мынадай
шағымдар байқалады: жүйкенің қозғыштығы, ұйқының бұзылуы, тамаққа тәбеттің төмендеуі, тез қажып, абыржып, кею, тершендік, жүректің қағуы, қан қысымы көтеріліп, басқа қан шабуы, құлақтың шулауы, жүдеу. Кейбір ауруларға тән абыржығыштық пен шапшандық (уытты жемсау), енжарлық пенкөңілсіздік (микседема) немесе ой-сананың төмендігі сияқты белгілер де бар. Науқастың өмір тарихынан ауруды дамытқан себепті анықтауға
тырысу керек. Қатты күйзелудің, қорқудың, қажудың тиреотоксикоз ауруының дамуына тікелей әсері жалпыға белгілі. Ішкі сөлденіс бездері ауруларының кейбіреуі жыныстық жетілу немесе климакс кезеңдерінде, босанғаннан кейін көрініс береді. Бірсапыра аурулар тұқымқұаласа (мысалы, қант сусамыры), енді біреулері басқа сырқаттарға (түберкулез, сифилис) қосарланады немесе солардың бір көрінісі болуы мүмкін.
Қарау. Ішкі сөлденіс бездері сырқаттарын анықтау үшін бұл тәсілдің маңызы ерекше. Өйткені уытты жемсау, микседема, акромегалия, Иценко – Кушинг, Аддисон ауруларын науқасқа бір қарап – ақ айқындауға
болады. Қалқанша безі немесе гипофизі зақымдалған науқастардың бет келбеті өзгереді. Қалқанша бездің қызметі тым артқан науқастың көзі шарасынан шығып, бадырайып, кірпіктері сирек қағылып, бет келбеті үнемі қорыққан адамға ұқсас болады. Көлемі ұлғайған без жай қарағанның өзінде де көрінуі мүмкін. Қалқанша бездің жұмысы тым кемісе, онда науқастың бет әлпеті дөңгелектеніп, көз жанары сөніп, ол топас, селқос кейіпті келеді.
Акромегалиямен ауыратын науқастардың қас үсті доғалары, иегі шығыңқыланып, мұрны мен аяқ – қолдары ұлғаяды. Гипофиздің алдыңғы бөлігінде ісік пайда болғанда акромегалиялық алыптық (гигантизм), ал жыныс бездерінің қызметі төмендегенде әтектік (евнухоидтық) гигантизм байқалады. Гипофиздің алдыңғы бөлігі зақымдалып, оның қызметі төмендеген жағдайда ергежейлі әрі жыныс ағзалары дұрыс қалыптаспай, жыныс белгілері дамымай
15 бейнелеме
Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы тексеру әдістері
-
Пациенттің шағымдары
|
Мойын пішінінің өзгеруі 6. Шөлдеу
Қозғыш 7. Терінің қышынуы
Тершеңдік 8. Полиурия
Дене салмағының өзгеруі 9. Әлсіздену
Жүрек қағысының жиілеуі
|
-
Науқастану сыртартқысы
|
Әкеліп соғатын мәнбірлер 4. Жүргізілген тексерістің
Себептері нәтижелері
Басталуы, дамуы 5. Қолданылған ем
Асқынулары
|
-
Өмір – баян сыртартқысы
|
Сырқаттанған аурулары 6. Бас жарақаттары
Тұқым қуалаушылығы 7. Жағымсыз мамандық
Тамақтану мінездемесі мәнбірлері
Жағымсыз қылықтары 8. Еңбек жағдайы
Мамандығы 9. Күйзелістер
|
-
Пациентті тікелей тексеру
|
-
Қарау
|
Сипалау
|
Көз белгілері 5. Шиқан шығу
Семіздік 6. Терінің дақтануы
Жүдеу 7. Тырнақтың, тілдің
Қалқанша бездің шаштың өзгеруі
үлкеюі 8. Қолдың дірілдеуі
|
Терінің жағдайы
Қалқанша безі
Тамыр соғуы
|
-
Зертханалық және құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру
|
Қалқанша безі
|
Ұйқы безі
|
Сканерлеу
Ультра дыбыс арқылы зерттеу
Қандағы гормон мөлшерлерін анықтау
Негізгі зат алмасу дәрісін анықтау
Қандағы ақуызбен байланған йодтың мөлшерін анықтау
|
Аш қарында қандағы қанттың мөлшерін анықтау
Тәулікті глюкозурия
Ацетонурия
Қанның сілтілі серпілісін анықтау
|
қалады. Микседема сырқатында да тап осындай клиникалық белгілері болуы мүмкін. Тері жамылғышының өзгерістері де әр ауруға тән болып келеді. Микседема сырқатында науқастың беті бозарып, сарғыш тартса, Иценко – Кушинг синдромында теріні қан кернеп, қызарады. Аддисон ауруында бүйрек үсті безінің жұмысы төмендеп, тері мен кілегейлі қабықшалар қоңыр түсті қола тәрізденеді. Қалқанша бездің жұмысы тым артқандардың терісі жылтырап, олар тершең болса, осы бездің жұмысы жеткіліксіздігінде терісі дымқыл әрі салқын болады. Акромегалияға терінің қалыңдауы тән. Гипотиреоз ауруында теріге муцин сіңеді, сондықтан ол ісінеді. Иценко – Кушинг синдромында сан мен іштің терісі семіп, онда қызғылт күлгін жолақтар байқалады. Қант сусамыр ауруында науқастардың терісінде тырналған сызықтар қалып, іріңдіктер пайда болады. Әтектерде шаш пен түк әйелдерге ұқсас өссе, акромегалияда көп және жылдам өссе, микседемада науқастардың кірпігі, қасы, мұрты, шашы керісінше түсіп қалады. Ішкі сөлденіс бездері зақымданғанда тері асты майы әртүрлі дамиды. Ол қалқанша бездің қызметі бұзылуымен байланысты болса, денеге біркелкі жиналады, ал гипофиз бен жыныс бездерінің қызметінің өзгеруінен шел май негізінен іштің төменгі жағын, бөксе мен санды басып кетеді. Бет пен тұлғаны май басу – Иценко – Кушинг ауруының айқын белгілерінің бірі. Тым жүдеп, арықтау қант сусамырымен тиреотоксикозда жиі кездеседі. Әтектердің жіліктер эпифизінің жетілуі кешеуілдесе, акромегалияда қаңқаның түрлі сүйектері бір – біріне сәйкессіздеу әрі тым қалың болып қалыптасады. Қалқанша маңы безінің қызметі жеткіліксіздігінен қанда кальций азаяды, сондықтан бүкіл бұлшық еттер құрысып, “акушер қолы” деп аталатын белгі немесе бет бұлшық еттері құрысып, “күлегіш кейіп” байқалады.
Сипалау. Пальпация тәсілімен негізінен қалқанша без зерттеледі. Бездің тығыздығын, оның сипатын, түйінді - түйінсіздігін анықтайды. Ол үшін дәрігер екі қолының бүгілген саусақтарын төс – бұғана сүйір бұлшық еттердің артқы қырына тереңдете сұғып, бас бармақтарды оның алдыңғы қырына қоюы керек, сол кезде науқас жұтынса, қалқанша без кеңірдекпен бірге қозғалып, саусақтардың арасымен сырғиды. Бұл тәсіл бездің көлемінің шамалы ғана өзгерісін, оның жылжымалығын, механикалық әсерден ығысу мөлшерін, ауырсынуын, тамырларының соғуын анықтауға мүмкіндік береді.
Тықылдату. Перкуссия тәсілімен төстің артында жайғасқан жемсауды анықтауға болады.
Тыңдау. Тиреотоксикозбен ауыратын сырқаттардың қалқанша безі ұлғайып, қан ағысы үдейді. Сөйтіп онда шу мен үн туындайды. Сол дыбыстар тыңдағанда жақсы естіледі.
Зертханалық тексеріс. Қандағы ішкі сөлденіс бездері гормондарының мөлшерін анықтау маңызды роль атқарады. Қант сусамырында дерт анықтама жүргізгенде қандағы және зәрдегі қант мөлшерін анықтау басты мақсат болып табылады.
Құрал – жабдық арқылы тексеру әдістері. Қалқанша без ауруларында негізгі зат алмасу дәрісін анықтау маңызды. Сонымен қатар ультрадыбыс және сканирлау зерттеулері кеңінен қолданылады.
Уытты жемсау
Уытты жемсау (тиреотоксикоз, Базед ауруы) – қалқанша без бір келкі ұлғайып, гормондарды тым көп бөлуімен сипатталатын ауру. Қалқанша без түзетін үш – йод – тиронин мен тироксин атты гормондар тым көп болса, дененің бір қатар ағзалары мен жүйелері зақымдалады. Алғаш рет 1849 жылы жемсау ауруында көздің бадыраюы (экзофтальм), қалқанша бездің үлкеюі (жемсау) және жүректің жиі соғуы (тахикардия) белгілерінің ауруға тән екендігін дәлелдеп берген көз дәрігері Базедов болатын. Соған орай бұл ауру Базед ауруы деп те аталады. Уытты жемсау барлық аймақтарда кездесіу ықтимал. Көбіне оған жасы 20 – 50 жас шамасындағылар шалдығады. Ерлерге қарағанда әйелдер 10 есе жиі сырқаттанады. Өйткені, етеккір келу, жүктілік, босану, климакс сияқты әйел ағзасының аумалы – төкпелі кезеңдерінде сыртқы мәнбірлердің кері әсерлері қосарланады, сол себептен ішкі сөлденіс бездерінің төзімделегі кемиді.
Этиологиясы мен патогенезі. Бұрынғы ұйым бойынша, уытты жемсау қатты қайғылы жағдайдан кейін дамиды деп есептелінетін. Күйзеліс мидық гипоталямус бөлігін қоздырады, оның әсерінен гипофиздің алдыңғы бөлігінен тиреотропин тым көп бөлінеді. Тиреотропин қалқанша бездің жұмысын жандандырып, ондағы без торшаларын көбейте түседі де, бездің жалпы көлемінің ұлғаюына себеп болады. Соңғы кезде уытты жемсау мен ауырғандардың қанындағы тиреотропиннің мөлшері өзгермейтіні, тіпті кейде қалыпты шамадан аз болатыны анықталады. Бұл сырқаттың себептері жайлы басқа көз қарас туындауына түрткі болды. Соңғы 10 – 15 жылда жемсау ауруының тұқым қуалайтындығы дәлелденеді. Бұл ауруға бейім адамдардың иммундық жүйесінде тума дәрменсіздік байқалады. Соған орай осы жүйенің негізгі өкілдері дамып, жетілу дәрісі бұзылады. Нәтижесінде қанда антиденелердің түзілуі үдейді. Осы антиденелер қан айналыммен лимфа жүйелеріне өтіп, мүшелерді зақымдайды. Қалқанша безге де өтіп оның қызметін жандандырады. Соның салдарынан бездің көлемі ұлғаяды. Кейбір антиденелер қалқанша бездегі торшаларды зақымдап, жойып та жібереді.
35 сурет Уытты жемсау.
Қалқанша без көлемінің үлкеюі.
Греф симптомы.
Әйткенмен, аурудың алғашқы белгілері көбіне психикалық зақымдардан кейін, не әйел адам жүктілік кезінде немесе босанған соң білінеді. Бұл мәнбірлер адамның жүке жүйесін, ішкі сөлденіс және иммундық жүйелерін әлсіретіп, ағзаға елеусіз жатқан себептерге түрткі болатын сияқты. Демек, жоғарыда айтылған себептердің әсерінен қанда тироксин, әсіресе зат алмасуына ықпалды үш – йод – тиронин көбейеді. Сөйтіп, зат алмасу дәрісі ұлғаяды. Тиреоидтық гормондар ақуыздың ыдырауын жылдамдататындықтан, қанда азот пен амин қышқылдары көбейіп, зәрмен амиак, фосфар, несеп қышқылы сыртқа тым көп шығарылады. Тироксин мен үш – йод – тиронин көмірсулардың майға айналуын тежейді. Майлар шапшаң ыдырап, олардың денедегі қоры азаяды, науқас тез жүдеп кетеді. Уытты жемсауда гормондардың әсерінен тотығу дәрісі тежеліп, ағзада энергия қоры азаяды. Ыдыраудан пайда болған энергия ағзаларының қызметіне жұмсалады, соның салдарынан негізгі зат алмасу дәрісінің деңгейі жоғарылап, дененің қызуы көтерілуі мүмкін.
Клиникалық бейнесі. Науқас адам соңғы кездерде әлсіздік пайда болып, орынсыз кейіп, жылап, жылдам ашуланатынына, ұйқысы бұзылып, қолы қалтырайтынына шағымданады. Физикалық күш түскенде алқынып, жүрегі жиі қағып, ентігіп, ағыл – тегіл терлейді. Оларда жиі тәбеті артып, тамақты жиі көп мөлшерде ішсе де, жүдеп кетеді. Өз - өзінен абыржып, көңіл күйі жылдам өзгеріп тұрады. Біраз уақыттан кейін науқастың көзі бадырайып, алқымы ісінеді. Қарағанда науқастың тынышсыздығы, сөзшеңдігі, көңіл күйінің жылдам өзгеретіні аңғарылады. Науқас жүдеу, жастау көрінеді. Терісі дымқыл, жұмсақ, дене қызуы сәл көтеріңкі. Қалқанша безі ұлғайып, алқымы іседі, мойынының пішіні өзгереді. БДҰ-дың жіктелуіне байланысты (1994ж) уытты жемсаудың келесі дәрежелері бар: 0 дәрежесі – жемсау білінбейді; І дәрежесі – жемсау пальпацияда анықталынады; ІІ дәрежесі – жемсау пальпацияда анықталынып, көзге көрінеді. Уытты жемсаудың басты белгілерінің бірі – науқастың көзі бадырайып, үнемі таңырқаған кейіпте болады (экзофтальм). Сонымен қатар көз белгілеріне келесі симптомдар да жатады: Греф симптомы – адам төмен қараған кезде үстіңгі қабақ пен көздің қасаң қабығының арасында ақ жолақ пайда болады; Штельваг симптомы – сырқат адам кірпігін сирек қағады; Мебиус симптомы – қадалдыра қаратқан затты көзінің алдына біртіндеп жақындатқанда, қарашықтар бір нүктеге түйісе алмай, көбіне жалт етіп, ауытқып кетеді; Жоффруа симптомы – науқас жоғары қарағанда маңдай терісі қыртыстанбайды. Науқас көзін жұмып, қолын созса, онда саусақтарының дірілдегені байқалады (Ромберг симптомы). Уытты жемсауда зақымданбайтын ағза қалмайды. Әсіресе жүрек – тамыр жүйесінің жұмысының бұзылуы нағыз айқын орын алады. Науқас жүрегі лүпілдеп, шаншып ауыратынына шағымданады. Ауа жетпей алқынады. Науқастың денесін сипағанда, терісі дымқыл болады. Мойынның күре тамыры қатты соғады. Жүрек соғуы жиілеп, тахикардия білінеді, жүрек соғуы минутына 120 – 140 қа дейін болады. Уытты әсер үдеп, уақытында ем қолданылмаса жүректің жұмыс ырғағы бұзылып, миокардтың жиырылу қабілеті нашарлайды. Дем алу дәрісі де бұзылады. Науқас ауа жетпейтіндігіне шағымданады, дем алуы жылдамдайды. Ас қорыту мүшелерінің қызметінің бұзылуы да айқын көрінеді. Науқастың тамаққа тәбеті артады, бірақ қанша тамақ ішсе де арықтайды. Диспепсия белгілері байқалуы мүмкін. Уытты жемсау ауыр ағымды болған жағдайда бауыр ісініп, үлкейеді, көздің ақ қабығы мен тері сарғаяды. Осы аурумен сырқаттанатын науқастардың барлығында орталық және шеттік жүйке жүйесінің бұзылыстары байқалады. науқастың жүйкесі қозғыш болып, беймаза, өкпешіл келеді. Жанұямен жұмыста сиымсыз, жанжалшыл болып кетеді. Денесі, кірпігі қалтырайды, жылдам шаршайды. Жүйке талшықтарының сезімталдығы мен қозғыштығы артады. Бұлшық еттерінің күші кетіп, әлсірейді. Уытты жемсау жыныс бездеріне әсер етеді. Ауыр ағымды түрінде әйелдердің жыныс мүшелері семіп, етеккір азаяды. Ер адамдарда белсіздік байқалады.
Ағымы. Сырқаттың бейнесінің айқындығына қарай оның ағзаға уытты әсері үш түрге бөлінеді. Уыттты жемсаудың жеңіл әсерлі түрінің белгілері айқын болмайды, науқастың орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы күшейеді. Жүрек соғуы минутына 100 – ге дейін болады. Зат алмасу дәрісінің жалпы көлемі 30% - тен артады, дене салмағы 10% дейін азаяды. Орташа әсерлі тиреотоксикоз көптеген мүшелерді зақымдайды, клиникасы айқын көрініс береді. Науқастың тыныштығы кетіп, беймазаланады, ұйқысы қашады. Жүрегі минутына 120 – ға дейін соғып, зат алмасу дәрісінің жалпы мөлшері 60% - тен артады. Дене салмағы 20% дейін азаяды. Жүректің жиырылу қабілеті төмендеп, қан айналымы өзгереді, бауыры ұлғаяды.
Науқастың аяқтары сусінділеніп, ісінуі мүмкін. Уытты жемсаудың ауыр түрінде науқастың жағдайы нашар: дененің қызуы қатты көтеріледі. Сырқат адам әлсіреп, дене қозғалысы ауырлап, төсекте қимылдауы қиындайды. Жүрегі минутына 120 реттен жиі соғады, аритмия байқалады, ентігеді, систолдық қан қысымы 150-160с.б.б жоғарылайды. Орталық жүйке жүйесінің қатты қозғандығынан науқас уақыт пен қоршаған ортасын ажырата алмй қалуы да мүмкін. Аурудың ағымында қанға гормондардың көп шығуымен байланысты тиреотоксикалық криздер байқалуы мүмкін. Бұл жағдайда аурудың барлық белгілері айқын білініп, мүшелердің қызметтері күрделі түрде бұзылады. Егер көмек дер кезінде көрсетілмесе, жүректің жұмысы нашарлап, науқас есінен танады, тіпті өліп кетуі де мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |