Қазақстан республикасында ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту жөніндегі 2023-2030 жылдарға арналған тұжырымдама



бет12/34
Дата25.12.2023
өлшемі174,92 Kb.
#199055
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34
Байланысты:
27.04 =F5 F8O

14. Балалардың жарақаттануы
Жыл сайын республикада 14 жасқа дейінгі балалар арасында 200 мыңға дейін жазатайым оқиғалар мен жарақаттар тіркеледі, оның 1,2 % мүгедектікке әкеледі. Бір жастан асқан балалар өлімінің елеулі себебі болып қала бергенімен, жазатайым оқиғалар мен жарақаттанудың туындау деңгейінің төмендеу үрдісі бар.
Балалардың жарақаттар мен жазатайым оқиғалардан қайтыс болу жағдайларының жартысына жуығы термиялық және химиялық күйік – 54 %, механикалық асфиксия 26 %, 20% - жол-көлік жарақаттары, кездейсоқ құлау және т.б.
Үйдегі жарақаттар көбінесе баланы қараусыз қалдыру жағдайларынан болады.
Электр самокаттарды пайдаланудың кең таралуына байланысты олардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларынан (бұдан әрі-ЖКО) зардап шеккен балалар саны да өсті. Балалардың қатысуымен болатын ЖКО жағымсыз салдарларының негізгі қауіп факторлары оған қатысушылардың Жол жүрісі қағидаларын сақтамауы болып табылады.
Қазақстанда 14 жасқа дейінгі балалар өлімінің маңызы бойынша екінші сыртқы себептері ол балалардың суға кету болып табылады. 3000 ата-ана арасында іріктеп жүргізілген зерттеу балалардың шамамен жартысы суда болған кезде қауіпсіздік құралдарын қолданбайтынын көрсетті.
Соңғы жылдары психикалық дамуында ауытқуы бар, соның ішінде аутизммен ауыратын балаларды алғашқы анықтау санының өсуі байқалады (соңғы 5 жылда 1,7 есе). Ерте бастапқы диагностиканы МСАК ұйымдарында (балаларды дамыту кабинеті) жүргізу қажет екенін, бұл осы мамандардың психикалық денсаулық мәселелері бойынша сауаттылығын арттыруды болжайтынын атап өту қажет.
Жолдарда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері Қазақстан үшін өзекті болып қала береді.
Жүргізілген талдау балалардың қатысуымен болған жол-көлік апаттарының (бұдан әрі- ЖКА) 90%-ға жуығы жүргізушілердің кінәсінен болады. Зардап шеккен балалардың жартысынан көбі жолаушылар. Бұл ретте көп жағдайда зардап шеккен балаларды ересектер автомобильде тасымалдау қағидаларын бұза отырып – балаларды ұстап тұруға арналған құрылғыларсыз (автокреслолар, бустерлер, адаптерлер және т.б.) немесе ременьмен бекітпей тасымалдайды.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын ЖКО негізгі себептері жаяу жүргіншілер өткелдерінен, жол қиылыстарынан өту қағидаларын, сондай-ақ маршруттық КҚ тоқтату қағидаларын бұзу болып табылады.
Балалардың жолаушы ғана емес, жаяу жүргіншілер де екенін ескеру қажет. Бұл ретте жаяу жүргіншілердің әсерінен болатын жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері-жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерден кесіп өту, тыйым салатын бағдаршамға ауысу, жақын маңдағы көліктің алдынан өту. Мұндай бұзушылықтар балалар жаяу жүргіншілердің жүріс-тұрысы мен тәртібінің төмендігін көрсетеді.
Мәселен, 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2022 жылы кәмелет жасқа толмағандардың қатысуымен ЖКО саны 15 %-ға ұлғайды. Бұл ретте ЖКО-лардан қайтыс болған балалардың саны 24 %-ға және жарақат алған кәмелет жасқа толмағандардың саны 20 %-ға ұлғайды.
Осыған байланысты Жол жүрісі қағидаларын насихаттау, балалардың жол-көлік жарақатының профилактикасы, сондай-ақ жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру, орта білімнің білім беру бағдарламаларын жетілдіру қажет.
15. Балалар мүгедектігі профилактикасы
Балалардың мүгедектігіне әсер ететін профилактикалық медицинаның маңызды бағыттарының бірі балаларды скринингтік зерттеп-қарау болып табылады. 2010 жылдан бастап Қазақстанда өмірінің алғашқы күнінен 6 жасқа дейінгі кезеңді қамтитын балалардың скринингі енгізілді.
Перзентханаларда фенилкетонурия мен туа біткен гипотиреозға неонаталдық скрининг, барлық жаңа туған нәрестелер мен 6 жасқа дейінгі балалардың есту қабілетінің бұзылуына аудиологиялық скрининг, психофизикалық даму скринингі, шала туған нәрестелердің ретинопатиясына скрининг жүргізіледі.
Статистикаға сәйкес 1000 баланың ішінен 1-2-уі есту қабілетінің маңызды бұзылуымен немесе кереңдікпен туады, тағы 2-4 балада есту қабілеті бұзылуының орташа дәрежесі байқалады. ДДҰ деректері бойынша әлемде есту қабілеті бұзылған 450 миллионнан астам адам бар, оның 34 миллионы балалар.
Балалардағы есту қабілетінің бұзылуын ерте диагностикалау мәселесінің маңыздылығы, ең алдымен, нашар еститін баланың сөйлеу және психикалық дамуына, оңалту шараларының басталу мерзіміне тікелей байланысты.
Аудиологиялық скрининг нәтижелері бойынша балада есту қабілетінің төмендеуі анықталса, бала одан әрі диагностикаға сурдологиялық кабинеттерге жолдануы және уақтылы есту протездеуін алуы қажет.
Соңғы жылдары бұл бағыт айтарлықтай серпін алды. Скринингтер жүргізу әдістері жетілдіріліп, жаңа туған нәрестелер мен ерте жастағы балаларды қамту ұлғаюда, материалдық-техникалық жарақтандыру жақсаруда.
Бұл ретте скринингтер жүргізу сапасының, олардың қолжетімділігінің, әсіресе ауылдық жерде тұратын балалардың қолжетімділігінің проблемалары сақталуда. Есептік деректерді қалыптастыру тәсілдерін қайта қарау талап етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет