Кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгезпен қарау фактілерін анықтау және олармен жұмыс істеу бойынша ведомствоаралық



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата13.12.2021
өлшемі0,67 Mb.
#125095
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
приказ 569 каз. 20210113110351



 


 

Қазақстан Республикасы 



Білім және ғылым министрінің 

2020 жылғы 31 желтоқсандағы  

№ 569 бұйрығымен бекітілген 

 

 



Кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгезпен қарау 

фактілерін анықтау және олармен жұмыс істеу бойынша ведомствоаралық 

өзара іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық 

 

 

1-тарау. Кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылық және 

қатыгездікпен қарау фактілерін анықтау 

 

1. Кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездікпен 



қарау  фактілерін  анықтау  және  олармен  жұмыс  істеу  бойынша 

ведомствоаралық өзара іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) 

Қазақстан  Республикасының  органдары  мен  ұйымдары  қызметкерлерінің 

Қазақстан Республикасының аумағында орын алған 18 жасқа дейінгі кез келген 

жеке  тұлғаға  қатысты  зорлық-зомбылық  және  қатыгездікпен  қарау  фактілерін 

анықтау және олармен жұмыс істеу бойынша өзара іс-қимылын айқындайды. 

2. Меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарының және баланың 

құқықтарын  қорғау  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын  ұйымдардың 

білім алушылары және (немесе) тәрбиеленушілері болып табылатын кәмелетке 

толмаған тұлғаларға, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйыммен қамтылмаған мектеп 

жасына дейінгі балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездікпен қарау 

фактілерін  анықтауды  аулаларды  аралау,  бару,  азаматтарды  қабылдау,  жеке 

және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысында: 

1) білім беру

2) ішкі істер

3) денсаулық сақтау

4) халықты әлеуметтік қорғау органдары мен ұйымдарының; 

5) басқа жергілікті атқарушы органдардың (ұйымдардың, мекемелердің) 

қызметкерлері жүзеге асырады. 

3. Зорлық-зомбылыққа және қатыгездікке ұшыраған кәмелетке толмаған 

туралы ақпарат: 

1)  ауызша өтініш  жасау  арқылы  не  байланыстың  кез келген  түрі,  оның 

ішінде интернет арқылы

2) өтініш бойынша жазбаша нысанда

3) баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы

4) басқа жеке және заңды тұлғалар өтініш жасаған кезде алынуы мүмкін. 

4. Зорлық-зомбылыққа және қатыгездікке ұшыраған кәмелетке толмаған 

туралы  ақпарат  осы  Нұсқаулықтың  1-тармағында  көрсетілген  органдардың 

және (немесе) ұйымдардың кез келгеніне келіп түсуі мүмкін, онда: 



-  бір  жұмыс  күні  ішінде  маман  кәмелетке  толмаған  баланың                 

(отбасы  мүшелерінің)  тегін,  атын,  әкесінің  атын  (бар  болса),  тұратын  жерін, 

жалпы  мінездемесін  қамтитын  бала  (отбасы)  туралы  бастапқы  ақпаратты 

қалыптастырады; 

-  жиналған  деректер  негізінде  маман  кәмелетке  толмағанмен  одан  әрі 

жұмыс  істеу  үшін  басым  мемлекеттік  органды  таңдау  туралы  шешім 

қабылдайды  және  өтініш  келіп  түскеннен  кейін  екі  күннен  кешіктірмей 

ақпаратты  осы  елді  мекендегі  осы  бағыттағы  жұмысқа  жетекшілік  ететін 

жергілікті атқарушы органның маманына береді; 

-  кәмелетке  толмағанға  қатысты  зорлық-зомбылық  және  қатыгездік 

көрсету,  сондай-ақ  оған  қатысты  қылмыстық  не  әкімшілік  құқық  бұзушылық 

белгілері  бар  әрекеттер  (әрекетсіздік)  туралы  қандай  да  бір  ақпарат  алған 

жағдайда,  оның  құқықтарын  қорғау  жөнінде  шаралар  қабылдау  үшін,  оның 

ішінде оны қауіпсіз ортаға: кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына, 

өмірлік  қиын  жағдайда  жүрген  балаларды  қолдау  орталықтарына,  үкіметтік 

емес ұйымдардың дағдарыс орталықтарына орналастыру үшін дереу ішкі істер 

органдарына (бұдан әрі – ІІО) хабарлайды. 

5. Кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгез қарау 

фактісі  бойынша  ақпарат  жергілікті  атқарушы  органның  баланың  құқықтарын 

қорғау 

жөніндегі 

функцияларды 

жүзеге 


асыратын 

органына                               

(бұдан әрі – қамқоршылық және қорғаншылық органы) қайталанады. 

6.  Осы  Нұсқаулықтың  1-тармағында  көрсетілген  орган  не  ұйым 

кәмелетке  толмаған  туралы  ақпарат  алғаннан  кейін  келіп  түскен  өтінішті 

қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркеуді жүргізеді. 

7.  Білім  беру  саласындағы  төтенше  оқиғалар,  оның  ішінде  кәмелетке 

толмағанға  қатысты  зорлық-зомбылық  және  қатыгездікпен  қарау  фактілері 

туралы  ақпарат  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің 

Балалардың  құқықтарын  қорғау  комитетіне  ақпарат  алған  кезден  бастап  бір 

жұмыс күні ішінде «Білім және ғылым саласындағы төтенше оқиғалар туралы 

жедел ақпарат беру және хабардар ету тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы 

Білім  және  ғылым  министрінің  2014  жылғы  26  желтоқсандағы  №541 

бұйрығына сәйкес жеткізіледі. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет