23-бап.
Ескерту. 23-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
23-1-бап. Аудандық мәслихаттардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыреті
Аудандық мәслихаттардың тиісті аумақта жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне:
1) аудандық маңызы бар қалалардың және кенттердің бас жоспарларын, сондай-ақ халқының есептік саны бес мың тұрғынға дейінгі ауылдық елді мекендерді дамыту және салу схемаларын (оңайлатылған бас жоспарларын) бекіту;
2) қала құрылысы жобаларын, сондай-ақ инженерлік жағынан қамтамасыз ету және коммуникациялар схемаларын бекіту кіреді.
Ескерту. 23-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.10. N 116 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Достарыңызбен бөлісу: |