Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы


-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтiк құжаттардың түрлерi



бет28/80
Дата24.08.2020
өлшемі215,97 Kb.
#76751
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   80
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы (1)

29-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтiк құжаттардың түрлерi

      Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтер:

      1) құрылыс өнімдерiн стандарттау және сертификаттау, геодезиялық жұмыс, жобалау мен құрылыс салуға арналған инженерлiк iздену, құрылыс жүргiзудi ұйымдастыру, пайдалануға қабылдау, құрылыстағы қауiпсiздiк техникасы нормативтерiн қамтитын ұйымдастыру-әдiстемелiк нормативтiк құжаттарға;

      2) ғимараттар берiктiгiнiң, өрт және жарылыс қауiпсiздiгiнiң негiзгi ережелерiн, табиғи, антропогендiк және техногендiк сипаттағы қауiптi (зиянды) әсерлерден қорғауды, құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының технологиялық рұқсат шегiн және өзара ауыстыруға біркелкілігі мен сәйкестігін қамтитын жалпы нормативтік-техникалық құжаттарға;

      3) елдi мекендердiң аумағын және азаматтардың бағбандық бiрлестiктер аумақтарын ұйымдастыру, жоспарлау, құрылыс салу және абаттандыру, өнеркәсiптiк және ауыл шаруашылық кәсiпорындарының бас жоспарларын әзiрлеу жөнiндегi талаптарды, ережелер мен шектеулерді қамтитын қала құрылысы нормативтерiне;

      4) тұрғын үй-азаматтық және өндiрiстiк мақсаттағы үйлер мен ғимараттарды, көлiктiк, гидротехникалық, мелиорациялық құрылыстарды, сондай-ақ магистральдық және кәсiпшiлiк труба құбырлары мен коммуникацияларды қоса алғанда, жобалау және салу жөніндегі нормативтiк-техникалық құжаттарға;

      5) елдi мекендердi немесе олардың бөліктерiн, жеке үйлердi, ғимараттарды және олардың кешендерiн инженерлiк жағынан қамтамасыз етуге арналған нормативтiк құжаттарға;

      6) құрылыс материалдарына, бұйымдары мен конструкцияларына арналған нормативтiк-техникалық құжаттарға;

      7) құрылыс және құрылыс-монтаж ұйымдарын жарақтандыруға, уақытша және оңтайлы құрылыстар салу мен оларды жабдықтауға арналған нормативтiк-техникалық құжаттарға;

      8) құрылыстағы баға белгiлеу жөнiндегi нормативтiк құжаттарға;

      9) мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құжаттарға;

      10) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы (мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау, азаматтық қорғау саласындағы, мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, қоршаған ортаны қорғау саласындағы) мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының нормативтiк құжаттарына;

      11) құрылыстағы мердiгерлiк жұмыстарға конкурстар (тендерлер) ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы нормативтiк құжаттарға бөлінедi.

      Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет