Сәлемдесу.
Суретке жазылған сөздер («Көкбөрі», «Табиғат», «Көрегендік», «Адамзат») арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу. Әр топтың атауы жазылған қағаздар бойынша топтарына бөлініп отыру сұралады. Әр топтан 1 бағалаушы тағайындалады.
І. «Қызығушылықты ояту»
«Көксерек» драмасынан үзіндіні тамашалау.
Оқушылардың қандай ой түйгендігін сұрап, «Көксерек» бейне жазбадан шығатын ойтүйін, ойға тірек болып тұрған сөзді оқушыларға анықтату.
( Әр оқушы тірек сөзді жеке дәптеріне жазады, жазғанын жұпта талқылайды, топта талдайды. Әр топтың бағалаушысы «бас бармақ» арқылы бағалайды)
«Ой шақыру»
Топтарға сұрақ:
1. Топ атауларына байланысты қандай ұран, түсіндірме жасай алар едіңіздер? (жылдам және тапқырлықпен жауап беру бағаланады)
2. Бұл атаулардың бүгінгі сабағымызға қандай қатысы бар деп ойлайсыздар?
Олай болса, сабағымыздың мақсатын анықтап алайық. (оқушылармен бірге анықтау мақсат етіледі). Сабақтың мақсаты таныстырылады.
Оқушылар таңдаған атауға өздерінше түсініктеме беріп,соған сай ұйқасты келтіріп, ұран таңдап алады. Мысалы: «Көкбөріден тараған Алты Алаштай еліміздің ұлағатты ұрпағымыз!», «Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын көрегендікпен айта білген ардағым!».
ІІ. «Мағынаны тану»
Топтық тапсырма.
1-тапсырма. Мына сөздердің мағынасын қалай түсінесің?
І топ. «Көксеректе қазірде бұрын ешқашан білінбеген долылық бар еді. Туғаннан бері барлық көресі осыдан-екі аяқтыдан дегендей жығылып, домалап жатқан балаға тап берді.»
ІІ топ. Ауыл адамдары ала алмаған Көксеректі Аққасқаның жеңу себебі неде? Қалай ойлайсың, жазушы осы арқылы не айтпақ болған?
ІІІ топ. Өзін сонша бағып, мәпелеген Құрмашты танымай, Көксеректің жауыздық істеген себебін қалай түсіндірер едің?
ІV топ.Шығарманың «Көксерек» деп аталу себебін түсіндіріңіздер. Автор табиғатын анықтаңыз.
Жетістік критерийі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Автор ойын суреттеп жеткізе алады.
Шығармадан дәлел келтіре алады.
|
|
|
|
|
Бағалаушы топ жұмысын бағалайды.
«Айтуға оңай» бағдарламасының жүргізілуі негізінде сұраққа сыни тұрғыдан жауап береді
Құрмаш өліміне кім кінәлі?
Шығармадан қандай ой түйдіңдер?
«Айтуға оңай» телешоу бағдарламасына ұқсата жауап беру. Сыни көзқарас, ұтымды пікір келтіру.
Бағалаушылар жұлдызша арқылы бағалайды.
Талдау.“Кім кінәлі” (проблемалық сұрақтар)
1-топ. Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты?
2- топ. Қасқырлар іс-әрекеті мен адамдар іс-әрекетінде ұқсастық бар ма? Қайсысы қаталырақ?
3- топ. Құрмаштың өліміне кім кінәлі?
4- топ. Қасқырларды қолға үйретуге бола ма?
Жетістік критерийі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Автор ойын суреттеп жеткізе алады.
Шығармадан дәлел келтіре алады.
|
|
|
|
|
Әр топ бағалаушысы жетістік критерийіне сүйене отырып бағалайды.
ІІІ. «Ой- толғаныс»
«Ыстық орындыққа» Көксеректің өзін шақырайық.
( Әр топтан бір оқушыдан шығып сурет (аударылып
таңдайды. Сурет- шығарма кейіпкерлері. Сол кейіпкердің рөлінде оқушылардың сұрақтарына жауап береді)
Оқушылар сұрақтары:
1) Көксерек, сен неге ит сияқты асырауға көнбейсің?
2) Адамдармен жауласудағы басты мақсатың не?
3) Өмірге өз қалауыңмен келер болсаң, қасқыр болған жақсы ма, әлде ит боп өмір сүрген жақсы ма?
Бағдарламаның келесі қонағы Көксеректің құрбаны болған Құрмашты ортаға шақырайық. Оқушылар сұрақтары:
Көксеректі неге асырадыңыз?
Көксерек үлкейгенде өзіңізге тап береді деп қорықпадыңыз ба?
Бағдарлама қонақтары: Құрмаштың әжесі мен нағашы көкесі Қасен, биология пәнінің мұғалімі -Айнұр Амангелдіқызы
Топ жұмысы мен кеш қонақтарын бағалау.
Бағалаушылар «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.
«Көксерек» әңгімесі қалай аяқталушы еді?
Жауабы: Әңгіме кемпірдің қарғысымен аяқталады.
Қалай ойлайсыңдар, кемпір қарғысымен әңгімені аяқтауына не себеп?
Жауабы: Бұл кемпір қарғысы - Әуезовтің озбырлыққа, жауыздыққа, қаталдыққа деген қарғысы.
Жазушы неге үндейді?
Жауабы: Жазушы жер бетіндегі адамдарды татулыққа, бір – бірін, өзін сыйлауға, құрметтеуге үндейді.
Рефлексия жаздыру.
Шығарма несімен ұнады?
|
Сүйікті кейіпкерің
|
Жасалған қорытынды
|
|
|
|
Оқушылар тақырып бойынша сабақтың өтуі туралы өз ойларын стикерге жазып бұрыштағы қағазға жапсырады.
|