9.2.1. Ағымдық жағдай
ҚР БП деректеріне сәйкес 2016 жылдың 9 ай ішінде елімізде кәмелетке толмағандар суицидінің 140 оқиғасы (2015 ж. 9 ай – 159 оқиға),
316 суицидке талпыну (2015 ж. 9 ай – 360 ұмтылыс) тіркелді. 2015 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда жасалынған суицид деңгейі 11,9 %, суицидке талпыну деңгейі 12,2%-ға азайды.
Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің айтарлықтай өсімі Ақтөбе, БҚО, Қызылорда облыстарында, Астана қ. байқалса, оны жасауға ұмтылғандар Жамбыл облысы мен Алматы қаласында тіркелді.
33-кесте. 2015-2016 жж. 9 айы ішіндегі суицидтердің және суицидке ұмтылыстың өңірлер бөлінісіндегі саны
|
Суицид
|
Ұмтылыс
|
2015 ж. 9 айы
|
2016 ж. 9 айы
|
Өзгеріс, %
|
2015 ж. 9 айы
|
2016 ж. 9 айы
|
Өзгеріс, %
|
Ақмола
|
11
|
10
|
-9,1
|
17
|
19
|
11,8
|
Ақтөбе
|
2
|
9
|
350,0
|
24
|
25
|
4,2
|
Алматы
|
14
|
15
|
7,1
|
14
|
8
|
-42,9
|
Атырау
|
8
|
4
|
-50,0
|
11
|
13
|
18,2
|
БҚО
|
6
|
10
|
66,7
|
14
|
3
|
-78,6
|
Жамбыл
|
6
|
7
|
16,7
|
12
|
16
|
33,3
|
Қарағанды
|
8
|
8
|
0,0
|
43
|
16
|
-62,8
|
Қостанай
|
13
|
6
|
-53,8
|
18
|
17
|
-5,6
|
Қызылорда
|
7
|
9
|
28,6
|
17
|
11
|
-35,3
|
Маңғыстау
|
10
|
3
|
-70,0
|
32
|
9
|
-71,9
|
ОҚО
|
32
|
30
|
-6,3
|
40
|
42
|
5,0
|
Павлодар
|
4
|
2
|
-50,0
|
21
|
20
|
-4,8
|
СҚО
|
9
|
5
|
-44,4
|
27
|
11
|
-59,3
|
ШҚО
|
20
|
12
|
-40,0
|
32
|
32
|
0,0
|
Астана қ.
|
4
|
5
|
25,0
|
29
|
34
|
17,2
|
Алматы қ.
|
5
|
5
|
0,0
|
9
|
38
|
322,2
|
Қазақстан
|
159
|
140
|
-11,9
|
360
|
316
|
-12,2
|
Дереккөз: ҚР БП
Гендерлік қатынас келесі көріністе бөлінді: өзіне қол жұмсау ер балалар мен жеткіншектер (68.6%) арасында қыздармен салыстырғанда
(31.4%) 2,2 есеге артық. Сонымен қатар, суицидке ұмтылыстың көп бөлігі жеткіншектермен (18,4%) салыстырғанда, қыздар арасында (81,6%) байқалады (айырмашылық 4,4 есе). Қыздар стреске, депрессияға жиі шалдығады, ер балаларға максимализм және жігерлі шешім қабылдау тән.
45- диаграмма. Суицидтердің және суицидқа ұмтылыстың гендерлік бөлінісі, 2016 жылдың 9 айы
Дереккөз: ҚР Бас прокуратурасы
Суицид жасағандар арасында жас ерекшеліктері бойынша 15-17 жас тобы басым – 328 суицид оқиғасы немесе 71,9%.
46-диаграмма. Суициденттердің жас құрамы, 2016 жылдың 9 айы
Дереккөз: ҚР БП
Суицидтердің негізгі себептері отбасы ішілік шиеленістер 21,4%, жалғыздық және шетте қалу сезімі 3%, оқу орны бойынша шиеленістер 8,4%, мас болу жағдайы 1,5%, психиканың сырқаулы жағдайы – 1,8%, жақындарынан айырылу, қорқыныштар – 0,6%, қолайсыз тұрғын үй жағдайлары – 0,2% болып табылады. Қалған жағдайларда себептер анықталған жоқ.
Суицидтер бойынша статистиканы тұрғылықты орын, жыл мезгілдері, жасау тәсілдеріне байланысты көрсеткен маңызды. Бұл деректер 2015 жылғы, себебі баяндамаға қол қою кезінде 2016 жылғы өзекті сандар болған жоқ. Алайда 2015 жылдың көрсеткіштері толық негізде жағдайды шынайы түсіндіреді.
ҚР БП деректері бойынша, жасалынған суицидтердің ең көп саны ауылды жерлерге тиесілі, 201 оқиғаның ішінде 56 суицид қалаға (27.8%),
ауылға 145 оқиға (72,2%) келеді.
Өзіне қол жұмсау тәсілдері бойынша (2015 жылғы 201 оқиға ішінен), 93,2% дарға асылу басым, биіктен құлу (4,4%), улану (1,9%), суға бату (0,5%).
Суицидке ұмтылыс барысында дәрі-дәрмектен улану (63,7%), сөздік тіліктер (18,1%), дарға асылу (20,3%), биіктен құлау (8%) жиі байқалады.
Мезгіл бойынша бөлініс келесі көріністе: суицидтердің ең көп саны көктемде 30,8%, жазда 25,9%, күзде 23,4%, қыста 19,9% орын алады.
9.2.2. Суицидтерді алдын алу жөніндегі іс-шаралар
Кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мақсатында шаралар кешені білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандарға жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қабылданған ведомствоаралық жоспарлар, тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері шеңберінде жүзеге асырылады48.
ҚР БҒМ мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп педагогтар мен психологтарға арналған балалар арасындағы мазасыздықты, зорлық-зомбылықты анықтау, суицидтің алдын алу әдістемесін оқыту бойынша біліктілікті арттыру курстарының 7 оқу бағдарламаларын әзірледі.
Жергілікті атқарушы органдар халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы психологтарға арналған біліктілікті арттыру курстары мен оқытушы семинарлар ұйымдастырды. Аталған оқыту аясында 6000-нан астам педагог тартылды.
ЮНИСЕФ Балалар қоры өкілдігінің қолдауымен ҚР кәмелетке толмағандар арасында өзіне өзі қол жұмсаудың алдын-алу жөнінде жоба жүзеге асырылып келеді. Жоба үш құраушыдан тұрады:
балалардың психологиялық денсаулығы мәселелері бойынша балалардың және олардың ата-аналарының хабардарлығын арттыру;
Педагогикалық қызметкерлерді және мектеп персоналын оқыту
(суицид «вахтерлерді» оқыту);
Мінез-құлқында суицидтік құбылыстардың жоғары тәуекелі бар топтағы оқушыларды анықтау (білім алушылар арасында сұрау жүргізу) және «тәуекел тобындағы» балаларға тиісті медициналық, психологиялық көмек көрсету.
Жоба 2015 жылы пилоттық режимде Қызылорда облысында іске қосылды, 2017 жылдың соңына дейін жобаны республиканың барлық өңірлеріне енгізу жоспарланады.
Сондай-ақ, ҚР АКМ ҚР ІІМ және басқа ведомстволармен бірге балалар құқықтарын қорғауға қатысты талаптарды орындау үшін ақпараттық кеңістік мониторингін жүргізеді. Мысалы, 2015 жылы балалардың психологиялық денсаулығына зиян тигізетін 24 сайт жабылды. 2016 жылдың 9 айы ішінде
90 мыңнан астам ақпараттық материалдарды жою бойынша шаралар қабылданды, олардың 586 қатігездік және зорлық-зомбылық, суицид және порнография табынушылықты насихаттаудан тұрды.
Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жасау үшін, 2016 жылдың сәуірінде республиканың білім беру ұйымдарында «Қауіпсіз интернет» кең ауқымды ақпараттық науқаны өтті. Науқан аясында мектеп оқушыларына интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын таныстырды. Мектеп пәндері мен курстарының мазмұнына ақпараттық-телекоммуникациялық ортада жауапты және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру бойынша талаптар қосылды.
Сонымен қатар, көрсетілген кезең арасында ҚР «Байланыс туралы» Заңының 41-1 бабына сәйкес, ҚР аумағында 22 296 қатігездік және зорлық-зомбылық, суицид және порнография табынушылығын насихаттаудан тұратын ақпараттық материалдарды қосқанда, 26 136 ақпараттық материалдарға қолданушылардың қолжетімділігін шектеу бойынша шаралар қабылданды.
«YouTube», «ВКонтакте», «Twitter», «Facebook» видеохостингінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бейнероликтер жарияланды, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жарияланатын сенім телефондары туралы ақпарат берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |