Мақсаты – Қазақстан Республикасында өлкетану қызметін дамытудың бағытын анықтау.
Міндеттері:
Қазақстан Республикасындағы өлкетану жұмысының нормативтік және құқықтық базасын жетілдіру;
өлкетану субъектілерін және қамтамасыз ету ресурстарын анықтау;
ғылыми-педагогикалық және өлкетану қызметі мен зерттеу әдіснамалық негіздерін жетілдіру;
өлкетану іс-әрекеті дамуының келешегін анықтау;
қоғамда өлкетану білімін көпшілікке тарату;
Қазақстан Республикасында өлкетану қызметін жүзеге асырудың механизмдерін реттеу;
өлкетану жұмыстары бойынша табысты тәжірибені насихаттау;
өлкетанудың тұжырымдамалық негіздерін жүзеге асыру жағдайын анықтау;
Тұжырымдамалық негіздерді жүзеге асырудан күтілетін нәтижелерді қалыптастыру.
Өлкетану жұмысының негізі бағыттары ретінде : – гуманитарлық бағыт: тарих, тіл мен әдебиет және т.б.;
– жаратылыстану-ғылыми бағыт: география, биология, экология және т.б.;
– шығармашылық бағыт: сәулет өнері, музыка, өнер және т.б.
Өлкетану бағыттарын жүзеге асырудың ерекше амалдарына саралау және кіріктіру жатады.