Қазақстан республикасында ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту жөніндегі 2023-2030 жылдарға арналған тұжырымдама


-параграф. Ұрықты антенаталды қорғау



бет20/34
Дата25.12.2023
өлшемі174,92 Kb.
#199055
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34
Байланысты:
27.04 =F5 F8O

4-параграф. Ұрықты антенаталды қорғау


Қазақстанда пренаталдық скринингті жаңғырту және «Ұрпақ саулығы» жол картасын әзірлеу бойынша шаралар қабылданатын болады.


Жол картасы бойынша іс-шараларды іске-асыру шеңберінде «Ұрықты қорғау орталықтарының» материалдық-техникалық базасы жақсартылады, оның ішінде замануи медициналық құрал-жабдықтармен-сараптамалық классты ультрадыбыстық аппараттармен, иммунохимиялық анализаторлармен және зерттеу класындағы микроскоптармен жарақтандыру жүзеге асырылады.
Халықаралық стандарттарға сәйкес халықаралық мамандарды тарта отырып, пренаталдық диагностика бойынша УДЗ дәрігерлерінің, медициналық генетик, цитогенетиктердің біліктілігін арттыру үшін арнайы бағдарлама әзірленеді.
Ұрықтың пренаталды ультрадыбыстық зерттеуін арнайы дайындықтан өткен Фетальді медицина қорының (FMF) сертификатын алған және халықаралық аккредиттелген бағдарламаларға қатысатын зерттеулер жүргізуге рұқсат алған дәрігерлермен жүргізеді.
Ерте пренаталдық скрининг деректер базасы болып табылатын және биохимиялық және ультрадыбыстық деректердің жиынтығы негізінде хромосомалық ауытқулардың жеке тәуекелін есептеуге мүмкіндік беретін бірыңғай бағдарламамен қамтамасыз етуді құру жоспарлануда. Бұл бағдарлама барлық орындалған пренаталдық өлшемдердің ішкі және сыртқы аудитін қамтамасыз етеді.
Клиникалық практикаға пренаталдық медицинаның соңғы жетістіктеріне негізделген заманауи және тиімді медициналық технологиялар енгізіледі. Инвазивті емес пренаталды тестілеу (ИЕПТ) жүктіліктің ерте кезеңінде ұрықтың хромосомалық ауытқуларын жоғары сезімталдықпен анықтауға мүмкіндік береді және әйел мен ұрық үшін қауіпсіз.
Ұрық пен жаңа туылған нәрестенің туа біткен және тұқым қуалайтын патологияларының жиілігі мен құрылымын зерттеу мақсатында тіркеп, есепке алудың бірыңғай республикалық тізілім құрылады.
Жүкті әйелдерді скринингпен барынша қамту үшін қажеттілікті (іргелес аумақтағы жүкті әйелдердің санын), қолжетімділікті (аудандар үшін көліктің болуы), медициналық жабдықпен қамтамасыз етуді, сондай-ақ халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған мамандардың болуын ескере отырып, пренаталдық диагностика қызметін өңірлендіру жүргізілетін болады.
Пренаталды скринингтің жаңа тәсілдерін енгізу үшін шалғай елді мекендерден жүкті әйелдер үшін көлік қолжетімділігі аясында сараптамалық деңгейдегі кабинеттер ұйымдастыру жоспарлануда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет