Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы есеп астана қаласы



бет4/8
Дата31.12.2019
өлшемі1,32 Mb.
#55310
1   2   3   4   5   6   7   8

Атқарушылық іс жүргізу азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету мен қорғау түрлерінің бірі болып табылады, себебі сот шешімдерін және азаматтық және әкімшілік істер бойынша қаулылар мен ұйғарымдарын, қылмыстық істер бойынша мүліктік өндіріп алу бөлігінде үкімдері мен қаулыларын, сондай ақ заңдармен көзделген жағайларда өзге де органдардың шешідерімен қаулыларын міндетті түрде және уақытылы орындау оның міндеті болып табылады.

Республиканың атқарушылық іс жүргізу жүйесін дамытудың негізгі бағыттары ҚР Жоғарғы Сотының 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында көзделген. Жоспарда сот орындаушыларын әлеуметтік қорғау шаралары заңмен бекітілуі және олардың санын кезең кезеңмен судьялардың санына дейін жеткізу, атқарушылық іс жүргізу органдарына сот шешімдерін орындау тәртібін бұзумен және сотты құрметтемеумен байланысты істер бойынша анықтауды жүзеге асыру жөнінде өкілет беру, сот приставтарының санын көбейту, атқарушылық іс туралы заңнаманы бір езгіл жетілдірумен бірге жеке сот орындаушылар институтын енгізу белгіленген.

ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – СӘК) пікірі бойынша жеке орындау институтын енгізу азаматтарымыздың құқықтарын сақтау механизмінің тиімділігін арттыру тәсілдерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты СӘК ҚР Парламентінің қарауына «Атқарушылық іс және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне атқарушылық іс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын енгізді, онда баламалы негізде жеке сот орындаушылар институтын енгізу көзделеді және оны Парламент Мәжілісі қолдады. Заң жобасында жеке сот орындаушылар институтын енгізуден басқа сот актілерін орындау рәсіін жақсарту, көптеген құқықтық кемістіктерді реттеу, атқару құжаттарын қамтамасыз ету шараларын жетілдіру, төлемеушілерге ықпал етудің жанама жолдары көзделеді. ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 793 қаулысына сәйкес Ішкі істер министрлігінен сот шешімдерін орындау тәртібін бұзумен және сотты құрметтемеумен байланысты қылмыстық істерді тергеу жөніндегі өкілеттер СӘКқа берілуі тиіс.

СӘК ақпараты бойынша 2009 жылдыә 9 айында атқаруда 806 014 астам атқару материалдары болды, бұл 2008 жылдың сындай мерзіміндегіден 165 артық.

Егер 2009 жылы аяқталған атқарушылық істердің саны бойынша (431,3 мың атқарушылық істер немесе 53,3%) және нақты орындаумен аяқталған атқарушы істердің саны (326,9 мың атқарушылық құжаттар немесе 75,8 % 12,8 млрд теңгені құрайды ) бойынша есептесек, атқарушы іске қатысушылардың құқықтары мен мүдделері шамамен тиімді қорғалатын болған.

Сонымен қатар, орындалмай қалған көптеген атқарушы парақтар бойынша сот процесін ұтқан азаматтар ештеңеге қол жеткізе алмаған. Одан әрі олар тағы мемлекеттік бажға, адвокаттың қызметіне және т.б. шығыс ретінде шығындалды, борышкерлер оларды қайтармаған.

2009 жылы атқарушы іс жүргізге қатысты 67 шағым түсті. Бұл шағымдарды қарау кезінде борышкерлердің өндіріп алатын мүліктерінің болмауы және қарызданушының тұратын орнын анықтау мүмкін болмауы, жауапкердің сот шешімін уақытылы орындағысы келмеуі және басқалар атқарушы құжаттың талаптарын орындамаудың себептері болып табылатыны анықталды.


Адам құқықтары жөніндегі уәкілге саяжай телімдерінің иелері Ш. Мен Д. Алматы қаласы Бостандық ауданы сотының шешімінің, олардың «Алматы Пауэр Консалидейтед» АҚ жер телімдері иелерінің құқықтары бұзылуын жою туралы берген талап арызын қанағаттандыру туралы, осы АҚты жоғарывольттық желінің орнатылуын олардың жер телімдерінен қауіпсіз (25 метр) қашықтыққа ауыстырып орнатуды міндеттеген Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа қаулысының орындалмауына шағымданған.

Уәкіл мекемесі ҚР Жоғарғы Соты жанындағы СӘКне хат жолдады.

Алматы қаласы Сот Әкімшісінің № 2 Бостандық аумақтық бөлімінің сот орындаушысы борышкерге сот шешімін орындау туралы, сот актісін орындамаған үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы ескерте отырып, бірнеше рет хабарлама жібергеніне қарамастан орындау үшін шара қолданылмаған. Борышкер әртүрлі сылтаулармен сот актісін орындауды кейінге қалдыра берген. Сонымен бірге, тексеру кезінде сот орындаушысы сот шешімін орындау үшін толық көлемде шара қолданбағаны анықталған, атқарушылық іс туралы заңнама талаптары бұзылған. Осыған байланысты сот орындаушысы тәртіптік жауапқа тартылған.

СӘКке және аумақтық органдарына 2009 жылдың 9 айында сот шешімдерін орындау мәселелері бойынша азаматтардың 7100 шағымдары түскен. Олардың ең көбісі алиментті өндіртіп алу (1894 шағым), шығынның орнын толтыру (1295 шағым) туралы шағымдар құрайды.

Атқарушы іс саласындағы ахуалды талдау атқарушы істі құқықтық және ұйымдық тұрғысынан одан әрі жетілдіру қажеттігін көрсетті.
2.4. Ар-ождан және діни наным бостандығына құқық
Әр адамның ойлауға, ар ожданына және дінге бостандық құқығы бар. Бұл құқық діннің болуына немесе қабылдауға немесе өз таңдауы бойынша сенуге және өз дініне наным еркіндігіне және жалғыз өзі, сондай ақ басқалармен бірге, жеке немесе бұқаралық түрде сену, табыну, діни және ритуалдық дәстүрлер мен оқуларды орындау бостандықтарын қамтиды.

Дінге сену немесе наным бостандығы тек заңда белгіленген және қоғамдық қауіпсіздікті, тәртіпті, денсаулықты және моральды, басқа адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын да сондай қорғау үшін қажетті шектеулерге жатады.

Қазақстанда тәуелсіздік жылдары бойы діни инсттуттары айтарлықтай көбеәді. Мысалы, католиктер діни бірлестіктері екі есе (42ден 86ға дейін) өсті, протестанттардікі үш есе (457 ден 1272ге дейін), Қазақстан үшін жаңа конфессиялардікі үш есе (14тен 49ға дейін) артты. Жалпы, діни бірлестіктер саны 6 еседен көп өсті, яғни 671ден 4173ке дейін.

2003 жылдан бастап елімізде әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының құрылтайлары өтеді, 2011 жылы республика Ислам конференциясы ұйымын басқаратын болады.

Қазақстан Республикасы бұрынғы кеңес одағы кеңістігінде діни толеранттығы идеяларын алға жылжыту және діни азшылықтардың құқықтарын құрметтеуде көшбасшы болып табылады, оны халықаралық қауымдастық мойындады және қолдады.

Жалпы, ҚР Конституциясының, сондай ақ Азаматтық кодексінің, Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы кодексінің, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Қылмыстық кодекстердің, «Діни наным және діни бірлестіктер бостандығы туралы», «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңдардың нормаларына негізделген Қазақстан Республикасының діни наным бостандығы мәселелері жөніндегі қолданыстағы заңнамалық базасы негізігі халықаралық құқықтық құжаттарға, тап айтқанда, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына, БҰҰдың дін мен наным негізінде шыдамаушылық пен кемсітудің барлық түрлерін жою туралы декларациясына және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге сәйкес келеді.

Мемлекет басшысы, діни және конфессияаралық толеранттықтың ерекше маңыздылығына тоқтай отырып, Қазақстан халқы ассамблеясында сөйлеген сөзінде Президент Әкімшілігіне және ҚР Үкіметіне Әділет министрлігінің Діни істері комитеті негізінде өзіндік Діни істер агенттігін құру туралы келісілген ұсыныс енгізуді тапсырды.

Еліміздің Парламенті 2008 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне Діни наным және діни бірлестіктер бостандығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолдап, Мемлекет басшысына қол қоюға жіберген, оны кейін, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі 2009 жылғы 11 ақпандағы нормативтік қаулысымен аталған заңды Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келеді деп таныды.

2009 жылы Қазақстанда тіркелген Бірлестік Шіркеуінің ізбасары Е. Дреничеваның ісі қоғамда үлкен пікірталас тудырды, бұл Омбудсменнің араласуын талап етті.


Уәкіл атына Ресей Федерациясы азаматшасы Д, мүддесіне Қазақстандық адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюродан және Қазақстанның діни бірлестіктері ассоциациясынан хаттар түсті.

Хаттардың мазмұндарына келсек, Бірлестік Шіркеуінің қызметі аясында дәріс оқып, семинарлар өткізген үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылып сот залынан қамауға алынған.

Хаттарды қарау аясында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы пленарлық отырыс хатшысы, ҚР Республикасының Жоғарғы Сотының судьясы Ж.Н.Баишевпен кездесті, ол заңда белгіленген тәртіппен апелляциялық шағым беруді ұсынды, сондай ақ ҚР Бас прокуратурасына қарау үшін тиісті сұратулар жіберілді, олар туралы шағымданушыларға хабарланды.

Нәтижесінде, Алматы қалалық соты, Д. Ісі бойынша апелляциялық шағымды қарап аудандық соттың үкімін жойды, одан кейін Д. қамаудан босатылды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл атына есепті кезеңде ар ождан және діни наным бостандығына құқықтардың шектелуі мәселелері бойынша 94 хат түсті, бұларды негізінен әртүрлі инстанциядағы соттар қараған.

Аталған шағымдар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істері комитетіне қарау үшін жіберілген.

Есепті кезең бойы бұқаралық ақпарат құралдарында еліміздің оқу орындарында хиджаб кию мәселесі бойынша пікірталас болды. Қазақстандықтардың белгілі бір бөлігін адаңдатып отырған бұл мәселе 2009 жылғы 13 қарашада өткен Мемлекет басшысының еліміздің халқымен тікелей байланысында қозғалған, сондай-ақ Омбудсменге келген тиісті шағымдардың мазмұндарында қамтылған.

Жоғарыда мазмұндалғандарға байланысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істері комитетіне (бұдан әрі - Комитет) және ҚР Білім және ғылым министрлігіне тиісті сұратулар жіберілген.

Бірақ ұсынылған жауаптарда келтірілгендей, аталған ведомстволар шағымданушылардың көтерген мәселелері бойынша өз пікірлерін сақтап қалып отыр.

Осыған байланысты Уәкіл Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына хат жіберілді .

Қазіргі уақытта орта, кәсіптік техникалық және жоғары оқу ұйымдарының оқушылары мен оқытушыларының хиджаб кию мәселесі қаралу сатысында.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы есепті жылы әртүрлі дін өкілдерімен (Свидетели иеговы, «Саентология шіркеуі» РБ, ЕХБ Мәскеу шіркеуі) кездесулер өткізді, кездесулер барысында оларды қызықтыратын барлық сұрақтар талқыланды.

Уәкілдің, сондай ақ Қазақстанға Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІІ құрылтайына келген, әлемде барлық жерде өлім жазасын жоюды қолдаушы ретінде белгілі Қасиетті Эджидио қауымының (Италия) делегациясымен кездесуі өтті.


2.5. Азаматтыққа құқық
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы әркімнің азаматтыққа құқығын жариялайды. Ешкім еріксіз өзінің азаматтығынан немесе азаматтығын ауыстыру құқығынан айырылмайды.

Азаматтық мәселелері Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңмен, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қырғызстан, Украина арасындағы азаматтықты алудың жеңілдетілген тәртібі туралы келісімдермен реттеледі.

Қазақстан Конституциясының 10-бабына сәйкес Қазақстан азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, және оны алу негізіне қарамастан жалғыз және тең болып табылады.

Уәкіл атына есепті кезеңде тіркелу, азаматтық алу мәселелері бойынша 23 хат келіп түсті.

Көбінесе, осындай топтағы шағымдарды құқықтары бұзылған адамдар тікелей жібереді, бірақ бірқатар жағдайларда аталған құқықтарды қорғау туралы өтінішпен хаттарды еліміздің жекелеген үкіметтік емес ұйымдары мен көршілес елдердің құқықтық қорғау ұйымдары жібереді (Сведрлов облысындағы, Красноярск өлкесіндегі және Саха Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдері, Қазақстандық Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюро және т.б.).

Барлық түскен хаттар бойынша нақты жұмыс жүргізілді, онда мазмұндалған фактілер жан жақты зерттелді және еліміздің тиісті уәкілетті органдарының көмегімен азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін тиісті шара қолданылды.

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес азаматтыққа Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрақты не Қазақстан Республикасының азаматымен кемінде үш жыл некеде тұратын адамдар қабылдануы мүмкін.

«Әкімшілік процедуралар туралы» Заңға сәйкес шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында, егер Конституциямен, заңдармен және халықаралық шарттармен өзгеше көзделмесе, азаматтарға белгіленген сол құқықтармен және бостандықтармен пайдаланады, сондай ақ сол міндеттер жүктеледі.

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес ішкі істер органдары Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштерді қабылдайды және оларды қажетті құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жібереді, Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарымен көзделген Қазақстан Республикасы азаматтығын алуды және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды тіркейді.

Осыған байланысты түскен шағымдарда азаматтыққа қабылдау мәселелері бойынша істерді қарау тәртібін бұзатын миграциялық қызметтердің қызметкерлерінің әрекеттерін атап өткен жөн.





Мысалы, азаматша Р. шағымында 2008 жылы оның жұбайы С. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы Шымкент қаласының ІІБ Абай ауданының миграциялық полиция бөліміне өтініш берді. 2009 жылғы 13 наурызда ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті материалды басқа мемлекеттің азаматтығының жоқтығын немесе тоқтатылуы туралы анықтаманы сұрату және іске қоса тігу үшін толықтыруға қайтарған.

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы заңының 32-бабына сәйкес азаматтық алуға өтінішті қарау мерзімі 6 айдан аспауы тиіс.

Одан басқа, ҚР ІІМ 2002 жылғы 23 тамыздағы № 556 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығымен байланысты мәселелерді қарау жөніндегі нұсқаулығының 10-тармағында жергілікті ішкі істер органдарында және ұлттық қауіпсіздік органдарында, Ішкі істер министрлігінде және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарында өтініштерді қарау мерзімі осы органдардың әрқайсысында бір айдан, барлығын қосқанда алты айдан аспауы тиіс деп көрсетілген.

Бірақ осы талаптарды бұза отырып, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Миграциялық полиция басқармасы Р. өтінішін бір жылдан артық қарап, осы күнге дейін оның Қазақстан Республикасы азаматтығын алу мәселесі өз шешімін таппаған.

Олыс ІІД қызметкерлерінің істі тиісті түрде ресімдемеуі себеп болған, осының салдарынан ол Комитетке қайтарылған.

Уәкіл атына республикада бұрын тұрған азаматтардан Қазақстан олардың азаматтығына жататынын растайтын немесе теріске шығаратын құжаттарға қатысты ақпарат беруді сұраумен көптеген сұратулар түседі. Бұндай анықтама Ресей Федерациясының азаматтығын ресімдеу кезінде міндетті құжаттардың тізіміне кіреді.




Мысалы, Красноярск өлкесіндегі Адам құқықтары жөніндегі уәкілі М.Г. Денисов Б. мүддесіне хат жолдады.

Шымкент қаласында туылған Б. 1991 қыркүйекте Ресей Федерациясына тұрақты тұруға кеткен, ол онда осы күнге дейін тұрады.

Бірақ Б. осы уақытқа дейін РФ азаматының төлқұжатын ала алмай жүр, себебі Б. Шымкент қаласында тіркеуде бар жоғы анықталмай отыр.Ресейдің Красноярск өлкесі бойынша ФМҚБ ақпараты бойынша РФ азаматының төлқұжатын ресімдеу үшін қажет ақпаратты алу мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы не болмауы туралы мәлімет алу үшін тиісті сұратулар жіберілген. Бірақ Ресей тарапы жауап алмаған. Осыған байланысты Б. заңдық маңызы бар фактілерді: мұрагерлікті қабылдауды, мүгедектікті ресімдеуді, некені тіркеуді және т.б. ресімдей алмай жүр.

Осыған байланысты біз ҚР Әділет министрлігіне және Ішкі істер министрлігіне сұратулар жібергенбіз.

Ұсынылған ақпаратқа келсек, Б. Шымкент қаласында тіркелген болып шықты, сондай ақ Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Б. төлқұжат берілгені туралы №1 үлгідегі анықтаманың көшірмесін ұсынған.

Красноярск өлкесіндегі Адам құқықтары жөніндегі уәкілге берілген жауапта «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісіне немесе ҚР тиісті консулдығына дербес өтініш беру қажеттігі түсіндірілді, ол жерде оның Қазақстан Республикасының азаматтығы жойылғандығы тіркеледі.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заң күшіне енген күнге дейін (1992 жылғы 1 наурыз) еліміздің аумағында тұрақты тұрған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады, бұл 1974 жылғы үлгідегі төлқұжатта тіркеу туралы мөрдің болуымен не көрсетілген мерзімде тіркеу бар екенін көрсететін құзырлы органдардан алған басқа да ақпаратпен расталуы мүмкін. Бірақ аумақтардағы шенеуніктердің біліксіздігі және немқұрайлылығы салдарынан қажетті ақпарат алу мүмкін емес.




И. шағымының мазмұнынан шағымданушы мен оның зайыбы осы күнге дейін 1974 жылғы үлгідегі КСРО төлқұжаттарымен құжаттанып келгені анықталады.

Құжат алу үшін құзырлы органдарға барғанда олар Қазақстан Республикасының азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алу тәртібі туралы тиісті түрде ақпарат ала алмаған, сондай ақ ішкі істер органдары қызметкерлерінің өрескелдігіне тап болған.

Біз шағымданушының мүддесіне Ішкі істер министрлігіне сұрату жібердік.

Министрлік жіберген ақпаратта шағымданушы Алматы облысының аумағында тіркелген, сондықтан «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңға сәйкес оңайлатылған тәртіппен құжаттандырылуы тиіс делінген.

Осыған байланысты шағымданушы мен оның зайыбына тұратын жері бойынша миграциялық полицияның бөлімшесіне № 5 үлгідегі анықтаманы алу үшін өтініш беру қажеттігі түсіндірілді, ол әділет органдарында құжаттану және Қазақстан Республикасының жеке куәлігін ресімдеу үшін қажет.

Қазіргі кезде Қазақстандық адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюро және оның республиканың барлық аймақтарында орналасқан филиалдары осы күнге дейін 1974 жылғы үлгідегі КСРО төлқұжаттарымен құжаттанып келген азаматтарға ескі құжаттарын Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын жаңа құжаттарға ауыстыру жөнінде көмек көрсетуге бағытталған пилоттық жобаны іске асырады.




Ресей Федерациясы Свердлов облысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Т.Г. Мерзлякованың Свердлов облысының түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан Ф. мүддесіне соңғының азаматтығы мәселесі бойынша құзырлы органдардың тұжырымдамасын алуға ықпал ету жөніндегі өтініші Қазақстанның құзырлы мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелері арасында үйлестіру жоқ болуының мысалы бола алады. Ф. қылмыстық іс материалдарына ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің миграциялық комиссия бөлімінің бастығы А. Тоқсановтың хаты қоса тігілді, оған сәйкес В.В. Федотов Қазақстан республикасының азаматы болып табылмайды және азаматтығы жоқ адам болып табылады.

Осы хат негізінде Ф. қылмыстық ісі Ресей Федерациясының 26 гарнизондық әскери сотының соттылығына жататындық мәселесі шешілді.

Сонымен қатар, Министрлікке және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жіберген біздің сұратулар бойынша «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы заңының 3-бабына сәйкес Ф. Қазақстан азаматы болып табылады деген жауап келді.

Осы ақпарат Свердлов облысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жіберілді. Алайда, кейін жұмыс барысында, ол Ресей Федерациясының Бас әскери прокурорының көмекшісінің Байқоңыр қаласындағы ҚР ІІМ өкілдігінің арнайы полиция басқармасының бастығының міндетін атқарушы Г.В. Ким өзінің 2009 жылғы 6 мамырдағы хатында Ф. Қазақстан азаматы емес екенін тағы растағаны туралы хатын алған.

ҚР ІІМ және Бас прокуратурасының жауаптарында біздің кезекті сұратуымызға олардан Ф. қатысты Байқоңыр қаласындағы ҚР ІІМ өкілдігінің ол Қазақстан азаматы емес екені туралы ақпарат расталмады деп есептеу керек деген жауап келген.

Жоғарыда аталған жағдай адам құқықтарының жиі болып тұратын бұзылушылықтарының куәсі болып табылады, ол сонымен қатар халықаралық сипатқа ие болады.

Тіркеу, азаматтық, ықтиярхат, жеке басын куәландыратын құжаттарды алу кезінде құқық бұзушылыққа шағымдар түсуіне ҚР ІІМ миграциялық қызметтерінің, әділет органдарының осындай мәселелерді қарауды негізсіз созуы және тіркеу рәсімдерін жасанды түрде күрделендіруі себеп болатынын көрсетеді, аталған құжаттарды алу мерзімін ұзартуға және осы мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы бұзуға негіз болады, осылар Уәкілдің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне берген ұсынысында көрсетілген. Осы ведомствоның аумақтық бөлімшелерінде орын алатын бұзушылықтар туралы ақпараттандыру, сондай ақ бұдан кейін Қазақстан Республикасы азаматтығын алуға үміткер адамдардың құқықтарын бұзуға жол бермеу ұсыныстың мақсаты болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережелеріне сәйкесқұжаттарды қолданыстағы заңнамада және көрсетілген ережеде көзделген жағдайлардан басқа алып қоюға тыйым салынады.

Сонда да, ішкі істер органдарының мамандандырылған қызметі қызметкерлері ІІМ өткізу туралы ведомстволық ережесін басшылыққа ала отырып, Қазақстан азаматтары мен шетелдік азаматтардан мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимаратына кіру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттарды, соның ішінде төлқұжаттарды алып қоятыны бар.

Бұл мәселе белгілі деңгейде адам мен азаматтың шектелуіне тек заңдармен және ҚР Конституциясымен белгіленген шарттармен ғана жол берілетін конституциялық құқықтарына нұқсан келтіретін болғандықтан, 2009 жылғы желтоқсан айында ҚР Конституциялық Кеңестің төрағасы И.И. Рогов Әділет министрлігіне жеке басын куәландыратын құжаттарды алып қою мәселелерін заңнамалық тұрғыда реттеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынумен хат жолдады.

Есепті кезең бойы Уәкіл аппараты Орталық Азия елдері үшін азаматсыздықты қысқарту және алдын алу жөніндегі аймақтық жоба аясында БҰҰдың Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасымен ынтымақтастықты жалғастырды.

Орталық Азиядағы азаматсыздық мәселелерін ортақ түсінуді қалыптастыру мақсатында БҰҰдың Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасы Орталық Азияда, соның ішінде Астанада да бірқатар семинарлар мен дөңгелек столдар өткізді.

2009 жылғы желтоқсанда Ашгабадта (Түркменстан) Орталық Азияда азаматсыздықты қысқарту және алдын алу және азаматтығы жоқ адамдарды қорғау жөніндегі аймақтық қорытынды конференция өтті, оған Адам құқықтары жөніндегі уәкіл офисінің қызметкері қатысты.

Қонференция қорытындылары бойынша азаматтығы жоқ адамдарды анықтау, 1974 жылғы үлгідегі КСРО төлқұжаттар иелерін қоса алғанда, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдар үшін құқықтық мәртебесін растайтын тиісті құжаттар алуға көмектесуді қамтамасыз ету, мемлекет аумағында туатын барлық балаларды туылу кезінде тіркеуді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жалғастыруға, азаматсыздық жағдайларын анықтаудың ресми рәсімін әзірлеуге бағытталған ұсыныстар қабылданды.




    1. Азаматтардың мемлекеттік органдарға хат жолдау құқығы

Мемлекет басшысы республикалық телеарналарда «тікелей желі» кезінде азаматтардың сұрақтарына жауап бере отырып, «мемлекеттік құрылымның бастығынан бастап, кез келген мемлекеттік қызметкер азаматтардың хаттарын заңда белгіленген тәртіппен қарауға және белгіленген мерзімде оларға жауап беруге міндетті. Ал, егер олар жауапты созатын болса, осы шенеуніктердің басшыларына шағымдану керек. Басшы жедел шара қолдануы тиіс. Бұлардың барлығы «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарда, барлық нормативтік құқықтық актілерде жазылған.» деп нақты айтқан.

Азаматтардың Уәкіл атына түскен хаттары сондай ақ олардың мемлекеттік органдарға хат жазу құқықтары бұзылатынын көрсетеді.

Мәселен, әкімшілік ету мәселелері бойынша Уәкіл мекемесіне 2009 жылы 90 (2008 жылы -92) хат түсті, олардың 62 жергілікті атқарушы және өкілді органдарда тиісті әкімшілік болмауына байланысты. Олардың әрбір төртіншісі (21) тұрғын үй мәселелеріне қатысты шағымды қамтиды, ал әрбір тоғызыншысы (10) жер құқықтары мәселелеріне қатысты.

Осылайша, түрғын үй және жер мәселелері бұрынғыдай, шағымданушылардың жергілікті атқарушы органдарының лауазымды адамдарымен өзара іс қимыл жасағанда көтеретін негізгі мәселелері болып табылады. Тұрғын үйді бұзу, жеке адамдардың жер учаскелерін мемлекет қажеттігіне алып қою көптеген жағдайда халықты қанағаттандырмайды, бұл оларды әртүрлі инстанцияларға , соның ішінде Уәкілге шағымдануға мәжбүр етеді. Шағымданушылар әкімдердің шешімдерімен, өтемақы мөлшерлерімен , тиісті құрылымдардың әрекеттерімен келіспейді.

Шағымданушыларға жер учаскелерін қиратқан үшін өтемақы төлеу туралы 54 атқарушы парақтар бойынша сот шешімдерін 2005 жылдан бастап орындамай отырған Астана қаласының Тұрғын үй басқармасының Пәтер бюросына шағыммен елорданың 72 тұрғындарының атынан азаматша Р. жазған хаты осындай мысалдардың бірі болып табылады. Шағымданушылардың мәселені шешу туралы бірнеше хаттарына әкімдіктің, Пәтер бюросының және Астана соттары әкімшісінің лауазымды адамдары тиісті шара қолданбаған. Тек Уәкіл мекемесіне жазғаннан кейін ҚР Жоғарғы Соты жанындағы сотқа әкімшілік ету комитеті мен Астана қаласының прокуратурасы атқарушы іс өндіріле басталғаны туралы: борышкер - Пәтер бюросына тиесілі анықталған мүлікті бағалау және алғашқы өндірілген азғантай сомаларды өндіріп алушы -шағымданушылар арасында бөлінетіні туралы хабарлады.

Елорда тұрғыны А. оған мүшелерінің 95 пайызы ақшалай сома алған «Автокомбинат» саяжай қоғамындағы мемлекет мұқтажына алынған жер учаскесі үшін ұзақ уақыт өтемақы төленбеген факті бойынша әкімдік пен Пәтер бюросына нәтижесіз хат жолдағаны туралы Уәкіл атына жазған арызы әуре сарсаңға салудың тағы бір мысалы болып табылады.

А. 2008 жылы Пәтер бюросымен жерді алып-сату туралы шартқа тұрғанына, қала әкімінің орынбасары С.М. Хорошунның және Пәтер бюросының бас директоры О.Д. Мальсаговтың жеке қабылдауларына, олардың жазбаша сендірулеріне қарамастан, ақшалай өтемақы осы күнге дейін төленбеген. Ұлттық орталықтың сұратуларына Пәтер бюросы мен Астана қаласы прокуратурасының формальды жауаптары келді.

2009 жылғы қарашада А.М. Шукебаеваның және Алматы қаласы Казречка көшесінің басқа да тұрғындарының Шығыс айналма жолын салуға және көшкін болу мүмкіндігіне байланысты бұзылған құқықтары мүддесіне Алматы әкімі атына аталған азаматтардың заңды құқықтарының бұзылуына әкеп соққан себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс берілді.

Уәкіл мемлекеттік органдармен өтініш берушілердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатымен өзара іс қимыл жасай отырып, бұл ретте өз ұсыныстарының дұрыстығы сөзсіз деп тайынбаудан аулақ, оның сұратуларына мемлекеттік органдардан жауап ретінде келетін объективті, дәлелді, заңдарға негізделген түсіндірулермен әрқашан келісуге дайын (қосымшаны қараңыз).

Азаматтар мен ұйымдардың тұрғын үй құқықтарын, жер туралы заңнаманы, сонда й ақ еңбек құқықтарын, заңдылық пен құқық тәртібін сақтау мәселелерінің басым орын алатынын аталған «Қазақстан Республикасы Президентімен тікелей желі» аясында түскен 44 мың хатқа мазмүнды талдау да көрсетті.

Азаматтардың Мемлекет басшысына жолдаған көптеген сұрақтары мен хаттары қандай да бір салаларда қолайсыздықтың анық бір белгісі болды. Мысалы, мектепке дейінгі және жалпы білім беру мекемелерінің жетіспеуі, халыққа көрсететін кейбір мемлекеттік қызметтердің сапасының төмендігі, кейбір шенеуніктердің құзырлықсыздығының бөлігінде.



Уәкілге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың хаттарының талдауы азаматтар мен ұйымдардың құқықтарының бұзылуы жергілікті атқарушы және өкілді органдарының заңнаманы дұрыс қолданбағандығынан және Конституция мен республиканың қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмейтін заңға тәуелді актілерді шығаруынан жиі туындайды.

«Нормативтіңк құқықтық актілер туралы» Заңға сәйкес орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың азаматтың және адамның құқықтары мен бостандықтарына қатысты аталғанактілері міндетті түрде әділет органдарында тіркеуге жатады, осыған байланысты Бас прокуратура мен Әділет министрлігі ұсынған кейбір статистикалық мәліметтерді келтірген жөн.

2009 жылғы 11 ай ішінде жергілікті атқарушы және өкілді органдары прокурорлардың 2236 наразылықтарын қанағаттандырды (2008 жылдың осы кезеңінде - 1660 ), олар бойынша 5000 астам заңсыз актілер күшін жойған не өзгертілген, олардың ішінде 257 нормативтік құқықтық акті, олардың 50 әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен.

«Прокуратура органдары туралы» Заңның 23-бабының 2- тармағына сәйкес, прокурорлық қадағалау актілерін мойындамауға байланысты соттарға прокурорлардың 60 арыздары түскен, олардың ішінде 33 қанағаттандырылған, бұлар жергілікті атқарушы және өкілді органдарының заңсыз нормативтік актілерді шығаруы мәселелері бойынша енгізілген.

Әділет министрлігі 2009 жылы орталық атқару органдары қабылдаған 592 нормативтік құқықтық актілердің 103ін және жергілікті атқарушы және өкілді органдары шығарған 498 актіні мемлекеттік тіркеуден бас тартқан.

Келтірілген мәліметтер Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактілерге Факультативтік хаттаманы ратификациялауға байланысты да үлкен алаңдаушылық тудырады, оған сәйкес Қазақстан азаматтары БҰҰдың Адам құқықтары жөніндегі комитетке өз құқықтарының бұзылуы туралы тікелей шағым жолдау мүмкіндігіне ие болады.


2.7. Меншік құқығы
Конституциясының 6-бабына сәйкес Қазақстанда мемлекеттік және жеке меншік мойындалады және бірдей қорғалады. ҚР Конституциясының 26-бабында бекітілген «меншікке қолсұқпаушылық» конституциялық қағидасы Қазақстан Республикасының азаматтарының жеке меншігінде кез келген заңды түрде алынған мүлік бола алады. Осы қағидаға сәйкес, мүлік иелеріне мүлікті иелену, пайдалану және өздеріне тиесілі мүлікке билік ету құқықтарын қамтамасыз ету мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Түскен хаттардың сипаты оларды шартты түрде мынадай топтарға бөлуге мүмкіндік береді.



Жылжымайтын мүлікті жариялаумен байланысты хаттар. Есепті кезеңде шағымданушылар өздерінің жылжымайтын мүлікті жариялаумен байланысты көптеген хаттарында сот шешімдерінің орындалмауын көрсеткен.

Шағымданушылар жекелеген хаттарында мүлікті жариялау туралы өздерінде бар шешімдерге сәйкес жылжымайтын мүлікті ресімдеу кезінде туындаған қиындықтар туралы айтқан.

Кейбір хаттарда шағымданушылар мүлікті бөлу бөлігінде сот шешімімен келіспейді, бұл әдетте, некесін тіркемеген азаматтар арасындағы мүліктік қатынастарды құқықтық реттеудің даулы сәттерімен байланысты. Түскен хаттардың мазмүнын талдау соттардың мүліктік қатынастар саласындағы қолданыстағы заңнаманы біркелкі қолданбауын куәландырады.

Некесін тіркеген жұбайлар мүлкінің құқықтық режиміне ҚР Азаматтық кодексінің, «Неке мен отбасы туралы» ҚР Заңының нормаары қолданылады, оларға сәйкес некеде болу кезінде жұбайлардың жинаған мүлкі олардың ортақ меншігі болып табылады. Ондай мүлікке табыстардың барлық түрлері, сол табыстар есебінен алынған жылжитын және жылжымайтын, кімнің атына алғанына не жұбайлардың қайсысы ақша енгізгеніне қарамастан, жұбайлардың некеде болған кезінде алған кез келген мүлік жатады.

Меншік құқығы мүліктік айналымда негізгі заңды алғышартты құрайды. Сондықтан заңнама меншік құқығының «беріктігін» сақтау және қолдау үшін оның қолсұқпаушылығы қағидасына сәйкес тоқтатылуы негізін реттейді.

Өтініш берушілер мүлікті әжбүрлеп алып қою туралы кейбір шағымдарында судьялардың істерді қарау кезінде объективті болмауына, дәлелдемелерді зерттеу және бағалау кезінде оларға жеткілікті назар аудармайтынын көрсетеді.




Уәкіл атына, екі жыл бойы А. мен И. сотталған адамның отбасы тұратын үйді тәркілеуді көздейтін сот шешімімен келіспейтіні туралы шағымданып келеді бұл жағдайды сот ескермеген. Хаттың мазмұнына тоқтасақ, сот орындаушысы атқарушы іс жүргізу барысында жер телімі мен үйге тыйым салған, кейін олар сауда-саттықта сатылған. Ал, ҚР Қылмыстық атқару кодексіне қоса берілгенда түрақты тұрып жатқан болса, ен Сот үкімі бойынша тәркілеуге жатпайтын мүлік тізіліміне сәйкес, тұрғын үй, пәтер немесе оның жеке бөліктері, егер сотталған адам немесе оның отбасы онда тұрақты тұратын болса тәркілеуге жатпайды.

Өткен жылы Уәкіл азаматтардың сот шешімімен келіспейтіні туралы оған түскен хаттардың қорытындысы мен талдауы нәтижесінде ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасына ең жиі кездесетін мәселелер бойынша олардың мазмұндары мен дәлелдемелерін қысқаша сипаттаумен хат жіберген. Хаттарда келтірілетін дәлелдемелерді, атап айтқанда осы хатты тексеру нәтижесінде ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының хатында даулап отырған сот актілерінің заңдылығы мен негізділігі барлық сот инстанцияларымен тексерілмеген, сондықтан осы хаттардың авторлары бұл сот актілеріне заңда көзделген тіртіппен қарсылық жазуға құқылы екені көрсетіліп айтылған. Ол туралы шағымданушыға хабарланған.

Үстіміздегі жылы Уәкілге И. БҰҰдың Адам құқықтары жөніндегі комитетіне арыздану тәртібін түсіндіруді сұрап хат жолдады, себебі ол өзінің бұзылған құқықтарын қорғау үшін сотқа 4 рет жүгінген, бірақ оның арыздары ҚР Азаматтық процессуалдық кодексінің 150, 151- баптарының талаптарына сәйкес келмегендіктен қайтарыла берген.


Азаматтардың жер құқықтарының бұзылуына байланысты хаттары олардың жеке тобын құрайды.Жер заңнамасының нормалары жер ресурстарын қорғауды және ұтымды пайдалануды, осы ресурстарды пайдаланатын азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды көздейді.

Есеп беру жылы Уәкіл атына жер мәселелері бойынша 32 хат түсті, олар бойынша уәкілетті органдарға тиісті сұратулар жіберілген не қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті түсіндірулер берілген.

Сонымен қатар, жер телімдері иелеріне мемлекет қажеттігіне алып қойылған жер теліміне өтемақы төленбеуіне немесе оның көлеміне байланысты шағымдардың түрақты көбею үрдісі сақталып отыр. Бірінші кезекте, республика азаматтарының жылжымайтын мүлкі орналасқан жер телімдерінің құрылысқа тартылуына байланысты осы жағдайдағы әңгіме ең алдымен Астана, Алматы сияқты ірі қалалардың тұрғындары туралы айтылып отыр. Соттардың жер телімін мемлекет қажеттігіне алып қою туралы заңнаманы біркелкі қолдануы мақсатында «Соттардың жер телімін мемлекет қажеттігіне алып қою туралы заңнаманы қолдануындағы кейбір мәселелер туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 8 нормативтік қаулысы қабылданған. Бірақ түскен шағымдардың мазмұндарының талдауы және олар бойынша жүргізілген тексерулер жергілікті атқарушы органдар жер телімдері иелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін көбінесе ескермейтінін көрсетеді.


Азамат П. Астана қаласы әкімдігінің мемлекет қажеттігі үшін П.-ға 3 661 920 мың көлемінде өтемақы төлей отырып, жер телімін мәжбүрлеп алып қою туралы талап арызын қанағаттандыру туралы Астана қаласы Сарыарқа аудандық сот шешімінің орындалмау фактісі бойынша Уәкіл атына хат жолдаған. Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі алқасы аталған шешімді өзгеріссіз қалдырды. Бірақ осы шешім П.-ға өтемақы төлеу бөлігінде орындалмаған.

Уәкіл ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі комитетіне, ҚР Бас прокуратурасына, Астана қаласының әкімдігіне сұратулар жіберді.

Сұрату бойынша жүргізген тексеру Астана әкімдігінің өндіріп алушы ретінде өтініші болмауына байланысты, сот өндіру парағын жазып бермегендігі анықталды. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 236-бабына сәйкес сот шешімі күшіне енгеннен кейін атқару парағы жазылады, ол өндіріп алушыға беріледі не оның жазбаша өтініші бойынша сот аумақтығы бойынша тиісті атқарушы іс органына орындау үшін жібереді. Осыған байланысты Астана әкімдігіне жоғарыда аталған сот актісін орындау жөнінде шара қолдану туралы хат жіберілген. Сонымен бірге шағымданушыға шешім шығарған сотқа сот актісінің көшірмесін Астана қаласының Соттар әкімшілігіне орындау үшін жіберу туралы сұрап, сотқа дербес арыздану құқығы туралы түсіндірілді.

Шағымданушылар мазмұндары ұқсас шағымдарда Астана қаласы әкімдігінің мүддесін білдіретін «Пәтер бюросы» АҚ қызметінің тиімділігіне кұмәнданады. Мемлекеттік органдардың жанында Астана қаласының «Пәтер бюросы» АҚ, сондай ақ Алматы қаласының «Алматы жер» АҚ сияқты ұйымдардың қызмет ету мақсаттылығы туралы Уәкілің ұстанымы Уәкілдің 2008 жылғы қызметі туралы есепте мазмүндалған.

Сонымен қатар, сот шешіміне сәйкес мемлекет қажеттігі үшін алып қойылған жер телімдерінің иелеріне өтемақы төлемеу жөнінде қалыптасып отырған практика міндеті сот шешімдерін міндетті түрде және уақытылы орындау болып табылатын атқарушы іс жүргізу функциясының толық атқарылмауының куәсі. Сот шешімдерінің ұзақ бойы орындалмауы сот орындаушыларының атқарушы құжаттарды қамтамасыз ету жөнінде барлық шараларды тиімді қолданбауын.а, Сот әкімшілігі тарапынан бақылау төмен болуына байланысты.

Шағымдардың келесі санаты жергілікті атқарушы органдардың жер телімдеріне құқықты куәландыратын құжаттарды қарау мерзімдерін сақтамауымен байланысты.




Мәселен, Уәкіл атына жеке кәсіпкер Э. «Павлодар қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ қызметкерлерінің әрекеттеріне шағымданды. Шағымданушының арызына келсек, аталған бөлім қызметкерлері оның жер телімдерінің мақсатты тағайындалуын өзгерту туралы арызын қарау кезінде ҚР Жер кодексінде көзделген мерзімдерді бұзған (өтініш 2007 жылғы 15 мамырда берілген).

Ал, ҚР Жер кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 49-1 бабына сәйкес жер телімінің мақсатты тағайындалуын өзгерту туралы арыз оның түскен сәтінен бастап, отыз күнтізбелік күнге дейінгі мерзімде қаралады.

Осы хатты Уәкіл мекемесі қарау кезінде Кодексте қарастырылмаған құжаттарды талап ету азамат Э.-нің арызын қарау мерзімінің бұзылу себептерінің бірі болды. Жер телімдеріне құқық беру жөніндегі комиссия 2008 жылғы 14 тамызда жер телімдерінің мақсатты тағайындалуын өзгерту мүмкіндігі туралы шешім қабылдаған. Жер телімдерінің құнын есептеу тек 2009 жылғы 14 сәуірде, Үкіметтің кадастрлік құнның жаңа ставкаларын енгізуді көздейтін 2008 жылғы 16 тамыздағы № 956 қаулысы шыққаннан кейін жүргізілген.

Жер телімдерінің кадастрлік (бағалау) құнын анықтау актілері Жер телімдеріне құқық беру жөніндегі комиссия арызды қарау үшін, сондай ақ жергілікті атқарушы органның жер телімін мақсатты тағайындалуын өзгерту немесе өзгертуден бас тарту туралы шешімінің жобасын әзірлеу кезінде міндетті қосымша болып табылады. Тексеру аталған актілер арызды комиссияда қарау үшін ұсынылмағанын анықтады. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органның жер телімдерінің мақсатты тағайындалуын өзгерту туралы шешім Үкіметтің кадастрлік құнның жаңа ставкаларын енгізуді көздейтін жоғарыда аталған қаулысы күшіне енгенге дейін қабылданбаған. Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша аймақаралық жер инспекциялары тексеру нәтижелері бойынша Павлодар қаласы әкімінің атына 2009 жылғы 23 қазанда жер телімдерінің мақсатты тағайындалуын өзгерту мерзімдерін бұзған үшін кінәлі адамдарды тәртіптік жауапқа тарту туралы және келешекте осындай бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шара қолдану туралы нұсқау берді. Павлодар облысының прокуратурасы Павлодар қаласы әкімінің атына заң бұзушылықты жою, сонымен қатар, Э. хаты бойынша ақтық шешім қабылдауды талап етіп, ұсыным жіберді.

Шағымданушылар жекелеген хаттарында жер мәселелері бойынша қылмыстық істерді құқық қорғау органдары сөз бұйдаға айналдыратынына шағымданған.




Мәселен, Уәкіл атына И. мен А. дан өзерінің жер құқықтарын бұзған А. әрекеттеріне қатысты жымдық шағым түсті. Шағымның мазмұнына сүйенсек, азамат Ал. өтініш берушілерді жаңылыстырып, олардың жер үлестеріне меншік құқығын өзіне қайта ресімдеген. Осы факті бойынша Алматы облысы бойынша ЭСЖКД азамат Ал. қатысты 2006 жылғы желтоқсанда қылмыстық іс қозғаған, ол шағымданушылардың айтуынша, екі жыл бойы сарсаңға салынып келе жатыр. Уәкілдің ҚР Бас прокуратурасына сұратуы бойынша 2008 жылғы 26 қарашада Талғар АІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі К. Тұрлыбаев азамат Ал. әрекеттерін ҚР Қылмыстық кодексінің 177- бабының 3-бөлігінің «б» тармағынан ҚР Қылмыстық кодексінің 177- бабының 1-бөлігіне қайта саралау туралы шешім қабылдаған. Сол күні аталған тергеуші ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37- бабының 1-бөлігінің 4-тармағы негізінде, яғни Ал. қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі өтуіне байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдаған. Алматы облысының прокуратурасы 2009 жылғы 17 шілдеде осы шешімдердің күшін жойды және іс материалдарын қосымша тексеруге жіберді. Одан басқа, қылмыстық істі тексеруді облыс прокуратурасы өзінің бақылауына алды.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 167-бабына сәйкес жер құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар сот тәртібімен қаралады. Есепті кезеңде Уәкілдің атына мемлекеттік қажеттілік үшін алынған жер учаскелеріне берілген өтемақының мөлшерімен келіспеу, мүлікті басқаның заңсыз иелігінен талап ету бөлігіндегі жер даулары бойынша сот шешімімен келіспеуге байланысты едәуір шағымдар келіп түсті. Осындай шағымдарды қарау Уәкілдің құзыретіне жатпайтын болғандықтан, олар өндіріске қабылданбады, арыз берушілерге өздерінің құқықтарын қорғау жөніндегі қажетті шаралар көрсетіліп, тиісті түсіндірмелер және құқықтық консультациялар берілді.

Өтініштердің дербес тобын жер учаскелері иелерінің құқық белгілеу құжаттарды уақтылы ресімдемеуіне байланысты жер дауларына қатысты өтініштер құрайды. Келіп түскен өтініштердің мазмұнын талдау халықтың жер учаскелеріне меншік құқығын ресімдеу рәсімі туралы хабардарлығының жоқтығын, жер құқықтық қатынастары саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың түсіндіру қызметінің жеткізіліксіздігін көрсетеді.
Мысалы, Уәкілдің атына шаруа қожалығының төрағасы К. жер учаскесіне меншік құқығын бұзу туралы шағыммен жүгінген. Өтінішті қарау шеңберінде Уәкіл Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне, Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігіне сұратулар жіберлген.

Аталған мемлекеттік органдардың берген жауаптарынан Шығыс Қазақстан облысы Халық депутаттарының Таврический аудандық кеңесінің бұрынғы атқарушы комитетінің шешімімен К-ға өмір бойы мұраға қалдырылатын иелікке бұрынғы «Ярославский» совхозының жер үлесінен «Восход» бау-бақша серіктестігінің жер учаскесімен шекаралас жалпы алаңы 6,0 га жер учаскесі берілгені анықталған.

К-да көрсетілген жер учаскесіне құқық орнату құжаттарының болмауына байланысты «Восход» бау-бақша серіктестігінің заңдастырылған жер учаскелерінің К-ға берілген аумаққа кірігуі орын алған.

Сонымен бірге, 2009 жылғы 6 қазанда К. мемлекеттік органдардың әрекетіне шағымдану және жылжымаймын мүлікті заңдастыру туралы шешімді жарамсыз деп тану жөніндегі талап арызын қанағаттандырусыз қалдыру туралы Өскемен қаласы сотының шешіміне қадағалау шағымын берген.
Жоғарыда мазмұндалған фактілер меншік құқығы сияқты аса нәзік саланы қамтамасыз ету мемлекеттік органдарға ерекше жауапкершілік артатынын көрсетеді.
2.8. Азаматтардың тұрғын үйге және өмір сүру жағдайларын

үздіксіз жақсартуға құқығы
2008 жылғы қызметі туралы есепте Уәкіл иесіз мүлікті мемлекет табысына айналдырып, оны кейін азаматтарға беру мәселесін қараудың мақсатқа сай екендігіне ҚР Индустрия және сауда министрлігінің назарын аударған болатын. Осыған орай, «Жер қатынастары туралы» ҚР Заңына енгізілген түзетулерге сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтығын сақтауға қарамастан иесінің тұрғын үйде тұрмауы құқықтары мен міндеттерін тоқтатпайтындығын және шектемейтіндігін белгілейтін бұрынғы норма алынып тасталғанын атап өткен жөн.

Тастап кеткен тұрғын үйдің иесі жарияланған (қайта оралған) кезде ҚР Азаматтық кодексінің осы тұрғын үйді иесіз ретінде коммуналдық меншікке беріп, сондай-ақ оны иелену мерзіміне байланысты алу нормаларын іс жүзінде қолдануға мүмкіндік берді. Бұдан басқа, меншік иесінің тастап кеткен тұрғын үйге құқығы туралы дауларды соттардың қарауының жинақталған практикасы бар.

Заңнамадағы олқылықты жою және жергілікті атқарушы органдардың оны дұрыс қолдануы тастап кеткен (тастаған) тұрғын үй жөніндегі мәселелерді заңда белгіленген тәртіпте реттеуге мүмкіндік берді, ал коммуналдық меншікті басқару жөніндегі уәкілетті органдар бұны уақытында жүзеге асырмаған.

Есепті кезеңде Уәкілдің атына олардың тұрғын үй құқығын бұзуы туралы 88 азаматтан өтініш келіп түсті, олардың негізгі тобы үлескерлерден келді. Есепті жылы тұрғын үйді кепілге беріп банктен несие алған азаматтардың өтініштері көп болды, оларға қарызды өтеудің ай сайынғы сомасын уақтылы төлемеген жағдайда олардың жылжымайтын мүлкін сауда-саттыққа салу немесе оларға хабарламай тұрғын үйді сату туралы ескертілген. Бұл ретте қарыз алушымен бірге оның отбасының кәмелетке толмаған және қартайған мүшелері бірге шығарылған. Аталған шағымдарда мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар, бір ғана отбасы мүшесі жұмыс істейтін жас отбасылар банктен ипотекалық несие бойынша төлемдердің мерзімін кейінге қалдыруды сұраған. Күтпеген өмір жайларына, ауыр материалдық жағдайына байланысты олар төлеуге қабілетсіз болып қалған. Уәкілдің атына осындай 18 өтініш келіп түскен.

БҰҰ-ның Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары жөніндегі комитетінің №7 жалпы тәртібі ескертулерінің (1997) 16-тармағына сәйкес, тұрғын үйден шығару үйсіз адамдардың немесе басқа құқықтарын бұзу жағынан қорғалмаған адамдардың пайда болуына әкеп соқтырмауға тиіс.

2009 жылғы наурызда өткен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы үшінші комитетінің отырысында «несиелер мен ипотекалық қарыздарды төлеуге байланысты мәселелер, табыс деңгейі төмен отбасыларын қауіпті жағдайға соқтырып, оларлы, тіпті үйсіздерге айналдырды» деп көрсетілген.

Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабы 3-тармағын және 76-бабы 2-тармағын ресми түсiндiру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2000 жылғы 20 желтоқсандағы №21/2 қаулысына сәйкес, Конституцияның жоғарыда көрсетілген нормасы меншік құқығын қорғау кепiлдігін көздейтiн конституциялық ереже болып табылады. Алайда бұл ереже абсолютты болып табылмайды және мүлікті иеліктен шығару кезінде міндетті алдын ала сот шешімін қарастырмайды. Конституциялық Кеңестің осы құқықтық ұстанымы оның 2000 жылғы 16 маусымдағы №6/2 қаулысында көрсетілген, ол қаржы ұйымдарының (банктің, ипотекалық ұйымның) Азаматтық кодексте көзделген борышкер мүлкін соттан тыс сатуға құқығын растайды.

Жоғарыда мазмұндалғандарға байланысты, Уәкіл қолданыстағы заңнамаға соттан тыс тәртібімен сатылуы мүмкін жылжымайтын мүліктің құрамынан тұрғын үйді, ол қарыз алушының жалғыз үйі болғанда, алып тастау бөлігінде түзетулер енгізу қажеттілігін қарау өтінішімен Үкіметке жүгінген.

Бір уақытта өткен жылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ипотекалық несиелердің ставкасын 9-11 пайызға дейін төмендетуге бағытталған ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асырғанын атап өткен жөн. Бағдарлама жұмыс істеген уақыттан бастап іс жүзінде 31304 қарыз алушымен шарттар қайта жасалды немесе олар қайта қаржыландырылды. Оның нәтижесінде қарыз алушылар ай сайын бұрынғыдан төмен сомаларды төлуге мүмкіндік алды.

Үлестік құрылысқа бірнеше шарт жасасқан үлескерлердің оларға бір ғана пәтер беруне келіспеуі туралы шағымдары өтініштердің жеке тобын құрайды.

Халықтың әлеуметтік қорғалатын санаттарын қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі бұрынғыдай өзекті болып қала береді. Өтініштердің елеулі бөлігін кезектің өте баяу жылжыйтындығына шағымданатын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған көп балалы аналардан, зейнеткерлерден, мүгедектерден келіп түсетін өтініштер құрайды. Көрсетілген өтініштер бойынша жергілікті атқарушы органдарға тиісті сұратулар жеберілген.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 74-бабына сәйкес, мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмде белгiленген кезек ретiмен берiледi. Осы тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары бірдей деп танылады.

Сонымен қатар, есепті жылы тұрғын үй даулары бойынша шығарылған сот шешімдеріне жасалған шағымдар саны артты. Осындай 25 шағым Уәкілдің құзыретіне жатпайтындығынан мәні бойынша қаралмады.

Өтініштердің келесі тобын іске асырылған 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй алмағанына, 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй комиссиясының шешімдерімен келіспеуне байланысты азаматтардың шағымдары құрайды.

Сонымен бірге, осы бағыттағы Үкіметтің белсенді жұмысын атап өткен жөн. Қазіргі уақытта әкімдіктер арқылы жалдамалы тұрғын үй берудің мемлекеттік бағдарламалары іске асырылуда, оларды алушылар негізінен халықтың басым топтары болып табылады, сондай-ақ төлеуге қабілеті бар халық санатына арналған Самұрық-Қазына ҰӘҚ арқылы жалдамалы тұрғын үйді сату бағдарламасы жоспарлануда.

«Жилстройсбербанк» АҚ-дан жылдық 4,5 пайызға жеңілдікпен несие беру арқылы «Нұрлы көш» бағдарламасы шеңберінде оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар жүргізіліп отыр. Осы бағдарлама бойынша 2009 жылы Шымкент қаласы, Қызыл жар ауылында, Ақмола облысы Көкшетау қаласында және Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласында 3 пилотты жобаны іске асыру жүргізілді. Онда барлық қажетті инженерлік-коммуникациялық және әлеуметтік инфрақұрылыммен бірге 850 тұрғын үй салынып, 200 пәтер қалпына келтірілуде.

2010 жылы осындай пилотық жобалар Ақмола облысы Қарабұлақ ауылында және Степногорск қаласында, Ақтөбе облысы Көктау ауылында, Өскемен қаласында, Қостанай облысы Заречный кентінде, Солтүстік Қазақстан облысы Пеньково ауылында және Шымкент қаласы «Асар» шыған ауданында іске асырылатын болады.
2.9. Еңбек құқықтары
Танылған әлеуметтік-экономикалық құқықтардың бірі еңбек етуге құқық, ол Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактке сәйкес, әр адамның өз еркiмен таңдап алған немесе өз еркiмен келiскен еңбегімен күнкөрiс жасау мүмкiндiгi құқығын қамтиды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабына сәйкес, әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына, қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегi үшiн нендей бiр кемсiтусiз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалуға құқығы бар.

Республикада халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықты қысқарту жөнінде шаралар қабылданады.

Дүниежүзілік қаржылық-экономикалық дағдарыстың салдарын еңсеру және халықты еңбекпен қамтуға жағдай жасау мақсатында 2009 жылы «Жол картасы» үкіметтік бағдарламасын іске асыру жүргізілді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде 258,5 мың жұмыс орны жасалды, 247,1 мың адам жұмысқа тұрғызылды.

Республика экономикасында 2009 жылдың аяғына қарай 7,9 млн. адам жұмыс істеді. 2008 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда олардың саны 58,6 мың адамға немесе 0,7 пайызға артты.

Жұмыссыздардың саны 539,9 мың адамды құрды, жұмыссыздық деңгейі – 6,4 пайыз болды.

Жаппай жұмыстан босатуды болдырмау және жұмыс орнын сақтап қалу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ірі компаниялармен меморандумдарды жасасу жөніндегі жұмыстарды жалғастырды. Есепті кезеңде 8000-нан астам меморандумға қол қойылды.

Еңбек жағдайын жақсарту, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстар жалғастырылды. Нәтижесінде 2009 жылдың 9 айы ішінде ұйымдарда жәбірленген адамдардың саны 17,5 пайызға төмен болды.

Мемлекеттiк еңбек инспекторлары кәсіпорындар мен ұйымдарға тексерулер жүргізеді. Өткен жылы 17,4 мың кәсіпорында жоспарлы тексерулер өтті, 84 мыңнан астам еңбек заңнамасын бұзу фактілері анықталды, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру үшін шаралар қабылданды.

Қабылданып отырған шараларға қарамастан, іс жүзінде азаматтардың еңбек құқықтарын іске асыруға байланысты мәселелер бар. Мұны Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына келіп түскен шағымдар растайды. Есепті кезеңде осындай 73 өтініш келіп түскен.

ҚР Еңбек кодексінің 22 және 23-баптарына сәйкес, уақтылы және толық көлемде жалақы төлеу қызметкердің негізгі құқығы мен жұмыс берушінің негізгі міндеті болып табылады. Осы ереже еңбек шартын анықтау кезінде де бекітілді, оған сәйкес жұмыс берушінің жалақы бойынша міндеті еңбек шартының мәнін бекітетін жағдайларға жатқызылды.

Алайда іс жүзінде азаматтар жалақыны белгіленген мерзімде және толық көлемде төлеуге құқықтарының бұзылуын жиі кездеседі.

«Алматытелефонстрой» АҚ, Ақмола облысындағы «Жаңа Жер» ЖШС, Батыс Қазақстан облысындағы «Қазақалтын» ММК, «БГК-Ақсай» ЖШС және «Ақсай нан өнімдерінің комбинаты» ЖШС, Алматы қаласының 50-ден астам кәсіпорындары, Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Шымкентавтокомплект» ЖШС, «Автоматика» АҚ-ның қызметкерлері, тау-кең, өндеу өнеркәсібі, құрылыс кәсіпорындарының жұмыскерлері осындай жағдайға душар болған.

Осыған орай, еңбек заңнамасын бұзу фактілерінің алдын алу және жолын кесу, оның ішінде жалақыны негізсіз кешіктіру бөлігінде, прокурорлардың әрекеттері өзекті болды. Осылай, прокуратура органдары жүзеге асырған тексерулер нәтижесінде, 2009 жылдың тек бірінші ғана жартыжылдығында екі жүз мыңға жуық қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді, олардың пайдасына 9 млрд. теңге жалақы өтелді. Тәртіптік жауапкершілікке 363 адам, әкімшілік жауапкершілікке – 727 адам тартылды.

2009 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына жалақыны уақтылы төлемеуге, жалақыдан зейнеткерлік алымдарды уақтылы аудармауға шағыммен 26 өтініш (36 пайыз) келіп түскен.

Уәкілдің араласуының нәтижесінде жекелеген өтініштер бойынша азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.


Мысалы, Д-нің өтінішінде Алматы облысында орналасқан «Алматы қанты» АҚ қызметкерлеріне жалақыны ұзақ мерзім ішінде төлемеу, еңбек жағдайлары зиянды учаскелерде жұмыс істейтін қызметкерлерге қатысты еңбек заңнамасы нормаларын бұзу фактілері көрсетілді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сұратуы бойынша прокуратура органдары мен әлеуметтік қорғау органдары жүргізген тексеру осы бұзушылық фактілерін растады, сондай-ақ жұмыс берушінің кінәсі бойынша болған іркіліс уақыты үшін жалақыны төлемеу фактілері анықталды.

Облыстық прокуратура органдары жиналып қалған берешекті дереу өтеу жөнінде 2 ұйғарым шығарды, оларды қарау бойынша аталған АҚ 2008 жылғы қыркүйектен 2009 жылғы мамырға дейінгі іркіліс үшін 2,5 млн. теңгеден астам орташа жалақыны төледі, 151 қызметкерге 700 мың теңге сомасында еңбектің зиянды жағдайлары үшін қосымша ақша төленді.

4 басшы қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, Алматы облысы Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті директорының атына кәсіпорын директоры Б.Е. Мұқатовқа қатысты әкімшілік іс жүргізуді қозғау туралы мәселе қойып, заңдылықты бұзуды жою жөнінде ұйғарым енгізілді.




Уәкілдің атына Түркия Республикасының азаматы Ч-дан Алматы қаласындағы «Вектстрой - 2» ЖШС-нің оның еңбек құқықтарын жалақыны төлемеу және міндетті зейнетақы жарналарын аудармау бөлігінде бұзу туралы шағым келіп түсті.

Алматы қаласы Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі департамент жүргізген тексеру барысында өтініште көрсетілген фактілер расталып, осы кәсіпорынның басқа да қызметкерлері алдында шамамен 1,3 млрд. теңге сомасында жалақы бойынша берешегі анықталды.

Тексеру нәтижесінде жұмыс беруші барлық қызметкерлер, оның ішінде Ч. алдында да жалақы бойныша берешегін толық көлемде өтеді, ал арыз берушіге сондай-ақ 400 мың теңге көлемінде зейнетақы жарнасы аударылды.

Бұдан басқа, «Вектстрой - 2» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

25 өтініште (34 пайыз) арыз берушілер жұмыстан босатуға келіспейтіндігі, кейбіреулерінде еңбек шартын жасасу кезінде және оны әкімшіліктің бастамасы бойынша бұзу кезінде басшылардың заңсыз әрекеттері көрсетілген. Барлық келіп түскен шағымдар зерделенді, 17 шағым бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетіне, Бас прокуратураға сұратулар жіберілген. Шағымдарды қарау нәтижелері бойынша еңбек заңнамасы нормаларын бұзғаны үшін 2 басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 2-і – қызметтен босатылды.




Мысалы, Ш. өтінішінде Шығыс Қазақстан облысының ауылдық орта мектебінен оны, сондай-ақ басқа да көптеген мұғалімдерді заңсыз жұмыстан шығаруы туралы көрсеткен. Сондай-ақ өтініште мектеп директоры жұмысқа тұрмаған көптеген ауылдастарының болуына қарамастан, жұмысқа көрші ауылдардан мұғалімдерді қабылдайтыны, бюджеттік қаражатты мақсатқа сай емес шығындайтыны көрсетілген.

Уәкілдің сұратуына байланысты осы шағым бойынша Шығыс Қазақстан облысының Білім беру басқармасы мен қаржы органдары тексеру жүргізген.

Көрсетілген тексерулердің нәтижелері бойынша директор қызметінен босатылды.

Өтініш беруші жұмысқа орналастырылды.




Уәкілге Ақмола облысы Степногорск қаласы «Мәжбүрлеп емдеуге арналған облыстық наркологиялық аурухана» МҚКК әкімшілігінің медициналық персоналдың қажет болуына қарамастан, еңбек шартын жасасу кезінде еңбек заңнамасын бұзуы (еңбек шарттары 2-3 айға жасалды) туралы Б-ның өтініші келіп түсті. Бұл кадрлардың жиі ауысуына және ауруларды емдеу процесіне теріс әсер ететін ұжымда қолайсыз жұмыс жағдайының қалыптасуына әкеп соқтырды.

Уәкілдің сұратуы бойынша осы шағымды Денсаулық сақтау министрлігінің комиссиясы тексерді. Тексеру нәтижесінде шағымда көрсетілген фактілер расталды.

Қызметтік міндеттерін тиісті орындамағаны үшін осы медициналық мекеменің бас дәрігері мен бас бухгалтері қызметтерінен босатылды.

Тараптар әрекеттерінің құқықтық бағасын беруге, олардың құқықтық салдарын белгілеуге, сондай-ақ жұмыс берушіге жүктелген міндеттер орындалмаған жағдайда қызметкер алдында жауапты болатын субъектіні анықтауға мүмкіндік беретін еңбек шартын дұрыс жасау еңбек құқықтарын қамтамасыз етуде маңызды мәселе болып табылады. Еңбек шартын жасасу мәселелерін реттеу қызметкер еңбек міндеттерін орындау кезінде оның өміріне немесе денсаулығына келтірілген залалды өтеу, жұмыс істеу үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету және т.б. бөліктерінде жұмыс берушінің қызметкер алдындағы жауапкершілігін белгілеу үшін маңызды практикалық мәнге ие болады.

Сонымен бірге, жекелеген шағымдардың мазмұнынан жеке меншік нысанындағы кәсіпорындарға жұмысқа қабылдау кезінде көбінесе еңбек шарттары ресімделмейтіні немесе оларда заңнамада белгіленген жалақы мөлшері қарастырылмайтыны көрінеді. Ал бұл жұмыс берушінің қызметкерді жұмыстан шығаруы кезінде еңбек заңнамасын бұзуы үшін алғышарттарды жасайды.

Қызметкерлердің қауіпсіз және салауатты жағдайларында еңбек ету құқығы заңмен қорғалады. Елімізде жаңа экономикалық және еңбек қатынастарына сай келетін еңбекті қорғау жүйесін жасау жөнінде жұмыс жүргізіледі. Еңбекті қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы бақылау рөлін нығайту өндірістегі жазатайым оқиғалардың санын азайтуға мүмкіндік берді.

Уәкілдің атына келіп түсетін шағымдар еңбек құқықтарын қорғау деңгейін одан әрі арттыру, еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік кепілдіктерді орындауды қамтамасыз ету, қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзғаны жұмыс берушілердің жеке жауапкершілігін күшейту қажеттілігін растайды.
2.10. Зейнетақымен қамсыздандыруға құқық
Зейнетақы төлемдерінің орта көлемін 25 пайызға көтеру бөлігінде Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында 2009 жылы зейнетақыны есептеу үшін алынатын табысты 25 еселі айлық есептік көрсеткіштен 28 айлық есептік көрсеткішке көтеруді көздейтін «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Заң, сондай-ақ «2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы» Үкімет қаулысы қабылданды.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің деректері бойынша 2009 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі жағдайды біртіндеп тұрақтандыру нәтижесінде жинақтаушы зейнетақы қорлары 36,3 млрд. теңге сомасында табыс алды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша 2010 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша ең төмен зейнетақының (базалық зейнетақы төлемді ескергенде) көлемі 18 325 теңгені құрды.

1952 жылғы 28 маусымдағы «Әлеуметтік қамсыздандырудың ең төмен нормалары туралы» Халықаралық еңбекті ұйымдастыру ұйымының конвенциясына сәйкес, орташа зейнетақының мөлшері бұрынғы жалақысының 40 пайызынан төмен болмауға тиіс (XI-бөлім).

Есепті жылы Уәкілдің атына зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша 29 өтініш келіп түсті, олар бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тиісті сұратулар жіберілген болатын. Зейнетақыны есептеу кезінде экономикалық қызметтің түрін белгілеумен келіспеу, зейнетақы төлемдерін есептеу әдістемесі, оларды көтеру тетігі негізінен шағым мәні болды.

Зейнеткерлік жастағы адамдар үшін олар алып отырған зейнетақы табыстың жалғыз ғана көзі екендігін ескеретін болсақ, шағымдардың негізгі саны зейнетақы төлемдерінің көлемімен келіспеуге қатысты болды (15). Бұл ретте өтініш берушілер өздерінің шағымдарында ТМД елдеріндегі зейнетақы төлемдерінің көлемдерімен салыстыруларды келтіреді. 2 өтініш зейнеткерлік жиналымдарды төлеу мәселелеріне қатысты болды.

Белгіленген ең төмен зейнетақы көлемімен келіспеген 4 өтініш берушінің шағымдары бойынша, министрлік зейнетақы заңнамасымен талап етілетін орташа айлық табыс туралы мәліметтерді зейнеткерлердің бермеуіне байланысты, оларға зейнетақы ең төмен көлемде белгіленгені туралы хабарлады.

Одан басқа, Уәкілдің атына Қазақстаннан ТМД елдеріне көшіп кеткен зейнеткерлерден оларға есептелген зейнетақы төлемінің көлемімен келіспеуі туралы 3 өтініш келіп түскен.

1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құқықтарына кепілдіктер туралы келісімге сәйкес, зейнеткер Келісімге қатысушы мемлекеттер шегінде көшкен болса, оның бұрынғы тұрған орны бойынша зейнетақы төлемдері тоқтатылып, зейнетақы мөлшері тұратын елдің заңнамасына сәйкес қайта қаралады.

2003 және 2008 жылғы зейнетақыны көтеру мәселелері азаматтардың, сондай-ақ 2008 жылы құрылған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қоғамдық кеңесінің құрамына кіретін Қазақстан Республикасы Зейнеткерлерді әлеуметтік және құқықтық қорғау қозғалысы қауымдастығының төрайымы И.А.Савостинаның өтініштерінде аса жиі көтеріледі.

Аталған мәселелер бойынша министрлік 2003 жылғы маусымда өткізілген зейнетақы төлемдерінің мөлшерін көтеру әдістемесі зейнеткердің орташа айлық табысын ол зейнетке шыққанға дейін еңбек еткен саладағы орташа айлық жалақымен салыстыру қағидатына негізделгені туралы хабарлаған.

Салалық қағидатты қолдану бұрынғы жылдардағы салалық орташа жалақынының өзгеруінің зейнетақы мөлшеріне әсерін ескеріп, зейнетақыны есептеу үшін қабылданған зейнеткерлер табысының үлестік салмағын зейнетақыны қайта қараудың алдындағы базалық жыл – 2002 жылы саладағы орташа жалақы деңгейінде белгілеуге мүмкіндік берді.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың экономикалық қызметінің түрін белгілеу кезінде, әлеуметтік қорғау органдары халық шаруашылығы салаларының жалпы жіктегішін басшылыққа алған.

Зейнетақыны 2008 жылдың қаңтарынан бастап көтеру кезінде әлемдік тәжірибеде зейнетақыны көтеру зейнетақы мөлшерін тұтыну бағаларының индексінің деңгейіне индекстеу арқылы немесе жалақыны қазіргі заманғы деңгейге келтіру негізінде жүргізілетін болғандықтан, республика бойынша 2007 жылғы емес, 2002 жылғы орташа жалақы негізге алынды.

Осыған орай, бірінші кезеңде, яғни 2003 жылы зейнетақы 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққан адамдарға зейнетақы бұрын есептелген орташа жалақыны оны 2002 жылы қалыптасқан еңбек ақысын төлеу деңгейіне сәйкес келтіру негізінде қайта есептеу арқылы көтерілген.

Бұл ретте зейнетақыны есептеуге арналған шекті табыс өзгерген жоқ және 15 АЕК-ке тең болды.

Екінші кезеңде 2008 жылы келесі қадам жасалды – зейнетақы есептелетін табыстың жоғары шегі 25 АЕК-ке көтерілді.

Уәкілдің 2008 жылғы қызметі туралы есепте Байқоңыр қаласы зейнеткерлерін зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері көрсетілген болатын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған есепке «Байқоңыр» кешенінде тұрып жатқан және/немесе жұмыс істеп жүрген Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы азаматтарының әлеуметтік кепілдіктері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында жасалған келісімді тараптардың әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі міндеттерін бекіту бөлігінде қайта қарау жөнінде жұмыс жүргізіп отырғаны туралы хабарлады.

Келіп түскен өтініштерді талдау сондай-ақ әйел адамдардың зейнетке шығу жасын төмендету, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін көбейту, Ресейдегідей №2 тізім бойынша адамдарды зейнетке мерзімнен бұрын шығару, жинақталған зейнетақы қаражатын, инвестициялық табысты сақтау мәселелерінің өзектігін көрсетеді.

Зиянды (аса зиянды) немесе қауіпті еңбек жағдайларымен байланысты жұмыспен айналысатын қызметкерлер үшін зейнетке шығу жасын төмендету мәселесін бір қатар жылдар бойы тау-кең металлургиясы мен көмір өнеркәсібі кәсіпорындары жұмыскерлерінің кәсіподақтары көтеріп отыр.

Олар жүргізген зерттеулерге сәйкес, 50 жастан жоғары шахтерлар мен металлургтер зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсеріне, жұмыстың ауырлығы мен қауырттылығына байланысты түрлі ауруларға шалдыққан. Шахтерлардың өмір жасының орташа ұзақтығы Қарағанды облысының ер адамдарының осындай көрсеткішінен 5-7 жылға төмен.

Осыған орай, Уәкіл Үкіметтің атына қолданылып жүрген зейнеткерлік жүйені жоғарыда аталған саланың қызметкерлері үшін зейнетке шығу жасын төмендету бөлігінде қайта қарау мүмкіндігі туралы өтініш жіберген болатын.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығының қарсанында қазіргі уақытта Парламенттің қарауындағы ардагерлер туралы заңды қабылдау ерекше өзекті болып отыр. Мұндай заң ТМД-ның бірқатар елдерінде қабылданған (Ресейде – 1999 жылы қабылданды). Бұл заңда Ұлы Отан соғысы, Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің, Чернобыльдегі апатты жоюшылардың, түрлі локалды қақтығыстарға қатысушылардың және Семей ядролық полигонында қызмет еткендердің бірыңғай мәртебесі белгіленуге тиіс.
2.11. Денсаулықты қорғауға құқық
Есепті жылы азаматтардың денсаулығын қорғау саласында маңызды оқиға болды – «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Қазақстан Республикасының кодексі қабылданды.

Осы құжатқа сәйкес, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі қолданылады, оның негізгі міндеттері медициналық қызметтер саласындағы бәсекелестік ортаны қалыптастыру, халықтың дәрігер мен емдеу мекемесін еркін таңдауды қамтамасыз ету, денсаулық сақтау жүйесін соңғы нәтижеге қол жеткізуге бағыттау болып табылады.

2009 жылы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – ДСМ) едәуір, оның ішінде медициналық қызметкерлер нақты оқиғалар бойынша жіберген ұйымдастырушылық, емдеу-диагностикалық сипаттағы кемшіліктерді жою жөніндегі жұмыстарды атқарғанын атап өткен жөн.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тірі және өлі туу өлшемдеріне Қазақстан Республикасының ауысуы жөнінде белсенді дайындық жұмысы жүргізілуде. Семей қаласының перзентханасындағы кувездерге қатысты Уәкілдің ұсынымы бойынша ДСМ перинаталды орталық үшін 58 млн. теңге көлемінде, қалалық клиникалық №2 перзентхана үшін 2-10 млн. теңге, №3 перзентхана үшін 8,4 млн. теңге сомасына медициналық жабдық алынғаны туралы хабарлады.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2005 жылдан бастап республикалық бюджеттен медициналық ұйымдарды, оның ішінде республиканың босандыру және балалар ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтауды жақсартуға ағымдағы трансферттер бөлінеді.

Аналық және нәрестелік өлімнің әрбір оқиғасы денсаулық сақтау органдарының профилактикалық кеңестерінің отырыстарында қаралады.

Бұрын ДСМ-де облыстардағы денсаулық сақтау департаменттерінің шешім қабылдауына әсер етуінің болмауынан ДСМ мен жергілікті атқарушы органдар арасында келісімдер жасасу жүйесі енгізілді. Одан басқа, денсаулық сақтаудың облыстық құрылымдарының қызметін үйлестіру мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Қазақстан Республикасының кодексінде денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларын тағайындау тәртібі, денсаулық сақтаудың ведомстволық бағынышты ұйымдарының, оның ішінде медициналық және фармацевтикалық білім беру мен ғылым және т.б. ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асыру тәртібі оңтайландырылды.

Былтырғы жылы Уәкілдің атына денсаулыққа конституциялық құқығын бұзу жөнінде азаматтардан 27 өтініш, оның ішінде 3 өтініш үкіметтік емес ұйымдардан келіп түсті.

Шағымдардың жалпы санында сапасыз медициналық қызмет көрсету немесе медициналық қызмет көрсетпеу оқиғалары (15) басым, олардың 11 алдын ала қамау және бас бостандығынан айыру орындарынан келіп түскен өтініштер.

Сондай-ақ медициналық қызметкерлердің мүгедектікке әкеп соқтырған әрекеттеріне, МӘСК-тің мүгедектік тобын белгілеуден бас тартуына шағымдар баршылық, сондай-ақ тексеруді өтуге, диагноз белгілеуге көмектесу, дәрілік құралдардың бағаларына наразылық білдіру мәселелері де кездеседі.

Бас бостандығынан айыру жағдайында медициналық көмек алуға құқықты тиісті деңгейде қамтамасыз етуге байланысты мәселелер ерекше назар аударуды талап етеді. Пенитенциарлық жүйе мекемелерінде бұл жағдай ойдағыдай емес.
Есепті жылы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде медициналық көмек көрсету мәселесі бойынша Уәкіл Қазақстан Республикасы Әділет министрінің атына сотталғандарға көрсетілетін медициналық көмек сапасын арттыру жөнінде арнайы бағдарламаны әзірлеу және енгізу мәселесін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп қарау туралы ұсынымы жіберілген. Онда ауруларды анықтау, диагностикалау және емдеу тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында медициналық бөлімдерді білікті кадрлармен толтыруды және материалдық-техникалық жабдығын нығайтуды қарастыру ұсынылған.

Ұсынымда бас бостандығынан айыру орындарында көрсетілетін медициналық көмектің сапасына күмән келтіруге негіздеме ретінде сотталғандарға қатысты болған үш оқиға келтірілген.

Мысалы, Атырау облысында сотталғандардың біреуіне ауруының дұрыс диагнозы Уәкілдің өтінішінен кейін және наразылық белгісі ретінде колонияда 7 жыл болғаннан кейін сотталғанның өзінің денесіне зиян келтіру актісіне ҚР ӘдМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ден қоюынан кейін ғана қойылды.

Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы басқа екі сотталғанға мүгедектікті белгілеу және жеке гигиенаның арнайы заттарын беру үшін жергілікті МӘСК-ке жолдама беруден бас тартылған. Қажетті көмек олардың аналары Уәкілге жүгінгеннен кейін ғана көрсетілді.
Жоғарыда көрсетілгенге байланысты халықаралық нормалар, атап айтқанда Қамаудағыларға қараудың мейлінше төмен стандартты ережелері сотталғандарға медициналық көмек көрсету кезінде дәрігердің тәуелсіз жағдайда болуына ерекше рөл береді. Бұл мәселе 2009 жылғы мамырда Қазақстанға инспекторлық сапармен келген БҰҰ-ның Азаптау мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы М. Новак қозғаған болатын.

Дәрілік препараттарға қол жеткізу мен олардың бағасының қолайлылығы мәселесін Алматы қаласындағы С гепатитімен ауратындардың жағдайы суреттеп көрсетеді. Олар тегін препараттармен стационарлық емдеу кезінде ғана қамтамасыз етіледі, ал ауруханадан шығарылғаннан кейін препараттардың қымбаттылығына байланысты олар вирусқа қарсы терапиямен қамтамасыз етілмейді.

ДСМ-нің ақпаратына сәйкес, 2009 жылдың 8 айында 2008 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда бір қатар аурулармен ауыру деңгейі төмендеген, оның ішінде асқынған вирустік гепатитпен ауыру 35,7 пайызға қысқарған, алайда, гепатитпен ауыратын адамдарды вирусқа қарсы терапиямен қамтамасыз ету мәселесі сақталып отыр.

Қазақстан азаматтарын дәрілік препараттармен қамтамасыз ету мәселесі Президенттің ел халқымен теледидар арқылы дидарласуы кезінде көтерілді, Мемлекет Басшысы бұл мәселені ең өзекті мәселелердің бірі ретінде анықтады. Жыл сайын Қазақстан дәрілік препараттардың ішкі тұтынуының жалпы көлемінің 90 пайыздан астамын сырттан әкеледі. Мемлекет Басшысының пікірі бойынша, Қазақстанда дәрілік препараттарды сатып алудың бір ортақ орталығын құру дәрі-дәрмектердің бағасын да төмендетеді, алыпсатарлықты да жояды, сондай-ақ олардың сапасын бақылауды қамтамасыз етеді. Президент 2014 жылға қарай препараттардың 50 пайызын отандық өндірісте шығару міндетін қойды, бұл үшін Астана және Шымкент қалаларында екі фармацевтикалық зауыт салу мәселесі шешілуде.

Қазақстандық медицинаның ерекше назары халыққа паллиативтік көмек көрсетуге аударылып отыр. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымы 2002 жылы берген анықтамасы бойынша, паллиативтік көмек – бұл өлімге соқтыратын ауру мәселесімен кезіккен пациенттердің және олардың отбасы мүшелерінің өмір тіршілігі сапасын туындаған мәселелерді ерте айқындап және дәл бағалап, тиісті емдеу жүргізіп, сондай-ақ психологиялық-әлеуметтік және моральдық қолдау көрсетіп, азаптарын болдырмау немесе оларды жеңілдету арқылы жақсартуға арналған шаралар жүйесі.

Қазақстандағы паллиативтік көмек «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Қазақстан Республикасы кодексінің 53-бабына сәйкес, дәрігердің басшылығымен мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерде, дербес медициналық ұйымдарда (хоспистерде) немесе стационар түрінде үйде емделетін ауруларға аурудың терминалды (соңғы) сатысында көрсетіледі.

XXI ғасырдың басы халықтың ғаламдық қартаюымен, онкологиялық аурулардың өсуімен, асқынған прогрессивті аурулары бар аурулар санының өсуімен ерекшеленеді, бұл аса ауыр азап шегетін және тиісті кешенді медициналық-әлеуметтік көмекті қажетсінетін инкурабельді аурулардың үлкен тобының пайда болуына әкеп соқтырады. Бүгінгі күні жыл сайын дүние жүзінде 55 миллион адам қайтыс қолады, 10 миллион адам рак аурумен ауырады (2000 ж.). 2020 жылы ауырғандардың саны 15 миллионға, ал 2050 жылы – 24 миллионға жетеді деп болжанады. (қайнар көзі: www.pallcare.ru).

«Сорос-Қазақстан» қорының қаржылай қолдауымен «Кредо» ҚБ өткізген Қазақстанда паллиативтік көмек көрсету мәселелерін зерттеу бойынша осы салада паллиативтік көмек желісі мен қызметтерін құру үшін институционалдық және адами ресурстардың жетіспеуі, медициналық және әлеуметтік қызметкерлерді дайындау және олардың біліктілігін арттыру жүйесінің болмауы, сондай-ақ жұртшылықтың осы мәселе туралы жеткіліксіз ақпараттануы байқалады, ал бұл өз кезегінде мемлекеттік емес ұйымдар мен қайырымгерлердің осы қызметтегі аса төмен белсенділігін түсіндіреді.

Жалпы алғанда, мемлекеттің денсаулық сақтау саласындағы елеулі жұмысын атап өткен жөн. Ол жұмыс жаңа құқықтық база негізінде жалғасын табуға тиіс.
2.12. Мүгедектігі және психикасының бұзылуы бар

адамдардың құқықтары
2008 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан БҰҰ-ның Мүгедектер құқықтары туралы конвенциясының Факультативтік хаттамасына қосылды, бұл мүгедектер құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды қабылдауға және олардың құқықтарын аса тиімді іске асыру үшін құқықтық негізді жасауға дайындығын растайтын әрекет болды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 6 қарашадағы өкімімен Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір тіршілігі сапасын жақсарту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға әрекеттердің ұлттық жоспарын әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ үкіметтік емес және халықаралық үйымдардың өкілдері кірді.

2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданылады, ол қиын өмірлік жағдайдағы адамдарға (отбасыларына) арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ арнайы әлеуметтік қызметтер нарығын бәсекелес ортаны құруға және қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік беретін үкіметтік емес ұйымдарды қатыстыру есебінен кеңейтуді көздейді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 466 мыңнан астам мүгедектер бар, бұл республика халқының жалпы санының 3 пайызын құрайды, олардың төртен үш бөлігі (75,4 пайыз) еңбекке қабілетті жастағы адамдар, ал 17,5 пайызы – балалар.

Ересек халық арасындағы аурулардың нозологиялық нысандары бойынша бастапқы мүгедек серпіні оның себептері қан айналымы (24 пайыз), қатерлі ісіткер (17 пайыз), барлық локализациялау жарақаттары (14 пайыз), туберкулез (8 пайыз) аурулары екендігін көрсетеді.

Балалар мүгедектігі құрылымында – деформация дамуының табиғи ақауы және хромосомдық бұзылулар (33 пайыз), жүйке жүйесінің аурулары (25 пайыз), психикалық бұзылулар (12пайыз).

Есепті кезеңде Уәкілдің атына мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде 17 өтініш келіп түсті, олардың басым көпшілігі кәсіпорындарда еңбек жарақаты нәтижесінде мүгедек болған адамдардан болды. Олар зиянды өтеу сомаларын төлеуге, жұмыс берушінің санаторлық-курорттық емдеу беруіне қатысты болды. Аталған өтініштер бойныша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау министрліктеріне, облыс әкімдіктеріне тиісті сұратулар жолданған.
Осылай, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына Ресей Федерациясындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл В.П. Лукин кейін таратылған «Казтяжстрой» АСП-нің «Стройкомплект» МГП-да жұмыс істеген кезде жарақат алған К-нің мүддесін білдіріп жүгінген. Зиянды ай сайын ақшалай төлемдер түрінде өтеу жөніндегі міндет Әлеуметтік қорғаудың Атырау басқармасының Әлеуметтік сақтандыру қорына жүктелген болатын, алайда, ол бүгінгі күнге дейін орындалмаған.

Аталған қордың таратылуына байланысты, Атырау облыстық сотының ұйғарымы бойынша соманы өтеп алушыға төлем жөніндегі міндет Зейнетақыны төлеудің мемлекеттік орталығына жүктелді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының қаулысымен борышкерді ауыстыру туралы жоғарыда көрсетілген сот ұйғарымының күші жойылды, арыз беруші денсаулығының ауыр жағдайына байланысты осы қаулыға шағым бермегендіктен, атқарушылық іс жүргізу тоқтатылды.

Уәкілдің арасауынан кейін осы өтінішті қарау шеңберінде Астана қаласы прокуратурасының наразылығы бойынша атқарушылық іс жүргізу қайта қозғалып, арыз беруші өзінің өтінішінде сұрағандай, борышкерді Зейнетақыны төлеудің мемлекеттік орталығына ауыстыру туралы ұсыным сотқа жолданған.
Уәкілдің атына келіп түскен өтініштердің елеулі тобы мүгедектік топтарын белгілеу кезіндегі медициналық-әлеуметтік сараптама комиссияларының қызметіне байланысты болды. Уәкілдің 2008 жылғы қызметі туралы есепте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау министрліктеріне медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) комиссияларының мүгедектік топтарын белгілеу кезінде шешім қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету мәселесін қарау туралы ұсыным жасалған болатын.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі қаулысымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптаманы өткізу ережесіне сәйкес, МӘС ұсынылған құжаттарды, куәландырылатын адамды қарау арқылы аумақтық бөлімше басшысының және кемінде екі бас маманның қатысуымен алқалық түрде жүргізілетінін хабарлады. МӘС-ті жүргізу кезінде консультанттар (педиатр, психолог, заңгер және басқа да мамандар) тартылуы мүмкін, олардың қызметтері әкімшілік шығындарға көзделген қаражат есебінен төленеді.

Бұл ретте аумақтық бөлімшенің сараптамалық қорытындысына азамат немесе оның заңды өкілі сотта шағымдана алады.

Бұрынғыдай, мүгедектерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, медициналық-әлеуметтік мекемелеріне жіберу, мүгедектер үшін жұмыс орындарын жасау мәселелері өзекті болып қала береді.

Мемлекет мүгедектерді оңалту, оларды қоғамға жан-жақты кіріктіру жүйесін жетілдіру жөніндегі шараларды қабылдайды. Алайда, мүгедектердің өздерінің құқықтарын іске асыруда тежеуші факторлар бар. Тиісті жағдайлардың, құрылғылардың – пандустардың, кіру жолдарының, кең лифттердің, дыбыстық бағдарлау дабылдарының, соқырларға арналған бағдарлы жолдардың болмауына байланысты мүгедектер қоғамдық ғимараттарға қол жеткізе алмайды, ал бұл оларға белсенді, тәуелсіз және абыройлы өмір тіршілігін жүргізуге мүмкіндік бермейді. Мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуіне байланысты көрсетілген мәселелерді Уәкіл өзінің қызметі туралы жыл сайынғы есептерде, «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтары мен мүмкіндіктері» атты баяндамасында көтерген.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша жергілікті атқарушы органдар елді мекендерді жобалау, салу және құрылыс салу, тұрғын үй аудандарын құру, жаңадан игерілетін және қайта ұйымдастырылатын аумақтарды және басқа да елді мекендерді абаттандыру кезінде мемлекеттік стандарттарға сәйкес, мүгедектерге тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, имараттарға және үй-жайларға қол жеткізуін қамтамасыз етуге тиіс.

Мүгедектерді кешенді оңалтудың маңызды элементтерінің бірі оларды кәсіптік оңалту болып табылады, оны ойдағыдай жүргізу олардың өмірінің деңгейін арттыруға, отбасын қамтамасыз етуге, ықтимал экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қоғам өміріне қатысуға мүгедектерге тең мүмкіндіктер жасау мақсатында заңнамаға сәйкес, жергілікті атқарушы органдар мүгедектерге арналған жұмыс орын квотасын жұмыс орындардың жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде белгілеу арқылы мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді

Алайда осы міндетті іске асыру көп жағдайда жекелеген жұмыс берушілердің жұмысқа мүмкіндігі шектеулі еңбекке қабілетті адамдарды жұмысқа алудан қашқақтауына байланысты қиын болады.

Мүгедектерді жұмысқа орналастырудың ең кең тараған түрі оларды мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің мамандандырылған кәсіпорындарына қабылдау болып табылады. Сонымен қатар, осындай кәсіпорындар қызметі мәселелерінің бірі қаржы қаражатының жетпеуі, өндірістік өнімді сатудың болмауы болып табылады, ал бұл олардың еңбек нарығындағы бәсекелестігінің төмен болуына әкеп соқтырады.

2009 жылғы 9 желтоқсанда Уәкіл мекемесінің қызметкерлері «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ-нің Талғар оқу-өндірістік кәсіпорнына мониторингтік сапар жасады. Оның қорытындылары бойынша жүйелік құқық бұзушылықтар анықталды.

Нарықтық қатынастар жағдайында кәдімгі өндіріске теңестірілген осы мамандандырылған кәсіпорын іс жүзінде банкрот болып табылады. Үлкен кредиторлық берешек жиналған, өнім сатылмайды, ал оның барлығысы жалақыны төлеуді кідіртуге және толық көлемде төлемеуге әкеп соқтырады, еңбек заңнамасының нормалары бұзылады.

Жұмыс көлемінің азаюына байланысты кәсіпорында көз аурулары бойынша 72 мүгедек жұмыс істейді, олар Талғар ауданында тұратын барлық көзі көрмейтін адамдардың төрттен бір бөлігін ғана құрайды.

Кәсіпорынның барлық инфрақұрылымы құлдыраған. Жеке тұлғаға қазандық орналасқан жер учаскесін қонақ үйін салу үшін сату нәтижесінде, мүгедектердің әкімшілік, өндірістік және тұрғын ғимараты іс жүзінде жылу жүйесіз қалды.

Осыған орай, Уәкіл Бас прокуратураға жоғарыда көрсетілген мекемедегі бұзушылықтарға тиісті ден қою туралы өтінішпен хат жолдаған.

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша әрбір мүгедекке оңалту әлеуетіне сәйкес жеке оңалту бағдарламасы (бұдан әрі – ЖОБ) әзірленеді, онда оңалту шараларының кешені әзірленеді. ЖОБ бойынша мүгедектер протездік-ортопедтік көмекпен, қосалқы (компенсаторлық) құралдармен, қозғалудың арнайы құралдарымен және оңалтудың басқа да құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Мүгедектерді аталған оңалту құралдарымен қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес, жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

Алайда, берілетін құралдар сапасы әрдайым тиісті талаптарға сәйкес бола бермейді. Мысалы, 2009 жылдың қазан айында павлодарлық мүгедектер мемлекеттік сатып алу шеңберінде сатып алынған арбалардың сапасына наразылық білдіріп, оларды Павлодар облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қайтарып берді. Мүгедектер сатып алынған арбалар лифттер мен дәретханаларға кірмейтінін, шынтақшаларының болмауын, арқалары мен отырғыштарының қатты болуын, дөңгелектерінің толық резіңке болуына байланысты топырақта жүрмейтінін айтып, сапасына шағымданды.

Есепті жылы Уәкілдің атына психикасының бұзылуы (ауруы) бар адамдардың мүддесін қорғауға қатысты 5 өтініш келіп түсті, онда олардың психиатриялық мекемелерді ұсталуының негізділігі, оларға қолданылатын емнің қажеттілігі дауланды және сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысымен келіспеу болды.

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1991 жылғы 17 желтоқсанда қабылдаған Психикасы ауру адамдарды қорғау және психиатриялық көмекті жақсарту қағидаттары психикалық аурумен ауыратын немесе сондай деп есептелетін барлық адамдардың адамдық жеке басынан ажырамайтын қадір-қасиетіне ізгі және құрметпен қарау қатынасқа құқықтарын белгілейді.

Адам үшін оның бостандыққа және жеке басына қол сұқпаушылыққа конституциялық құқығының маңызды болуына байланысты қоғамдық қауіпті әрекет жасаған психикасының бұзылуымен ауыратын адамдарға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары соттың шешімі бойынша қолданылады.
Уәкілдің атына сотталушы К-нің мүддесін қорғап адвокат А.Л. Морозова Қостанай облыстық психиатриялық ауруханасының сот-психиатриялық сараптама қорытындысымен келіспеу және сараптаманы жүргізу кезінде процессуалдық нормалардың бұзылуы туралы өтінішпен жүгінген.

Уәкілдің Денсаулық сақтау министрлігіне жіберген сұратуына Дәрілік және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті психиатрия саласындағы білікті маманды тартып тексеру жүргізуді белгілеген.

Осы тексерудің нәтижелері бойынша, К-нің психикалық жағдайын бағалауда орын алған айырмашылықтың болуына байланысты Комитет Департаментінің комиссиясы стационар жағдайында қайта сот-психиатриялық сараптаманы жүргізуді ұсынды.
Жалпы алғанда, психикасының бұзылуы бар адамдардың құқықтарын қорғау жүйесі психиатриялық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту, мемлекеттік органдар тарапынан бақылауды күшейту арқылы жетілдіруді талап ететінін мойындаған жөн.
2.13. Балалардың құқықтары
Уәкілдің атына есепті жылы балалар құқықтарын бұзуға шағымданып 24 өтініш жасалған. Оларда мынадай мәселелер көтерілген: алимент төлеу, баланы беру жөніндегі сот шешімдерінің орындалмауы; құқық қорғау органдары, білім беру жүйесі мекемелері, жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің әрекетсіздігі; жетім балалардың тұрғын үй мәселесі; тергеу изоляторында ұстау жағдайлары; кәмелеттік жасқа толмаған баланы қайтаруға көмектесу; тұтыну несиесін банктің кейінгі қалдыруы және асырап алынған балаларды әлеуметтік қорғау. Барлық өтініштер ата-аналар мен мүдделі тұлғалардан келіп түскен.

Алимент төлеу жөніндегі сот шешімдерінің орындалмауының себептері борышкерге тіркелген қандай да бір жылжымалы немесе жылжымайтын мүліктің болмауы және борышкерлердің тұратын жерін анықтаудың мүмкін болмауы. Осыған байланысты сот орындаушылары бір қатар борышкерлерге ішкі істер органдары арқылы іздеу салған.

Алименттерді төлемеу мәселесін шешуде мемлекет тарапынан принципиалды көзқарас талап етіледі және осы орайда баланы асырауға белгіленген алименттерді төлеуден жасырынатын адамдардың қылмыстық жауапкершілігін күшейту мақсатқа сай болып табылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің деректері бойынша Қазақстанда шамамен 5 млн. бала тұрады, олардың шамамен 2 млн. – мектепке дейінгі жастағы балалар, 2,5 млн-нан астамы – мектеп оқушылары, 500-ден астамы – оқушы жастар.

Қазіргі уақытта мектепке дейінгі мекемелерде балаларға орынның жетіспеуі күрделі мәселе болып отыр, ол ерте жастағы балалардың мектепке дейінгі білімге қол жеткізуін қиындатады. Бүгінгі күні бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды оқу мен тәрбиелеудің ұйымдастырылған нысандарымен жалпы қамту 36,5 пайызды құрайды және бұл көрсеткіш әлемдік статистикамен салыстырғанда көп артта қалады.

Мысалы, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің деректері бойынша республикада 2010 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша 4972 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді, оларда 373 100 бала тәрбие алады, бұл мектепке дейінгі балалардың 38,7 пайызын қамтиды. Мектеп алды дайындығымен 5-6 жасар балалардың 83 пайызы қамтылған.

Сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі балаларды, атап айтқанда олардың сапалы білім, медициналық қызмет алуға құқықтарын қамтамасыз етуге ерекше назар бөлген жөн.

Қазіргі уақытта ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің деректері бойынша республикада дамуында мүмкіндіктері шектеулі 148 мыңнан астам балалар, девианттық мінезді 20 мыңнан астам балалар анықталған. Толық мемлекеттік қамтамасыз етуде 16 мыңнан астам жетім балалар мен ана-анасының қамқорынсыз қалған балалар бар.

Бүгінгі күні мүмкіндіктері шектеулі 11 мың бала өздерінің құрдастарымен бірге жалпы білім беретін мектептерде оқып жатыр. 395 бала бақшада шамамен 3000 бала, ал 769 жалпы білім беретін мектептерде шамамен 7000 была білім алуда.

Осыған орай, Қазақстанда мүмкіндіктері шектеулі адамдардың біріккен білім алуға және оқуға құқықтары танылып, заңда белгіленгенін атап өткен жөн. Бұл Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенциясын орындау туралы екінші және үшінші мерзімдік баяндамаларға БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетінің қорытынды ұсынымдарына сәйкес, білім берудің инклюзивтік жүйесін құру үшін берік негіз қаланғаны туралы айтуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, «Оқшауланудан теңдікке: Қазақстанда мүгедектер құқықтарын іске асыру» атты 2009 жылдағы адами даму туралы ұлттық есеп бойынша іс жүзінде мүгедек балаларды сау балалармен бірге оқыту үшін негізді іріктеу жүргізілмей, үйлестіріп түзету қолдауын көрсету үшін тиісті жағдайлар жасалмай кездейсоқ біріктіру тенденциясы байқалады.

Жалпы білім беретін мектептердің психологтары мен мүғалімдерінің жоғары оқу орындарындағы дайындығы арнайы психология мен арнайы педагогика саласындағы білімдерді алуды қарастырмағандықтан, олардың мүмкіндіктері шектеулі балаларға білікті көмек көрсету қабілетінің болмауы жоғарыда мазмұндалғандардың себептерінің бірі болып табылады.

Арнайы білім беру жүйесінің негізгі факторы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) болып табылады, ол баланың оқу, медициналық және әлеуметтік қызметтерді алуға құқығын белгілейді, олардың арнайы оқу жағдайларын қажет етуін (бір ПМПК 60 мың балалар халқына ашылады) белгілейді.

2008 жылдың желтоқсан айында «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау маңызды болып табылады. Ол қиын өмірлік жағдайдағы адамдар үшін арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы, туындаған әлеуметтік мәселелерді еңсеру және оларға қоғам өміріне қатысудың басқа адамдармен тең мүмкіндіктерін жасауға бағытталған жағдайлардағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша республикада мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелейтін отбасыларына үйде әлеуметтік көмек көрсетудің 127 бөлімшесі жұмыс істейді, олар 17,4 мыңнан астам балаға қызмет көрсетеді.

Қиын өмірлік жағдайдағы балаларға әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу көрсету мақсатында білім беру ұйымдарында 2624 әлеуметтік педагог, 6977 психолог, 1453 мектептегі полиция инспекторлары жұмыс істейді.

Сонымен бірге, бір қатар үкіметтік емес ұйымдардың пікірі бойынша, қиын өмірлік жағдайдағы отбасылары мен балаларға қызмет көрсетудің осы саласын мемлекеттік монополизациялауға байланысты және Қазақстанда әлеуметтік жұмыс тұратын жері бойынша әлеуметтік қамтамасыз ету, педагогикалық жұмыс, халықтың мұқтаж топтарына медициналық-оңалту жұмысы және нысаналы әлеуметтік көмек беру, жәрдемақыларды төлеу шеңберінде ғана жүргізілетіндіктен, әлеуметтік қызметтерді көрсетудің қолданылып жүрген жүйесі аса тиімді емес болып табылады.

Балалар еңбегін пайдалану фактілері аса мазалайды. Атап айтқанда, балалар еңбегін Оңтүстік Қазақстан облысының орта мектептерінде пайдаланады. Мысалы, облыс прокуратурасы тексерулерінің нәтижесінде бір ғана мектепте 284 оқушыдан сабаққа 45 бала ғана қатысқан, қалғандары егіс даласында жұмыста болған.

Балалар еңбегінің аса ауыр түрлерінің алдын алу және оларды болдырмау жөніндегі әлеуметтік орталықтар жүргізген мониторинг нәтижесінде Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 2008-2009 жылдары 900-ден астам жұмыс істейтін балалар анықталған. Балалар жұмыс істейтін жағдайлар еңбек заңнамасының және санитарлық ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкес келмейді: тапшы тамақтану, арнайы киім, аяқ-қиім, бас киімі, улы химикаттардан қорғауға арналған респираторлық масқалар болмаған.

Мемлекеттік органдардың қызметінде жасөспірімдер ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алу маңызды орын алады. Осылай, ҚР ІІМ-нің ақпараты бойынша 2008 жылы тұрмыстық құқық бұзушылықтар 19,5 пайызға, ал үстіміздегі жылы – 11,5 пайызға төмендеді.

Былтырғы жылдың тамыз айында жасөспірімдердің түңгі уақытта (22.00-06.00) ойын-сауық орындарында болғаны үшін ата-аналар мен ойын-сауық орындары меншік иелерінің жауапкершілігі туралы, сондай-ақ қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішуге тыйым салу туралы (Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 112-1, 113-баптары) заңнамалық нормалар күшіне енді. ҚР ІІМ-нің деректері бойынша кәмелетке толмағандардың түңгі уақытта ойын-сауық орындарында болғаны үшін 60 меншік иесі, кәмелетке толмағандардың 1390 өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін әкімшілік тәртіппен 9 мыңнан астам адам жазаланды.

Осыған орай, кәмелетке толмағандарға қатысты заңнама әрқашан жетілдірілетінін атап өткен жөн. Осылай, есепті жылдың желтоқсан айында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бала құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қаралуда.

Соңғы заң жобасы кәмелетке толмағандардың жасын көтеру арқылы бір қатар қылмыстарды қылмыстан арылтуды және кәмелетке толмағандардың қалыпты адамгершілік және тән дамуына қол сұғатын қылмыстардың жекелеген түрлері үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуді көздейді. Осы заң жобасы бойынша жүргізілген ғылыми-криминологиялық сараптаманың нәтижелері оны қабылдау нәсіпқұмарлық сипаттағы азғындық әрекет жасағаны үшін, кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы әрекет жасауға тартқаны үшін балаларды тәрбиелеу жүктелген ата-аналардың, тәрбиешілердің және басқа адамдардың жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік беретінін көрсетті.

Ішкі істер органдары кәмелетке толмағандар арасында қылмыс жасаудың төмендеуінің тұрақты беталысын атап көрсетеді: егер, 2003 жылы 7 мыңнан астам қылмыс тіркелген болса, 2009 жылы жасөспірімдер 4654 қылмыс жасаған. Алайда, олардың құқыққа қарсы әрекеттерінің қоғамдық қауіптілігі жоғары дәрежеде сақталып отыр. Кәмелетке толмағандар жасаған әрекеттердің шамамен үштен бір бөлігі ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Есепті жылы кәмелетке толмағандар 70 кісі өлтіру, 170 қарақшылық шабуыл және 1000 тонау жасаған. Қылмыстық жауапкершілікке тартылған кәмелетке толмағандардың жартысына жуығы мектеп оқушылары. Бұл жағдайда мектептегі полиция инспекторларының рөлі ерекше болады, олар жасөспірімдер ортасында құқық бұзушылықтың ерте алдын алу шараларын қабылдауға, оқу орындарының ресурстары мен оқытушыларды тәрбие-құқық жұмысын жүргізуге пайдалану тиімділігін арттыруға тиіс.

Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарының (бұдан әрі - КТУОБОО) ішкі істер органдарының қарауында болуы мәселесі шешілмей келеді. Бұл мәселені Уәкіл бірнеше рет көтерген болатын.

Бала құқықтары туралы конвенцияны бекіткенде Қазақстан өзіне баланы қамауды, ұстауды немесе түрмеге қамауды заңға сәйкес жүзеге асыруын және оны ең шеткі шара ретінде және мүмкіндігінше аса қысқа тиісті кезеңде ғана пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеме алды (Конвенцияның 37-бабының б) тармағы)

Бұдан басқа, БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитеті КТУОБОО-дағы негізгі контингент панасыз және қараусыз балалар екендігін назарға алап, 2003 және 2007 жылдарда Қазақстанға берілген өздерінің Қорытынды ескертпелерінде даладағы балаларға қатысты жағдайды кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі қызмет арқылы емес, ал әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы қызметтерді көрсету жүйесінде шешуді ұсынған болатын (Қорытынды ескертпелердің 73-тармағының г) тармақшасы, 2003 жыл).

Балалар құқықтарын бұзуда үлкен қауіп төндіретіні олардың отбасылық қолайсыздығы. Қазіргі уақытта ішкі істер органдарында 12 мыңнан астам қолайсыз отбасылары есепте тұр, онда 34 мыңнан астам балалар өмір сүреді. Өткен жылы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мақсатында ішкі істер органдары 2 мыңнан астам ата-аналарды және оларды ауыстыратын адамдарды балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты, 855 – ата-аналық құқықтарынан айырылды.

«Әлеуметтік жетімділіктің алдын алу. Отбасылық қолайсыздықты ерте айқындау»1 жобасының нәтижелері бойынша әлеуметтік жетімділік қауіпін және қауіп тобы отбасыларының қажеттіліктерін белгілейтін себептер анықталған болатын. Олар бойынша отбасылық қолайсыздық құрылымында, әсіресе, тұрғын үй мәселелеріне, материалдық ресурстардың жетпеуіне (бірқатар жағдайларда олар қалыпты тамақтану, киім сатып алу, өмір тіршілігінің қарапайым деңгейін сақтау үшін жеткіліксіз болды), ата-аналардың (қамқоршылардың) жасына, ауруына немесе мүгедектігіне байланысты әлеуметтік-экономикалық себептер басым болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 23 тамыздағы Жарлығымен Астана және Алматы қалаларында кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылған ауданаарлық соттар (ювеналды соттар) құрылды, ал 2008 жылғы 19 тамыздағы Жарлығымен 2009-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ювеналды әділет жүйесін дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Үкіметтің 2008 жылғы 18 қарашадағы қаулысымен 2009-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ювеналды әділет жүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Сонымен, Қазақстанда балалар құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметі олардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, алайда, жоғарыда көрсетілген мәселелер осы кезеңде толық көлемде шешілмеген.



2.14. Әйелдердің құқықтары
Қазақстан әйелдердің жағдайына қатысты бірқатар халықаралық шарттар мен конвенцияларды, атап айтқанда Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы конвенцияны, сондай-ақ оған Факультативтік хаттаманы, «Әйелдердің саяси құқықтары туралы», «Тұрмыстағы әйелдің азаматтығы туралы» конвенцияларды бекітті.

Қазақстанда заң мен сот алдындағы барлығының теңдігі Конституцияда жарияланған. Кемсітушілікке, оның ішінде жынысы бойынша кемсітушілікке тыйым салу конституциялық кепілдік болып табылады.

Әйелдер құқықтарына қатысты өзінің халықаралық міндеттемелерін орындай отырып, Қазақстан БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою комитетіне екі рет есеп берді, кезекті есеп беру 2011 жылға жоспарланған.

Бұдан басқа, 2007 жылы Қазақстан Ерлер мен әйелдердің теңдігін қамтамасыз ету, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою, бюджетті құру және жоспарлау процесінде гендерлік бюджеттеу технологияларын енгізу бойынша заңнамалық және институционалдық шаралар қабылдау жөніндегі БҰҰ-ның Мыңжылдықты дамыту мақсаттарын іске асыру шеңберінде өзіне қосымша міндеттемелер алды.

Елімізде ұлттық заңнама тұрақты түрде жетілдіріліп отыр. Осылай, 2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «2006-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік стратегиясы» қолданылады. Есепті жылы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы», «Ерлер мен әйелдер құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» заңдар қабылданды.

200-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы гуманитарлық өлшемде ынтымақтастықты кеңейту шеңберінде еуропалық дәстүрлер тәжірибесін пайдаланып, Қазақстанда теңдестірілген гендерлік саясатты дамыту үшін жағдайларды одан әрі жасауды көздейді.

Әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы оң өзгерістермен бірге осындағы мәселелерді белгілеу қажет. Олардың ішінде отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық басым болады.

Зорлық-зомбылықтың осы түрінің жасырын сипаты, сондай-ақ қоғамның осы мәселеге көзқарасы оны қылмыс ретінде емес, ал ерлі-зайыптылардың «жеке ісі» ретінде қарауы жағдайды тереңдете түседі.

Осы себепке байланысты Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына аталған мәселе бойынша келіп түскен өтініштер көп емес. Уәкілдің атына келіп түскен өтініштер отбасындағы әйелге қатысты зорлық-зомбылықтың болуын растайды.
Уәкілдің атына М. жүгінген. Ол бұрынғы жұбайы оған зорлық-зомбылықты, адамның қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін басқа да әрекеттерді қолданатынын көрсеткен. Ал ішкі істер және прокуратура органдарының оның бұрынғы жұбайына қатысты шаралар қолданбауына шағымданады.

2009 жылғы 17 маусымда Шымкент қаласы Ішкі істер басқармасы Қылмыстық кодекстің 121-бабының 1-бөлігімен көзделген қылмыс белгілері бойынша (нәсіпқұмарлық сипаттағы күштеу әрекеттері) М-ге қатысты қылмыстық іс қозғаған.

Алайда, өтінім берушінің айтуы бойынша Шымкент қаласы Әл-Фараби АІІБ қызметкерлері бұл іске субъективті қарап, тергеу әрекеттерін қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын бұзып жүргізуде.

Уәкілдің Бас прокуратураға және Ішкі істер министрлігіне өтініш беруі бойынша өтінім берушінің уәждері тексеріліп, бұрын қозғалған қылмыстық іс тергеу барысында ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 2-бөлігінің «б» тармағына (кісі өлтіру қауіпімен, сондай-ақ жәбірленушіге қатысты аса қатыгездікпен жасалған нәсіпқұмарлық сипаттағы күштеу әрекеттері) қайта дәрежеленді.
Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық әйелдер мен балаларды нәсіпқұмарлық пайдалану мен құлдыққа тартуға жағдай жасайтын себептердің бірі болып табылады.

Жоғарыда айтылғандай, әйелдерге, балаларға, қарттарға және мүгедектерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында Қазақстанда «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру туралы» ҚР Заңы қабылданды, ол жәбірленушілерге қажетті психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң көмегін беретін, оларды қабылдауды жүзеге асыратын арнайы ұйымдарды құруды көздейді. Ал бұл БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою комтетінің Қорытынды ұсынымдарының 16-тармағына сәйкес келеді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің «Қазақстан әйелдері мен ерлері» атты статистикалық жинағында (Астана, 2009 жыл) берілген деректер бойынша Қазақстанда, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарын есептемегенде, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөнінде 20 кризистік орталықтар жұмыс істейді. 2008 жылы аталған ұйымдарға зорлық-зомбылық фактілері туралы 21 679 телефон қоңыраулары шалынды, оның ішінде6 165 – дене жарақаттарына, 5 539 – психологиялық, 1 251 – экономикалық, 556 – нәсіпқұмарлық зорлық-зомбылыққа, 906 – әйелдер трафигі мәселелеріне, 7 262 – басқа мәселелерге қатысты болды. Берілген деректер зорлық-зомбылыққа негізінен 40 жасқа дейінгі әйелдер ұшырайтынын көрсетеді. Жұмыспен қамту жағынан алғанда аталған жылы жұмыс істейтін 9 055, жұмыс істемйтін 7 223, оқитын 2 251, зейнеткер 849 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықты басынан өткізгенін.

Уәкілдің атына келіп түскен өтініштердің келесі тобын жалғыз басты ана мәртебесін ресімдеу, алименттерді өтеп алу, баламен қатынас құру, шетелдегі қазақстандық әйелдердің құқықтарын қорғау мәселелері құрайды.


Уәкілдің атына апасы Б-нің мүддесін қорғайтын Т-нің өтініші келіп түсті. Б. Қазақстан азаматшасы, қазіргі уақытта Швецияда тұрады. Шағымның мазмұнынан Б. Швецияның әлеуметтік қызметтерімен жанжалдасқаны, нәтижесінде баланы оның қамқорлығынан алып, әкесіне беру туралы мәселе қойылған. Б. бұған келіспейді. Оның қызы Швеция азаматымен азаматтық некеде туған, осы елдің азаматшасы болып табылады.

Б-нің айтуы бойынша, ол тұратын Альхольт қаласының әлеуметтік қызметтері ұзақ уақыт ішіндеоның баланы тиісті күтуіне қатысты тексерулерді жүзеге асырып келеді. Осындай тексерулерді жүргізуге негіздеме болған әлеуметтік қызметтерге үнемі келіп түсетін оның бұрынғы азаматтық жұбайының арыздары мен анонимдік шағымдар. Одан басқа, соңғы уақытта Альхольт қаласының әлеуметтік қызметтері оны балаға берілетін әлеуметтік жәрдемақыдан, осы отбасының жалғыз ғана табысынан айырған,ол толыққанды тамақтанудың болмауынан баланың денсаулығының нашарлауына әкеп соғуы мүмкін.

Осы өтініш бойынша Уәкіл Қазақстан Республикаы Сыртқы істер министрлігіне тиісті сұрату жіберді.
Бұл өтініш өзінің сипаты бойынша жеке-дара болып табылады, бірақ соңғы жылдары біздің әйелдердің шетелдік азаматтармен некеге тұруы жиі болуына байланысты, шетелдегі қазақстандық әйелдердің құқықтарын қорғау өзекті болады.

Тоқталуды талап ететін тағы бір мәселе әйелдер арасындағы қылмыстылық. Осылай, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті құрайтын статистикалық есептердің деректері бойынша 2008 жылы қылмыс жасаған 9054 әйел анықталған, бұл қылмыс жасағаны үшін анықталған адамдардың жалпы санының 11,6 пайызын құрайды. Қылмыстық санаттары бойынша бөлгенде олардың 1748-і– аса ауыр емес, 5434-і – орташа ауыр, 1601-і – ауыр, 271-і – аса ауыр қылмыстар жасаған. өткен жылы қылмыс жасаған әйел 9767 әйел анықталды.

Осыған орай, аталған санаттағы халықпен жұмыс істеу кезінде әйелдер арасындағы қылмыстылықтың алдын алуға ерекше орын берген жөн. Қандай да бір қылмыс жасағаны үшін жазаны өтеу кезінде әйелдер балаларын анасы тарапынан тиісті тәрбиесіз және бақылаусыз қалдыратындығынан олар қылмыстық жолға түсуі мүмкін екендігін ескеретін болсақ, бұл мәселе аса өзекті болады.

Соынмен, мемлекет әйелдердің жағдайын жақсарту үшін шаралар, оның ішінде заңнамалық реттеу шараларын қабылдайды. Атап айтқанда, «Ерлер мен әйелдер құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңдар қабылданды.


2.15. Босқындардың, еңбек мигранттарының және оралмандардың құқықтары
Қазақстан БҰҰ-ның Жарғысына, Адам құқықтары жөніндегі жалпыға бірдей декларацияға және осы саладағы басқа да негіз қалаушы келісімдерге, оның ішінде «Босқындардың мәртебесі туралы» конвенцияға сәйкес босқындардың мәселелерін шешуге белсенді қатысады.

2008 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссардың басқармасымен бірлесіп, «Орталық Азияда баспана жүйесін күшейту мақсатында институционалдық дамту мен әлеуетті нығайту жөніндегі қызмет» жобасының шеңберінде «Қазақстан Республикасында босқындар мен оралмандар құқықтарын қорғауды сақтау туралы» аранйы баяндаамсы мемлекеттік және орынс тілдерінде дайындалып, басылды.

Баяндамада босқындар мен оралмандар ұшырайтын мәселелер талданды, жоба барысында жүргізілген олардың құқықтарын сақтау мониторингі жинақталды.

Осы құжатты барлық мүдделі мемлекеттік органдар тиянақты зерделеді, оның көптеген ұсыныстары мен ұсынымдары Мемлекет Басшысы 2009 жылғы 7 желтоқсанда қол қойған «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасы Заңын әзірлеу кезінде ескерілді. Заң босқындардың құқықтық жағдайын, Қазақстан Республикасы аумағында босқын мәртебесін беру негіздемелері мен тәртібін белгілейді, шетелдіктерге және азаматтығы жол тұлғаларға баспана беру жөніндегі қатынастарды реттейді.

Қазақстандағы экономикалық өсу мен саяси тұрақтылық баспана іздеген көптеген адамдар үшін қауіпсіздік аралы болатындығы белгілі.

Қазақстанда тіркелген босқындар саны есепті жылдың соңында 603 адам болды, оның ішінде 600 – Ауғанстаннан, 1 – Сомалиден, 2 – Эфиопиядан келгендер. Соңғы үш жыл ішінде біздің елімізге келгендердің саны өсіп отырғанын атап өткен жөн: 2007 жылы – 10, 2008 жылы – 110, 2009 – 61 босқын келген. Олардың бірде-біреуіне мемлекет тарапынан ешқандай қысым жасалмайды, оларға қашуға себеп болған жағдайлардың өзгеруіне дейін біздің елімізде заңды түрде тұру қамтамасыз етілген.

Соңғы жылдар ішінде баспана іздеген адамдарды немесе босқындарды Қазақстаннан мәжбүрлеп шығару оқиғалары болмаған.

Босқындар құқықтық жағынан теңдік пен кемсітушілікке жол бермеудің жалпы қағидаттарынан басқа медициналық көмектің кепілді көлеміне, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруға, білім алуға, мәдениет жетістіктерін пайдалануға, өздерінің құқықтарын қорғау үшін сотқа және өзге де мемлекеттік органдарға жүгінуге, ар-ұждан, жүріп-тұру бостандығына және т.б. құқылы.

Еңбек мигранттарын қамтамасыз ету мәселесі қазіргі замандағы халықаралық мәселелердің бірі болып табылады.

Әрине, еңбек миграциясы экономикалық өсуді қамтамасыз ететін және қазақстандық экономиканы дамытуға жақсы әсер ететін факторлардың бірі болып табылады.

Қазақстанда миграциялық процестерді реттеу және еңбек мигранттарының құқықтарын қорғау үшін тиісті нормативтік құқықтық база құрылған. «Қазақстан-2030» стратегиясы аясында 2007-2015 жылдарға арналған Миграциялық саясат тұжырымдамасы және «Нұрлы көш» бағдарламасы бекітілген. Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген этникалық иммигранттарын, Қазақстанның бұрынғы азаматтарын оңтайлы орналаластыру, орналасуда көмек көрсету болып табылады. Әзірбайжанмен, Белорусьпен, Қырғызстанмен, Монголиямен, Тәжікстанмен, Өзбекстанмен еңбек миграциясы мәселелері бойынша халықаралық келісімдерге қол қойылған.

Қазақстан еңбекші мигранттарға қатысты мәселелерді реттейтін бірқатар конвенцияларға қосылды, осы салада,ы өңірлік және субөңірлік ынтымақтастықты табысты жүзеге асырады.

Шетелдік қызметкерлердің еңбегі талап етілетін экономика секторлары белгіленді. Бұл мұнайгаз секторы, құрылыс, сауда және қоғамдық қамақтандыру.

Қазақстанның ұлттық заңнамасы еңбекші мигранттарға қатысты қандай да бір кемсітушілік ережелерін қамтымайды.

Еңбек мигранттарының құқықтары Қазақстан азаматтарының еңбек қызметі процесіндегі құқықтарымен, қызметкердің еңбек міндеттерін орындау кезінде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген залалды өтеуге қатысты құқығы бірдей, олар денсаулық сақтау және білім беру саласындағы қызметтерге қол жеткізе алады. Бұл ретте екі жағдайда да тиісті құқықтар заңмен белгіленген.

2009 жылы Уәкілдің атына еңбек мигранттарының құқықтарын бұзу туралы бір өтініш келіп түсті. Ол бойынша тиянақты тексеру жүргізілді, мемлекеттік билік органдарына тиісті сұратулар жіберілді.

Бұрынғыдай, оралмандардың құқықтарын сақтау мәселесі Уәкіл мекемесінің назарында болады.

Этникалық қазақтардың Қазақстанға оралуы Қазақстан халқының санын көбейтті. Алайда, тарихи отанына оралған адамдар жүйелік сипаттағы мәселелерге кезігеді. Ол құжаттарды қабылдау және ресімдеу тетігінің анық реттелмегеніне байланысты болып отыр.

Осылай, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті (бұдан әрі – Комитет) қоятын талаптар Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясының талаптарымен қайшылыққа түседі:

- «оралман» мәртебесін алуға үміткр адам, квотаға кіру үшін Қазақстанға отбасын әкеліп, Комитетке оның отбасының тарихи отанында тұратынының құжаттамалық растауын (тіркеу, тұратын, оқитын, жұмыс істейдін орнынан анықтамалар) беруге тиіс. Осыдан кейін ғана «оралман» мәртебесін алған мигрант квотаға кіріп, мемлекет тарапынан материалдық көмек алуға құқылы.

- көші-қон полициясы, өз кезегінде, отбасының кәмелеттік жасқа толған мүшелерін олар қазақстандық азаматтық алуға құжаттарын тапсырғаннан кейін ғана тіркейді. Біздің еліміздің заңнамасы бойынша, азаматтық алған мигрант «оралман» мәртебесінен айырылады.

Сонымен, ағымдағы жағдайды талдау осы санаттағы адамдардың құқықтары заңнамадағы белгілі бір ақаулардың болуын көрсетеді, оларды мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен әрекеттерімен ғана шешуге және болдырмауға болады.




Қорытынды
2009 жыл Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-да төрағалық етуіне дайындық, сондай-ақ құқық қорғау заңнамасын маңызды күшейту кезеңі болды. Бұл процеске ұлттық құқық қорғау институты тікелей қатысты.

Елімізде адам құқықтарын қамтамасыз етуді жетілдірудің жүйелік және нақты бағдарламасын білдіретін 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы және 2009-2012 жылдарға арналаған Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы іс-әрекеттерінің ұлттық жоспары әзірленіп, бекітілді.



Адам құқықтарын қорғауға бағытталған бірқатар маңызды заңдар, атап айтқанда «Босқындар туралы», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы», «Ерлер мен әйелдер құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білікті заң көмегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және т.б. заңдар қолданысқа енгізілді

Омбудсмен азаматтық, саяси және экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы халықаралық пакттер, Нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы халықаралық конвенция жөніндегі ұлттық баяндамаларды, сондай-ақ БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесте УПО рәсімін өтуге арналған Ұлттық баяндаманы дайындауға қатысты.

Үкіметтік емес ұйымдармен әріптестік және сындарлы қатынастар одан әрі дамыды, оған IV Азаматтық форум қосымша серпін берді. Кейбір жағдайларда Омбудсмен мекемесі қандай да бір міндеттерді шешуде мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасында медиатор қызметін атқарды.

Омбудсмен қызметі есепті кезеңде Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуіне дайындық жөніндегі әралуан іс-шараларға, сондай-ақ БҰҰ Кеңесінің Адам құқықтары жөніндегі әмбебап кезеңдік шолуы, БҰҰ-ның Нәсілдік кемсітушілікке қарсы комитеті, БҰҰ-ның Азаптауға қарсы комитеті шеңберіндегі ұлттық баяндамаларды әзірлеуге қатысуына байланысты болды.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2008 жылғы қызметі туралы есеппен таныстыру рәсімі қараша айында АҚШ-та: Мемлекеттік департаментте, Азия, Тынық мұхит өңірі және жаһандық қоршаған орта жөніндегі АҚШ Конгресі өкілдері палатасының кіші комитетінде, сондай-ақ халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен өткен дөңгелек үстелдер шеңберінде өтті. Есепті шетелде таныстыру рәсімінің осындай биік деңгейде өтуі Омбудсмен қызметімен және елдің құқықтық жүйесіндегі оның рөлімен халықаралық қоғамның танысуына мүмкіндік береді.

Варшава қаласында адами өлшем саласындағы міндеттемелерді орындау жөніндегі ЕҚЫҰ-ның жыл сайынғы сессиясында Омбудсменнің сөйлеген сөзі Қазақстанда адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселелері арналды. Жоғарыда аталған ұйымда Еуропа елдері елшілері делегациясымен және ДИАҚБ директоры Я. Ленарчичпен Қазақстанға танысу сапарымен келу барысындағы кездесулерде де осы мәселелер талқылау нысанасы болды.

Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының делдалдығымен Адам құқықтары жөніндегі Дания институтымен ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді, ол жұмыс бабында қажетті әдістемелік көмек беруге, Еуропаның бірқатар елдері омбудсмендері кеңселерінің қызметімен танысуға бағытталады.

Уәкілдің почтасын талдау өткен жылы Қазақстан азаматтары өздерінің бұзылған құқықтарын қорғау кезінде қорғаудың қолданыстағы тетіктерін белсендірек пайдаланғанын көрсетеді, бұл бұрын тән болатын құқықтық нигилизмнен біртіндеп арылуды білдіреді.

Оны 2009 жылғы 13 қарашада өткен «Ел халқымен тікелей желі» шеңберінде Қазақстан Республикасының Президентіне келіп түскен азаматтар мен ұйымдардың 44 мыңнан астам өтініштерін мазмұнды талдау анық көрсетеді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілге келіп түскен жекелеген мәселелер құқық қорғау тақырыбының шеңберінен тыс шықты, олар Мемлекет Басшысының адам құқықтарын одан әрі күшейтуге бағытталған бағдарламалық нұсқаулары тұрғысынан қаралды. Осыған орай, Уәкіл өтініштерінің шамамен 50 пайызы Үкіметке жіберілді, бұл ортақ мәселелермен біріктірілген азаматтар топтарының аса маңызды мәселелерін шешу қажеттілігіне байланысты болды.

Жеткілікті қаржыландыруды, оңтайлы штаттық ресурсты, халықтың қол жеткізуін қамтамасыз ету арқылы Омбудсмен институтын нығайту және оның қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері Қазақстан Республикасы Парламентімен және Үкіметімен бірлесіп пысықталып, негізінен келісілді.

Жалғасын тапқан әлемдік қаржылық-экномикалық дағдарысқа қарамастан, 2009 жылы мемлекет өзінің азаматтарының құқықтарын сақтауды тұтастай алғанда тиісті деңгейде қамтамасыз ете алды. Белгілі дәрежеде ол мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор арасында осы міндетті орындаудың ортақтығын, ол үшін өзара іс-қимыл жасау қажеттігін түсінуге байланысты болды.



Соңында, Конституциялық Кеңеске, Жоғарғы Сотқа, Бас прокуратураға, Парламент депутаттарына, Үкіметке, мемлекеттік органдарға, халықаарлық және ұлттық құқық қорғау ұйымдарына, Уәкілдің мекемесіне құқық қорғау процесіндегі бірлескен табысты жұмыс үшін, сондай-ақ осы есепті дайындауға ат салысқандары үшін құрметтеушілік білдіріледі.


Қосымшалар:
1. 2009 жылы азаматтардың хаттарымен жұмыс істеу жөніндегі статистикалық деректер
Жазбаша және ауызша хаттар саны



Атауы

Хаттар саны

Жазбаша хаттар

1175

Ауызша хаттар

173

Барлығы

1348




Атауы

Хаттар саны

Өндіріске алынды

647

Өндіріске алынбады

284

Олардың ішінде біздің құзырымызға жатпайтыны

221

Құқықтардың бұзылуы табылған жоқ

63

Өндірісте

77

Сұратуларды қарау нәтижелері

Атауы

Хаттар саны

Адам құқықтарының бұзылуы анықталмаған

437

Құқықтарды мемлекеттік орган қалпына келтірді

92

Шағымданушының талаптары қалпына келтірілді, бірақ толық емес

17

Құқық бұзушылық анықталды бірақ қалпына келтірілмеді

24

Хаттарды қараудың жалпы нәтижесі

өндіріске алынғандардың 20,6% - оң шешілді

Қарауға қабылданбаған хаттар


Атауы

Хаттар саны

Анонимдік




Мазмұны түсініксіз

2

Тиістігі бойынша түспеген

207

Ұсыныс хат

2

Құжаттардың қайтарылуы

2

Қосымша құжаттарды ұсыну

18

Кері қайтарып алған өтініштер

4

Қайтарып алу өтініші

3

Алғыс хат

6

барлығы

244

Қайта түскен хаттар

95


Хаттар субъектілері туралы ақпарат


Хаттар түрі

Барлығы

Жеке

961

олардың ішінде әйелдерден

494 (51,4%)

олардың ішінде ерлерден

467 (48,6%)

Ұжымдық

76

астында қолдары

1022

Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары




ҮЕҰ

95

өзге де ұйымдар

43

жіберген хаттар




Ауызша қабылдау

173




олардың ішінде аумақтарда




Барлығы уәкілге шағымданған азаматтар саны

2294


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет