Қазақстан республикасында ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту жөніндегі 2023-2030 жылдарға арналған тұжырымдама


-бөлім. Ана мен баланы қорғау қызметін жетілдірудің негізгі қағидаттары



бет17/34
Дата25.12.2023
өлшемі174,92 Kb.
#199055
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34
Байланысты:
27.04 =F5 F8O

5-бөлім. Ана мен баланы қорғау қызметін жетілдірудің негізгі қағидаттары

1-тарау. Аналардың денсаулығын сақтау жүйесінің алғышарттары


1-параграф. Қыздар мен жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау


Қыздар мен жасөспірімдерге медициналық көмек көрсетуді жақсарту мақсатында нормативті-құқықтық құжаттарды (жаңа, «Ұйымдастыру стандарты», қыздар мен жасөспірімдердегі гинекологиялық ауруларды емдеу мен диагностикалау клиникалық хаттамалары) жетілдіру аясында «Келешек» арнайы жаңа бағдарламасы әзірленеді.


Қыздар мен жасөспірімдердің репродуктивті жүйесінің ауытқуларын (даму ақаулары, аменорея, дисменорея, эндометриоз және т.б.) уақытылы диагностикалау мен түзету үшін профилактикалық қарап-тексерулер жүргізіледі.
Жатыр мойнының қатерлі ісігінің алдын-алуға мүмкіндік беретін жасөспірімдерді адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау бағдарламасы жалғасатын болады.
Репродуктивтік жүйенің патологиялары бар қыздар мен жасөспірімдерді қабылдайтын амбулаторлық-емханалық қызмет көрсету деңгейінде мамандандырылған қабылдау кабинеттері ұйымдастырылады.
Стационарлық көмекті қамтамасыз ету үшін көпбейінді стационарлардың қолданыстағы гинекологиялық бөлімшелерінде «қыздар мен жасөспірімдерге гинекологиялық төсектер» ұйымдастырылады. Төсек саны әр өңірдегі қыздар мен жасөспірімдер санына қарай белгіленетін болады.
Облыстық және аудандық балалар гинекологтарын даярлау және үздіксіз оқыту жалғастырылады. Біліктіліктерін және практикалық дағдыларын арттыру мақсатында отандық және шетелдік мамандарды тарта отырып, балалар гинекологиясы бойынша семинарлар мен мастер-кластар өткізіледі.
Алғаш рет қыздар мен жасөспірімдердің жыныс жолдарының туа пайда болған даму ақауларының дер кезіндегі хирургиялық коррекциясы мен репродуктивті функциясының қалыптасуы мақсатында ерте диагностикаға бағытталған «Сенім» бағдарламасы жүзеге асырылатын болады.
Халықаралық стандарттарға сәйкес Жастар денсаулық орталықтарының қызметі жетілдіріледі. Құпия түрде сауалнама жүргізу арқылы репродуктивті денсаулықты қорғау және жасөспірімдерді контрацепциямен қамтамасыз ету мақсатында жыныстық белсенді жасөспірімдер анықталатын болады.
Репродуктивті денсаулықты қорғау мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен және мемлекеттік емес БАҚ-пен ведомствоаралық өзара іс-қимыл және ынтымақтастық тетіктерін ілгерілету бойынша шаралар қабылданатын болады.
Уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде осы бағдарламалар мен жобалардың мазмұны мен жүзеге асырылуы туралы жарияланымдардың, теле- және бейнебаяндардың саны мен сапасы арттырылады.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі және Ақпарат және қоғамды даму министрлігі бірлесіп жасөспірімдердің өсу кезіндегі ағзадағы физиологиялық өзгерістері, гигиена, қарым-қатынас мәдениеті, контрацепция, инфекциялардың профилактикасы, дұрыс тамақтану және жеткілікті физикалық белсенділік туралы білім беру ақпараттық бағдарламалары жасалады.
Жасөспірімдердің организмінің физиологиясы және жыныстық қатынастың ерте басталуының салдары туралы білім деңгейін арттыру мәселелері бойынша ата-аналарға арналған жұмыс бағдарламасын әзірлеу жоспарлануда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет