4
2) ахуалды кешенді бағалауды, құқықтық ағартуды және жеке жұмыс
жоспарын әзірлеуді қамтитын зорлық-зомбылық және қатыгездікке ұшыраған
баланы психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;
3) кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылық және қатыгездікпен
қарау фактілері бойынша арнайы қызметтерге жүгіну мүмкіндігі туралы
хабардар ету;
4) ІІО-ға, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын
қорғау жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – КТІҚҚК), қамқоршылық және
қорғаншылық органына өздеріне мәлім болған кәмелетке толмағандарға
қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік фактілері туралы дереу хабарлау,
сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдарға зорлық-зомбылыққа және
қатыгездікке ұшыраған кәмелетке толмаған туралы ақпарат беру;
5) кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және
қатыгездікпен қараудың алдын алуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру;
6)
кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық және
қатыгездікпен қарау фактілері туралы немесе оларды жасау қатері туралы
өтініштерді қарау, олардың жолын кесу шараларын қабылдау;
7) зорлық-зомбылықтан және қатыгездікпен қараудан зардап шеккен
кәмелетке толмағандарға көмек көрсету үшін өздерінің құзыреті шеңберінде
басқа ұйымдар мен органдарды тарту;
8) мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдерінің құрамымен
зорлық-зомбылыққа және қатыгездікке ұшыраған бала тұратын отбасының
тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерттеп-қарау актілерін жүргізу;
9) ата-аналар (заңды өкілдер) ата-ана құқықтарын теріс пайдаланған
жағдайлар туралы білім беруді басқару органдарын және ІІО, КТІҚҚК жазбаша
хабардар ету шараларын қолдану;
10) кәмелетке толмаған баланың құқықтары мен мүдделерін бұзуға
ықпал ететін себептер мен жағдайлар жойылған, сондай-ақ отбасының негізгі
қажеттіліктері қанағаттандырылған жағдайларда кәмелетке толмаған адамға
қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездікпен қарау фактісін жабу туралы
шешім қабылдау.
9. Зорлық-зомбылыққа және қатыгездікке ұшыраған кәмелетке толмаған
адаммен жүргізілетін жеке жұмыс жоспары мыналарды қамтиды:
1) отбасымен жұмыс: мектептің әлеуметтік педагогтерінің отбасыларға
тұрақты негізде баруы; ата-аналар мен өзге де заңды өкілдерді қолдау тобын
құру (қажет болған жағдайда); ата-аналарға арналған тәрбие практикалары мен
оң тәрбие, балалармен қарым-қатынас, оң тәртіп бойынша бағдарламаны іске
асыру; отбасын әлеуметтік қолдау жөніндегі бастамалар, ата-аналардың
жұмысқа орналасуына, қажет болған жағдайда жекелеген санаттағы білім
алушыларға және тәрбиеленушілерге қаржылық және материалдық көмек
көрсету шеңберінде материалдық қолдау көрсетуге, құжаттандыруға
жәрдемдесу;
2) баламен жұмыс: баланы қызығушылықтарына сәйкес білім беру
қызметінің қосымша нысандарына жіберу, баланың эмоционалды-мінез-құлық
5
ерекшеліктерін жеке және топтық бейімдеу, консультациялар, түзету, тренинг
нысанында баланың әлеуметтенуі мен дербестігін басқару.
Достарыңызбен бөлісу: