Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама


Балалар қылмыскерлігінің, суицидтердің, бейәлеуметтік мінез-құлықтың, балаларға қатысты қылмыскерліктің алдын алу бойынша ұсынымдар



бет81/86
Дата07.05.2017
өлшемі14,66 Mb.
#15910
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86

9.7. Балалар қылмыскерлігінің, суицидтердің, бейәлеуметтік мінез-құлықтың, балаларға қатысты қылмыскерліктің алдын алу бойынша ұсынымдар


БДҰ ресми позициясына сәйкес, балаларға зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін ата-аналарды қолдауға және баланы күту мен тәрбиелеу дағдыларына үйретуге бағытталған көп секторлы бағдарламалар аса тиімді. Мұндай бағдарламалар, жекелей, ата-аналар мен балаларды үйде қолдау, оқыту және ақпарат беру үшін мейірбикелердің баруын, сондай-ақ ата-аналардың балаларды тәрбиелеу дағдыларына үйрететін, баланың дамуы туралы білімін кеңейтетін, балаларға позитивті қарау стратегияларын дамытатын топтық сабақтарға баруын білдіреді. БДҰ балалардың ми шайқалуы синдромы нәтижесінде бас жарақатының алдын алуға бағытталған арнайы бағдарламаларды49 (жаңа туған сәбиді ауруханадан шығарғанға дейін өткізілетін жас ата-аналарды балалардың ми шайқалу синдромы туралы ақпараттандыру), және балаларға жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағдарламаларын (балаларды мектептерде өз денесіне меншік құқығы туралы ақпараттандыру, қауіпті жағдайларды сезуге оқыту, үлкендерге бас тартуға және оқиға туралы сенімді ересекке айтуға оқыту) 50 да ұсынады.

Зерттеу нәтижелері, тәжірибе және халықаралық тәжірибе көрсеткендей, балалар өз проблемаларын, құпияларын туыстарынан, немесе басқа ересектерден гөрі, өздерінің достарына сеніп тапсырады. Сәйкесінше, суицид, зорлық-зомбылық оқиғаларының алдын алу үшін әр елді мекенде, мүмкіндік болса, әр мектепте сайттар арқылы немесе тіпті әлеуметтік желілер, ұялы қосымшалар арқылы балалардың хабарласу арнасын ашу керек. Олардың модераторлары жасы үлкен балалардың өзі болуы керек, психологтар сарапшылар болуы қажет.

Жұмысқа орналасу, тұрмыстық проблемаларды шешу, «тәуекел тобындағы» отбасыларға медициналық-психологиялық қызметтер алу бойынша кешенді әлеуметтік көмекті уақытылы көрсету.

«Қолайсыз отбасылрмен» жұмыс бойынша профилактикалық іс-шаралар негізінен ҚР ІІМ ювеналды полициясының бөлімшелері жүргізеді, сәйкесінше, барлық профилактикалық шаралар аздап репрессивті сипатқа ие (жауапкершілікке тарту, айыппұлдар салу). «Тәуекел тобы» отбасыларымен бірге әлеуметтік-педагогикалық спектр мамандары жұмыс істегені мақсатты.

Суицидтердің себептері жиі отбасы ішілік шиеленістер, әлеуметтік-тұрмыстық проблемалар болып табылатынын назарға ала отырып, отбасымен, сәйкесінше, бірінші кезекте психологтар, педагогтер жұмыс істеуі керек. Құқық қорғау органдарына тарту және сүйену балалардың, отбасының жағдайын одан әрі қиындатады. Полиция және әлеуметтік қызметтердің жауапкершілік аймақтарын шектеу керек, әлеуметтік қолдау (медициналық, психологиялық, тұрмыстық, материалдық көмек көрсету көрсету, оқыту, жұмыспен қамту және т.б. үшін) әлеуметтік қызметтер басымдықта болуы қажет.

Халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы ведомство аралық жоспар даярлау жолымен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекет жөнінде шаралар кешенін қабылдау.

Зорлық-зомбылық және қатыгездік нәтижесінде зардап шеккен балаларға психологиялық, құқықтық көмек көрсету бойынша қызметтер желісін кеңейту.

Зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша ата-аналар мен балалар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарды нығайту. Зорлық-зомбылық қауіпі туралы комикстер, әлеуметтік роликтер құру, барлық телевизиялық арналарда, БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы мезгілді негізде кеңінен тарату.


10-тарау. Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша балаларға ақпараттық-консультативтік қолдау көрсету







10.1. Мемлекеттің ақпараттық саясаты

Балаларды, ата-аналарын ақпараттық-консультативтік қолдау балалар құқықтарын қорғау жөніндегі бағдарламаларды іске асыруда маңызды рөл атқарады. Жоғары дәрежеде хабардар болу лайықты сапалы өмірді қамтамасыз етеді, ал дер кезінде алынған көмек, кеңестер біреулердің өмірін құтқарып қалуы мүмкін.

Мемлекеттік органдардың барлық мүдделі тараптарды хабар еткеніндей, елімізде балалар мен ата-аналар және барлық мүдделі азаматтар үшін қол жетімді қарым-қатынас механизмі жасалған, балалар құқықтарын қорғауға қатысты жүргізіліп жатқан жұмысты жариялау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

ҚР АКМ мәліметтері бойынша 2016 жылғы сәуір мен қазан аралығында республикалық және өңірлік БАҚ-тарда 6 581 материал жарияланған. Оның ішінде республикалық телеарналарда – 2 204 сюжет, республикалық басылымдарда – 733 жарияланым, республикалық интернет-ресурстарда – 1 393 мақала, өңірлік БАҚ-тарда – 2 251 материал (оның ішінде телеарналарда – 677 сюжет, газеттерде – 1108 жарияланым, интернет-ресурстарда –


466 мақала). Жарияланған материалды талдау ұсынылатын ақпарат негізінен есептік-көрсетілімдік сипатқа ие екенін көрсетіп отыр. Өкінішке орай, бұл балаларға онша қызық емес, түптеп келгенде олардың ата-аналарына да солай, негізінен оған қызығушылық танытатындар мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар.

Жарияланған материалдар мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өткен балалар құқықтарын қорғау жөніндегі ресми іс-шараларға арналған. Материалдардың негізгі бөлігі өңірлерде балалар алаңдарының ашылуын, мемлекеттің мектептік және жазғы лагерьлерді ұйымдастыруын, «Мектепке жол» Республикалық акциясы шеңберіндегі қайырымдылық жұмыстарды, балалар мерекелерінің өткізілуі туралы жариялаған, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мен болдырмау бойынша жүргізілген жұмыстар кеңінен қозғалған.

Бұл ақпаратты артық деп айтуға болмайды, оның мемлекеттік саясат туралы хабардар ету үшін болғаны дұрыс, бірақ сонымен қатар балалардың және олардың ата-аналарының өздерінің мүдделерін тікелей қозғайтын, тілектестік тілмен баяндалған ақпарат таратылуы тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, балалар мен жастар үшін БАҚ-тың балаларға арналған стратегиясы болуы тиіс.

Бұл мәселеде Дүниежүзілік радио-форумның тәжірибесі өте қызықты, онда балалар мен жастар қатысатын «Радио-Манифест» айдары бар. Бұл радиоарнаның мақсаты – балалар мен жастар радиосын өз құқықтарын қорғау үшін дамыту. Ішінара алғанда, шешімдер қабылдауға жауапты мемлекеттік органдар үшін өз көзқарастары мен мүдделерін білдіру, балалар мен ересектер үшін бала тілінде сөйлеу, жаңалықтар туралы айту, барлық балаларға көмектесу, қиындықтарды еңсеру және жағдайдан шығудың жолын табу үшін.51

10.2. Сенім телефоны

Қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға жедел консультативтік, психологиялық қолдау көрсету үшін сенім телефондары жұмыс істейді:



  • ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау комитетінің сенім телефоны;

  • 111 нөмірлі Бірыңғай call-центр (Бала құқықтары жөніндегі уәкіл).

ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау комитетінің сенім телефонының негізгі мақсаты – бала құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету.

Сенім телефонының абоненттері балалар, ата-аналары, туыстары, педагогтар, қиы өмірлік жағдайға тап болған баланың тағдыры мен жағдайына бейжай қарай алмайтын заңды тұлғалар және азаматтар болып табылады.

Көмек ақпарат, психологиялық қолдау түрінде ұсынылады. Балалардың құқықтары бұзылған жағдайда құзырлы органдармен баланың құқығы толық қалпына келтірілгенге дейін байланыс орнатылады.

Сенім телефондары қызметтері облыстар мен Астана және Алматы қалаларының Білім басқармаларында жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта республиканың өңірлерінде 200-ден астам сенім телефоны бар. Олардың барынша көп саны (18-ден 21 нөмірге дейін) Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарында қызмет істейді.

2016 жылы «Сенім телефондарына түскен қоңырауларды есепке алу журналы» модулін толтыру басталды. 9 айдың қорытындысы бойынша модульде 924-тен астам өтініш тіркелген, оның ішінде 514 өтінішті Комитет тіркеген.

Қоңыраулардың барынша көп санын Қостанай (113), Алматы (82), Солтүстік Қазақстан (66), Ақмола (38) облыстарының және Астана (32) қаласының білім басқармалары тіркеген, бұл өңір халқының осы консультациялық қызметтің жұмысы туралы айтарлықтай жоғары деңгейде хабардар екенін көрсетеді.

Өтініштердің едәуір бөлігі білім беру мәселелеріне қатысты (249): әділетсіз қарау және объективті қарамау, білім алу құқығын қамтамасыз етумен байланысты жанжалды жағдайлар, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мәселелері.

Отбасы және неке мәселелері бойынша 165 өтініш тіркелген: қамқоршылықты, қорғаншылықты, бала асырап алуды, сондай-ақ алименттер төлеу жөніндегі міндеттемелерді ресімдеуге қатысты заңнаманы түсіндіру.

Жеке құқықтарының бұзылуы санаты бойынша 152 өтініш тіркелген: баланың қадір-қасиетін қорлайтын әрекеттер, балалар, ата-аналар, педагогтар арасындағы жанжалдар.

144 қоңырау әлеуметтік заңнаманы, соның ішінде патронаттық тәрбиедегі, қамқорлықтағы (қорғаншылықтағы) балаларды ұстауға ақшалай қаражатты тағайындау мен төлеу жөніндегі заңнаманы, қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар мен отбасылардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін материалдық көмек алуға жардемдесу мәселелері бойынша түсініндіруге қатысты болған.

Денсаулықты сақтау мәселелері бойынша халықты емдеуге квота немесе жеңілдік беру туралы ақпарат қызықтырады.

Тұрғын үй мәселелері бойынша тұрғын үй заңнамасын түсіндіру, ипотекалық несиелендіру мәселелерінде, тұрғын үй берілуіне, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қоюда жәрдемдесу қажет.

Қалған мәселелер анықтамалық сипатында.

10.3. Ұсынымдар

Халықты БАҚ арқылы, барлық ұялы байланыстар операторлары арқылы мерзімді негізде СМС жөнелтілімдер арқылы, WhatsApp бойынша жөнелтілімдер арқылы, әлеуметтік желілер арқылы тарату, сондай-ақ мектептер, ауруханалар және басқа да қоғамдық орындар арқылы кеңінен хабардар ету.

Тілдік диапазонды кеңейту, қазіргі сәтте телефондар 2 тілде: қазақ және орыс тілдерінде консультация береді. Қызметтің игілігі үшін аз ұлттардың қалауларын талдай отырып тілдерді кеңейткен жөн.

Мобильді телефондардан тәулік бойы, тегін қоңырау шалуды қамтамасыз ету, өйткені дағдарысты қауіпті жағдайларда жанында тек ұялы байланыс қана болуы мүмкін.



Қоңырауды қабылдау жылдамдығын барынша арттыру, желінің жүктемесі шамадан тыс болған жағдайда өтінішті жазып алу және жылдам ден қою функциясы болсын, кейбір жағдайларда секундтар санаулы болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет