Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы есеп астана қаласы



бет2/8
Дата31.12.2019
өлшемі1,32 Mb.
#55310
1   2   3   4   5   6   7   8
Астана қаласы

2010 жыл
Мазмұны


Бас прокуратура 7

Аумақтардан келген жазбаша хаттар 67

Бас прокуратура 68

Мәселелер ерекшеліктері 69

Сұрақтар саны 69

«Қазақстанда құқықтық мемлекет құру азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен байланысты арнайы институттарды одан әрі жетілдіруді талап етеді. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүїйесіндегі маңызды тетігі Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты болып табылады. Бұл мемлекеттік құқық қорғау институтын құру Қазақстандағы демократияның дамуындағы үлкен қадам болды. Осы институт қызметінің нәтижелігін арттыру мәселесін қарау керектігін тәжірибе көрсетіп отыр. »

(Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасынан)

КІРІСПЕ СӨЗ
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2009 жылғы қызметі туралы осы есеп Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 23-тармағына сәйкес жасалған және Мемлекет басшысына ұсынуға арналған.

Осы құжат Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2008 жылғы қызметі туралы алдыңғы жылғы есебінің форматы мен құрылымын сақтаған. Онда Уәкілдің бұрын мемлекеттік органдарға берген нұсқаулардың іске асырылуын қамтиды, сондай –ақ есеп азаматтардың Уәкіл мекемесіне түскен хаттар санының ұлғаюын ескере отырып жасалған, бұқаралық ақпарат құралдары мониторингісінің нәтижелері белсендірек пайдаланылған, қоғамда үлкен пікірталас тудырған жекелеген мәселелер бойынша Уәкілдің құқықтық қорғау жұмысының нәтижелері көрсетілген.

Есеп бұрынғыдай шағымданушылардың хаттарында көтерілген адам құқықтары мәселелерін сипаттаумен шектелмейді, ол сонымен бірге балалар, әйелдер, мүгедектер, оралмандар, босқындар, еңбек мигранттары туралы, сотта қорғалу, ар-ождан және діни наным бостандығы, денсаулық сақтауға құқықтарын қамтамасыз етужөніндегі, азаматтық мәселелер, еңбек және тұрғын үй құқықтары саласындағы ахуал туралы ақпаратты қамтиды.

Есепке Уәкілдің жыл бойы әзірленген хаттары, ұсыныстары, бірқатар құқықтық қорғау мәселелері бойынша әртүрлі мемлекеттік органдарға жіберген сараптамалық қорытындылары қоса берілген.

Осы есеп қалыптасқан тәжірибе бойынша Парламент палаталарына, Үкіметке, басқа да мемлекеттік органдарға, шет мемлекеттердің елшіліктеріне, халықаралық және ұлттық құқықтық қорғау ұйымдарына жіберілді. Есеп Уәкілдің интернет-сайтына орналастырылады және жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдары үшін тұсаукесері болады.


  1. Жалпы бөлім




    1. 1.1.Келіп түскен хаттардың жалпы сипаттамасы

Есепті кезеңде Уәкіл атына жалпы алғанда 1348 хат түсті, бұл 2008 жылдан 273 хатқа артық. Олардың көбісі (1175) әдеттегідей пошта арқылы келді, сонымен бірге 74 хат электрондық пошта арқылы, 173 Уәкілдің және мекеме қызметкерлерінің жеке қабылдауында мазмұндалған. Жалпы Уәкілге ауызша және жазбаша түрде 2294 адам хат жолдаған.


Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жеті жыл қызметі бойы жазбаша және ауызша түскен хаттар саны


Атауы

2003

жыл

2004

жыл

2005

жыл

2006

жыл

2007

жыл

2008

жыл

2009

жыл

Барлығы

Жазбаша хаттар

855

1156

1965

1374

1286

906

1175

8717

Діни бірлестіктерді тіркеу мәселесі бойынша «эдвокаси кампаниялары» аясындағы жазбаша хаттар

-

-

-

757

-

-




757




297

358

528

482

398

169

173

2405




1152

1514

2493

2613

1684

1075

1348

11879

2008 жылдағыдай, хаттардың ең көп бөлігі Астана (16,9%) және Алматы (13,2%) қалаларының тұрғындарынан, сондай - ақ Карағанды облысынан (10,2%) келген. Павлодар облысынан келген хаттар саны екі есе өскен (7,8%).





Аумақтар

2009 жылғы хаттар саны

2008 жылы хаттар саны

Астана

198

136

Алматы

155

103

Акмола облысы

77

72

Ақтөбе облысы

14

15

Алматы облысы

104

59

Атырау облысы

21

21

Шығыс Қазақстан облысы

92

104

Жамбыл облысы

38

40

Батыс Қазақстан облысы

16

24

Карағанды облысы

120

77

Қостанай облысы

67

45

Қызылорда облысы

18

17

Маңғыстау облысы

15

10

Павлодар облысы

92

40

Солтүстік Қазақстан облысы

45

30

Оңтүстік Қазақстан облысы

44

54

Шет елдерден

59

59

Барлығы

1175

906

Есепті кезеңде ұжымдық шағымдар санының өсуі байқалып отыр ( 1022 адамның қолымен 76), олар негізінен ипотекалық несие алған азаматтардан және үлескерлерден келіп түскен.



Ұжымдық және жеке жазбаша хаттар санының ара қатынасы келесі диаграммада келтірілген.

Есепті кезеңде үкіметтік емес ұйымдардан 95 хат түсті, олардың ішінде ең көбісі Қазақстандық адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюродан келген.

2009 жылғы хаттардың тақырыптары айтарлықтай өзгермеген: өткен жылдардағыдай құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттері мен әрекетсіздігіне (20%), сондай-ақ сот шешімдерімен келіспеушілік туралы мәселелер бойынша шағымдар үстем орын алады (17,3%). Соттардың әрекеттері мен әрекетсіздігіне шағымдар Уәкілдің құзырына жатпағандықтан осындай шағымдар қабылданбаған, ол туралы шағымданушылар тиісті түрде хабарландырылған.



Ар-ождан және діни наным бостандығына құқықтарды іске асыру мәселелері бойынша шағымдар санының (5,8%) артуын атап өткен жөн , олардың ішінде қарағанды қаласында саентология шіркеуінің жабылуына байланысты шағымдар басым орын алады.

Тұрғын үй құқықтарының бұзылуына түскен шағымдар 5,3% құрайды, көбінесе бұл үлестік құрылыс және мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу жөнінде.

Еңбек құқықтарын бұзушылыққа шағымдануға әрекеттенулер 4,4% пайызды құрайды. Хаттардың осы санаты негізінен еңбекақы төлемеумен немес кешіктірумен, сондай ақ шағымданушылардың пікірінше, жұмыстан заңсыз шығарулармен байланысты.

Денсаулық сақтау құқығына қатысты хаттар 1,6% құрайды, негізінен олар алдын ала қамау және бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарға тиісті медициналық көмек көрсетпеу, сондай ақ сапасыз медициналық көмек көрсету не оны көрсетпеу фактілеріне, медициналық қызметкерлердің мүгедектікке әкеп соққан әрекеттеріне, МСЭКтің мүгедектікті тағайындаудан бас тартуына қатысты шағымдар.

Сотталғандардың қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінің әкімшілік қызметкерлерінің тарапынан оларға азаптауды қолдануына, лайықсыз қарым қатынас жасауына шағымдарының өсуі (4,9%) назар аудартады. Осындай үрдісті 2009 жылғы мамырда БҰҰдың Азаптауларға қарсы комитетінің арнайы өкілі М. Новактың Қазақстанға инспекторлық сапармен келуіне жасаған реакциямен байланыстыруға болады.



Мемлекеттің қатысуы жоқ заңды тұлғалардың әрекеттеріне шағымдардың біршама өсуі (4,5%) коммерциялық банктердің 2009 жылы ипотекалық несиелерді кейінге қалдырудан бас тарту жағдайларымен байланысты болды.

Орталық және жергілікті атқару органдарында әкімшілік ету мәселелері шағымданушылардың ең көп көтеретін мәселелер болып табылады (6,2%). Хаттарға келсек, орталық және жергілікті атқару органдары жиі өтініш берушілердің хаттарына нақты жауаптар бермейді, қабылдаған шешімдердің себептерін түсіндірмейді. Жергілікті атқару органдардың лауазымды адамдарымен өзара іс қимыл жасауда негізгі мәселелер, бұрынғыдай тұрғын үй және жер мәселелері болып табылады. Мемлекет қажеттігіне жеке адамдардың баспанасын қирату, жер телімдерін алып қою, өтемақы мөлшерлері көптеген жағдайларда халықтың қанағаттанбауын тудырады, бұл оларды әртүрлі инстанцияларға, соның ішінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілге хат жолдауға мәжбүрлейді.

Қазіргі заманғы әділ сот билігінің пәрменділігі мағынасында сот шешімдерін орындау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Соттың қорғауы сот актісін қабылдаумен емес оның нақты орындалуымен аяқталады. Сонымен бірге Уәкілге сот шешімдерінің орындалмауына шағымдар келіп түсуде. Есепті кезеңде барлығы атқарушы құжаттарды орындау мерзімдерінің бұзылуына, борышкерлерге заңнамада көзделген барлық мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылмауына, сондай ақ нақты сот орындаушыларының әрекеттеріне қатысты аталған шағымдардың 3,5% пайызы түсті.



Шағымдардың 1,7 % тіркеу, азаматтық алу, ықтиярхат, жеке басын куәландыру құжаттарын ресімдеу мәселелеріне қатысты болды.

Ақпарат алу құқығының бұзылуы туралы хаттарда (2%) шағымданушылардың көбісі мемлекеттік органдардың азаматтардың хаттарына жауап бермейтінін, сондай ақ әртүрлі ақпарат алу мүмкіндігінің болмауын көрсетеді.

Есепті кезеңде Уәкіл атына саяси құқықтарды іске асыру мәселесі бойынша бір ғана хат түсті, ол бейбіт жиналыс бостандығы құқығына қатысты.

2009 жыл бойы алғысхаттар түскен. Кейбіреулерінің мәтіні төменде келтіріледі.



Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппараты адам мүдделері мен құқықтарын қорғаудың пәрменді механизмі болып табылады, Сіз басқарып отырған Аппарат қызметкерлерінің Орал қаласында қиын жағдайға тап болған адамдардың тағдырына уақытылы және жедел араласуы оның кәусі болды. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында шексіз құқық бұзушылық тоқтатылып, жұрт қалыпты өмір сүруге кірісті, өздерінің отбасыларына қайтып оралды. Азаматтардың хаттарымен нақ осындай жоғары деңгейде жұмыс істеу, әр адамның қадір қасиетіне, абыройына қатысты осындай адами және әлеуметтік бағыты бар саясат Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппараты сияқты маңызды және қажетті демократиялық институттың қызметін насихаттау үшін басты дәлел болып табылады. «Право на жизнь» әлеуметтік қор білдірген белсенді азаматтық ұстанымыңыз, жоғары біліктілігіңіз және азаматтық кемелділігіңіз, өмірдің күрделі жағдайына тап болған адамдарға қатысты сіздерге үлкен алғыс білдіреді.

Сіздің игі миссияларыңызда табыс, тұрақтылық және ертеңгі күнге сенімділік тілеймін.

Бұдан әрі ынтмақтастығымызды жалғастыратынызға сенім білдіремін.
Құрметпен, «Право на жизнь» әлеуметтік қорының директоры Голубь Марина Вячеславовна.



Сізге және қарағанды қаласы ІІБ органдарына менің сіңлім Цыбулько Ольга Николаевнаны іздеу жөнінде жүргізген жұмысыңызға көп рахмет, ол табылды, тірі және дені сау, кейінгі өміріне алаңдамаймыз.

Құрметпен, Зайцев Александр Николаевич, Киль қаласы Германия




Сіздерге акті жазуларын алуға көмегіңіз бен берген түсіндірулеріңіз үшін шын жүректен алғыс білдіремін, олар кейін жұмыста пайдаланылады.

Құрметпен, Ресей Федерациясының Свердлов облысының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Т.Г. Мерзлякова




Ұлымыз Азизбаев Викторды қорғауға көмек көрсеткеніңіз үшін өте ризамыз.

Сізге және Сіздің ұжымызға жақсылық, ырыс-береке, жанұяда бақыт, Сіздің өте жауапты жұмысыңызда табыс тілейміз.

Құрметпен, Азизбаев Х.А.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет