Серикова З.Б.
Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы
Сызбалар мен кестелер түрінде
Тараз 2019 ж.
КБЖ: 88.834.01
ӘОЖ: 159.922.7
С37
Пікір жазған:
«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы
Жамбыл
облысы бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін артыру институтының
«Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар»
кафедрасының аға
оқытушысы, (PhD) философия докторы
Мырзалиева Э.Б
Көмекші құралда мектеп жасына дейінгі балалар психологясы туралы жалпы түсінік, әдістері, заңдылықтары, жас шағы кезеңдері, 0-6 жас аралығындағы балалардың жеке тұлғалық және психикалық процестерінің ерекшеліктері сипатталған.
Көмекші құрал 0101000 “Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту” мамандығы бойынша күндізгі және сырттай оқитын студенттерге арналған.
Колледждің әдістемелік кеңесінің отырысында қаралып, талқыланды
хаттама
№ 5 «
30»
04. 2019 ж.
Алғысөз
Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы пәні бойынша ұсынылып отырған құрылымдық-логикалық кестелер білім алушылардың шығармашылық ойлауларын дамытып, материалды өз беттерінше зерттеуге көмектеседі.
Ақпаратты құрылымдық- логикалық формада берудің бірнеше артықшылықтары бар:
Біріншіден, мәтіндік ақпаратты құру барысында зерттелінетін
құбылыстың құрылымын, аралық мәнді байланыстарын анықтау қиын. Бұл қиыншылықтар сөздік сипаттамаларды сызба және кестелермен алмастырған жағдайда жойылады.
Екіншіден, оқу мәтінін құрылымдық-логикалық түрде беру - білім алушылардың ақыл-ойын белсендетудің тиімді тәсілі болып табылады.
Үшіншіден, ойлау әрекетінің жетекші операцияларының бірі синтез арқылы анализдеу. Оқу материалын түсініп, тереңінен қабылдауға осындай таңбалық модельдеу ықпал етеді.
Төртіншіден, мәтіндік ақпаратты құрылымдау және кестелеу есте сақтау процесінің негізін құрайтын мнемикалық әрекет болып табылады.
Бесіншіден, ақпаратты көрнекілік-бейнелік формада ұсыну арқылы есте сақтауды дамыту.
Алтыншыдан, оқу ақпараттарын құрылымдық-логикалық кестелер жүйесінде беру білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді құралы.