Қазақстан республикасында ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту жөніндегі 2023-2030 жылдарға арналған тұжырымдама


Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері



бет3/34
Дата25.12.2023
өлшемі174,92 Kb.
#199055
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
27.04 =F5 F8O

Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жолында өмірдің барлық кезеңдерінде әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау жүйесін жетілдіру және өмір сүрудің жоғары сапасын қамтамасыз ету.
Тұжырымдаманың міндеттері:
– әйелдер мен балалар денсаулығының әлеуетін іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;
– алдын алуға болатын сырқаттанушылық пен өлімді төмендету, әйелдер мен балалардағы әртүрлі аурулардың салдарларының ауыртпалығын азайту;
– ана мен бала денсаулығын нығайтуға жәрдемдесу;
– балалар мен жасөспірімдерде саламатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жаңа тәсілдерді ендіру;
– әйелдер мен балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру;
- босандыру және балалар ұйымдарының кадрлық әлеуетін және материалдық-техникалық жарақтандыруды нығайту;
– әйелдер мен балалар денсаулығының әлеуметтік-экономикалық детерминанттарына мемлекет пен қоғамның әсері.


2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау


1-тарау. Тұжырымдаманы әзірлеудің негізгі аспектілері мен алғышарттары

Ана мен бала денсаулығын сақтау басым міндет, ал қол жеткізілген нәтижелер – мемлекеттің әлеуметтік әл-ауқатының көрсеткіші болып табылады.


Ана мен бала денсаулығы-репродуктивті денсаулықты, ұсынылатын туғанға дейінгі күтімге және бала күтіміне қолжетімділікті, нәрестелер мен ана өлімінің профилактикасын, ана мен баланың психикалық денсаулығын, жаңа туған нәрестелердің скринингін, балаларды иммундау, баланың тамақтануы және ерекше медициналық қажеттіліктері бар балаларға көрсетілетін қызметтерді және басқа мәселелерді қоса алғандағы әйелдердің, балалардың және олардың отбасыларының денсаулығына негізделген.
Тұрақты даму саласында 3-мақсатқа — саламатты өмірді қамтамасыз ету және кез-келген жаста баршаның әл-ауқатына жәрдемдесу — және әйелдер, балалар және жасөспірімдер денсаулығының жаңа Жаһандық стратегиясына (2016–2030) сәйкес денсаулық сақтау саласындағы басым міндет тек қана босану кезіндегі асқынулармен байланысты өлімнің алдын алу ғана емес, сонымен қатар болашақтың әл-ауқаты және ана мен баланың саламатты өмір сүру әлеуетін толық іске асыру болып табылады.
Қазіргі кезде ана мен баланы қорғау мәселесін шешудің негізгі бағыттарының бірі жүкті әйелдің, ұрықтың және жаңа туған нәрестенің денсаулығына экономикалық, әлеуметтік, биологиялық және медициналық факторлардың әсер етуінің түпкілікті нәтижесі ретінде қарастырылатын аналар шығыны мен репродуктивті шығынды азайту болып табылады.
2021 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі «Дені сау ұлт»: әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын бекітті, оның негізгі міндеттерінің бірі «Жүкті әйелдердің денсаулығын сақтау және балалардың денсаулығын нығайту» болып табылады.
Стратегиялық мақсат 2030 жылға қарай ана өлімін 100 000 тірі туғандарға шаққанда 13,0-ге дейін және нәресте өлімін 1000 тірі туғандарға шаққанда 7,1-ге дейін төмендетуге қол жеткізу болып табылады.
Соңғы 5 жылда Қазақстан Республикасы халқының саны 8,8%-ға ұлғайды және 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 19 122 423 адамды құрады, оның 9 835 645-і (51,4%) әйелдер. Фертильді жастағы әйелдер саны – 4 417 460, балалар (0-ден 18 жасқа дейін) – 6 485 507, оның ішінде жасөспірімдер (15-17 жас) – 814 523 құрады.
Ана өлімі (бұдан әрі – АӨ) денсаулық сақтау жүйесі жағдайының ең негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
2000 жылдан бастап әлемде АӨ көрсеткішінің жылдам төмендеу қарқыны байқалды, жылына 5,5 %-ға, ҚР-да 6,2 %-ға.
ҚР-да соңғы 10 жылда АӨ серпінді түрде 2,4 есеге төмендеді (2009 жылғы тірі туған 100 мыңға шаққанда 36,8-ден 2019 жылы 13,7-ге дейін).
Соңғы он жылда АӨ көрсеткішінің төмендеуіне тиімді перинаталдық технологияларды, жаңа клиникалық хаттамаларды ендіру, сондай-ақ перинаталдық көмекті өңірлендіруді қоса алғанда шұғыл медициналық көмек көрсетуді жетілдіру есебінен қамтамасыз етілді.
Алайда, 2020 жылдан бастап АӨ көрсеткішінің өсуі байқалды, бұл COVID-19 пандемиясымен байланысты. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда АӨ көрсеткіші 22 %-ға ұлғайды және тірі туған 100 мың әйелге шаққанда 2020 жылғы 36,5-ке қарағанда 44,7-ні құрады.
АӨ себептерінің құрылымында 70 % пневмония және коронавирус инфекциясы болып табылады.
COVID-19-дан болған «шамадан тыс» өлімнің өсуі инфекциялық қоздырғышпен, «дельта» коронавирус штаммының жоғары патогенділігімен, аурудың ауыр және тез өршу ағымымен, аналардың соматикалық денсаулығымен, жүкті әйелдердің физиологиялық жағдайының ерекшелігімен және ковидтен кейінгі асқынулармен байланысты.
АӨ тікелей себептерінің құрылымында жатыр атониясы, бала жолдасының патологиясы, босану кезіндегі жарақат оның салдары болған акушерлік қан кетулер басым (37%). Сондай-ақ босануға дейін күтімнің сапасыз болуына байланысты ауыр преэклампсия/эклампсия асқынуларынан болатын өлім төмендемей отыр.
Әйелдің жас мөлшері акушерлік тәуекел дәрежесіне айтарлықтай әсер ететіні белгілі. 15-19 жастағы жүкті әйелдерде 30-35 жастағы жүкті әйелдерге қарағанда анемия, мерзімінен бұрын босану мен преэклампсияның жоғары қауіпі байқалады. Соңғы жылдары 40 жастан асқан әйелдердің жүкті болу үрдісінің өсуі байқалып, олардың осы жастағы қолайсыз соматикалық фоны мен асқынған акушерлік анамнезі ағымдағы жүктіліктің асқыну қаупін күшейтеді.
Сонымен қатар жүктілік пен босанудың қолайсыз нәтижесіне әсер ететін ұйымдастырушылық және әдістемелік (логистиканы анықтау, жүкті әйелдердің бағдары, кадрларды орналастыру және оқыту және т.б.), әлеуметтік-демографиялық (ірі қалаларда көші-қонның өсуі, әйелдердің төмен әлеуметтік жағдайы және отбасылық қарым-қатынастардың қанағаттанарлықсыздығы) және халықтың ортақ жауапкершілігінің болмауы сияқты (пациенттердің хабардар болмау, қабылдауға тұрақты негізде бармау және дәрігерлердің ұсыныстарын орындамау, ауыр жағдайда ауруханаға жатқызу салдарынан дәрігерге кеш жүгіну) маңызды факторлар орын алып отыр.


2-тарау. Әйелдер мен балаларға медициналық көмекті ұйымдастырудың жай-күйі


Елімізде жүкті әйелдерге және балаларға денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС), «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетіледі.


ҚР-да перинаталдық көмек үш деңгейлі өңірлендіру қағидаттарына сәйкес құрылған, 240 босандыру ұйымы – 1-деңгейдегі 143 аудандық аурухана, 58 перзентхана мен 2-деңгейдегі бөлімшелер, 3-деңгейдегі 37 перинаталдық орталық (көп бейінді ауруханалардың акушерлік бөлімшелері) жұмыс істейді.
Әйелдер жоғары білікті медициналық көмекті мемлекеттік республикалық мекемелерде – Алматы қ. Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығында (бұдан әрі – АГПҒО), Астана қ. UMC «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» КҚ (бұдан әрі – АБҰҒО) алады.
Амбулаторлық деңгейде акушерлік-гинекологиялық көмек МСАК медициналық ұйымдарының құрамындағы 810 акушерлік-гинекологиялық бөлімшелерде (әйелдер консультацияларында), 1282 дәрігерлік амбулаторияда және 790 фельдшерлік-акушерлік пунктте көрсетіледі.
Барлық кезеңде әйелдерді бақылау сапасын арттыру мақсатында Министрлік Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету стандартын жетілдірді, фертильді жастағы әйелдерді (бұдан әрі-ФЖӘ) зерттеп-қарау және динамикалық байқау алгоритмі мен тәртібін, акушерия және гинекология бойынша диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларын және негізгі бағыттар бойынша үш жол картасын бекітті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет