Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсынар іс-әрекеттеріңіз? Анықтап, толықтырып жазу!



Дата07.02.2022
өлшемі17,25 Kb.
#84431
Байланысты:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсынар іс әрекетім - 1


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсынар іс-әрекеттеріңіз? Анықтап, толықтырып жазу!
Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің күрделі де, өзекті мәселесі болып келеді. 21- ғасырдың қоғамында сыбайлас жемқорлық деген не екенің кішкентай бүлдіршіндерге шейін толық түсінуде. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді және де елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді.Алдымен адамдардың не үшін пара алатындығын түсіндірейін. Бұл әлемдегі барлық адамдар қаржылық жағынан тәуелсіз болғысы келеді және кез-келген зат сатып алуға, кез-келген жерде демалуға және кез-келген нәрсені көруге мүмкіндіктері болғандағын қалайды. Үлкен ақша табудың ең жылдам жолы - ұрлау немесе пара алу, солай ма? Параға назар аударайық.
Пара деген не? Белгілі бір мәселені тиімді шешу үшін лауазымды тұлғаға берілген ақша, бағалы қағаздар, басқа мүлік немесе мүліктік құқықтар. Сонымен, біз параның не екенін түсіндік, енді басқа сұраққа көшейік. Біздің уақытымызда парадан қалай арылуға болады?
Менің ойымша, парадан мәңгілікке құтылу мүмкін емес, Өйткені адамдар біздің қазіргі қоғамымызда өмір сүргенше, ақша табудың бұл тәсілі ешқашан жойылмайды. Егер әрбір жас ұрпақтың бастауы өз үлесін қосар болса, ең болмағанда қоғам ішінде бірдеңе өзгерер ме еді.
Алыс емес болашақта ешқандай сыбайлас жемқорлық болмайды деп сіздерге қалай айтсам болады. Себебі қазіргі қоғамда үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазір біз ғаламтор заманында өмір кешіп жатырмыз, ал ғаламтор– ол ақпарат. Біздің қоғамда адамдар заң, құқықтар мен технологиялар саласында сауатты болды. Егер адамдар осы бағытта дамитын болса, онда біз осы қарғыс сатқан сыбайластықты мәңгіге итермелеп тастай аламыз. Сондықтан әр азамат өзінен бастауы керек, егер сіз пара бермесеңіз, онда адамдар да пара алмайды.
Енді жастарға айтарым! Сіздердің болашақта ұрпақтарыныз осы жемқорлыққа батқан мемлекетте, немесіне қоғамда өмір сүргенің қаламасаныз, онда қазіргі таңнан бастап әрекет жасап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге төтеп берейік!


Жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер.
1) қоғамдық жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру;
2) жемқорлықтың зияны туралы хабардарлықты көтеру;
3) жемқорлық құқық бұзушылықтарды сыныптаудың халықаралық стандарттарын қамтамасыз ету, заң құзыреті әділет параметрлерін унификациялау;
4) жемқорлық әрекеттерді айқындау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін оның алдымен қаржы саласында ашықтық атмосферасын жасау.
5) мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар қолдану;
6) қоғамдық бақылау институттарын енгізу;
7) мемлекеттік сыңайлы және жеке меншік секторларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау;
8) құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша халықаралық;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тауралы заң қабылдау;
12) құқық қорғау органы қызметкері Ар-ождан кодексін қабылдау;
13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы, қоғам арасында тренигтер өткізу;
14) шетел мемлекеттерінің практикасын танып-білу мен есепке алу;

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет