№1952-23-3-1/420
С О Т Б Ұ Й Р Ы Ғ Ы
02 ақпан 2023 жыл Қаскелең қаласы
Алматы облысы Қарасай аудандық соты құрамында төрағалық етуші судья А.А.Чалтабаев өндіріп алушы Серик Тынышбекович Тулегеновтың борышкер Айнұр Мусабаевна Хамитоваға сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді орындамауына байланысты, 367 600 теңге өндіруге сот бұйрығын шығару туралы арызын қарап,
Іс құжаттары бойынша Серик Тынышбекович Тулегенов борышкер Айнұр Мусабаевна Хамитовнаның арасында 31 қазан2022 жылы дауды сотқа дейін медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілген (бұдан әрі – медияциялық келісім).
Медияциялық келісімге сәйкес Айнұр Мусабаевна Хамитова 10 қараша 2022 жылдан бастап ай сайын 20 мын (жиырма мың) теңгеден әр айдын 10 –на дейін төлеп беруге келісіп, Серик Тынышбекович Тулегеновқа 367 600 теңге беруге міндеттенген.
ҚР АПК-нің 135 бабының 3 тармағына сәйкес заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерді орындау туралы сот бұйрығы шығарылуға жатады.
Соныдықтан, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім орындалмағандықтан сот бұйрығы шығарылып, С.Тулегеновтың арызы негізді болғандықтан қанағаттандырылуға жатады.
ҚР АПК-нің 109 бабына сәйкес сот шығындары борышкерден өндірілуге жатады.
ҚР АПК-нің 134-136 баптарын басшылыққа алып, сот
Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н:
Борышкер Айнұр Мусабаевна Хамитовнадан, 10.08.1980 жылы туған, мекен – жайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Сәукеле көшесі, №7 үй тұрғыны, ЖСН 800810402142, өндіріп алушы Серик Тынышбекович Тулегеновтың, 23.03.1979 жылы туған, мекен – жайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Кеңдала көшесі, №19 үй тұрғыны, ЖСН 790323303390, пайдасына 367 600 теңге (үш жүз алпыс жеті мың) теңге қарызы және 1725 (бір мың жеті жүз жиырма бес) теңге мемлекеттік баж салығы өндірілсін.
Сот бұйрығының өндіру бөлігі дереу орындалсын.
Борышкер сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап он күн мерзімде байланыстың кез келген құралдарын пайдалана отырып, мәлімделген талапқа келіспеген қарсылығын бұйрық шығарған сотқа жіберуге құқылы.
Судья: А.А.Чалтабаев
Достарыңызбен бөлісу: |