Қазақстан республикасында ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту жөніндегі 2023-2030 жылдарға арналған тұжырымдама


-бөлім. Халықаралық тәжірибеге шолу



бет15/34
Дата25.12.2023
өлшемі174,92 Kb.
#199055
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34
Байланысты:
27.04 =F5 F8O

3-бөлім. Халықаралық тәжірибеге шолу

Ана өлімі денсаулық сақтау жүйесі жағдайының ең әлсіз көрсеткіштерінің бірі болып табылады. ДДҰ деректері бойынша жыл сайын әлемде 536 мың әйел жүктілік пен босану кезінде қайтыс болады. Халықаралық қауымдастық өзіне 2030 жылға қарай ана өлімінің коэффициентін 2010 жылғы көрсеткіштен үштен екісіне дейін төмендетуге міндеттеме алды.


2015 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас хатшысы 2016-2030 жылдарға арналған әйелдер, балалар және жасөспірімдер денсаулығын сақтаудың жаңартылған Жаһандық стратегиясын ұсынды. Алғаш рет әйелдер және балалармен қатар негізгі нысаналы топ ретінде жасөспірімдер жасына қарай денсаулығының ерекше қажеттіліктеріне байланысты ғана емес, сонымен қатар олар қоғамды транформациялаудың жетекші күші болып табылады және өздері бірінші болып оның салдарларын сезінеді.
Жаһандық стратегия барлық жастағы денсаулық пен әл-ауқаттың – физикалық, психикалық және әлеуметтік – қол жеткізуге болатын ең жоғары стандарттарына қол жеткізуге бағдарланған «өмірлік цикл» тәсілін пайдаланады, өйткені адам өмірінің әрбір ерте кезеңдеріндегі денсаулығы кез келген жаста одан арғы өмірінің денсаулығына, сондай–ақ кейінгі ұрпағының денсаулығына әсер етеді. Әйелдер мен балалар денсаулығын сақтау мәселелері бойынша алдын алуға болатын өлімді болдырмау және денсаулық пен әл-ауқатты қамтамасыз ету сияқты дәстүрлі мақсаттарға қол жеткізумен қатар денсаулық сақтау секторының білім беру, тамақтану, сумен қамтамасыз ету, гигиена және санитария, инфрақұрылым және қоршаған орта сияқты басқа қоғамдық секторлармен тығыз интеграциясы мен өзара іс-қимылын көздейді.
Жаһандық стратегияның мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі қағидат тұрғылықты жеріне, табыс деңгейіне және басқа факторларға қарамастан жалпыға бірдей медициналық қамтуға қол жеткізу және халықтың әртүрлі топтары үшін, оның ішінде қала және ауыл тұрғындары арасындағы медициналық қызметтерге қолжетімділік пен сападағы теңсіздікті жою болып табылады.
ДДҰ деректері бойынша, жыл сайын әлемде 140 млн жуық бала туады және олардың көпшілігі босандыру басталған кезде де және одан кейін де ана мен балаға қандай да бір қауіп төндірмейтін қалыпты түрде жүреді.
ДДҰ ұсыныстарының бірі әрбір әйелге құрмет көрсету, оның қадір-қасиетін, жеке өміріне қол сұғылмауын, құпиялылығын сақтау, босану кезінде және серіктес болуы кезінде үздіксіз қолдау көрсету арқылы зиян келтіруден қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Ана өлімін қысқарту жаһандық орнықты даму мақсаттарының басымдығы болып табылады.
Инфекция ауруханаішілік ана өлімінің жартысынан көбінің негізгі себебі немесе ілеспе себебі болды. ДДҰ деректері бойынша дамыған елдерде МКБИ туындау жиілігі 7,6 %-ды құрайды. ДДҰ жетекшілігмен жүргізілген зерттеу әрбір 10 000 тірі туған нәрестеге стационарда емделуді қажет ететін инфекцияға күдігі бар немесе инфекция расталған 70 әйел, оның ішінде ауыр ана өліміне әкелуі мүмкін зардап шеккен 11 әйел келетінін көрсетті.
ДДҰ деректері бойынша МКБИ жиілігі қанша уақыт өтсе де төмендемей келеді, бұл антибиотиктерге, антисептиктерге патогендердің көнбеуінің өсуімен, инвазивті технологияларды қолдану жиілігінің ұлғаюымен, иммундық жүйесі инфекцияларға қарсы тұра алмайтын ауыр аурулары мен жай-күйі бар пациенттердің өміршеңдігінің өсуімен байланысты.
Дүние жүзінің көптеген дамыған елдерінде пренаталды скрининг ДДҰ және пренаталдық скрининг бойынша халықаралық ұйымдар – ISNS, IPD, FMF, ДДҰ (WHO 1998, 2008, 2017) нұсқаулығында айтылған генетикалық скринингтің халықаралық стандарттарына қатаң сәйкестікте жүргізіледі.
ДДҰ деректері бойынша қазіргі таңда 5000 астам ауру генетикалық бұзылулардан туындайды, жаңа туған нәрестелердің 5-8 % кемістікпен туады, ерте жастағы балалар өлімінің 40 %, түсіктердің 50 % генетикалық патологиялармен байланысты; балалардың шамамен 5 % ауыр ТБА, хромосомалық және моногенді аурулармен туады. Туа біткен даму кемістігі бар бір жасқа дейін балалардың 20 %-дан астамы қайтыс болады, тірі қалғандары көп жағдайда ақыл-ой немесе физикалық кемістіктер бар балалар болады.
Нәресте өлімі халықтың жалпы денсаулығының көрсеткіші болып табылады. Нәресте өлімінің көрсеткіші неғұрлым төмен болса, осы бағытта одан әрі ілгерілеу үшін денсаулықтың кеңірек детерминанттарын қоса алғанда, өзара байланысты факторларды ескеру қажет. Әлемнің дамыған елдерінде нәресте өлімін төмендету бойынша стратегиялары әдетте мынадай басым бағыттарды қамтиды: көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін және босанғанға дейін, босану кезінде және босанғаннан кейін оларға қолжетімділікті қамтамасыз ету; ана мен баланың әл-ауқаты; денсаулық детерминанттарына әсері; ана мен бала үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету. Баласы қайтыс болған аналарға қолдау көрсетуге де көп көңіл бөлінеді.
Нақты міндеттер арасында әйелдерге жүктілік кезінде және босанғаннан кейін темекі шегуді, алкогольді және есірткіні тұтынуды тоқтатуға қолдау көрсету, темекі түтіні жоқ үйдің болуын насихаттау; аналардың психикалық денсаулығы мен әл-ауқатын нығайту; әйелдер арасында семіздіктің таралуын төмендету, тамақтануды жақсарту; емшек сүтімен қоректендіруді насихаттау және қолдау.
Жүкті әйелдің, одан кейін ана мен баланың өмір сүру жағдайын бағалау арқылы ана мен бала өмірінің негізгі стандарттарына сәйкес келетін қауіпсіз және жылы тұрғын үймен қамтамасыз етуге айтарлықтай көңіл бөлінеді. Қауіпсіз қолайлы ортаны құру шаралары ата-аналарды қауіпсіз ұйқыға үйретуді, ата-аналарға қауіпсіз үй ортасын сақтауға көмектесуді қамтиды; абайсызда жарақат алудың алдын алу (мысалы, күйік және құлау), балалардың ата-анасының жазалауынан туындаған бас жарақатының профилактикасы; тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жүкті әйелдерді/аналарды қолдау.
ДДҰ Еуропалық бастамасы шеңберінде балалар семіздігін эпидемиологиялық қадағалау нәтижелерінің деректері 7-8 жас аралығындағы балалардың дұрыс тамақтанбау салдарынан серпінді өсумен артық салмақ пен семіздікпен басым болатынын көрсетеді, (2015 жылмен салыстырғанда 2020 жылы 8 жастағы артық және семіз балалардың үлесі 18,7 %-дан 21 %-ға, ал салмағы жеткіліксіз балалардың үлесі 3 %-дан 5,6 %-ға дейін) өсті.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) 2020 жылы неонаталдық реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерін орта медициналық қызметкерлерлер қамтамасыз етудің жаңа туған нәрестелер өлімінің деңгейін төмендетуге әсерін зерделеді. Бұл зерттеудің нәтижелері ОМҚ саны мен перинаталдық, неонаталдық және нәресте өлімі көрсеткіштерінің арасындағы маңызды байланысты көрсетті. Мейіргер санының өсуі нәресте өлімін 0,98 %-ға, жаңа туған нәрестелер өлімін 0,97 %-ға, перинаталдық өлімді 0,96 %-ға төмендетті.
Қарқынды терапия бөлімшелерін кадрлармен қамтамасыз ету бойынша халықаралық стандарттарға талдау ОМҚ пациенттерге арақатынасы 1-1,5:1 құрайтынын көрсетті. Қазақстанда бұл арақатынас 1:3-5 құрайды, бұл медициналық көмек көрсетуге байланысты күтіп-қарау сапасына және медициналық асқынулар мен инфекциялардың жиілігіне айтарлықтай әсер етеді.
Дамыған елдердегі ОМҚ мамандарын даярлауды талдау базалық бағдарлама бойынша 3-4 жыл оқудан кейін әрбір орта медицина қызметкері кейіннен таңдаған бағыты бойынша маманданудан өтетін көрсетеді. Мысалы қарқынды терапия бөлімшесінің ОМҚ базалық бағдарлама бойынша 4 жыл оқудан кейін 1-2 жыл ішінде кейіннен таңдалған бағыт бойынша маманданудан өтеді.
Қазақстанда мұндай практика жоқ, осы факт ОМҚ мамандығы бойынша кәсіптік құзыреттер мен дағдылардың негіздері жұмысқа қабылданғаннан кейін ғана игерілетінін айқындап отыр, бұл науқас жаңа туған нәрестелерді күтіп-қарау және емдеу сапасына теріс әсер етеді.
Неонатолог дәрігерлерді даярлауға қатысты, дамыған елдерде мысалы, АҚШ-та оқыту мынаны көздейді: 4 жыл – бакалавриат, 3 жыл – педиатрия бойынша резидентура, 3 жыл – неонатология бойынша қосалқы мамандандану. Қазақстанда мұндай оқыту реттілігі жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет