Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы


-2-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау



бет33/80
Дата24.08.2020
өлшемі215,97 Kb.
#76751
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   80
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы (1)

31-2-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау

      1. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау алдын алу-профилактикалық сипатта болады.

      2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары мынадай тәртіппен белгіленген басымдықты ескере отырып, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізуге құқылы:

      1) өнеркәсіптік объектілер, өндірістік ғимараттар, құрылысжайлар;

      2) жасанды микроклиматтың арнайы құрылғылары және (немесе) арнайы күзет немесе терроризмге қарсы іс-шараларды талап ететін, мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттары, республикалық маңызы бар музейлердің, мемлекеттік архивтердің, ұлттық және мәдени құндылықтарды сақтау қоймаларының ғимараттары және қалалар мен елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету объектілері;

      3) әлеуметтік мәні бар объектілер (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдары және басқалар);

      4) тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер;

      5) көліктік инфрақұрылым объектілері;

      6) сумен жабдықтау және су бұру объектілері;

      7) өзге де ғимараттар және құрылысжайлар.

      Бұл ретте бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын және квазимемлекеттік сектор субъектілері қаржыландыратын объектілерге өзге тең жағдайларда басым тәртіппен барылады.

      Салынып жатқан объектіде авариялық ахуал туындаған жағдайда, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары осы объектіге басым тәртіппен барады.

      3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамай анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасалады.

      Бұл ретте тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында белгіленген өрескел бұзушылықтар болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Ескерту. 6-тарау 31-2-баппен толықтырылды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет