1. Кәмелетке толмаған жәбірленушінің құқықтық мәртебесі Кәмелетке толмаған куәнің құқықтық мәртебесі



бет1/4
Дата27.12.2021
өлшемі17,17 Kb.
#128861
  1   2   3   4
Байланысты:
13-апта Ювеналдық
ҚМЖ 4кл, 13-апта Ювеналдық


1. Кәмелетке толмаған жәбірленушінің құқықтық мәртебесі

2. Кәмелетке толмаған куәнің құқықтық мәртебесі

3. Кәмелетке толмаған күдіктінің, айыпталушының, сотталушының құқықтық мәртебесі

1. Кәмелетке толмаған жәбірленушінің құқықтық мәртебесі

1)келтірілген күдік пен тағылған айыптау туралы білуге;

2)ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге;

3) дәлелдемелерді ұсынуға;

4) өтінішхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;

5)аудармашының тегін көмегін пайдалануға;

6) өкілінің болуына;

7)қылмыстық қудалау органы одан дәлелдеу құралы ретінде алып қойған немесе өзі ұсынған мүлікті, сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекетті жасаған адамнан алып қойылған, өзіне тиесілі мүлікті алуға, өзіне тиесілі құжаттардың төлнұсқаларын алуға;

8) заңда көзделген жағдайларда күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен татуласуға, оның ішінде медиация тәртібімен татуласуға;

9) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге;

10) өз өтінішхаты не өз өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен қатысуға;

11)сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметті және кез келген көлемде көшіріп алуға;

 12) өзіне және өзінің отбасы мүшелеріне қауіпсіздік шараларын ұсыну, жеке өмірінің мән-жайларын жария етпеу туралы, күдіктіге қатысты жақындауға тыйым салуды қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге;

13)өзін жәбірленуші деп тану немесе танудан бас тарту, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулылардың, айыптау актісінің көшірмелерін, сондай-ақ бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттың үкімі мен қаулысының көшірмелерін алуға;

14)бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы сотта істі соттың талқылауына қатысуға;

15) сот жарыссөздерінде сөйлеуге;

16) айыптауды, оның ішінде мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда да қолдауға;

17) сот отырысының хаттамасымен танысуға, бұл ретте хаттаманың соңына өз қолын қоюға, ал сот отырысы хаттамасының бір бөлігімен танысқан кезде осы бөліктің соңына қол қоюға; ал сот отырысында аудио-, бейнетіркеу қолданылған жағдайда – хаттаманың соңына қол қоюға, хаттамаға ескертулер беруге құқылы;

18)қылмыстық процесті жүргізетін органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге;

19)соттың үкімі мен қаулысына шағым жасауға;

20)іс бойынша келтірілген шағымдар, прокурордың өтінішхаттары және наразылықтар туралы білуге, оларға қарсылықтар беруге және оларды қарауға қатысуға;

21) өз құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға;

22) тараптардың процестік келісім жасасу ниеті, оның шарттары мен салдары туралы білуге, қылмыспен келтірілген залалды өтеу бойынша өз шарттарын ұсынуға не оны жасасуға қарсылық білдіруге;

23)ҚР жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасына сәйкес өтемақы алуға құқығы бар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет