Кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгезпен қарау фактілерін анықтау және олармен жұмыс істеу бойынша ведомствоаралық


-тарау. КТІҚҚК-нің кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылық



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата13.12.2021
өлшемі0,67 Mb.
#125095
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
приказ 569 каз. 20210113110351

3-тарау. КТІҚҚК-нің кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылық 

және қатыгездікпен қарау фактісі бойынша іс-әрекеттері 

 

10. 


КТІҚҚК  кәмелетке  толмағанды  зорлық-зомбылықтан  және 

қатыгездіктен қорғау шараларын мынадай жолдар арқылы жүзеге асырады: 

1)  баланың  құқықтарын  қорғау,  денсаулық  сақтау,  білім  беру  

функцияларын  жүзеге  асыратын  органдарға,  ІІО-ға  кәмелетке  толмағандарға 

қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгез қараудың профилактикасына және 

жолын  кесуге  бағытталған  ұйымдастырушылық-практикалық  шараларды 

қабылдау туралы ұсынымдар шығару; 

2) 


кәмелетке  толмағандарға  қатысты  зорлық-зомбылық  және 

қатыгездікпен  қарау  фактісі  туралы  хабарламалар  қабылдау,  отбасы  (мекеме) 

туралы  қолда  бар  ақпаратты  талдауды  жүзеге  асыру,  қажет  болған  жағдайда 

басқа органдар мен ұйымдардан ақпарат сұрату; 

3)  ІІО,  денсаулық  сақтау,  білім  беру  органдарына  қажетті  ден  қою 

шараларын қабылдау үшін кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық 

және қатыгездікпен қарау фактісі туралы мәліметтер ұсыну; 

4)  бала  құқықтары  бұзылуының  әрбір  жағдайына  қатысты  шешімдер 

және  мүдделі  мемлекеттік  органдарға  ұсынымдар  қабылдау,  ата-аналарды 

немесе заңды өкілдерді тиісті жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету; 

5)  зорлық-зомбылыққа  және  қатыгездікке  ұшыраған  баланы  дағдарыс 

жағдайларынан  шығару  үшін  сүйемелдеу  бойынша  әлеуметтік  қызметтердің 

жұмысын үйлестіру; 

6)  қабылданған  шаралар  мен  қызметтерге  мониторингті  жүзеге  асыру, 

кәмелетке  толмаған  зорлық-зомбылық  және  қатыгездік  құрбандарының 

қажеттіліктерін бағалау; 

7) зорлық-зомбылыққа және қатыгездікке ұшыраған кәмелетке толмаған 

адаммен  жеке  профилактикалық  жұмыс  жүргізу  қажеттігі  туралы  ақпаратты 

мүдделі мемлекеттік органдарға жіберу; 

8)  зорлық-зомбылыққа  және  қатыгездікке  ұшыраған  кәмелетке 

толмағандарды анықтау, денсаулығын қалпына келтіру және әлеуметтік оңалту  

жұмыстарын ұйымдастыру; 

9) кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, күтіп-бағу, олардың өмірі 

мен  денсаулығын  қорғау  жөніндегі  міндеттерін  орындамайтын,  сондай-ақ 

кәмелетке толмағандардың қалыпты дене бітімі мен рухани дамуына теріс әсер 

ететін  немесе  оларға  қатыгездікпен  қарайтын  ата-аналарды  немесе  өзге  де 

заңды өкілдерді анықтау; 

10)  зорлық-зомбылыққа  және  қатыгездікке  ұшыраған  кәмелетке 

толмағандарды  тәрбиелеу,  оқыту,  күтіп-бағу,  олардың  денсаулығын  сақтау 

және құқықтары  мен  заңды мүдделерінің  қорғалу  жағдайларын  зерделеу  үшін 




кәмелетке  толмағандарды  бейімдеу  орталықтарына,  өмірлік  қиын  жағдайда 

жүрген балаларды қолдау орталықтарына бару. 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет