Қазақстан республикасындағы көлік логистикасы және оларды жетілдіру жолдары



бет1/7
Дата06.02.2022
өлшемі93,51 Kb.
#80673
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ҚР көлік логистикасы

Қазақстан республикасындағы көлік логистикасы және оларды жетілдіру жолдары

1.Кіріспе 2.ҚР халықаралық дәліздер және олардың проблемалары 3.Басқарудың интеграцияланған жүйесін қалыптастыру 4.Қорытынды


Логистикадағы сервис түсінігі.
Қызмет көрсету жұмысы, яғни басқа біреудің қажеттілігін өтеу, сервис деп аталады.Логистикалық сервис бөлу үрдісімен үздіксіз байланысты және тауарды тұтынушыға жеткізу үрдісіндегі кешенді қызмет болып табылады. Логистикалық сервистің нысаны өндірістік және өндірістік емес сферасындағы мекемелер, халық болып табылады.Логистикалық сервис жабдықтаушының өзімен немесе сатылымнан кейінгі қызмет көрсету облысында маманданатын экспедиторлық фирма арқылы жүзеге асады.

Логистикалық сервис облысындағы барлық жұмысты үш негізгі топқа жіктеуге болады:
· Сатылымға дейінгі, яғни қызмет көрсету сферасындағы саясатты анықтау және логистикалық қызмет көрсету жүйесінің құрылу жұмыстары;
· Тауар сату үрдісіндегі логистикалық қызмет көрсету жұмыстары, мысалы, жүктердің өтуі туралы ақпарат беру; ассортиментті таңдау, қаптама, жүк бірліктерінің қалыптасуы және т.б.;
· Сатылымнан кейінгі логистикалық сервис, оған кепілді қызмет көрсету, сатып алушылардың шағымын қарастыру, алмастыру және т.б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет