Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы


-бап. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры



бет45/80
Дата24.08.2020
өлшемі215,97 Kb.
#76751
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   80
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы (1)

38-бап. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры

      1. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүргізіледі.

      2. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.

      Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

      3. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мәліметтері мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады.

      4. Төменгі деңгейлердегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрлары жоғары деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық негізі болып табылады.

      Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.01.2014 N 167-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
     



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет