«Босануды мультидисциплинарлық басқару» жобасы жүзеге асырылады, оның аясында стационарлық көмекті ұйымдастырудың тәсілдері қайта қаралады, ауыр экстрагениталды аурулары бар жүкті әйелдер көп бейінді стационарлар базасында босанады.
Жүкті әйелдерді жүргізу бойынша әрбір бейінді қызметке арналған стандартты операциялық іс-шаралар жасалынады.
Перинаталдық орталықтар мен перзентханалардың материалдық-техникалық базасы оларды заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жарақтандыру, дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен үздіксіз қамтамасыз ету арқылы нығайтылады.
Босандыру ұйымдарында жеке босандыру палаталарының саны жылына (жылына 500 босануға шаққанда 1 жеке босандыру палатасы, ДДҰ) босандыру саны ескеріле отырып ұлғаятын болады.
Перзентханалардағы штаттық бірлік қайта қаралатын болады. Перзентханаларда босануы кезінде әйелге бір акушердің үздіксіз медициналық көмек көрсетуі үшін «екі жүкті әйел – бір акушер» арақатынасы сақталатын болады. уды қамтамасыз ету үшін штаттық бірлік қайта қаралатын болады.
ДДҰ ұсынған тиімді технологияларды жетілдіру жолымен босану барысында ұрықтың жағдайын бақылау жақсартылады.
Босану ұйымдарында тиімді перинаталдық технологияларды жетілдіру үшін аймақтық координаторлар тағайындалады.
Жүкті әйелдерді бақылау, босандыру және босанғаннан кейінгі кезеңде күтімді сапалы бақылауды қамтамасыз ету үшін акушерлердің рөлі мен жауапкершілігі күшейтіледі, олардың кәсіби деңгейі артады.
Жүкті әйелдерге босану кезінде медициналық мамандар мен серіктес тарапынан тұрақты қолдау көрсету, әйелдердің босануға қанағаттануын және серіктеспен босанудың үлесін арттыру үшін «Бірге босанамыз»жобасы жүзеге асырылады.
Босандыру ұйымдарының қызметкерлерінің практикалық дағдыларын жоғарылату арқылы ана мен бала үшін қолайлы босану нәтижесін қамтамасыз ету мақсатында босануды инструменталды (нәрестенің вакуум-экстракциясы) жүргізу жетілдіріледі.
Кесарь тілігі үлесін азайту мақсатында хирургиялық босану тәсілдері қайта қаралып, іс-шаралар кешені қабылданады.
Барлық перинаталдық орталықтар аутогемотрансфузияға арналған «Сельсейвер» құрылғыларымен жабдықталады және трансфузиолог дәрігерлерімен қамтамасыз етіледі.
Қазақстанда алғаш рет интервенциялық радиология мамандарын тарта отырып, бала жолдасының келуі және жатыр денесіне бітіп өсуі кезіндегі ауқымды акушерлік қан кетудің алдын алатын инновациялық технологиялар (баллонды тампонада, қолқаның эмболизациясы, ішкі мықын артериялары) енгізіледі.
Босандыру ұйымдарында ДДҰ ұсынымдарына сәйкес, медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекцияларды (бұдан әрі-МКБИ) дер кезінде тіркелуін және инфекциялық бақылаудың тиімді жүйесін енгізуді қамтамасыз ететін «Инфекцияға жол жоқ»бағдарламасы енгізіледі.
Әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің арасында іріңді-септикалық ауруларды төмендету мақсатында перзентханаларда шұғыл және жоспарлы операциялық бөлімшелер ұйымдастырылады.
Тиісті түзету шараларын қабылдау үшін медициналық оқыс оқиғаларды тіркеу және босандыру қызметін көрсету сапасын ішкі бағалау жүйесі жетілдіріледі.
1-деңгейдегі акушерлік ұйымдары жоқ қалаларда ПО жүктемесін төмендету мақсатында жүктіліктің физиологиялық ағымы бар жүкті әйелдерді емдеуге жатқызу үшін медициналық ұйымдардың жұмыс ітеп тұрған алаңдарында 1-деңгейдегі босандыру ұйымдарын ашу жоспарлануда.
3-деңгейдегі босандыру ұйымдары перинаталдық көмек көрсетудің озық тәжірибесін көрсетеді және басқа деңгейдегі босандыру ұйымдарының медицина қызметкерлері үшін практикаға бағдарлаған тағылымдамадан өту мүмкіндігімен өңір үшін «Үздік тәжірибелі босану үйі» болады. Бұл функция 3-деңгейдегі босандыру ұйымдарының міндеттеріне енгізіледі және ұлттық аккредиттеуді жүргізу кезінде ескерілетін болады. Тиісінше медициналық көмек көрсету тарифтері перинаталдық көмекті өңірлендіру деңгейіне қарай қайта қаралатын болады.
Перинаталдық орталықтар жанында халықаралық стандарттарға сәйкес оқыту-практикалық сабақтарды өткізуге арналған симуляциялық жабдықтармен жарақтандырылған тренинг орталықтары ұйымдастырылады.
ДДҰ соңғы ұсыныстарына сәйкес партограмманы қолдану арқылы еліміздің алдыңғы қатарлы мамандарымен медициналық қызметкерлерді үздіксіз оқыту жалғастырылады.
Бейінді ғылыми орталықтардың қызметі республикадағы әйелдер мен балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруда олардың үйлестіруші рөлін жетілдіру және күшейту, оның ішінде ана мен бала денсаулығының көрсеткіштеріне жүйелі талдау мен мониторинг жүргізу, оларды жақсарту бойынша іс-шаралар әзірлеу, үздік халықаралық тәжірибе негізінде жаңа инновациялық технологияларды жетілдіру және енгізу бойынша ұсыныстар дайындау, өңірлерге әдістемелік және практикалық көмекті күшейту бөлігінде қайта қаралатын болады.
Әрбір өңірдің географиялық және әкімшілік-аумақтық ерекшеліктерін ескере отырып, ресурстардың өзгеруін ескере отырып, перинаталдық көмекті өңірлендіру жетілдірілетін болады.
Әрбір облыста перинаталдық көмек мекемелерін құрылымдық реконструкциялау (қайта ұйымдастыру) көп бейінді ауруханалар құрамында жақын орналасқан перзентханаларды қосу арқылы жалғасады.