Қазақстан республикасында өлкетануды дамытудың ТҰжырымдамалық негіздері



бет1/12
Дата07.02.2022
өлшемі69,36 Kb.
#97690
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
koncept04102018155159-osnovy kaz-1
050919 092955 ghospar-plan-csvoy




Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
«__» _________ 2018 жылғы
№ _______________
бұйрығымен бекітілген



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Әдістемелік ұсынымдама


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨЛКЕТАНУДЫ ДАМЫТУДЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Құрылымы



Кіріспе

3

Қазақстан Республикасындағы өлкетану жұмыстарының нормативтік құқықтық базасы

5

Тұжырымдамалық негіздердің мақсаты мен міндеттері

5

Өлкетану субъектілері

6

Өлкетану нысандары

6

Өлкетанудың негізгі дереккөздері

7

Қазақстан өлкетануының этнопедагогикалық негіздері – «Қасиетті Жер-Су»

8

Қазақстанның жалпыұлттық маңызы бар қасиетті орындары

10

Өлкетану қызметі мен зерттеулерінің ғылыми-педагогикалық және әдіснамалық негіздері

11

Өлкетану жұмыстарын ресурстық қамтамасыз ету

13

Өлкетану ілімінің қоғамда танылуы мен насихатталуы

16

Жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер

17


Кіріспе

Қазақстандық қоғамның қазіргі замандағы даму кезеңінде, қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында, өзіміздің ұлттық кодымызды, мәдениетіміз бен ұлттық бірегейлігімізді сақтау аса маңызды болып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы дәл осыған бағытталған.


Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттық код, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, эволюциялық даму, сананың ашықтығы сияқты қағидалар негізінде стратегиялық бағдарлар мен жаңа міндеттер анықталған. Ғасырлар бойы бабаларымыз туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді. Өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу өте маңызды. («Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан).
Бүгінгі заман адамның әлеуметтік мәдени өмірлік іс-әрекетінің дамуына өзгерістер енгізіп отыр. Бұл өзгерістер ұлттар, мемлекеттер, барлық саяси, әлеуметтік және мәдени қоғамдастықтарға әсер ететін ішкі және сыртқы қайшылықтар мен қарсылықтарды сипаттайтын унификациямен, уақытты жылдамдатумен, жаңғыртумен, өнеркәсіптік революциямен, технологияны дамытумен байланысты әлемдік жаһандану факторымен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңдағы Қазақстан әлемдік жаһандану процесі, күрделі геосаяси қозғалыстар және жаңа қарсылықтар, жылдам экономикалық және технологиялық өзгерістер жағдайында дамып келеді.
Қазақстандағы өлкетану – елімізді, оның тарихын, табиғатын, шаруашылығын, халықтың мәдениеті мен тұрмысын жан-жақты және жоспарлы түрде танып-білу. Өлкеміздің тарихы мен табиғатын танып, зерттей келе, нақты және мақсатты түрде тарихи-мәдени ескерткіштерді, флора мен фаунаны, табиғат қорларын қорғау іс-шараларын іске асыру қажет. Өлкетану – белгілі бір жердің өткені мен бүгінгі күнін зерттеу, жекеден жалпыға, ортақ белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін айқындайтын, түрлі ғылыми пәндер мен ғылыми-зерттеушілік тәсілдерге және пәнаралық байланыстарға сүйенетін танымдық әдіске негізделген ғылыми, әрі ғылыми-көпшілікке таратылатын қызмет.
Өлкетану – бұл тек ғалым-мамандар ғана емес, сондай-ақ сол өңірді жетік білетін адамдар мен жергілікті тұрғындар қатысатын ғылыми және қоғамдық қызметтің бір түрі. Қазақстандық өлкетанушылардың саңлақтар тобына Мұса Шорманов, Шоқан Уәлиханов, Салих Бабаджанов, Григорий Потанин, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Әубәкір Диваев, Николай Коншин, Николай Катанов, Евгений Михаэлис, Александр Чулошников, Мұхамеджан Тынышбаев, Ахмет Байтұрсынов, Хәлел Досмухамедов, Қаныш Сәтпаев, Әлкей Марғұлан, Федор Фиельструп, Ермахан Бекмаханов, Александр Затаевич, Альвин Бимбоэс, Жагда Бабалыков, Өзбекәлі Жәнібеков, Максим Зверев, Николай Ивлев, Владимир Проскурин, Ақселеу Сейдімбек, Қасым Тәукенов және т.б. жатқызуға болады.
Бүгінгі әлем білім берудің жоғары деңгейіне байланысты жоғары білімді адам оп-оңай мамандығын ауыстыра алатын тарихи дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Еліміздегі ауқымды экономикалық өзгерістер қоғамдық санадан озық жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – мәдениетіңді, ұлттық кодыңды сақтай білу («Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан).
Қазақстанда мәдени ескерткіштерді зерттеуге бағытталған, тарихи өткенді жандандыру және ұлттық жадыны қалпына келтіруді көздеген бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылды. 2004-2010 жылдары Қазақстан аумағында тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды қайта қалпына келтіруге бағытталған «Мәдени мұра» бағдарламасы іске асырылған болатын. 2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағдарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік («Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан).
Қазақстанның тарих, филология, география сияқты ғылым салаларында, орасан көп ақпарат жинақталған, ал бұл ақпарат көбінесе академиялық және кәсіпқой ортаға қолжетімді болғанымен, қазақстандық қоғамның басқа санаттарының қолына тие бермейді. Сондықтан, бұл мәселені шешу керек. Қазіргі кезеңде уақыт өткен сайын өзектілігін жоғалтпайтын тарихи-мәдени тәжірибенің баршаға қолжетімді болғаны өте маңызды. Өлкетану әлеуетін ашатын тиімді практикалық шаралар қажет. Нәтижесі мультипликативтік әсерге: өзіндік сана-сезімнің өсуіне; ойлаудың әлеуетті қауіпті деструктивті парадигмаларын (тұтыну культі, экологияға, ксенофобияға немқұрайлы қарау) прогрессивтік, құрылымдық жасампаз парадигмаларға алмастыруға; көру мәдениетін дамытуға, ортақ зияткерлік және тұлғалық өсуге алып келеді.
Өлкетанудың тұжырымдамалық негіздері (бұдан әрі – Тұжырымдамалық негіздер) ғылым, білім, мәдениет, спорт, қоғамдық келісімді қалыптастыру мен дамыту, қазақстандық қоғамда заманауи әлеуметтік-мәдени трансформациялары ескерілген зайырлылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру аясында әзірленді. Тұжырымдамалық негіздер адамның құқығы мен еркіне, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға деген құрметке, патриотизмге тәрбиелеуге, ұлттық (азаматтық) сәйкестендіруге, тұлғаның еркін дамуына, еңбексүйгіштікке, шығармашылық тұрғыда өзін-өзі дамытуға негізделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет