7-тарау. Қызметті қаржыландыру
Балалар мен әйелдерге арналған МСАК қызметін қаржыландыру жағдайы жалпы МСАК жағдайынан ерекшелігі жоқ. МСАК КЖШН мен жедел медициналық көмектің жан басына шаққандағы нормативінің тетігі өкінішке орай, балалар мен әйелдер арасында медициналық қызметтерді тұтыну ерекшеліктерін нашар ескерілетінін атап өткен жөн, бұл МСАК қызметтерін ұсынушылар арасында құзыметерді тұтынудың төмендеуіне әсер ететін жағымсыз экономикалық стимул туындатады, бұл көрсетілетін қызметтер пакеті шеңберінде өзекті емес қызметтер құнымен байланысты. Пациенттерді сауықтыру, өзін-өзі басқару менеджментіне оқыту жоспары бойынша МСАК қызметтерінің тарификациясы жоқ. Сонымен қатар МСАК КЖШН тарифіне кіретін медициналық қызметтердің тек қана ¼ бөлігіне тарификация жасалған, сондықтан МСАК бюджетінің нормативін толықтыру және оның тапшылығының мөлшерін шынайы түрде түсіну мүмкін болмай отыр.
МӘМС ендіру есебінен денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2 есеге ұлғайды. Денсаулық сақтау саласының жалпы бюджетіндегі консультациялық-диагностикалық қызметтерді есепке алмағанда, МСАК бюджетінің өз үлесі 22 %-ды құрайды.
МӘМС ендіру есебінен денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды өсіру негізінен мамандандырылған медициналық көмектің көлемін ұлғайтуға, консультациялық-диагностикалық және стоматологиялық қызметтердің көлемін кеңейтуге бағытталған. Медициналық қызмет түрлерін кеңейту дәлелденген клиникалық, экономикалық және әлеуметтік тиімділігі бар медициналық қызметтердің тізбесін қалыптастыру үшін негіз болып табылатын, оларды ТМККК және МӘМС тізбелеріне енгізу (немесе алып тастау) үшін қызметтерді таңдау өлшемшарттары болмаған кезде жүзеге асырылды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-290/2020 бұйрығымен бекітілген Жоспарлау қағидаларына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі - МӘМС) жүйесінде медициналық көмек көлемдерін жоспарлау халықтың жас санаттары бойынша, оның ішінде әдістеме жобасында көрсетілген (туғаннан 3 жасқа дейін, 3 жастан 6 жасқа дейін, 7 жастан бастап 10 жасқа дейін, 11 жастап 14 жасқа дейін, 15 жастан 18 жасқа дейін) егжей-тегжейлі жас санаттары, мәртебесі мен ерекшеліктері бойынша көлемдерді бөлмей болжамды сырқаттанушылықты ескере отырып, өңірлер бөлінісінде медициналық көмектің түрлері бойынша жүргізіледі.
Қазіргі уақытта бала денсаулығын сақтау қызметін қаржыландыруда басымдық тарифтерді белгілеу жүйесінде қамтамасыз етілуде. Мәселен балаларға медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсетуді жоспарлау кезінде балалардың қызметтерді тұтынуының жоғары деңгейін ескере отырып, бекітілген халықтың жасы мен жынысы санаты бойынша түзету коэффициенттері қолданылады. Стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмекке ақы төлеу кезінде қолданылатын балалардың үлес салмағының коэффициенттері әзірленді.
Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелері медициналық сонымен қатар қаржылық бөлігі бойынша қажетті шығыс ақпаратты құрылымдауға және қалыптастыруға мүмкіндік беретін пациенттердің дербестендірілген деректерін енгізу негізінде жұмыс істейді. Бекітілген статистикалық нысандарда сырқаттанушылықтың негізгі көрсеткіштері үш санат бойынша топтастырылған: 0-17 жас аралығындағы балалар, 18-ден 59 жасқа дейінгі ересектер, 60 жастан асқан ересектер.
Осы кезеңде балалар халқының жас топтары контекстінде медициналық көмекті нақты тұтыну негізінде денсаулық сақтау қызметтерінің жалпыға бірдей қолжетімділігін және тиісті қаржы құралдары арқылы медициналық көмек көрсетудің басым бағыттарын (тарифтерді, ақы төлем әдістерін жетілдіру және т.б.) есепке ала отырып, кейіннен қаржыландыру жүйесін жетілдіру бойынша тиісті ұсыныстарды талдау және әзірлеумен шығыс деректерін қалыптастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |