Қазақ тілі сабағында кәсіптік бағыт беру



Дата10.06.2017
өлшемі61,57 Kb.
#18876
түріВикторина
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА КӘСІПТІК БАҒЫТ БЕРУ
Мулдагалиева Г.А., Сапаева Г.Е.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Мамандыққа қатысты викториналар оқыту барысында әртүрлі кезеңдерде сабақ үстінде және сабақтан тыс кештерінде, ойлан-тап жарыстарында пайдалынады.

Викториналарды өткізудің оқу тәрбиелік мәні аса зор, тындаушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып: танымдық қабілеттерін кеңейтеді, байқампаздыққа, тапқырлыққа, ойланып ойлы сөйлеуге үйретеді. Викторина сөздерді тез, тапқыр жауап беруге тәрбиелейтін сұрақ-жауап түріндегі білім-жарысы. Викторинаны өткізудегі басты мақсат тындаушылардың теориялық сарамандық білімін шығармалықпен пайдалана білуге даярлау. Викторина сұрақтарын ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА КӘСІПТІК БАҒЫТ БЕРУ

сұрақтарын бірнеше түрге бөлуге болады: Жай сұрақ, өлең сұрақ, реакция тендеулерін жаздыру, тәжірибенің нәтижесін немесе құбылысын талдау сұрақтары, сурет, сызбанұсқаны дәлелдеу сұрақтары, немесе әзіл-сұрақтардың мәнін анықтау және кейде мамандыққа қатысты сұрақтар ойлануға да беріледі. Әсіресе өлең түрінде берілетін сұрақтар тыңдашылардың өздері де құрастырғысы келеді. Өкінішке орай мамандыққа қатысты тақырыптарға арналған өлең түріндегі викториналар өте аз жазылады. Сұрақтарды қызықты етіп құра білу викторина дайындаудағы басты шарт.

Викторина белгілі тақырыпқа арналып, бүкіл аудитория қамтитын етіп құрылады да, өтілу тәртібіне қарай сұрақтары үлкен қағазға жазылып түрлі түсті суреттермен безендіріліп ілініп қойылады. Ол сұрақтарды қандай материалдан табуға болатынына кеңес беріп, журналдардың, әдебиеттің тізімі көрсетіледі. Викториналарды өткізудің көптеген нұсқалары бар, соның бірі викторинаны қазақ тілі сабағында студенттердің өздері жүргізеді.

Викторина сұрақтары жеке карточкаларға жазылып билет тәрізді қойылады. Жауап бергісі келген тындаушылар еріктілік негізі бойынша шақырылады. тындаушылардың жауабы балдық өлшем бойынша есептелінеді. Мүндай тәсіл тындаушылардың белсенділігін арттырады. Ол үшін күні бүрын қазылар алқасы сайланып, викторина өткізудің тәртібі таныстырылады, жүлде көп бал алғандарға берілетін/ескертіледі.

Мамандыққа қатысты викториналарды оқулықта берілген жеке тақырыптарға, тарихқа, ғалымдардың өмірімен ғылыми қызметіне, химиялық заттардың өмірде, өндірісте қолданылуына, элементтердің ашылу тарихына, қалай аталатынына химия жаңалықтарына байланысты тақырыптарды тандап алыш, әр түрлі нұсқада құрастыра беруге болады. Сондай мақсатта құрылған викториналардың кейбір түріне тоқталып өтейік:

Ауызша шешілетін викториналарда оларға аса қиын емес ойға тез түсетін сұрақтарды іріктеп алуға болады. Мысалы: 1). Аты үш әріптен түратын қандай элементтерді білесіңдер? (Иод, Мыс, Бор)

2). Қандай су дем шығарудан лайланады?

3). Қандай элементтер ғылымдардың құрметіне қойылған?

Кюрий (Мария Саладовская Кюри), Эйнштейн (Альберт Эйнштейн), Менделевий (Д.И.Менделеев), Фермий (Энрико Ферми), Гадолиний (Ю. Гадолинии), Курчатовий (И. Курчатов).

4). Қандай химиялық элемент грекше "тас" деп аталады? (литий- литос "тас" деген сөз)

5). Қандай металдар суға батпайды? (Литий, Натрий, Калий,)

2. Жазба түрінде берілетін викториналарды сұрақтарының мазмұны біршама ойланатындай күрделірек болу керек, тыңдаушылар ұсынылған әдебиеттерді оқу арқылы жауап беруге тура келеді. Кейде жазба жауап карточка арқылы да беріледі. Мынадай сұрақтарды жазуға болады:

1. Д.И.Менделеев қашан және қаңдай мақсатта ауа шарымен аспанға көтіріледі? (1887ж. ауаның жоғары қабатын зерттеу үшін)

2. Қандай "ұн" астықтың өнімін арттырады, бірақ одан нан пісіруге болмайды (фосфор ұны).

3. Қандай элементтің атын қазақ тіліне аударған да "сасық" деп атайды? (Бром-бромос сасық деген сөз).

4. Д.И.Менделеев өз мұғалімдерінің ішінен кімді "орыс химиясының атасы"? деп атайды: (Александр Абрамович Воскресенский)

З.Жасыл қағазды жасыл жалынмен, қызыл қағазды қызыл жалынмен жандыруға бола ма? Болса, ол үшін не істеу керек?

(Жасыл жалынмен жандыру үшін қағазды азот қышқыл борнии, қызыл жалынмен жандыру үшін азот қышқыл стронций тұздарының ертіндісіне батырып, одан соң оны кептіру керек.

3. Өлең түрінде берілетін викториналар, кез келген элементтің не заттың қасиетін, ашылу тарихты білу мақсатында қолданылады.

Мысалы: 1) Алғаш болды белгілі

Күнде қандай элемент.

Одан кейін біз оны

Жерден зерттеп тауып ек.

(Гелий)

Табылса бұрын там-тұман,



Қазір көп әрбір өлкеде.

Қымбат болды алтыннан,

Қандай металл ертеде.

(Алюминий)

Кейде тас тілген болаттан да,

Кейде жүмсақ қолға алсаң, қалады таңба.

Барма элемент осындай табиғатта,

Аталып тағы ойларын ұзақ таңға,

(Көміртегінің түр өзгерісі алмаз бен графит)

Бір элемент инертті газдар текті

Өзінше жеке топтан орын тепті.

Басқалар пысық па: Соны ғана

Неліктен" еріншек" деп атап кетті:

(Аргон -грекше)

Ақ металл айдалды тыным таппай

Жүргендей су бетінен орын таппай

Аздан соң сіңіп, жоқ болды,

Студентім, ал ойланған, қойма таппай

(Сілтілік металдардың сумен әрекеттесуі)

4. Жұмбақ түрінде берілетін викториналар, оларды өлең түрінде де, әңгіме түрінде де беруге болады.

І. А деген элемент қараңғьща су астында нұр жайнап тұрады да, оны жарық дүниеге алып шыққанда жанды, көп кешікпей жалп етіп сөнді, бүл қай элемент? (ақ фосфор, ол ауа астында сақталады, ауада өздігінен тұтанып жанады.)

2. Жұмысты отты жігермен істеу керек деп лепірді "Б" деген элемент, бірақ ол біреудің отын үрлегені болмаса, өзі еш уақытта жанып көрген емес, бүл қай элемент? (оттегі) 3. "Б" деген элементтің мінезі тіптен өткір салған жерден тіліп түседі. Сонша өткірлік неге керек екен деп шырт етіп сынып кетіп, ондайды көтере алмайтын қосылыс. (Ма2ОСаО-б5і02) бүл не?

Мінезі өткір көміртегінің түр өзгерісі алмаз. Оны көтере алмайтын шыны.

"Д" деген элемент қай металдың болсын орнын басуға құмар-ақ, бірақ қанша буырғанса да одан металл шығып көрген емес, бұл қай элемент? (Суттегі металдың орнына тұрғанымен металл емес)

V. Сурет түрінде берілетін викториналар да әртүрлі: көгапілік жағдайда ғалымдардың өмірі мен ғылыми еңбектерін білу негізінде жүргізуге болады.

Бірнеше ғалымдардың суреті беріледі де, олар ашқан жаңалықтар қосыла жазылады. тындаушылар сурет бойьшша ғалымның әкесінің аты мен өз атьш айтып, оның ашқан еңбектерін тауып айту керек.

VI. Сурет – сызба түрінде берілетін викториналар. Олар әртүрлі болады. Мысалы: бірнеше қүралдың сурет салынады да, оларда жүргізуге болатын реакциялардың теңдеулері жазылады. Студент қай құралда қандай реакцияны жүргізуге болатынын айтып береді. Немесе құралды қүрастыруда жіберілген кемшіліктерді түзетеді.

Немесе суретке қарап тұрып реакциялардың жазу ретін, тәртібін түсіндіреді.

5. Олимпиада да викторина сияқты сұрақ-жауап болып келеді. Негізгі міндеті қазақ тілін оқыту барысында студенттердің танымдық қызметін дамыту, сөздік қорын байыту, ауызша жоне жазбаша тілін дамыту білімін жинақтау-болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Химия журналы. 4, 2012. 12 б.

2. Ә. Қабдешова Сын тұрғысынан ойлау

3. Қазақ тілі мен әдебиеті. №10, 23б.

4. Қазақстан мектебі. 1, 2014. 20 б.

5. Қазақстан мектебі. 8, 2014.18 б.



6. Жеке тұлғаға бағытталған сабаққа қойылатын талаптар «Қазақстан тарихы» әдістемелік журнал. 2009, 15-18 б.

7. Білім көкжиегі. 4, 2013

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет