Қаскелең қаласы «Алтын ауыл орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



бет1/3
Дата23.02.2022
өлшемі477,5 Kb.
#133013
түріПрограмма
  1   2   3
Байланысты:
stud.kz-18429
0014cc49-d5853075, АҚТ 4класс Программалау Ойын сценарийін құру Презентация, ҚМЖ 8 сынып, ҚМЖ 7-сынып

S cratch визуальды объектілі-бағдарлы программалау ортасы

Еликбаева Айгуль Мамырбековна
Алматы облысы
Қаскелең қаласы
«Алтын ауыл орта мектебі мектепке
дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
«Ақпараттық Қазақстан - 2020» Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес мультимедиа-технологияны қолдану арқылы цифрлық ғылым және білім ресурстары жүйелі түрде дамытып, прогрессивті технологияларды және оқыту жүйелерін жасау мен енгізу жоғары білім берудің даму шарттарының ажырамас бөлігі болып табылады.
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың қарқынды дамыған ақпараттандыру заманында білім көкжиегі көз ілеспес жылдамдықпен дамуда. Информатика пәні бойынша ғылыми жарыстар мен интеллектуальды олимпиадаларда жақсы нәтижеге жету үшін ерте жастан бастап информатика пәнінің дұрыс жүргізілуіне көп көңіл бөлу қажет. Алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары мен ақпараттық технологияларға қатысты мекемелер оқушыларды ғылыми шығармашылық жұмысқа ерте жастан баулу мақсатында түрлі конкурстар, викториналар, олимпиадалар мен тағы басқа іс-шаралар өткізуде.
Төменгі сыныптан бастап кейбір балалардың информатикаға деген қызығушылығы төмендеп кетеді. Оған басты себеп тұрмыс жағдайындағы әлеуметтік факторлар болса, екінші себеп пәнге берілетін сағат санының аздығы және оқулықтағы материалдың негізінен барлық сыныптарда қайталанып келуі. Мысалы, Paint, Wordpad, Блокнот, Калькулятор, Фонограф қолданбалы программалары туралы тақырыптар 5-сыныптың бағдарламасында да 6,7 сыныпта да қайтадан қайталанып келеді. 8-сыныпта оқылған Microsoft Word бағдарламасы 10-сыныптың оқулығында (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) тағы кездеседі. Осындай олқылықтарды жою мақсатында білім беру үрдісінде қосымша сабақ түрінде өткізуге, немесе сынып бағдарламасы ретінде қарастыруға болатын оқушылардың бойында алгоритмдеу және модельдеу негіздерін қалыптастыратын Scratch программалау ортасын ұсынар едім.
Мультимедианың мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға болатын, баланың логикалық ойлау қабілеті мен сын тұрғысынан ойлау қасиетін жетілдіре отырып алгоритмдеу арқылы программалауға үйрететін бағдарламалау тілі ретінде Scratch -визуальды объектілі – бағдарлы программалау ортасын айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет