Сабақ тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Көксерек-табиғаттың тағы перзенті»



Дата09.08.2017
өлшемі127,23 Kb.
#23266
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар

Күні: 20.01.2015ж

Сынып: 7 «А»

Пәні: әдебиет

Мұғалімі: Ережепова Ж.М

Сабақ тақырыбы:

Мұхтар Әуезов «Көксерек-табиғаттың тағы перзенті»

Сілтеме:

Оқу мерзімдік жоспар, бағдарлама, оқулықтар, әдістемелік нұсқау

SMART мақсаты:

  1. шығарманың мазмұнын талдай отырып Көксеректің түз тағысы екенін мысалдар келтіру арқылы дәлелдету;

  2. оқушыларды адалдыққа,табиғатқа қамқор болуға,әр қадамын ойланып істеуге тәрбиелеу;

  3. балаларды өз пікірін қорғай білуге үйрету,іздендіру арқылы ойлай білу дағдысын қалыптастыру;




Күтілетін нәтижелер:

1.Оқушылар диалогтік жұмыс жасау барысында өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік алады.
2.Топтық жұмыста өзін – өзі реттей алады.
3.Диалогтік қарым – қатынасқа түсу арқылы күмәнді жауаптарын түзетіп, салыстырады.



Ресурстар

сызбалар, бүктеме,сот киімін, қасқыр «киімін» киген оқушылар

Сабақта қолданатын стратегиялар:

диалогтік әдіс, рефлексия, дәлелдеу , сұрақ-жауап.

Оқыту әдістері:



сұхбаттасу, айтыс, дәлелдеу

Сабақ барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті




І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, түгендеу, топқа бөлу.



Үй тапсырмасын сұрау
- Олай болса кеше ғана оқып танысқан бәріміз көркем фильм арқылы жақсы білетін Көксерек және оның иесі ( Құрмаш) олардың іс-әрекеті турасында әңгіме өрбімек.

Сұхбат алу.




Сабақ мазмұнына байланысты берілген тест тапсырмаларын орындаңыз.

Тест тапсырмалары 10 сұрақтан тұрады.

Тест сұрағын оқып, берілген жауаптардың дұрыс нұсқасын белгілеңіз.

Тестілеудің нәтижесін «Қорытынды беттен» көре аласыз.

«Көксерек» оқиғасы неліктен бұлай өтті осыған байланысты оқушылардың пікірін тыңдасақ.

Топпен жұмыс

Оқушылар ақтаушылар, қаралаушы топқа бөлінеді.

Сұхбат алу.

1. Көксерек фильмін көрдің бе?

2. Қай жері сіздің есіңізде қалды?

3. Көксерек туралы сіздің ойыңыз?

Көксерек фильмінен үзінді көру.

1-бөлім: Қасқырлар мекені

2-бөлім: Адамдар қиянаты

3-бөлім: Көксерек пен Құрмаш

4-бөлім: Әжесі мен Құрмаш

5-бөлім: Айқас

6-бөлім: Қасқыр қашанда қасқыр



Әр оқушы жеке орындайды
 

«Көксерек» әңгімесі қай жылы жазылғанын көрсетіңіз.

А) 1929+

B) 1939


C) 1935

D) 1948


«Көксерек» тұңғыш рет қай журналда жарияланғанын белгілеңіз.

А) «Айқап»

B) «Қазақ»

C) «Жаңа әдебиет»+

D) «Қазақ әдебиеті»

«Көксерек» көркем фильмінің тұсаукесері қай жылы, қай қалада өткенін көрсетіңіз.

А) 1975 жылы, Алматыда

B) 1974 жылы, Мәскеуде+

C) 1976 жылы, Бакуда

D) 1977 жылы, Ташкентте

1974 жылы Бакуде өткен бүкілодақтық кинобайқауда «Көксерек» фильмі нешінші орынға ие болғанын анықтаңыз.

А) бірінші орынға+

B) екінші орынға

C) үшінші орынға

D) орынға ие болған жоқ

Құрмаштың рөлін ойнаған Қамбар Уәлиев қандай атаққа ие болғанын анықтаңыз.

А) ең үздік актер+

B) жас талапкер

C) жас дарын

D) озат талапкер

М.Әуезовтің жұбайының аты кім екенін көрсетіңіз.

А) Кристина

B) Александра

C) Валентина+

D) Татьяна

«Көксерек» әңгімесінің тууына себепкер болған не екенін белгілеңіз.

А) аңшылардың суреті

B) иттің суреті

C) қасқырдың суреті

D) Дж.Лондонның шығармасы

Шығармада аңшылар бөлтіріктің неше күшігін тауып алатынын белгілеңіз.

А) 9


B) 7+

C) 5


D) 6

Қара ала төбет иесінің аты кім екенін белгілеңіз.

А) Құрмаш

B) Жұмаш+

C) Асан

D) Айбаш


Құрмаш өлерінде қасқырдың Көксерек екенін қандай белгісінен танитынын көрсетіңіз.

А) сол жақ құлағындағы тілігінен+

B) оң жақ құлағы салпылдауынан

C) аузында жырығы бар еді

D) маңдайында ақ жолағы бар
«Көксерек» оқиғасы неліктен бұлай өтті осыған байланысты оқушылардың пікірін тыңдасақ.

Сот төрағасы сот үрдісін ашық деп жариялайды.

Прокурор сөз алып, «қылмыстық оқиғаға» қысқаша шолу жасайды,осындағы бейкүнә Құрмаштың өліміне кінәлі Көксеректі жазаға тарту керек деген ұсыныс айтады.

Ақтаушылар: Көксеректің ауыл иттерінен, ауыл адамдарының көбісінен не үшін таяқ жегенін,олардан соққы жегенде қандай мінез көрсететінін,оның себебі неде екенін айта келіп, адамдар арасындағы өмірдің Көксерекке түсініксіздігін,яғни әрбір тіршілік иесінің өмір сүретін өз ортасы,өз қандастары бар екені туралы айтады. Қасқыр адамдар арасындағы өмірге көндікпейді,ол далада,тау-таста өмір сүру керек,бұл-табиғаттың заңы. Айнала қоршаған табиғаттың өз заңы,өз ерекшелігі бар. Көзін әлі ашпаған Көксерек адамдар арасына келіп тәрбиеленсе де, бөрілік табиғатына тартып екі аяқты пендемен өштесіп өсті. Себебі ол-қасқырдың өзіне тән мінезі,табиғи қасиеті. Сондықтан Көксеректі жазалау орынсыз.

Қаралаушы: өз сөзінде Құрмаштың Көксеректі қалай жақсы көргенін,қалай тамақтандырып,қалай күткенін,сол үшін тіпті әжесінің қасынан бөлініп,оны өзінің қасына алып жатқанын,ауыл иттерінен қорғағанын мәтіннен мысал келтіре отырып, Көксерек Құрмаштың жақсылықтарына зұлымдықпен жауап қайтарғанын дәлелдеп, оны жазалау керек деген райынан қайтпайды.

Ақтаушылар: Көксерек жақсылыққа жақсылық қайтаруды білмейді. Себебі ол-тағы. Оны шығарма барысында жазушы да бірнеше рет еске алады. Мысалы,Көксеректің дене бітімін суреттегенде «зіңгіттей көкшолақ қасқыр болды», «орасан боп өсті», «жоталары дүңкиіп,жон жүндері үрпиіп алған», «зорайып қатты өсті», «аяқтары жуандап, жүндерінің бәрі ұзарып өсті» деп сипаттайды.

«Гүрр» етіп ала төбетті алқымынан ала түсті», «гүрілдеңкіреп маңына дарытқысы келмейді», «қорқ-қорқ асайды», «қылқ-қылқ жұтады», «қабырғаларын кірт-кірт сындырады», «дүр-дүр еткізіп келеді» -бұл оның арланға тән қимылдары.

Көксеректің мінезін «қырыстанып жатып алады», «ызалы,долы,ашулы», «долылық,, жойқандық бар», «әлі күнге бір рет жадырап ойнап күлген емес», «татулық жоқ,суық», «Көксерек оңашада, елсізде қатты ойыншыл болатын», «ол түзде еркін ойнақы» деген тіркестермен суреттейді. Мұның бәрі Көксеректің тәрбиеге көнетін күшік емес, қанша асырасаң да орманға қарап ұлитын бөлтірік екенін дәлелдейді.Ол өзіне тән мінезіне тән әрекет жасады.

Айыпталушы Көксерек: Менің адамдарға деген өшпенділігімнің арта түсуіне итермелеген қосымша себептер:

1) адамдар менің ұяластарымды өлтірді;

2) ата-анама туған күн маған да туып,адамдар менің де күшіктерімді өлтірді;

3) өзім адам оғына тап болдым,күшік кезімде де екі аяқтылардан түрлі соққы алдым



Екі куәгердің сөздері.

Ақтаушылардың қорытынды сөздері: Көксеректің өзі келтірген дәлелдерінен басқа оның Құрмашты өлтіруіне себеп не? Қасқырдың өзіне тән мінезі,табиғи қасиеті дедік. Сондықтан ол қанына тартып,иесі болса да Құрмашты өлтірді.

Адам, жануар –табиғат жаратылысы. Олар өмір сүру үшін, ұрпақ сақтап қалу үшін өмір сүреді. Қасқырлар жыртқыш да болса тіршілік иесі. Адамдар осыны түсіну керек еді. Ал қасқыр апанын бұзу, бөлтіріктерін өлтіру-адамның табиғатқа жасаған қиянаты.

Әңгімеде адамдар әлемінің қатыгездігін көреміз, қиянатшы екенін байқаймыз. Ойланбай істеген істің опық жегізетінін көреміз. Құрмаш үлкендердің екі рет ескерткенін елемеді, қасқырды соймақшы болғанына көнбеді. Ал үлкендер ертеңді ойламай, арланның өсіп жыртқыш болып шығуына бар жағдайды жасады.

Адвокаттар кеңесінің тұжырымы: Құрмаш өліміне басты кінәлі Көксерек емес.

Сот үкім шығарады: Құрмаш өліміне адамдардың өзі кінәлі. Көксерек, біріншіден, тегіне тартып өлтірсе,бір жағынан мұндай қылыққа итермелеген-адамдардан көрген жәбір-жапасы. Адамдар «Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас» деген сөзді ескермеген. Көксерек күшік емес, бөлтірік. «Бөрі бөрілігін істейді», «Қасқырдың баласын қанша асырасаң да орманға қарап ұлуын қоймайды» деген ата-баба даналығына сүйеніп Көксеректің табиғат заңдылығына сәйкес әрекет еткенін ескере отырып оны жазадан босатамыз.

Оқушылар топпен жұмыс жасайды.

«Көксерек» әңгімесінен келтірілген мысал қай жануардың бейнесі? 


  
    Аяқтарының жуандық сомдығы кем емес. Дене жүні ақсарылау келгенде, маңдайы шаңқиған ақ маңғыл қасқа болатын. Екі көзі шатынап, шарасынан шығып тұрғандай үлкен. Үнемі от шашып тұратын қып-қызыл көз. Жотасы күлдіреуіштей. Құйрықтан ауыз омыртқаға шейін дөң сияқтанып, күдірленіп, дүңкиіп тұрады. Алдыңғы жағы арыстан бейнесіне ұқсайды.

Көксеректің

Қара төбеттің

Аққасқаның+

Тазы иттің

Дұрыс, бұрысын белгілеңіз

 

дұрыс

бұрыс

«Көксерек» әңгімесі – адам мен табиғат арасындағы 
байланысты көрсететін шығарма.





Жұмаш Көксеректі күшік кезінен асырайды.





«Көксерек» әңгімесі 1974 жылы жазылды.





М.Әуезов күнтізбе бетіндегі боранды күнгі қасқыр 
суретіне қарай жүріп, бала кезінде күніге аңшылардан естіген 
әңгімелерін еске түсіріп, «Көксерек» әңгімесін жазған болатын.





Көксерек ауыл иттерімен бірге қасқырларға шауып, 
ауыл малдарына жолатпай қояды.






Қажетті сөзді жазыңыз.

Кетерде бұның біреуінің 



 қиып қалдырды да, екінші біреуін – ең 



 алып жүріп кетті. 


 

Қажетті сөздер: тірсегін, аяғын, кенжесін, желкесін, үлкенін, ортаншысын.


Қорытынды


Ата-бабамыз қасқырды «Көк бөрі» деп атап қадір-қасиет тұтқан, оның атын атамай, «ұлыма», «итқұс», «жаманауыз» деп атаған. Оны орман санитары деп те атайды, ол-түз тағысы , ол еш уақытта цирк ареналарына шықпайды, қолға үйренбейді.

Әңгімедегі бейкүнә бала Құрмаштың өлімі – табиғаттың адамға берген жауабы секілді, екі аяқты пенделер, біздер, табиғат заңдылығын бұзуға хақымыз жоқ . Себебі, адам мен табиғат арасында тығыз байланыс бар. Ендеше, балалар, табиғатты зорлықпен, күшпен бағындыру мүмкін емес! М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін аяқтадық.Жазушының «Көксерегі» -оның ең таңдаулы шығармаларының бірі.





Рефлексия.


«Екі жұлдыз, бір тілек»

  • 1. Көксерек әңгімесі қай жылы жазылған? ( 1929 ж)

  • 2. Қасен деген кім? ( белгілі аңшы)

  • 3. Құрмаштың елі? ( Қараадыр)

  • 4. Көксеректі жеңген иттің аты? ( аққасқа)

  • 5. Көксерек әңгімесінің тақырыбы? ( Адам-Табиғат-Қасқыр)

Үй тапсырмасы

Сәбит Мұқанов туралы ізденіс, «Балуан шолақ» повесінен үзінді берілген оқу.

Бағалау


Өзін –өзі бағалау парағы .

Каталог: uploads -> doc -> 0735
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0735 -> Қазақстанның қалалары. Сабақтың тақырыбы
0735 -> Тақырыбы: Ұлттық тағам Сабақтың мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет