Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы


-бап. Жеке және заңды тұлғалардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегi шешімдердi талқылауға қатысуы



бет11/80
Дата24.08.2020
өлшемі215,97 Kb.
#76751
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   80
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы (1)
Оқу бағдарламасы ата-ана үшін
13-бап. Жеке және заңды тұлғалардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегi шешімдердi талқылауға қатысуы

      1. Қол жеткiзiлуi заң тәртiбiмен шектелген немесе мемлекеттiк құпияларға жатқызылған ақпаратты қоспағанда, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары өздерi мекендейтiн және тiршiлiк ететiн ортаның жай-күйi, оның сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнде белгiленiп отырған болжамды өзгерiстерi туралы толық, уақтылы және сенiмдi ақпарат алуға құқығы бар.

      2. Жеке және заңды тұлғаларды өздерiнiң мекендейтiн және тiршiлiк ететiн ортасының жай-күйi туралы, сондай-ақ аумаққа құрылыс салу (қайта жоспарлау) жөніндегi ниеттерi туралы хабардар етудi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе қоғамдық талқылау жүргізу, экспозициялар мен көрмелер арқылы жергілікті ayдандардың (қалалардың) атқарушы органдары жүзеге асырады.

      3. Қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасы бекiтiлгенге дейiн жеке және заңды тұлғалардың талқылауға қатысуға, қоғамдық немесе жеке мүдделердi қозғайтын, қабылданатын шешiмдердi өзгерту жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.

      4. Жобаланатын объектілер, мекендеу және тiршiлiк ету ортасының жай-күйi мен онда жасалмақшы болып отырған, мемлекеттiк нормативтерге немесе бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес келмейтiн, сондай-ақ тiкелей қоғамдық және жеке мүдделердi қозғайтын өзгерiстер туралы мемлекеттiк органдар жалған ақпараттар берген (қол жеткiзiлуi шектеулi санатқа жатқызылмаған сұратылған ақпаратты беруден бас тартқан) жағдайда, жеке және заңды тұлғалар сот органдарына жүгінуге құқылы.

      5. Қала құрылысы, сәулет немесе құрылыс шешiмдерiн қабылдау кезiнде жеке және заңды тұлғалардың талқылауға қатысуы:

      1) тiкелей қатысу;

      2) өкілдiгi нысанында;

      3) заңда тыйым салынбаған өзге де нысанда көрiнiс табады.

      6. Егер сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметi осы аумақта азаматтардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және заңды тұлғалардың мүдделерiн қозғаса, онда олардың:

      1) заңдарды немесе мемлекеттiк нормативтердi бұза отырып жүзеге асырылатын объектiлердi орналастыру, жобалау, салу (реконструкциялау) немесе пайдалануға беру туралы шешiмнiң әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен күшiн жоюға;

      2) заңдарды немесе мемлекеттiк нормативтердi бұза отырып жүзеге асырылатын қызметке әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен шектеу енгiзуге, тоқтата тұруға немесе тоқтатуға;

      3) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (аудандық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының iс-әрекеттерiне, сондай-ақ жобаларды сараптау қорытындысына сот тәртiбiмен шағым жасауға;

      4) субъектiлердiң немесе лауазымды адамдардың заңдарды немесе мемлекеттiк нормативтердi бұзуға жол беруiне байланысты азаматтардың денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу туралы сотқа талап қоюға;

      5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы заңдарды және мемлекеттiк нормативтердi бұзудың өзге де фактiлерi бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен жүгiнуге құқығы бар.

      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 2004.12.20. N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет