7-тарау. Кадрлар әлеуетін жетілдіру
Босандыру және балалар денсаулығын қорғаудағы кадр ресурстары нығайтылады. Мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға, акушерлік, мейіргер ісі, педиатрия, неонатология, анестезиология және басқа да ілеспе мамандықтар бойынша арттыруға бағытталатын болады.
Педиатрия мамандарының еңбек ақысын жоғарылату сұрақтары пысықталады.
Кадрлық әлеуетті нығайту мақсатында қолданыстағы ақпараттық жүйелер базасында акушерлік және балалардың денсаулығын қорғау қызметінің мамандары үшін олардың жылдық оқу және практикалық қызметін (жылына орындалатын операциялар мен манипуляциялар саны, үздіксіз кәсіби дамуы) көрсететін электрондық модуль құрылады.
Кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесінің тиімділігін:
– әйелдер мен балаларға медициналық көмек көрсету салаларында жоғары оқу орнына дейінгі және кейінгі медициналық білім берудің оқу бағдарламаларын жаңарту;
– бейінді мамандарды даярлау жүйесін қайта қарау және мамандандыру және қосалқы мамандандыру кезеңдерін көздеу;
– практикалық денсаулық сақтау қажеттіліктеріне сәйкес босандыру және балалар қызметі мамандарының біліктілігін арттыру бағдарламасын өзектілендіру;
– босандыру және балалар қызметі мамандарының білім беру белсенділігін арттыру, еңбекақы төлеуде, аттестаттауда, мансаптық өсуде алған білімдерін есепке алудың ұйымдастырушылық тетіктерін құру;
– ЖОО-лардың профессор-оқытушылық құрамының біліктілігі мен еңбекақысын және олардың сапалы жұмысқа деген ынтасын арттыру арқылы базалық медициналық білімнің сапасын арттыру;
Медициналық көмек көрсетудегі акушер рөлін күшейту, оның құзыретін кеңейту мақсатында акушер қызметінің аясын айқындайтын кәсіби стандарттар әзірленетін болады.
Жағдайы ауыр әйелдер мен балаларға (жаңа туған нәрестелерге) тиімді көмек көрсетуді қамтамасыз ету және өлім деңгейін төмендету мақсатында реанимация бөлімшелерінде орта медицина қызметкерлерін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құқықтық актілер қайта қаралатын болады.
Тәлімгер қызметін индикаторлық бағалау мәселесін және тәлімгердің еңбегіне ақы төлеу тетіктерін алдын ала пысықтап, жас мамандар үшін жұмыс орнында тәлімгерлік қызметті енгізу.
Халықаралық тәжірибе негізінде дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерін лицензиялауға кезең кезеңімен көшіруді енгізу мәселелері пысықталатын болады.
Медицина қызметкерлерінің жағдайын жақсарту және оларды ынталандыру тетіктерін жетілдіру шаралары жалғасатын болады.
Денсаулық сақтау қызметкерлерінің денсаулығын, қауіпсіздігін және әл-ауқатын қорғау үшін жыл сайынғы профилактикалық қарап-тексеру, кәсіптік оңалтуды және төтенше жағдайлар кезінде/кейін медицина қызметкерін қалпына келтіру бағдарламаларын қамтитын медицина қызметкерлерінің денсаулығын сақтау бағдарламасы әзірленетін болады.
Жергілікті атқарушы органдар кадрлық саясатты дамытуға, қажеттілікті қанағаттандыруға, өңірдің орта медицина қызметкерлерін оқытуға мемлекеттік тапсырысты жоспарлау және орналастыруға жауапты болады.
8-тарау. Босандыру және балалар қызметінің инфрақұрылымын жаңғырту
Жүкті әйелдер мен балаларға кешенді, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін қажеттілік анықталып, Астана, Шымкент, Қостанай, Жезқазған, Қарағанды, Атырау, Орал, Қызылорда, Тараз, Қаскелен қалаларында, сондай-ақ Түркістан облысының Сарыағаш және Ордабасы аудандарында әлемдік стандарттарға сай, JCI стандарттары бойынша аккредитацияланатын 13 заманауи перинаталдық орталық салу жоспарлануда.
Астана қаласында жоғары қауіп қатер тобындағы жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсету және инновационды емдеу-диагностикалық технологияларды енгізу мақсатында Акушерия және гинекология ғылыми-зерттеу институты құрылады.
Балаларға медициналық көмек көрсету үшін Абай, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында 10 көпбейінді балалар стационарларын салу, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында қосымша (қалалық/облыстық) стационарлар салу қажеттілігі анықталып, мәселе пысықталды. Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында қолданыстағы ғимараттарды ауыстыру қажет.
Астана қаласындағы №2 көп бейінді қалалық балалар ауруханасын Республикалық балалар жедел медицина орталығына қайта ұйымдастыру мәселесі пысықталады.
Қазақстанның көрікті табиғи аймақтарында балаларды 0 жастан бастап, оның ішінде менталды бұзылушылықтары бар балаларды санаторлы-курорттық оңалтумен қамту мәселесі 7 объектіні (Алматы, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облысында) салу арқылы шешілетін болады.
Балаларды емдеудегі жаңа хирургиялық практиканы жетілдіру және енгізу мақсатында Астана қаласының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында 350 төсектік қосымша балалар хирургиялық блогы салынады.
«Балбұлақ» балаларды оңалту орталығының, «Алатау» санаторийінің, Ұлттық балаларды оңалту орталығының материалдық-техникалық базасын жаңғырту және жақсарту жұмыстары жүргізілетін болады.
Бұдан басқа менталды бұзылушылықтары бар балаларды қамтуды, оның ішінде аутизм, медициналық оңалту қызметін арттыру үшін Балаларды оңалту ұлттық орталығының қосымша ғимаратын салу мәселесі пысықталатын болады.
Жергілікті атқарушы органдар жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған (Алматы, Шымкент ққ., Павлодар, Жамбыл, Атырау, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Абай, Ұлытау, Жетісу облыстары) денсалуық сақтау ұйымдарын ағымдағы және күрделі жөндеу, материалдық-техникалық жарақтандыру, кадрлармен жасақтауды қамтамасыз етеді.
Жаңартылған стандарттарға сәйкес заманауи медициналық-зертханалық жабдықтармен толық жарақтандыру және тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету арқылы босандыру және балалар стационарларының инфрақұрылымын және материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша шаралар қабылданатын болады.
Денсаулық сақтау саласында жеке инвестицияларды және қайта инвестициялауды, оның ішінде МЖӘ тетіктері арқылы ынталандыру бойынша шаралар қабылданатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |