Сабақтың тақырыбы: Сандық функциялар. Сызықтық алгоритмдерді программалау. Сабақтың мақсаты



Дата07.02.2022
өлшемі22,73 Kb.
#95822
түріСабақ
Байланысты:
000034c7-f7e6c205


Күні: 12.12.2016 жыл
Сабақтың тақырыбы: Сандық функциялар. Сызықтық алгоритмдерді программалау. 
Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларда Pascal программалау тіліндегі енгізу және шығару операторлары

туралы мағлұматтар қалыптастыру.

  • Жаңа ақпараттық технологиялық құралдар мен бағдарламалық жабдықтарды

қолданып пәнге қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

  • Еңбексүйгіштікке баулу, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру

Сабақтың көрнектілігі: интерактивті тақта, компьютер, Паскаль программалау ортасы, слайд.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
 Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі
II Үй тапсырмаларын сұрау.
1.Алгоритм дегеніміз не?
Алгоритм-берілген мақсатқа жету үшін реттелген әрекеттер тізбегі
2.Алгоритм жазу пішімі қандай?
алг алгоритмнің аты
басы
алгоритм командалары
соңы

  1. Айнымалы типтерін атаңыз? (бүтін-integer; нақты-real; литерлік-char)


  1. Енгізу операторы (read, readln-енгізу)


  1. Шығару операторы ( write, writeln- шығару)


  1. Меншіктеу операторы (айнымалы аты:= өрнек)


  1. Программа жазу пішімі қалай?

program программа аты
айнымалалар бөлімі
begin
операторлар бөлімі
end.
 
III Жаңа тақырып.
Екі санның қосындысын (c=а+в) анықтайтын блок-схемасын,алгоритмін, программасын жазу. 

алг ЕСҚ табу
(арг бүт а, в,нәт бүт с)
басы
енгізу а, в
с=а+в
шығару с
cоңы

program ecep;
var a,b,c:integer;
begin
readln (a,b);
c:=a+b;
writeln (‘с= ‘,c);
end.
а=12 ,в=10
деп мәндері берілсе
онда программаны былай жазуға болады
program ecep;
var a,b,c:integer;
begin
a:=12;b:=10;
c:=a+b;
writeln (‘с= ‘,c);
end.

Оқушыларға ДК программаның орындалуын көрсету.


Сыныпты үш топқа бөлу.
1 топ «Программа»
2 топ «Блок-схема»
1 тапсырма: Әр топ өз атына сәйкес есеп шығарады.
Өрнектің мәнін табыңдар a=-2 ,болғанда (a-8)/(2a+5) блок-схемасын, программасын құрыңыз.
2 тапсырма: /топтар ауысады. 2 топ программа құрады, 1 топ блок-схема құрады/
P=2(a+b), S=a*b формуласы бойынша есептеу блок схемасын , программасын құрыңыз.
3 тапсырма: /2 топ та блок-схемасын, программасын құрады/
Үш санның арифметикалық ортасын табу алгоритмін, блок-схемасын және программасын жазыңыз.
IV Компьютермен жұмыс
Осы үш тапсырманы ДК Паскаль программалау тіліне жазып жауабын алыңыз.
“Программа” тобы 2 есеп Жазған тапсырмалары тексеріледі.
“Блок-схема” тобы 3 есеп
V Демалыс сәті.
Бүтін а санының түбіріне шығатын программаны құру үшін әр топ оқушылары ретін табуы керек . program san_a; writeln (‘түбір= ‘,х);
end. begin readln(a); x:=sqrt(a); var a:integer; x: real;
Әр топқа есеп үзіндісі беріледі жауабын табу керек.
VI Бекіту сұрақтары:
1.Айнымалы бөлім аталуы?
2.Алгоритм қасиеттерін атаңыз?
3.Алгоритмді график арқылы кескіндеудің атауы.
4.Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
5.Енгізу операторы қалай аталады?
6.Шығару операторы қалай аталады?
VII Үйге тапсырма:
№1. Y=(AX+B)-С өрнегінің
алгоритмін, блок-схемасын,программасын
құрып келу.
№2. y=x2+1 функциясын есептейтін программа жазыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет