Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама


Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар



бет23/86
Дата07.05.2017
өлшемі14,66 Mb.
#15910
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   86

8.1. Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар


Республикада балалардың, соның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайын жақсарту жөнінде жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді.

Институционалданған балалар санын қысқарту мақсатында қазақстандық заңнамаға «бала қонақтайтын отбасы»39, «баланы қабылдайтын отбасы» түсініктері енгізілді.



«Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкін» құру маңызды жаңашылдық болып саналады. Қазіргі уақытта деректер банкі пилоттық режимде қызмет етеді, 2017 жылдың 1-қаңтарынан бастап банкт ресми іске қосылады.

Деректер банкін іске қосқан соң, балаларды отбасыларға беру процесі жанданады, жетім балалар туралы туынды ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі қамтамасыз етіледі деп болжанады, сондай-ақ балаларды асырап алғысы келетін тұлғаларды, соның ішінде шетелдіктерді есепке қоюды және оларды алдағы жайластыруды бақылау мүмкіндігі туындайды.

Қазіргі таңда отбасы құрылысының барлық нысандары (қорғаншылық, қамқоршылық, патронат, баланы қабылдайтын отбасы) мемлекет тарапынан материалды ынталандырылады.

Жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат нәтижесінде, республикада


ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жалпы контингентінің төмендеуі байқалады.

Тәуелсіздік алған кезде бұл категориядағы балалардың контингенті республикада 100 мыңға жуық баланы құрады, 2016 жылы –29 666.

ҚР БҒМ деректеріне сәйкес, 2016 жылғы 4-тоқсанның басында Қазақстанда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған40 29 666 бала тіркелді, бұл көрсеткіш 0-17 жастағы 1000 бала халқының 5,4 құрайды.41

Осындай балалардың ең көп абсолютті саны Қарағанды (3841), Алматы (3238) облыстарында, ШҚО (3080) және ОҚО (2892). 1000 бала халқына балалардың ең көп саны еліміздің солтүстік өңірлерінде байқалады: Қостанай облысы – 12.9, СҚО – 11.1, Ақмола облысы – 10.8, Қарағанды облысы – 10.5.



32-диаграмма. 2016 жылдың басында облыстар бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны

Дереккөз: ҚР БҒМ. Балалардың 1000 бала халқына есебі ҚР Статистика комитетінің 2016 жылдың басында өңірлердегі 0-17 жастағы балалар саны бойынша деректер негізінде жәрдемақылар авторларымен жасалынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет