Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы


-бап. Кандидатурасын алып тастау, Сенат депутаттығына кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою



бет8/9
Дата27.02.2020
өлшемі0,8 Mb.
#58695
1   2   3   4   5   6   7   8   9
74-бап. Кандидатурасын алып тастау, Сенат депутаттығына кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою

1. Сенат депутаттығына кандидат тіркелген күннен бастап және дауыс бepугe екі күн қалғанға дейiнгi кезеңде тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясына бұл туралы жазбаша өтінiш бере отырып, өз кандидатурасын алып тастай алады.

2. Кандидатты ұсынған мәслихат (мәслихаттар) тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi уақытта облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясына тиiстi ұсыныс жасау арқылы кандидат ұсыну жөнiндегi өз шешiмiнiң күшiн жоя алады.

3. Мұндай жағдайларда тиiстi сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi не кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

4. Егер кандидатурасын алып тастау немесе кандидатты ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою осыған мәжбүр еткен себептерсiз жүргiзiлген болса, онда аумақтық сайлау комиссиясы сайлау науқанын өткiзуге республикалық бюджеттен жұмсалған қаражаттың бiр бөлiгiн кандидаттың немесе оны ұсынған тиiстi мәслихаттың есебiне жатқызуға хақылы.



Ескерту. 74-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2005.04.15 N 44 Конституциялық заңдарымен.

75-бап. Сенат депутаттығына кандидаттың сайлау қорының мөлшерi

Кандидаттың сайлау қоры:

1) жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген ең төменгi жалақының екі жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс кандидаттың жеке қаражатынан;

2) жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген ең төменгі жалақының бес жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.

Ескерту. 75-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.

76-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып қалғандардың орнына Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну

1. Тіркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн кандидаттардың шығып қалуы нәтижесiнде Сенат депутаттығына екіден кем кандидат қалған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы тиісті облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана), қалалық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, өз қаулысымен сайлаудың мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс.

2. Бұл жағдайда Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.



Ескерту. 76-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.

77-бап. Сенат депутаттарын сайлау жөнiндегi таңдаушылардың бiрлескен отырысын өткiзу тәртiбi

1. Сенат депутаттарын сайлау таңдаушылардың бiрлескен отырысында жүргiзiледi.

2. Егер бiрлескен отырысқа тиiсiнше облыстың барлық мәслихаттарынан, республикалық маңызы бар қаланың немесе Республика астанасының мәслихатынан өкiл болатын сайланған депутаттар санының

елу проценттен астамы қатысса, ол заңды болады.

3. Егер Сенат депутатын сайлау жөнiндегi отырыста болған таңдаушылардың елу процентiнен астамы дауыс беруге қатысса, ол өткiзiлген болып есептеледi.

4. Бiрлескен отырыста тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы) мәслихатының хатшысы төрағалық етушi болып табылады.

5. Таңдаушылардың бiрлескен отырысына тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы) сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қатысады.

6. Бiрлескен отырыс өткiзiлетiн жерде тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы Сенат депутатын сайлау жөнiндегi дауыс беру пунктiн ұйымдастырады.

7. Сенат депутаттарын сайлау жөнiндегi бiрлескен отырыстың өткiзiлгенiн куәландыратын құжат тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) тиiстi мәслихат хатшысының сайлау комиссиясына тапсыратын бiрлескен отырыс хаттамасы болып табылады.

8. Бiрлескен отырыс тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы) сайлау комиссиясының төрағасы Сенат депутатын сайлау жөнiндегi дауыс беру нәтижелерiн жариялағаннан кейiн жабылады.

Ескерту. 77-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.

78-бап. Сенат депутаты сайлауындағы дауыс санау

1. Сенат депутаты сайлауындағы дауыс санау нәтижелерi тиiсiнше облыстық, қалалық сайлау комиссиясының (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) дауыс беру пунктiнде өткiзiлетiн мәжiлiсiнде анықталады.

2. Облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерi бойынша Сенат депутатын сайлау жөнiндегi дауыс санаудың хаттамасын жасайды, оған:

1) сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қол қояды;

2) таңдаушылардың бiрлескен мәжiлiсiнде жария етiледi;

3) сайлау күнiнен бастап екi күннен аспайтын мерзiм iшiнде Орталық сайлау комиссиясына жiберiледi.

3. Дауыс санау нәтижесiн анықтауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.



Ескерту. 78-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңдарымен.

79-бап. Сенат депутатын сайлау кезiнде қайта дауыс беру

1. Егер сайлау бюллетенiне Сенат депутаттығына екiден астам кандидаттар енгiзiлген болса және олардың бiрде-бiрi сайланбаса, тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы ең көп дауыс алған екi кандидат бойынша қайта дауыс берудi тағайындайды. Кандидаттардың бipeуi шығып қалған жағдайда, сайлау бюллетеніне неғұрлым көп дауыс алған келесi кандидат енгiзiледi.

2. Қайта дауыс беру осы Конституциялық заңның талаптары сақтала отырып, бастапқы дауыс беру болған күнi өткiзiледi.

3. Алып тасталды - ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен.

Ескерту. 79-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.

80-бап. Сенат депутаттарын қайта сайлау

1. Егер сайлау таңдаушылардың қажеттi санының келмеуi себептi өткiзiлмеген деп танылған болса немесе ол жарамсыз деп танылған болса, не екі кандидат дауысқа түскен кезде олар сайланбай қалса, Орталық сайлау комиссиясы тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша қайта сайлау өткiзу жөнiнде шешiм қабылдайды.

2. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейiн екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзедi. Депутаттыққа кандидаттарды ұсыну мен тiркеу, қайта сайлау кезiнде жүзеге асыру көзделген басқа да шаралар осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүргiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларының қысқартылған мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.

3. Қайта сайлау туралы хабар жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

4. Алып тасталды - ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.



Ескерту. 80-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.

81-бап. Сенат депутаттары сайлауының қорытындыларын анықтау және жариялау

1. Республика бойынша тұтас алғанда Сенат сайлауының қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткiзiлген күннен бастап жетi күн мерзiмнен кешiктiрмей шығарады.

2. Сенат депутаты сайлауында:

1) дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған;

2) қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатпен салыстырғанда таңдаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн дауысын алған.

3) алып тасталды - ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен;

3. Сайлаудың қорытындыларын анықтауға және жариялауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.



Ескерту. 81-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.

82-бап. Сенат депутаттарын тiркеу

1. Орталық сайлау комиссиясы тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала және Республика астанасы) сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде Сенаттың сайланған депутаттарын тiркейдi.

2. Орталық сайлау комиссиясы тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы) сайлау комиссиясының ұсынысы немесе таңдаушылардың арыздары бойынша, егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не дауыс беру нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңды бұзу орын алған болса, Сенат депутаты сайлауын жарамсыз деп табуы және Сенат депутатын тiркеуден бас тартуы мүмкiн. Бұл ретте Сенат депутаттығына кандидат Орталық сайлау комиссиясының осы шешiмiне қабылданған күнiнен бастап он күн iшiнде Жоғарғы Сотқа шағым жасай алады, ол он күн мерзiмде түпкілікті шешiм қабылдайды.



Ескерту. 82-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1997.06.19 N 133-1, 1999.05.06 N 375; 31.07.2015 № 340-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

83-бап. Сенат депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауын өткiзу

1. Сенат депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауы Сенат депутаттарын кезектен тыс сайлау үшiн осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес өткiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларын өткiзу мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.

2. Сенат депутаттары өкілеттiгiнің конституциялық мерзiмi бiтуiне бiр жыл қалғанда шығып қалған депутаттың орнына сайлау өткiзiлмейдi.



Ескерту. 83-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.

84-бап. Сенат депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi Конституциялық Кеңестiң қарауы

1. Республика Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Республика Премьер-Министрiнiң сайлау қорытындылары шығарылғаннан кейiн он күн iшiнде берiлуi мүмкін өтiнiшi бойынша Конституциялық Кеңес дау туындаған жағдайда Сенат депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi шешедi. Бұл жағдайда сайланған Сенат депутаттарын тiркеу өтiнiштi қарау уақытына тоқтатыла тұрады.

2. Орталық сайлау комиссиясы Сенат депутаттары сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы дау туындаған жағдайда сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты материалдарды Конституциялық Кеңеске бередi.

3. Конституциялық Кеңес Конституцияны бұзу анықталған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде Сенат депутаттары сайлауын Конституцияға сәйкес емес деп таныған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы осы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердегi сайлауды жарамсыз деп тану және сайлау жарамсыз деп танылған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде екi ай iшiнде қайта сайлау өткiзу туралы шешiм қабылдайды.

Ескерту. 84-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.

12-тарау. Республика Парламентi Мәжiлiсiнiң


депутаттарын сайлау

85-бап. Мәжiлiс депутаттары сайлауын тағайындау

1. Мыналар:

1) Мәжiлiс депутаттарының өкiлдiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң бiтуi кезектi сайлауды;

2) Парламент немесе Парламент Мәжілісі өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы кезектен тыс сайлауды;

3) депутат өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, депутатты мандатынан айыру не оның қайтыс болуы шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауын тағайындауға негiз болып табылады.

2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда депутаттар сайлауын Республика Президентi Мәжiлiс депутаттары өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуiнен кемiнде бес ай бұрын тағайындайды және ол екi айдан кешiктiрілмей өткiзiледi.

3. Осы баптың 1-тармағының 2)-тармақшасында көзделген жағдайда депутаттар сайлауын Республика Президентi бiр мезгiлде Парламент немесе Парламент Мәжілісі өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылғаны туралы шешiм қабылдай отырып, Парламенттiң немесе Парламент Мәжілісінің өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған күннен бастап екi айдың iшiнде тағайындайды.

Республика Президентінің Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарату туралы актісі қолданысқа енгізілген күн депутаттардың кезектен тыс сайлауы өткізілуге тиіс мерзімнің басталу кезі болып табылады. Бұл мерзім екі ай өткен соң аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.

3-1. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауы күні Мәжілістің партиялық тізім бойынша сайланатын депутаттар сайлауы өткізілетін күнмен дәл келмеуі мүмкін.

4. Осы баптың 1-тармағының 3)-тармақшасында көзделген жағдайларда шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауын депутат мандаты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және одан айырылған не ол қайтыс болған сәттен бастап үш айдан кешiктiрмей Орталық сайлау комиссиясы тағайындайды.

5. Сайлау күнi Конституцияның 41-бабының 3-тармағының талаптары ескерiле отырып белгiленедi.



Ескерту. 85-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375, 2007.06.19 N 268; 03.10.2013 № 133-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.

86-бап. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптар

Мәжiлiс депутаты болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 51-бабының 4-тармағында белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына және осы Конституциялық заңға сәйкес белсендi сайлау құқығына ие болуға тиiс.

Ескерту. 86-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.

87-бап. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсыну

1. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы - белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияларға, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға қатысты Ассамблея Кеңесіне тиесілі.

2. Біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша Мәжіліс депутаттығына сайлау үшін адамдарды партиялық тізімге енгізу саяси партияның жоғары органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен жүргізіледі. Саяси партиялардың партиялық тізімдерге осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын адамдарды кіргізуге құқығы жоқ.

Саяси партияның жоғары органының шешімі азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтінішімен бірге Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.

3. Саяси партиялар партиялық тізімдерді мемлекеттік тілдің әліпбиі ретімен жасайды. Партиялық тізімді саяси партияның өкілі саяси партияның жоғары органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірмемен бірге бір мезгілде Орталық сайлау комиссиясына ұсынады. Өкілдің өкілеттіктері тиісті құжаттармен расталуға тиіс.

4. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсынуды Ассамблея Кеңесі жүргізеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің шешімі көпшілік дауыспен қабылданады және хаттамадан үзінді көшірмемен ресімделеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің шешімі азаматтың сайлауға түсуге келісімі туралы өтінішімен бірге Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.

5. Егер сайлауды белгілеу кезінде өзгеше көзделмесе, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну сайлаудан екі ай бұрын басталып, оған қырық күн қалғанда аяқталады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну сайлаудан бір ай бұрын басталып, оған жиырма күн қалғанда аяқталады.



Ескерту. 87-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.02.09. N 124-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен.

88-бап. Сайлау жарнасы

1. Партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақының он бес еселенген мөлшерінде Орталық сайлау комиссиясының шотына саяси партиялардың қаражатынан сайлау жарнасын енгізеді.

2. Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының жеті және одан да көп процентін алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді.

3. Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының бестен жетіге дейінгі процентін алған саяси партия осы баптың 1-тармағында белгіленген сайлау жарнасы мөлшерінің елу проценті мөлшерінде сайлау жарнасын төлейді.

Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының үштен беске дейінгі процентін алған саяси партия осы баптың 1-тармағында белгіленген сайлау жарнасы мөлшерінің жетпіс проценті мөлшерінде сайлау жарнасын төлейді.

4. Саяси партия сайлау қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде жеті процентін алған жағдайларда, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна саяси партияға қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және

республикалық бюджет кірісіне алынады.



Ескерту. 88-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен.

89-бап. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттарды тiркеу

1. Саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді және Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттарды тіркеуді Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.

РҚАО-ның ескертпесі!



2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 413-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

2. Кандидат және оның зайыбы (жұбайы) тіркелгенге дейін тұрғылықты жері бойынша салық органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салықтық

бақылауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда табысы мен мүлкі туралы декларацияны ұсынады.

Саяси партия ұсынған кандидат және оның зайыбы (жұбайы) декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын салық қызметі органдары партиялық тізім тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексереді.

Бұл ретте саяси партия ұсынған кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) табысы мен мүлкі туралы мәліметтерді ұсыну жөніндегі салық қызметі органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талаптар алынған күннен бастап төрт күн ішінде беруге міндетті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидат және оның зайыбы (жұбайы) декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын салық қызметі органдары кандидат тіркелген күннен бастап үш күн ішінде тексереді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) табысы мен мүлкі туралы мәліметтер беру жөніндегі салық қызметі органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талаптар алынған күннен бастап екі күн ішінде беруге міндетті.

3. Партиялық тізімдерді тіркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүргізіледі:

1) Республиканың Әділет министрлігінде саяси партияның тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі қоса тіркелген, саяси партияның жоғары органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;

2) азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініші;

3) партиялық тізімге енген әрбір адам туралы өмірбаяндық деректер;

РҚАО-ның ескертпесі!



4) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 413-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

4) кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) табысы мен мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;

5) саяси партияның сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат;

6) партиялық тізімге енгізілген адамның осы тізімді ұсынған саяси партияға мүшелігін растайтын құжат.

4. Тіркеуге бір саяси партиядан оған саяси партиялар арасында бөлінетін депутаттық мандаттардың белгіленген санының отыз процентінен аспайтын адамдар саны енгізілген бір ғана тізім жіберіледі.

5. Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттарды тіркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүргізіледі:

1) Ассамблея Кеңесінің кандидаттарды ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;

2) азаматтың депутаттыққа кандидат болып сайлауға түсуге келісімі туралы өтініші;

3) Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған әрбір адам туралы өмірбаяндық деректер;

РҚАО-ның ескертпесі!



4) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 413-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

4) Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) табысы мен мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы.

6. Орталық сайлау комиссиясы:

1) партиялық тізімдер тіркелгеннен кейінгі оныншы күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында саяси партияның атауын және партиялық тізімге енгізілген адамдардың санын, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген әрбір адамның тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, атқаратын қызметін (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін көрсете отырып, тіркелгені туралы хабар жариялайды;

2) Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттар тіркелгеннен кейінгі үшінші күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан халқы Ассамблеясының атауын, Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған адамдардың санын, әрбір ұсынылған

адамның тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, атқаратын қызметін (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін, сондай-ақ кандидаттардың қалауы бойынша қай ұлтқа жататынын көрсете отырып, тіркелгені туралы хабар жариялайды;

3) тіркеу кезінде кандидаттарға тиісті куәліктер береді;

4) мынадай жағдайларда:

саяси партия партиялық тізімді ұсыну ережелерін бұзған, тіркеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған;

партиялық тізімді ұсынған саяси партия, ол ұсынған кандидаттар, оның сенім білдірген адамдары сайлау алдындағы үгітті тіркелгенге дейін жүргізген;

тұтас партиялық тізімнің елу процентінен астамын құрайтын адамдар партиялық тізімнен шыққан;

партиялық тізімді ұсынған саяси партияның немесе оның сенім білдірген адамдарының кандидаттың, партиялық тізімді ұсынған басқа саяси партияның немесе партиялық тізімге енгізілген адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, оның іскерлік беделін түсіретін жалған мәліметтерді тарату фактісін сот анықтаған;

партиялық тізімді ұсынған саяси партияның немесе оның сенім білдірген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін сот анықтаған;

осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда партиялық тізімді тіркеуден бас тартады немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.

Дауыс беретін күнге екі күн қалғанда партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе бұрын тіркеуден шығарылған партиялық тізімді қалпына келтіруге жол берілмейді;

5) мынадай жағдайда:

партиялық тізімге енгізілген адам Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда кандидатқа қойылатын талаптарға сай келмеген;

партиялық тізімге енгізілген адамның өзінің сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;

партиялық тізімге енгізілген адам сайлау алдындағы үгітті партиялық тізім тіркелгенге дейін жүргізген;

партиялық тізімге енгізілген адамның партиялық тізімді ұсынған саяси партияның кандидатының немесе партиялық тізімге енгізілген басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, олардың іскерлік беделін түсіретін жалған мәліметтерді тарату фактісін сот анықтаған;

РҚАО-ның ескертпесі!

5) тармақшаның бірінші бөлігінің алтыншы абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 413-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасына сәйкес партиялық тізімге енгізілген адамның және оның зайыбының (жұбайының) декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыс еместігі анықталған;

партиялық тізімге енгізілген адамның немесе оның сенім білдірген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін сот анықтаған;

осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда партиялық тізімге енгізілген адамды осы тізімнен шығару туралы шешім қабылдайды.

Партиялық тізімге енгізілген адамды осы тізімнен шығару туралы шешімге партиялық тізімді ұсынған саяси партия не партиялық тізімнен шығарылған адам Жоғарғы Сотқа шағым жасай алады, оның шешімі түпкілікті болып табылады.

Партиялық тізімге енгізілген адамды дауыс беретін күнге екі күн қалғанда шығару туралы шешім қабылдауға жол берілмейді;

6) Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидатты мынадай жағдайларда:

адам Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда кандидатқа қойылатын талаптарға сай келмеген;

ол өзінің сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі кандидаттарды ұсыну ережелерін бұзған, тіркеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған;

кандидат, оның сенім білдірген адамдары сайлау алдындағы үгітті тіркелгенге дейін жүргізген;

кандидаттың және (немесе) оның сенім білдірген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, оның іскерлік беделін түсіретін жалған мәліметтерді тарату фактісін сот анықтаған;

РҚАО-ның ескертпесі!

6) тармақшаның бірінші бөлігінің жетінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 № 413-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасына сәйкес декларация берген кезде кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыс еместігі анықталған жағдайда;

кандидаттың немесе оның сенім білдірген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін сот анықтаған;

осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда тіркеуден бас тартады немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.

Дауыс беретін күнге екі күн қалғанда кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе бұрын тіркеуден алып тасталған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейді.

7. Партиялық тізімді тіркеуден бас тартуға немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға жеті күн мерзімде Орталық сайлау комиссиясына және (немесе) Жоғарғы Сотқа шағым жасауға болады. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясы немесе Жоғарғы Сот шағым берілген күннен бастап жеті күн мерзімде шағым бойынша шешім шығарады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидатты тіркеуден бас тартуға немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға екі күн мерзімде Орталық сайлау комиссиясына және (немесе) Жоғарғы Сотқа шағым жасауға болады. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясы немесе Жоғарғы Сот бір күн ішінде шағым бойынша шешім шығарады.

8. Партиялық тізімдерді тіркеу, егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлаудан екі ай бұрын басталып, оған бір ай қалғанда аяқталады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттарды тіркеу, егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлаудан жиырма күн бұрын басталып, оған он бес күн қалғанда аяқталады.

Ескерту. 89-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.06.19 N 268, 2009.02.09 N 124-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 31.07.2015 № 340-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет