МӨж орындаған: Сазанбаева А. Ғимараттар мен құрылыстарды (объектілер) салу



Дата14.04.2020
өлшемі2,37 Mb.
#62428
Байланысты:
Сазанбаева А.- геодезия магистратура СМР


МӨЖ

Орындаған: Сазанбаева А.

Ғимараттар мен құрылыстарды (объектілер) салу

Мамандық: 1 курс магистратура – геодезия



Жоспары:


  • Құрылыс объектілері және жобалау құжаттамасы;
  • Қазақстан Республикасы нарығындағы құрылыс объектілері мен құрылыс өнімдері айналымының шарттары

"Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті

1. Қолданылу саласы

1. Осы "Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі — Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі, "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы заңдарына сәйкес әзірленген.

2. Осы Техникалық регламент адам өмірін, денсаулығын, мүлікті және қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ құрылыс объектілері мен құрылыс өнімдерінің мақсатына және қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды (пайдаланушыларды) жаңылысқа соқтыратын әрекеттердің алдын алу, саудадағы техникалық кедергілерді жою мақсатында өмірлік циклінің барлық сатыларындағы құрылыс объектілері мен құрылыс өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын ең аз талаптарды белгілейді.

3. Осы Техникалық регламент объектілері болып табылатындар: ғимараттар мен құрылыстар (бұдан әрі - құрылыс объектілері), құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялары (бұдан әрі - құрылыс өнімі), құрылыс объектілерін және құрылыс өнімдерін жобалау, өндіру, тасымалдау, сақтау, пайдалану және кәдеге асыру процестері (бұдан әрі - өмірлік цикл сатылары).

4. Құрылыс өнiмдерiн сәйкестендiру жиынтығында тануға жеткiлiктi болатын таңбалау мен iлеспе құжаттары, белгiлерi, параметрлерi, көрсеткiштерi мен талаптары бойынша Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының (бұдан әрi – СЭҚ ТН) кодтарын және оларға сәйкес келетiн 04-2008 Қазақстан Республикасының экономикалық қызмет түрлерi бойынша өнiмдердiң ұлттық жiктеуiшi бойынша кодтарды пайдалану жолымен жүргiзiледi. Қауiпсiздiк талаптары белгiленетiн құрылыс өнiмдерiнiң тiзбесi осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтiрiлген.

Құрылыс объектілері және жобалау құжаттамасы мынадай қағидалар бойынша сәйкестендіріледі:

1) жобалау құжаттамасы құрылыстың объектісі мен мақсатына байланысты қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасының турлері мен құрамы бойынша сәйкестендіріледі және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен жасалатын, құрылысы салынбақшы болып отырған ауданда инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөнінде қызмет көрсетушілердің техникалық шарттарына және тапсырысшының жобалауға арналған тапсырмасына сәйкес әзірленеді;

2) оларға қатысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды қоса алғанда көлемді, тегіс немесе желілік күрделі объектілердің (ғимараттар, құрылыстар және олардың кешендері, коммуникациялары) барлық түрлерін құруға арналған құрылыс процестері құрылыс-монтаждау жұмыстарының түрлері бойынша сәйкестендіріледі әрі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады;

3) нарықта сатылатын және пайдалануға берілетін ғимараттар мен құрылыстар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамаға сәйкес жобалау құжаттамасына немесе техникалық паспортына сай функционалдық мақсаты бойынша сәйкестендіріледі;

4) функционалдық мақсатына байланысты ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану процестері Қазақстан Республикасы заң актілерінің және осы Техникалық регламенттің ережелері негізінде сәйкестендіріледі;

5) ғимараттар мен құрылыстарды кейіннен кәдеге жаратудың технологиялық процестері "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңымен және жергілікті атқарушы органдардың шешімдерінде белгіленген тәртіппен сәйкестендіріледі.

Қазақстан Республикасы нарығындағы құрылыс объектілері мен құрылыс өнімдері айналымының шарттары

Егер іздестіруші, жобалаушы, дайындаушы (беруші, сатушы) немесе уәкілетті өкіл, құрылыс объектісінің меншік иелері және тәуелсіз сарапшылар, авторлық және (немесе) техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдар, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды іске асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан өнімнің осы Техникалық регламентпен белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздігі туралы расталған ақпараты болса, құрылыс объектілері және құрылыс өнімі нарық айналымына жіберілмейді.

Ғимараттарды, құрылыстарды тұрғызу және түрлі жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі азаматтардың жеке, тұрмыстық қажеттіліктері үшін пайдаланылатын құрылыс материалдары, бұйымдары тек осы Техникалық регламенттің талаптарына сай, яғни функционалдық жарамдылығы болған жағдайда ғана нарыққа жіберілуі тиіс.

Құрылыс материалдары, бұйымдары (оның ішінде импортталатындары) мүмкіндікті зиян келтіру тәуекелін бағалау және тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдау үшін тұтынушыға арналған ілеспе құжаттамаларымен (пайдалану бойынша нұсқау, сапа паспорты, сәйкестік сертификаты, сәйкестігі туралы декларация, техникалық немесе нормативтік құжаттамалар және тағы басқалары) қамтамасыз етілуі тиіс.



Назар аударғандарыңызға

рахмет !!!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет