Сабақ жоспары Ашық сабақтың тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы Парламент депутаттарының конституциялық-құқықтық мәртебесі» Өткізуші: Құқық кафедрасының оқытушысы



Дата21.07.2017
өлшемі30,16 Kb.
#21723
түріСабақ

Ашық сабақ жоспары   Ашық сабақтың тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы Парламент депутаттарының конституциялық-құқықтық мәртебесі»

  • Өткізуші: Құқық кафедрасының оқытушысы
  • Қуандықова Клара Жақсыбайқызы
  • Ашық сабақ жоспары:
  •  
  • Тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы Парламент депутаттарының конституциялық-құқықтық мәртебесі»
  •  
  • Сабақтың мақсаты:
  • Қазақстан Республикасының барлық азаматтары, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар өз жұмыстарын Конституцияның негізінде жүргізеді. Соның негізінде Студенттерді Конституция ілімімен, жеке адамның құқықтық жағдай негіздерімен, мемлекеттік органдар ұйымдастырылуы және қызметінің конституциялық қағидаларымен, Қазақстан Республикасының Заң шығару саласымен, соның ішінде Парламент депутаттарының конституциялық құқықтық мәртебесімен таныстыру және дербес дағдылық қызметке дайындау болып келеді. Қазақстан Рсепубликасының конституциялық құқығының осы маңызды мәселелерін студенттердің түсінуі оларға саясат және мемлекеттік-құқықтық аясында дұрыс бағдарлауға, мемлекеттік және конституциялық-құқықтық саясат және тәжірибе мәселелердің дұрыс шешіліуіне жәрдемдеседі.
  • Сабақтың түрі: ЛЕКЦИЯ
  • Сабақтың жүргізу әдісі:
  • - сабақты ұйымдастыру 2 минут
  • - Жалпылама өткен сабақты қайталап, студенттерден сұрау 5 минут
  • - жаңа сабақты түсіндіру 30 минут
  • - жаңа сабақты пысықтау 10 минут
  • - үй тапсырмасын беру 2 минут
  • Сабаққа пайдаланған көрнекті құралдар:
  • 1.     Интерактивті тақта
  • 2.     Слайдтар
  • 3.     Камераға түсірілген бейне көріністер
  • 4.     Бақылау сұрақтары
  • 5.     Тест тапсырмалары
  • 6.     Заң жинақтары
  • Оқу-әдістемелік кешен
  • ЛЕКЦИЯНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
  •  
  • Лекцияның жоспары:
  •  
  • 1. Парламент депутаты қызметінің негізгі қағидалары
  • 2. Парламент депутатының өкілеттіктері
  •  
  •  
  • Лекцияның мәтіні:
  •  
  •  
  • Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы.
  • Мәжіліс
  • Сенат
  • Мәжіліс республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісін және шамамен сайлаушылардың сан жағынан тең келуін ескере отырып құрылатын бір мандатты аумақтық, сайлау округтері бойынша сайланған 107 депутаттан тұрады.
  • Мәжілістің 98 депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде 2 ай бұрын өткізіледі.
  • 25 жасқа толған республика азаматы Мәжіліс депутаты бола алады.
  • Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі - 5 жыл
  •  
  • Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады.
  • Сенат екі тәсілмен қалыптасады:
  • 1) депутаттардың бір бөлігі әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және республиканың астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстардан, республикалық маңызы бар қалалардан және республика астанасынан барлық өкілетті органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады;
  • 2) Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті Парламент өкілеттігі мерзіміне тағайындайды, Сенат мүшелігіне тағайындалғандардың өкілеттігі алынған немесе тоқтатылған жағдайда Президент 10 күндік мерзімде олардың орнына Парламент өкілеттігінің қалған мерзіміне Сенат депутаттарын тағайындайды.
  • Азаматтығына кем дегенде бес жыл болған, отыз жасқа толған, жоғары білімі және кем дегенде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар, тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала не республика астанасы аумағында кем дегенде үш жыл тұрақты тұратын азамат Сенат депутаты бола алады.
  • Сенат - депутаттарының өкілеттік мерзімі - 6 жыл.
  •  
  • Депутаттың өкілеттігі Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Президенттің "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заң күші бар Жарлығымен және басқа нормативтік құкықтық актілермен белгіленеді. Парламент депутатының өкілеттігі республиканың Орталық сайлау комиссиясы оны Парламент депутаты етіп тіркеген кезден басталады. Парламенттің бірінші сессиясында оның Палаталарының бірлескен отырысында депутаттар: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына сөзсіз бағынуға, маған жүктелген жоғары депутаттық, міндетті адал атқаруға ант етемін" деп Қазақстан халқына ант береді. Ант Үкіметтің, Конституциялық Кеңес мүшелерінің, Жоғарғы Сот судьяларының қатысуымен Президент алдында беріледі.
  • ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МӘРТЕБЕСІ
  • Парламент депутаттары оның жұмысына қатысуға міндетті. Парламентте депутаттың жеке өзі ғана дауыс береді. Депутаттың Палаталар мен олардың органдарының отырыстарына дәлелді себептерсіз үш реттен артық қатыспауы, сол сияқты дауыс беру құқығын басқа біреуге беруі депутатқа заңда белгіленген жазалау шараларын қолдануға әкеп соғады.
  • Парламент депутатын оның өкілеттік мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда, тиісті Палатаның келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.
  • Парламент депутатының басқа өкілді органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге де жұмыс атқаруға, кәсіпкерлікпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ. Осы ереженің бұзылуы депутаттың өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғады.
  • Парламент депутатының өкілеттігі орнынан түскен, ол қайтыс болған, соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша депутат іс әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен конституциялық заңда көзделген өзге жағдайларда тоқтатылады.
  • ПАРЛАМЕНТ ӨКІЛЕТТІГІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
  •  
  • ПАРЛАМЕНТ ӨКІЛЕТТІГІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
  • Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:
  • ПАЛАТАЛАРДЫҢ БӨЛЕК ОТЫРЫСЫНДА (МӘСЕЛЕЛЕРДІ ӘУЕЛІ МӘЖІЛІСТЕ, АЛ СОДАН КЕЙІН СЕНАТТА ӨЗ КЕЗЕГІМЕН ҚАРАУ АРҚЫЛЫ):
  • 1)    Қазақстан Республикасы Президентініің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
  • 2)    Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді;
  • 3)    Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы;
  • 4)    Соғыс және бітім мәселелерін шешеді;
  • 5)    Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республикангың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды;
  • 6)    Констиуциялық Кеңестің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;
  • 7)    Палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерді тыңдайды;
  • 8)    Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктердлі жүзеге асырады.
  •  
  •  
  • 1)     Заңдар қабылдайды;
  • 2)     Республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
  • 3)     Мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды;
  • 4)     Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;
  • 5)     Мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін айқындайды;
  • 6)     Мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;
  • 7)     Рақымшылық жасау мәселелерін шешеді.
  • 8)     Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды;
  •  
  • ПАРЛАМЕНТТІҢ ӘР ПАЛАТАСЫ ДЕРБЕС, БАСҚА ПАЛАТАНЫҢ ҚАТЫСУЫНСЫЗ:
  • 1) Конституциялық Кеңестің екі мүшесін қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;
  • 2) Конституцияның 47-бабының 12 тармағында көзделген ретте Парламент құратын мүшелерінің тең жартысына өкілеттік береді;
  • 6) Палата депутаттарыжалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға хақылы.
  • 3) Палаталардың бірлескен комиссиялары мүшелерінің тең жартысын сайлайды;
  • 8) өз қызметінің регламентін, Палатаның ұйымдастыру және ішкі тәртібіне байланысты мәселелер бойынша өзге де шешімдер қабылдайды.
  • 7) Палаталардың үйлестіруші және жұмысшы органдарын құрайды;
  • 5) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша парлменттік тыңдаулар өткізеді;
  • 4) Палаталар депутаттарының өкілеттігін тоқтатады, сондай-ақ Қазақстан рсеупбликасы Бас Прокурорының ұсынуымен оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан Палаталардың депутаттарын айыру мәселерін шешеді;
  • СЕНАТТЫҢ ЕРЕКШЕ ҚАРАУЫНА МЫНАЛАР ЖАТАДЫ:
  • Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау мен қызметтен бостау, олардың анттарын қабылдау;
  • Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру;
  • Төрағасын тағайындауына келісім беру;
  • Республика Президентінің Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
  • Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Республика Парламентінің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі функцияларын орындау;
  • Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
  • МӘЖІЛІСТІҢ ЕРЕКШЕ ҚАРАУЫНА МЫНАЛАР ЖАТАДЫ:
  • Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау;
  • Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Республика Президентіне Республика Прьемер-Минстрін тағайындауға келісім беру;
  • Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау;
  • Конституциямен Парламент Мәжілісіне жүктелген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.
  • ПАРЛАМЕНТТЕГІ ЗАҢ ШЫҒАРУ ПРОЦЕСІ
  • І саты – заң жобаларын Парламенттің қарауына енгізу
  • ІІ саты – Заң жобаларын талқылау
  • ІІІ саты – Заң қабылау
  • ІV саты – Заңдарға қол қою
  • V саты – Заңдардлы жариялау
  • І сатыда – заң жобаларын Парламенттің қарауына енгізген кезде заң шығару бастамасы құқығы Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына, Республика Үкіметіне беріледі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады.
  • ІІ сатыда – заң жобаларын талқылаған кезде ол туралы қорытынды беретін Мәжілістің тұрақты комитеттерінде алдын ала қаралғаннан кейін Мәжілістің пленарлық отырысында талқыланады. Әдетте, талқылауда екі оқылым өткізіледі.
  • ІІІ сатыда – заң жобаларын қабылдаған кезде Мәжіліс депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен мақұлданған заң жобасы Сенатқа беріледі, ол онда әрі кеткенде алпыс күннің ішінде қаралады. Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданған жоба заңға айналады және он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі. Тұтас алғанда Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданған жоба Мәжіліске қайтарылады. Егер Мәжіліс депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен жобаны қайтадан мақұлдаса, ол Сенатқа қайта талқылауға және дауыс салуға беріледі. Қайта қабылданбаған заң жобасын сол сессия барысында қайтадан енгізуге болмайды. Парламент заң актілері Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
  • ІV саты – заңдарға қол қою;
  • V саты – Заңдарды жариялау.
  • Қазақстан Республикасы Парламентін таратудың конституциялық негіздері.
  • Қазақстан Республикасының Президенті мына жағдайларда Парламентті тарата алады:
  • Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде
  • Парламент Прьемер-Министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде
  • Парламенттің Палаталары арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік өкіметті басқа тармақтары арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда
  • Қазақстан Республикасы Парламентін таратуға конституциялық шектеулер.
  • Парламентті таратуға болмайды:
  • Төтенше немесе соғыс жағдайы кезеңінде
  • Президент өкілеттігінің соңғы алты айында
  • Осының алдындағы таратудан кейінгі бір жыл ішінде
  • Тест тапсырмалары:
  • Бақылау сұрақтары:
  • 1.    Қазақстан Республикасы Парламентінің үйлестірушілік және жұмыс органдары.
  • 2.    Қазақстан Республикасы Парламентінің конституциялық – құқықтық жауапкершілігі.
  • 3.    Депутат сұраулары және сұрақтары.
  • 4.    Парламенттегі депутаттардың бірлестігі.
  • 5.    Парламент депутатына қолданыоа алатын жазалау шаралары.
  • Әдебиеттер тізімі:
  •  
  • 1.     Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы. – Алматы: Жеті Жарғы.2007
  • 2.     1993 жылғы Конституция жобаларының бірінде Жоғарғы Кеңестің қос палаталы кұрылымы ұсынылды // С.Зиманов. Конституция и Парламент Республики Казахстан. Алматы. 1996. 55-бет.
  • 3.     Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Академиялық курс. өңделіп, толықтырылған, 2-басылымы. – Алматы: Жеті жарғы, 2004ж.
  • 4.     ҚР Конституциясының түсіндірме сөздігі Алматы 1995 ж
  • 5.     Президенттің «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Жарлығы
  • 6.     Зиманов С.З. Конституция и Парламент РК Алматы 1996
  • 7.     Қазақстан Республикасы Парламентінің Регламенті. Алматы 1996
  • 8.     Исабеков А.К. Қазақстан Республикасы Парламентінің құқықтық мәртебесі: Заң.ғыл. канд. Дис. Автореф – Алматы 2000-21 б.
  • 9.     Мәжіліс Регламенті, 1996 Сенат Регламенті Алматы 1996
  • 10.           Жарболова А.Ж. Қазақстан Республикасындағы заң шығару процесі. Заң.ғыл. канд. Дис автореф.-Алматы, 2004. -30б
  • 11.           Атаханова С.К Конституциялық құқықтық нормаларды жүзеге асыру: Оқу құралы: Алматы, Қазақ университеті 2008 -126б


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет