Қазақстан республикасында ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту жөніндегі 2023-2030 жылдарға арналған тұжырымдама


-параграф. Жүкті әйелдердің денсаулығын сақтау



бет19/34
Дата25.12.2023
өлшемі174,92 Kb.
#199055
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34
Байланысты:
27.04 =F5 F8O

3-параграф. Жүкті әйелдердің денсаулығын сақтау


Ерте 12 аптаға дейін келуді және жүктілікке дейінгі дайындықты қамтуды бақылау үшін алғаш рет медициналық ақпараттық жүйемен біріктірілген және тіркеу кезінде жүкті әйел толтыратын мобильді қосымшада «Нәрестенің туылуы» чек-парақшасын әзірлеу жоспарлануда.


Медициналық ақпараттық жүйеде міндетті түрде толтырылатын әрбір жүкті әйел үшін акушерлік, соматикалық және әлеуметтік тәуекелді ескере отырып, жүктілікті басқарудың жеке жоспары әзірленетін болады.
Амбулаторлы-емханалық көмек көрсету деңгейінде жүкті әйелдерге медициналық ұйымға жүгінген күні оларға кешенді медициналық көмектің зертханалық-аспаптық зерттеулер, арнайы мамандардың қарап-тексеруінің қолжетімділігін қарастыратын «Жүктілерге арналған ашық терезе» жаңа жобасы жүзеге асырылатын болады.
Перинаталдық нәтижелерді жақсарту үшін учаскелік дәрігерлерге жүкті әйелдерді 10 аптаға дейін қамту, ЭГА диагностикасы, мультипәндік қарап-тексерулер мен жүкті әйелдерді сапалы динамикалық қадағалап қарауды қамтамасыз ету бойынша индикаторлар әзірленетін болады.
Өңірлердегі алдыңғы қатарлы облыстық перинаталдық орталықтарда жоғары қауіп-қатер тобындағы жүкті әйелдерді жүргізу және кеңес беру мақсатында кеңестік-диагностикалық бөлімшелер ұйымдастырылады.
АЕК көрсету деңгейінде өмірдің қиын жағдайларына кезіккен және медико-әлеуметтік қорғау мен қолдауды қажет ететін жүкті әйелдерге арнайы дайындалған мамандармен (дәрігерлер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, заңгерлер, медбикелер) «Жүктілерге медициналық-әлеуметтік көмек көрсету кабинеті» ұйымдастырылады.
ДДҰ ұсынған заманауи коммуникация технологияларын қолданып, медицина қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру арқылы МСАК деңгейінде «Отбасын жоспарлау мектебі», «Босануға дайындық мектебі», «Дені сау бала кабинеті» бейінді денсаулық сақтау мектептерінің жұмысын жақсарту жоспарлануда.
Қазақстанда алғаш рет, облыстық орталықтарда географиялық- аумақтық тұрғыдан шалғай аудандардағы тәуекел факторлары жоғары жүкті әйелдерді босануға дейін уақтылы емдеуге жатқызу үшін «Дені сау ана» пансионаттарын ұйымдастыру жоспарлануда.
Елімізде алғаш рет жергілікті бюджет есебінен ауыр халдегі науқастарды географиялық және аумақтық жағынан шалғай аудандардан облыстық емханаларға жеткізу үшін арнайы жабдықталған «санитарлы көліктер» сатып алынады.
МСАК барлық мамандарын жүкті әйелдерге, оның ішінде соматикалық патологиясы және қауіп факторлары бар әйелдерге босанғанға дейінгі бақылау бойынша үздіксіз оқыту жалғасады.
Өңірлердегі қызметке жетекшілік ету және үйлестіру үшін жүкті әйелдерге антенаталды бақылау бойынша аймақтық координаторлар тағайындалады.
МСАК деңгейінде халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және медициналық ұйымдардың веб-сайттарының парақшаларында, әлеуметтік желілер парақшаларында ақпаратты орналастыру белсенді түрде дамиды.
Халықтың санитарлық мәдениетін арттыруға БАҚ, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарындағы жүкті әйелдерді қолдау және медициналық емес қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін үкіметтік емес ұйымдар тартылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет