Қазақстан республикасында ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту жөніндегі 2023-2030 жылдарға арналған тұжырымдама



бет13/34
Дата25.12.2023
өлшемі174,92 Kb.
#199055
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34
Байланысты:
27.04 =F5 F8O

16. Балаларды медициналық оңалту
2022 жылғы 01 қаңтардағы жағдайы бойынша ҚР Еңбекминінің деректері бойынша 18 жасқа дейінгі жас шамасында мүгедектігі бар балалардың саны 98 254 баланы құрады. Республикада 1000 балалар халқына шаққанда мүгедектік көрсеткіші 2021 ж. - 15,8 құрады.
2017 - 2021 жылдар аралығындағы кезеңде балалар халқы арасындағы алғашқы мүгедектікке әкелетін ауруларды талдау, дамудың туа біткен ақауларының жетекші орын алып отырғанын (30,3 %-дан 32,5 %-ға дейін), 2-ші орында нерв жүйесі аурулары (21,7 %-дан 23,7 %-ға дейін), 3-орынды психикалық бұзылулар (11,1 %-дан 17,0 %-ға дейін), одан кейін эндокриндік аурулар (4,8 %-дан 6,4 %-ға дейін) екенін көрсетеді.
Бұл жағдайға ықпал ететін факторлардың бірі салмағы өте төмен болып шала туған нәрестелердің, нейроинфекциясы бар балалардың, нерв жүйесінің ауыр жарақаттары мен туа біткен даму ақауларының өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін медицинаның дамуының қазіргі деңгейі болып табылады.
Қазіргі уақытта денсаулық сақтау жүйесінде балаларға көмек көрсететін 49 оңалту орталығы жұмыс істейді.
2022 жылы «Қамқорлық» бастамасы шеңберінде 8 оңалту орталығы ашылады, бұл жыл сайын шамамен 5000 баланы қосымша оңалту қызметтерімен қамтуға мүмкіндік береді.
Елімізде 3 жасқа дейінгі балаларға арналған «ерте араласу» институтын ендіру шаралары қолға алынды. Қазіргі уақытта балалар медициналық ұйымдарының базасында «Қамқорлық» 7 ерте араласу орталығы жұмыс істейді.
2023 жылдың аяғына дейін 13 орталық ашылуы жоспарланып отыр, олар жыл сайын даму бұзылыстары бар немесе даму бұзылыстарының қауіпі жоғары ерте жастағы 10 мыңнан астам баланы қамтитын болады.
МӘМС жүйесін ендірудің арқасында медициналық оңалтуды қаржыландыру өсті. Мәселен 2019 жылы қаржыландыру 6,7 млрд теңгені, 2021 жылы – 11,4 млрд теңгеден астам, 2022 жылы – 15,2 млрд теңгені құрады.
Сонымен бірге балалық шақтағы мүгедектік проблемасының өзектілігі және оңалту көмегін ұйымдастыру оның ауқымдылығына байланысты.
Оңалту емінің қолжетімділігін ұлғайту мақсатында 2021 жылдан бастап алғаш рет амбулаторлық-емханалық оңалтуды ендіру басталды.
Балаларды медициналық сауықтыруда климаттық терапияның маңызы зор. Жұмыс істеп тұрған санаторийлік-курорттық ұйымдар олардың ведомстволық тиістілігі мен меншік нысаны әртүрлі болуына байланысты балаларды кешенді оңалтуға толық тартылмайды, сондықтан бірегей табиғи-климаттық факторлар оңалту іс-шараларын жүргізу үшін нашар пайдаланылады.


17. Тамақтандыру, сумен қамту, санитария және гигиена

Қазақстанда ана мен баланың дұрыс тамақтануын қамтамасыз етуді реттейтін нормативтік-құқықтық база құрылып, әрекет етуде, атап айтқанда: бидай ұнын темірмен міндетті түрде байыту; жүктіліктің бірінші және үшінші триместріндегі анемияның бар-жоғына скрининг жүргізіледі; барлық босанған әйелдердің емшек сүтімен қоректендіруді қолдауға құқығы бар, мектепке дейінгі және мектеп медицинасы ұтымды тамақтану қағидаттарын сақтауға бағытталған денсаулық сақтау технологияларын ендіруді жүзеге асырады.


Балалық шақтағы тамақтану адам денсаулығын кейіннен өмір бойы айқындайтын негізгі физиологиялық, метаболикалық және иммунологиялық тетікті қалыптастыратын ерекше маңызға ие.
Қазақстан Республикасында медициналық ұйымдар мен мектептерде сумен жабдықтау, санитария мен гигиенаның сапалы жүйесі туралы (СЖСГ) мәселе әлі де өзекті болып отыр.
2020 жылы Қазақстандағы ЮНИСЕФ ана мен баланың 14 босандыру ұйымында және 153 мектепте инфекциялар профилактикасына және инфекциялық бақылау жүйесіне және сумен жабдықтауды, санитария және гигиена қызметтеріне қолжетімділікті бағалау жүргізілді. СЖСГ қол жеткізуді қамтамасыз етуде анықталған кедергілердің көпшілігі денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді және ауруханаішілік инфекциялардың таралуына ықпал етеді. Бұл ретте бұл олқылықтарды шешу қызметкерлердің функционалдық мүмкіндіктерін сипаттаумен, функцияны орындау процестерін сипаттаумен, персонал мен пациенттерді қоршаған орта гигиенасы бойынша оқытуды қоса алғанда медициналық ұйым ішіндегі процестерді дұрыс ұйымдастырумен басымды түрде байланысты.
Әрбір екінші ауылдық және әрбір төртінші қала мектептерінде қол жууға арналған жылы су жоқ. Мектептердің шамамен 40 %-ында қолды жуғаннан кейін кептіруге арналған қондырғылар жоқ.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (ҚДҰО) 2020 жылы жүргізген COSI ұлттық зерттеуінің нәтижелері бойынша Қазақстанда 6-9 жас аралығындағы әрбір бесінші оқушының артық салмағы, оның ішінде семіздік бар. Сонымен қатар республикада 6-9 жас аралығындағы балалардың 5,0 %-ы төмен дене салмағы, ал балалардың 2,0 %-ының бойының өсуі артта қалуда. Балалар мен жасөспірімдердің тамақтану әдеттері мен физикалық белсенділігінде оң өзгерістер бар. 6-9 жас аралығындағы балалардың 74,5 %-ы күн сайын таңғы ас ішеді, кіші жастағы оқушылардың көпшілігі физикалық белсенді. Жасөспірімдердің тек қана төрттен бірі күнделікті жеміс-жидек жейді және жоғары сынып оқушыларының үштен бірі ұсынылған деңгейде күнделікті физикалық белсенділікпен айналысады.
ҚР ДСМ ҚДҰО жүргізген HBSC-Қазақстан 2022 зерттеуінің нәтижелері бойынша балалар мен жасөспірімдердің гиподинамия көрсеткіштері өсіп келеді, өйткені мектеп оқушыларының жартысы (51,3%) ұзақ уақыт компьютерлік ойындарда, ойын қондырғыларында және басқа құрылғыларда ұзақ уақыт ойнайды, балалардың үштен бірінен астамы (37 %) - электрондық құрылғыларда бейне фильмдер қарайды. ДДҰ ұсынымдары бойынша экран уақыты күніне 2 сағаттан аспауға тиіс. Соңғы 4 жылда бұл деректер айтарлықтай өсті.
Жыл сайын Ұлттық тақырыптық бағдарламалар шеңберінде республикада барлық жас топтарындағы балалар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыруда білімдерін арттыру және дағдыларын қалыптастыру бойынша ақпараттық-білім беру іс-шаралары өткізіледі.
Сонымен қатар балалардың тамақтану және қимыл-қозғалыс бьелсенділігі саласында әдеттері мен мінез-құлық қатынастарына сыртқы орта, ата-аналарының өмір салты үлкен әсер етеді.
Жасөспірімдер мен жастардың энергетикалық сусындарды тұтынуы алаңдатады. 2022 жылы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталық жүргізген HBSC әлеуметтанушылық зерттеуде 11-15 жас аралығындағы балалардың 42,6 % энергетикалық сусындар тұтынады, бұл ретте әрбір бесінші оқушы апта сайын, ал балалардың 3 % күн сайын осындай ұқсас сусындарды ішеді.
Қазақстандағы мектеп оқушыларының өзінің денсаулығы мен әл-ауқатына қатысты мінез-құлқын бағалау бойынша жүргізген екі ауқымды зерттеу (2018 және 2022 жж.) соңғы 4 жылда (2018 және 2022 жж.) жасөспірімдер арасында темекі, алкоголь және басқа да мінез-құлық қауіп факторларының таралуының өсуі байқалады. Жалпы 11-15 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің 6 %-ы темекі шегу тәжірибесі бар, оның ішінде 4 %-ы қазіргі кезде темекіні тұтынатындар. Балалардың 10 %-ы вейптерді (электрондық темекілерді) пайдалану тәжірибесі бар, балалардың 6 %-ы қазіргі кезде вейптер тұтынушылары болып табылады.
Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер (ДНЫМ) – өмір сүру, оқу және жұмыс істеу үшін саламатты орта ретінде өзінің әлеуетін тұрақты нығайтуға ықпал ететін мектеп.
ДНЫМ тұжырымдамасын ендіру стратегиясы мектеп әкімшілігінің, мектеп персоналының, оқушылар мен ата-аналардың қатысуымен және қолдауымен әзірленуде.
Соңғы 5 жылда ДНЫМ саны 1201 мектепке жетті, бұл жалпы мектептер санының 15,6 %-ын құрайды. ДНЫМ жобасын іске асыру шеңберінде негізгі басымдықтарды (бағыттарды) анықтау көзделеді, оның негізінде іс-шаралар белгіленген. ДНЫМ қатысатын мектептердің арасында жүргізілген сауалдардың деректері бойынша мектеп қоғамдастығының қорғау және нығайтуға қатысты мынадай басымдықтар таңдалған: физикалық белсенділік – 36,2 %, дұрыс тамақтану – 9,4 %, санитарлық-гигиеналық жағдайларды жақсарту – 3,8 %, балалардың денсаулығын нығайту– 34,3 %, саламатты өмір салтын қалыптастыру – 10,9 %, басқалар - 5,4 %. 2020 жылы ДНЫМ қазақстандық желісін кеңейтудің екінші кезеңін іске асыру әр өңірден мектептің 10 %-ының кезекті тізбесі қосылып, енгізілді. Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау шеңберінде шектеу шаралары екінші кезеңді аяқтауға кедергі болды. Дегенмен ДНЫМ Ұлттық тұжырымдамасын, ДНЫМ іске асырудың ведомствоаралық жоспары және т.б. әзірлемесі ретінде тұжырымдамалық және нормативтік базаны қалыптастыруға бағытталған жоспарлау іс-шаралары арқылы оны іске асыруды одан әрі жалғастыру бойынша күш-жігер жұмсалды. Алайда 2020 жылға ДНЫМ институционалдық үйлестірушіде – «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК қаржыландырудың болмауы аталған іс-шаралардың тоқырауына әкелді.

3-тарау. Инфекциялық бақылау




Ана мен нәресте өлімінің ең көп таралған себептерінің бірі инфекциялық асқынулар болып табылады.
Қазақстанда ауруханаішілік инфекцияларды тіркеу шешілмеген мәселе болып отыр. Жұқпалы аурулардан және сепсистен болатын аурушаңдықты, ана мен нәресте өлімін төмендету мақсатында барлық медициналық ұйымдарда микробтық көрсеткіш мониторингін енгізе отырып, инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіру қажет.
Қазақстандағы эпидемиологиялық қадағалаудың қазіргі жүйесі жағдайлардың стандартты анықтамаларының, деректерді жинаудың стандартталған құралдары, жүйелі теріс ынталандырудың болмауы және МКБИ таралуына проспективалық зерттеулердің болмағандығынан жетілдірілмеген болып табылады.
Қазақстанда БҰҰ Халықтың коныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА) және ҚР-дағы ДДҰ өкілдігінің техникалық қолдауымен МКБИ таралуын және микробқа қарсы препараттарды тұтынуды бағалау бойынша 2 пилоттық зерттеу жүргізілді.
Пилоттық зерттеу нәтижелері бойынша МКБИ таралуы барлық бөлімшелер бойынша 3,2 %-ды, ал тәуекелі жоғары бөлімшелерде – 5,1 %-ды құрады, бұл 2021 жылғы ресми статистика бойынша алынған деректерден айтарлықтай асып түседі – 0,67 %.
Жоғарыда көрсетілген бағалау нәтижелерін және 2022 жылғы пилоттық зерттеу нәтижелерін ескере отырып, Министрлік «2023-2027 жылдарға арналған инфекциялық профилактика және инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіру туралы» жоспарын және Қазақстан Республикасындағы 2023-2027 жылдарға арналған микробқа қарсы тұрақтылықты шектеу жөніндегі шаралар» жол картасын бекітті.
Алғаш рет «Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу жөніндегі санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы бұйрығы бекітілді, мұнда медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекцияларды айқындау өлшемшарттары регламенттелген.
Босану ұйымдарында және балалар стационарларында кешенді инфекциялық бақылау бағдарламасын іске асыру мақсатында МКБИ мониторингі мен талдау бойынша жұмысты жетілдіру қажет.

4-тарау. Кадрлық және материалдық ресурстар

Перинаталдық қызметтің тиімділігі босандыру ұйымдарын кадрлық әлеуетінің кәсіби деңгейіне, сондай-ақ аналар мен жаңа туған нәрестелерге көмек пен күтім көрсететін дәрігерлер мен орта медицина персоналының оңтайлы арақатынасына байланысты.


Елімізде халықты дәрігерлермен қамтамасыз етудің жалпы көрсеткіші 10 мың адамға шаққанда (2020 г. – 39,7, 2021 г. – 40,5) 40,9 құрады.
ҚР 10 000 халыққа шаққанда босандыру қызметінің дәрігерлермен қамтамасыз етілуі: акушер-гинекологтар – 2,8, анестезиолог-реаниматологтар – 1,5, эпидемиологтар – 2,05, педиатрлар – 2,22, неонатологтар – 0,5, балалар хирургтары – 2,0 құрады.
2007-2017 жылдар аралығындағы кезеңде педиатриялық факультеттерге талапкерлерді қабылдау жүзеге асырылған жоқ, бұл педиатриялық мамандықтардың тапшылығының өсуіне әкелді. Бұл стационар деңгейіндегі мамандарға және арнайы бейінді мамандардың тапшылығына (балалар реаниматологтары-анестезиологтары, кардиологтар, пульмонологтар, гастроэнтерологтар) қатты әсер етті.
Қазіргі сәтте еліміздің босандыру қызметі жоғары және орта білімі бар медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілуі ұсынылған нормативтердің 2/3 бөлігін құрайды.
Мамандықтар бөлінісінде анестезиолог-реаниматологтар (ересектер, балалар) – 787, акушер-гинекологтар (ересектер, балалар) – 291, педиатрлар – 304, неонатологтар – 104, балалар инфекционистері – 65, балалар невропатологтары - 51 және т.б. мамандықтар арасында кадр тапшылығы байқалады.
Халықаралық практикада босандыру қызметінде көрсетілетін қызмет сапасының төмендеуіне әкелетін тәуекел факторы ретінде айқындалған қосалқы жұмыс атқарудың жоғары деңгейі байқалады.
Акушер-гинекологтар үшін қосалқы жұмыс атқару коэффициенті 1,69 (стационар – 1,82); неонатологтар үшін -1,63; акушерлер – 1,1; неонаталды мейіргерлер – 1,47 және анестезиолог-реаниматолог дәрігерлер – 1,56-ны құрайды.
ОМҚ тапшылығы 7606-ны, оның ішінде қалада 6468, ауылда 1138 құрады.
Стандарттарға сәйкес аналар мен жаңа туған нәрестелерге медициналық көмек пен күтімнің айтарлықтай көлемін ОМҚ қамтамасыз етеді.
Елде акушермен қамтамасыз ету 10 000 фертильді жастағы әйелге шаққанда 18,16 немесе 105,6 босануға шаққанда 1 акушерді құрайды.
Акушерлердің функцияналды міндеттері техникалық және кәсіптік білім беру деңгейінде қалып отыр, бұл жағдайда акушерлік қызметтерге мұқтаждықты жаппай қамтуды қамтамасыз ету АӨ жағдайының 60 %-ға дейінін, НӨ 70 %-дан астамын және өлі туудың 65 %-ының алдын алуға септігін тигізер еді.
Акушерлер мен жүкті әйелдердің арақатынасы адекватты емес, босанатын әйелдер мен мейіргерлердің арақатынасы 1:5-6, неонаталды мейіргерлердің нәрестелерге шаққандағы арақатынасы 1:2,7 құрайды (халықаралық стандарт бойынша 1:1).
Ұқсас көрініс неонаталдық мейіргерлер үшін де байқалады, олардың елдегі босануға арақатынасы 1:2,7, халықаралық стандарт бойынша 1:1 құрайды.
Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелері үшін ұсынылған 1:1 арақатынасы кезінде әрбір мейіргерге 5,6 пациенттен келеді.

5-тарау. Инфрақұрылым, материалдық-техникалық жарақтандыру

Перинаталдық көмек көрсетудің маңызды құрамдас бөлігі босандырудың үш деңгейлі жүйесін қамтамасыз ету және қалыптастыру үшін қажетті жоғары деңгейдегі перзентханалар желісін құру болып табылады, мұнда инфрақұрылымы дамыған, заманауи инженерлік коммуникациялары және кадрлық ресурстары бар дене салмағы 500 грамм немесе одан да аз 22 апта мерзімінде туған балаларды күтуге арналған перинаталды орталық ең басты рөл атқарады.


Перинаталдық орталықтар (бұдан әрі-ПО) аналар мен жаңа туған нәрестелерге кешенді стационарлық көмекті, сондай-ақ әйелдерге амбулаторлық – консультациялық-диагностикалық көмекті қамтамасыз етуі тиіс, оған «Ұрықты қорғау орталығы», «Отбасын жоспарлау орталығы», катамнез және ерте араласу бөлімдері кіреді.
Соңғы онжылдықта елімізде барлығы 6 ПО салынса, басқа облыстарда ғимараттар 20 және одан да көп жыл бойы жұмыс істеуде.
ҚР перинаталдық орталықтар мен перзентханалардағы ғимараттардың орташа тозуы 61 %-ды құрайды.
Бірде-бір перинаталдық орталықта толық орталықтандырылған оттегімен, сығылған ауамен және сорғыш вакууммен, жеткізу сору желдеткіштері, заманауи бактериологиялық зертхана, барлық қажетті құрылымдық бөлімшелер жоқ, бұл медициналық көмектің сапасына айтарлықтай әсер етеді.
Бүгінгі таңда еліміздегі перинаталдық орталықтар желісі бала көтеруден бастап оңалтумен аяқтаумен кешенді медициналық көмек көрсету үшін заманауи талаптар мен сын-қатерлерге сәйкес келетін инфрақұрылымды және құрылысты жаңғырту арқылы айтарлықтай жетілдіруді талап етеді. Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп тұрған бірқатар перинаталдық орталықтар күрделі жөндеуді қажет етеді.
Мемлекет Басшысының 2022 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша берілген тапсырмасын орындау шеңберінде еліміздегі бала туу көрсеткішінің өсуін, босандыру объектілеріне жүктеменің артуын ескере отырып, ана мен балаға кешенді медициналық көмек көрсету үшін өңірлерде заманауи 13 перинаталдық орталық салу белгіленді. Оның ішінде елорда мен облыстардан жоғары тәуекел факторлары бар жүкті әйелдерді ауруханаға жатқызу үшін Астана қаласында «Ана мен бала» республикалық орталығын салу жоспарлануда. Бұл әлеуметтік маңызы бар жоба қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, ауыр пациенттерді күту үшін заманауи технологияларды іске асыру мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді, бұл нәтижесінде ана мен перинаталдық шығындарды төмендетуге, азаматтардың медициналық көмек көрсету деңгейіне қанағаттануын жақсартуға мүмкіндік береді.
Перинаталдық орталықтарды салу қажеттілігін қалыптастыру кезінде туу көрсеткішінің өсу серпіні, халық санының өсуін ескере отырып, өңірлердің демографиялық көрсеткіштері және жұмыс істеп тұрған босандыру ұйымдарының құрылымы, тозуы және инфрақұрылымы ескерілді.
Медициналық техниканы басқарудың ақпараттық жүйесі бойынша босандыру ұйымдарын медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтаудың орташа пайызы 81,8% және педиатрия бейіні бойынша-87,5%, тозуы 51,1% құрайды.
ПО жоғары деңгейде жарақтандырылуына қарамастан, көптеген орталықтарда барлық дамыған елдерде кеңінен қолданылатын қосымша диагностикалық және емдеу жабдықтары жетіспейді: емдік гипотермияға арналған аппарат, ингаляцияға арналған азот тотығы аппараты, амплитудалық электроэнцефалография, ЭхоКГ, Т-жүйесі. Бұл ретте істен шыққан шығыс материалдары қалпына келтірілмейді, өйткені шығыс материалдарының, медициналық техниканың құрамдас бөліктерінің құны клиникалық шығындар топтарына кірмейді, бұл күтім жасау сапасына әсер етеді және балалардағы ұзақ мерзімді асқынулардың айтарлықтай ықтимал себептері болады.
Жағдайы ауыр немесе шала туылған нәрестелер шоғырланған барлық перинаталдық орталықтар қажетті медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталуы керек.
Бала халқының санының және дәрігерге жүгіну санының жыл сайынғы өсуі төсек қорына және жұмыс істеп тұрған ауруханалардың жұмысына үлкен жүктеме түсіреді.
Республикада балаларға стационарлық медициналық көмек көрсету үшін өңірлік деңгейде 8133 төсек (ОАА, ОБА-13, ҚБА-10) және республикалық деңгейде 815 төсек (ПБХҒО және «Ақсай» Университет клиникасы Алматы қ., Астана қ. «UMC» ҚФ) ашылды.
Соңғы 10 жылда елімізде бар болғаны 6 балалар ауруханасы салынды. Қалған стационарлар 15 немесе одан да көп жыл пайдаланылуда. Тиісінше, оларда заманауи инженерлік коммуникациялар, инфрақұрылым және ауыр балаларды күтуге жағдай жоқ.
Бүгінгі күні балаларға стационарлық көмек көрсетудің сұранысқа ие бейіндері пульмонологиялық, неврологиялық, хирургиялық, аллергологиялық, нейрохирургиялық, патологиялар және жаңа туған нәрестелерді күту болып табылады.
Жалпы Республика бойынша балалар ауруханаларының медициналық жабдықтармен жарақтандырылуы 88 % құрайды. Бұл ретте реанимация және қарқынды терапия бөлімшелеріндегі, диагностикалық бөлімшелердегі (КТ, сараптамалық сыныптағы УДЗ, сандық рентген аппараттары, электроэнцефалография, электроневромиография және т.б.), хирургиялық жабдықтардың, медициналық жабдықтардың, балаларды тасымалдауға арналған медициналық жабдықтар, (көлік кювездері, көлік ӨЖЖ) тапшылығы айтарлықтай маңызға ие.
Компьютерлік томографияға арналған аппарат 12 өңірде ғана бар. Оның ішінде 7 аппарат 7 жылдан астам белсенді пайдалануда (жабдықтардың тозуы 70 %-дан астам) – Алматы, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында.
МРТ аппараттарымен жарақтандыру әлдеқайда төмен – барлығы 5 өңірлік балалар клиникасы жабдықтармен жарақтандырылған (Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстары және Шымкент қаласы). Түркістан облысында жабдықтардың 100 % тозғаны байқалады.
Балалық шақтағы сәулелік диагностиканың күрделілігі зерттеп-қарауды тыныш жатқан сәтте жүргізу қажеттілігі болып табылады. Ерте жастағы балаларды, церебральды сал ауруы бар балаларды, психикалық бұзылулары бар балаларды зерттеп-қарау наркоз қолдану арқылы ғана қол жеткізуге болады.
Наркоз аппараты бар МРТ елімізде жоқ, зерттеуді наркозды реаниматолог-анестезиологтың беру арқылы жүргізіледі, бұл заманауи талаптарға сай келмейді және пациент үшін тәуекелдермен тұспа тұс келеді.
КТ, МРТ бар көптеген жеке меншік медициналық ұйымдарда көптеген өңірлерде бұл зерттеулер қолжетімсіз болып қалуда. Жеке меншік ядролық медицина орталықтарының балалар халқына қызмет көрсетуге лицензиясы жоқ, сондықтан ПЭТ-КТ зерттеуге кезек пайда болып, балаларды емдеу кешіктіріледі.

6-тарау. Дәрілік заттармен қамтамасыз ету

Қазақстанда анемияның ең көп таралу себебі темір тапшылығы және оның негізгі құрамдас бөлігі дұрыс тамақтанбау болып табылады.


ФЖӘ денсаулығын жақсартуға бағытталған мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралар (нысаналы трансферттер): темір тапшылығы және йод тапшылығы жағдайларын емдеу және профилактикасы көбінесе жергілікті жерлерде қажетті нәтижелерге қол жеткізе бермейді.
Жүкті әйелдерді темір препараттарымен кепілдендірілген, тегін қамтамасыз ету – еліміздің үлкен жетістігі. Елімізде әйелдерге жүктілік кезінде, босанғаннан кейінгі кезеңде темір препараттарын қабылдау туралы хаттама бар және темір препараттары Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын белгілі бір аурулары (жағдайлары) бар азаматтарды тегін және (немесе) жеңілдетілген амбулаторлық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне (бұдан әрі – ДЗ тізбесі) енгізілген. Зерттеулер темір тапшылығы анемиясының ауырлығы өскен сайын гемостаз жүйесіндегі бұзылулар нашарлайды, бұл босану кезінде қан кетудің ұлғаюын алдын ала айқындайтынын көрсетті. Алайда, медицина қызметкерлері анемияның алдын алуды тиісті деңгейде жүргізбей, бақылаудың жоқтығы мақсатты трансфертті пайдаланудың тиімділіге қауіп төндіреді.
2010 жылдан фолаттар Еуропалық кардиологтардың қауымдастығының клиникалық ұсыныстарына енгізілген. Жүкті әйелдерге фолий қышқылы препараттарын және оның туындыларын тағайындаудың орындылығы дәлелді медицина тұрғысынан жақсы негізделген. Фолий қышқылын ерлі-зайыптыларға жүктілікке дейін тағайындау ұрықтың туа біткен ақауларының пайда болуының дәрежесін төмендетіп, соның ішінде жүйке түтікшесінің ақауларының жиілігін 70%, жүрек ақауларының жиілігін 26-40% төмендетеді. Фолий қышқылын жүктілік басталғаннан қабылдау акушерлік (мерзімінен бұрын босану, салмағы өте төмен нәрестелердің туылуы, преэклампсиялар және бала жолдасының мерзімінен бұрын сылынуы) сияқты асқынулардың қауіпін төмендетеді.
Жүктілікті жоспарлайтын барлық әйелдер күніне кемінде 150 мкг йодты тұтынуы қажет және йод тапшылығы бойынша эндемиялық өңірде тұратын болса, оның қосымша дотациясы ұсынылады.
Периконцепционды кезеңде йод препараттарын қосымша қолдану неонаталды және нәрестелер өлімінің жиілігін төмендетіп, туылғаннан кейінгі балалардың психосоматикалық дамуын жақсартады.
Алайда, Қазақстанда фолий қышқылы мен йод препараттары амбулаторлық деңгейдегі дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету тізіміне енгізілмеген, сондықтан бұл препараттарды жүкті әйелдерге, сонымен қатар жүктілікті жоспарлау барысында тағайындау біршама қиындық туғызады.
ДДҰ статистикасы бойынша, резус-теріс әйелдерде (15% әйелдер шамасында) резус-оң нәрестенің дүниеге келуі 60% құрайды. По статистике ВОЗ, у резус-отрицательной женщины (около 15 женщин) вероятность беременности резус-положительным ребенком составляет 60.
Бұл жағдайда жүктілік кезінде ананың иммундық жүйесі шарараның резус-факторына қарсы антиденелерді шығара бастауы мүмкін және шарараның және жаңа туған нәрестелердің гемолитикалық ауруы дамиды, бұл үйлесімсіздік жағдайында пайда болатын балада эритроцитті антигендер бойынша ана мен нәресте қанының үйлеспеген жағдайда балада ауыр бас миының зақымдануына әкеледі.
Мұндай жағдайда жүктіліктің 28-аптасында және босанғаннан кейінгі алғашқы 48-72 сағатта антирезус иммуноглобулинін профилактикалық енгізу бүкіл әлемде тиімді деп танылған. Иммуноглобулин ананың қанына түскен нәрестенің эритроциттерін байланыстырады және осылайша иммундық қарсы тұруға (антиденелердің пайда болуына) жол бермейді. Анти-резус Rho(D) иммуноглобулин (ҚР-ДЗ-5 № 014187) және фолий қышқылы (ҚР-ДЗ -5 №020488) Қазақстанның ұлттық дәрілік формулярында тіркелген.
Қазақстан сирек кездесетін аурулары бар пациенттерді мемлекет есебінен емдеуді қаржыландыратын ТМД елдерінің бірі болып табылады.
Қазіргі уақытта балаларды дәрілік қамтамасыз ету, оның ішінде орфандық препараттармен қамтамасыз ету белгілі бір аурулары бар (жай-күйі) Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдәкпен амбулаториялық қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне сәйкес амбулаториялық деңгейде жүзеге асырылады. Бұл ретте АДҚ тізбесінде ТМККК шеңберінде орфандық аурулардың үлесі 50 %-ды құрайды.
Бүкіл әлемде ювенилді идиопатиялық артрит (бұдан әрі – ЮИА) ауыр функциялық шектеулерге әкелетін әлеуметтік мәні бар ауру деп танылған. Биологиялық терапияның енгізілуімен ЮИА ұзақ мерзімді болжамы айтарлықтай оптимисті болды және уақтылы дұрыс терапия жүргізілсе пациенттер дені сау құрбыларынан ерекшеленбейді. Қазақстанда 100 000 бала халқына шаққанда 2016 жылғы 14,48-ден 2021 жылы 35,3-ке дейін балалардағы ЮИА-мен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады.
Созылмалы ревматологиялық патологиясы бар балаларды дәрілік қамтамасыз ету жергілікті жерде өте өткір мәселе және балалардың мүгедектігіне, ал ұзақ мерзімді перспективада өмір сүру ұзақтығын қысқартуға әкеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет