Қазақстан республикасында ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту жөніндегі 2023-2030 жылдарға арналған тұжырымдама



бет29/34
Дата25.12.2023
өлшемі174,92 Kb.
#199055
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
27.04 =F5 F8O

13-параграф. Паллиативтік көмек


Балалық шақтағы паллиативтік қызметтің жүйелі тәсілі жоқ және тек қана респираторлық қолдауға мұқтаж балаларға арналған реанимация бөлімшелерінде көрсетіледі, бұл халықаралық стандарттарға қайшы келеді.


Көмектің бұл түрі күтімді ұйымдастыруды ғана емес, сонымен қатар техникалық құралдармен (ортопедиялық және тыныс алу аппараттарымен) қамтамасыз етуді, сондай-ақ медициналық көмектің барлық деңгейіндегі мамандардың мультипәндік тобының: дәрігерлер мен орта медицина персоналы, әлеуметтік жұмыскерлердің педагогтармен және психологтармен тығыз байланысын қарастыруы тиіс.
Осыған байланысты медициналық оқу мекемелерінде (ЖОО-лар, колледждер) бакалавриат пен резидентурадан бастап паллиативтік көмек мамандарын даярлау бағдарламасы әзірленетін болады.
Балалар стационарлары құрылымына паллиативтік көмек көрсетуге арналған төсек (кемінде 5 төсек) кіреді.
Онкологиялық және онкологиялық емес аурулары бар балаларға паллиативтік көмек көрсетудің негізгі симптомдары мен синдромдары бойынша, соның ішінде ауырсынуды басатын әдістемелік нұсқаулар әзірленеді және бекітіледі.
Балаларға паллиативтік медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін кеңейту мәселесі пысықталатын болады (клиникалық хаттамалар, ҚҰФ, БД, АДҚ тізімдері).
Балаларға паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін мультипәндік топтар даярланады.

3-тарау. Әйелдер мен балаларды дәрілік заттармен қамтамасыз етуді жетілдіру




Қазақстан Республикасының азаматтарын, оның ішінде әйелдер мен балаларды дәрілік қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарын дәрілік заттармен қамтамасыз етудің 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспары әзірленеді және бекітіледі, онда әйелдер мен балаларды дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді жоспарлы түрде жақсартуға бағытталған шаралар кешені көзделген.
Қысқа мерзімді перспективада 2023-2025 жылдары балалардың, жүкті әйелдердің және босанатын әйелдердің негізгі жиі кездесетін ауруларын емдеуге арналған дәрілік заттардың тізбелері жүктілік және босану кезінде арнайы балаларға арналған және рұқсат етілген дәрілік нысандар мен дозаларды қолдану мүмкіндігімен қайта қаралатын болады.
Атап айтқанда АДҚ тізбесіне жаңа туған нәрестеде гемолитикалық анемияның прпофилактикасы мақсатында теріс резус-факторы бар анаға қолдануға арналған анти-D-иммуноглобулинді ендіру жоспарлануда, сондай-ақ нәрестенің даму ақауларының профилактикасы мақсатында жүкті әйелдер мен балаларда қолдану үшін йод және фолий қышқылы препараттарын АДҚ тізбесіне қосу қаралатын болады. Сүт безі обыры бар әйелдерді, онкологиялық, гематологиялық және орфандық аурулары бар балаларды емдеу үшін оларды емдеуге арналған таргетті препараттарды енгізу қарастырылатын болады.
Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен уақтылы және үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдарда әрбір пациенттің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілігін есептеуді автоматтандыру енгізілетін болады.
Сирек кездесетін аурулары бар науқастарды қамтамасыз ету және пайдалануы үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың шағын көлемдеріне рұқсат алу, сатып алу, логистика және сақтау бойынша шаралар әзірленетін болады.
Стационарлық деңгейде ТМККК және МӘМС шеңберінде сатып алу тізімдеріне енгізуді ескере отырып, барлық аурулар бойынша тарифтерді жетілдіру және жаңарту бойынша жұмыс жалғасады.
Медициналық ақпараттық жүйелерді, медициналық порталдарды (БХТ, ҚДТ, ЭФАЖ, СНЭТ, ОНЭТ, ДҚАЖ) және денсаулық паспорттарын, оның ішінде оларды бір бірімен біріктіруді және синхрондауды кздейтін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлігінде жаңғырту жүргізілетін болады. Бұл дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету процесінің барлық қатысушыларына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жоспарлау, сатып алу, есепке алу, сақтау, тағайындау, пайдалану, есептен шығару, шығындарды өтеу, мониторинг, талдау және бақылау жөніндегі іс-шараларды көруге және өткізуге мүмкіндік береді.
Халықты және медицина қызметкерлерін ақпараттандыру мақсатында Қазақстанда амбулаториялық-емханалық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қайта басталады, оның барысында аурулар мен тегін қамтамасыз етуге жататын дәрілік заттар туралы ақпарат беріледі.
2025 жылдан бастап азаматтарға, оның ішінде әйелдерге, балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне дәрілік заттарды немесе медициналық бұйымдарды таңдау құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бірлесіп төлеу тетігі енгізілетін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет