22-бап. Қалалық мәслихаттардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi
1. Республикалық маңызы бар қалалар, астана мәслихаттарының қала аумағында және қала маңы аймағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретiне:
1) қаланы дамытудың бас жоспарының жобасын (негізгі ережелерді қоса алғанда) мақұлдау;
1-1) заңнамалық тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың (аудандық жоспарлау жобасының) кешенді схемасын бекіту;
2) қала әкімдігі ұсынатын қаланы абаттандыру және инженерлiк қамтамасыз ету қағидаларын бекiту;
2-1) қала шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді егудің, күтіп-ұстаудың және қорғаудың қала әкімдігі ұсынатын ережелерін бекіту;
3) қала әкімдігі ұсынатын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісілген тұрғын үй қорын, өзге де тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды күтіп-ұстау ережелерін бекіту;
4) алып тасталды – ҚР 26.12.2019 № 289-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5) мемлекеттік табиғи-қорық қорының қалалық маңызы бар объектілерін қорғаудың және күтіп-ұстаудың аумақтық қағидаларын белгілеу;
6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісілген республикалық маңызы бар қалалар мен астананың сәулеттiк келбетiн қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту кіреді.
1-1. Халқының саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының қала аумағы мен қала маңы аймағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне:
1) қаланың бас жоспарының жобасын мақұлдау;
2) заңнамалық тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған, қалаға іргелес жатқан аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың (аудандық жоспарлау жобасының) кешенді схемасының жобасын мақұлдау;
3) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4) қала мен қала маңы аймағын абаттандыру және инженерлiк жағынан қамтамасыз етудiң, сондай-ақ тұрғын үй қорын, өзге де тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлiк коммуникацияларды күтiп-ұстаудың қағидаларын бекiту кiредi.
2. Халқының саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының қала аумағы мен қала маңы аймағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне:
1) қаланың бас жоспарының жобасын (негізгі ережелерді қоса алғанда), заңнамалық тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған, қалаға іргелес жатқан аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың (аудандық жоспарлау жобасының) кешенді схемасының жобасын мақұлдау;
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) қала мен қала маңы аймағын абаттандыру және инженерлiк жағынан қамтамасыз етудiң, сондай-ақ тұрғын үй қорын, өзге де тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлiк коммуникацияларды күтiп-ұстаудың қағидаларын бекiту кiредi.
3. Алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N 116 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.07.21. N 297 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.10. N 180-IV; 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 289-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: |