Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы



бет71/80
Дата24.08.2020
өлшемі215,97 Kb.
#76751
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   80
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы (1)

3-бөлiм. ҚҰРЫЛЫС
10-тарау. ҚҰРЫЛЫС ПРОЦЕСIН МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

65-бап. Тапсырысшылар мен мердiгерлер

      1. Құрылыстағы мердiгерлiк жұмыстарға байланысты мемлекеттiк сатып алуға жатпайтын (құрылысқа арналған жобалау, iздену, сараптау, зерттеу жұмыстарын, тапсырыс бойынша құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндiрудi қоса алғанда) қатынастардың негiзгi қатысушылары жобаның (бағдарламаның) тапсырысшы-инвесторы не оның уәкiлдiк берген адамы мен мердiгер (бас мердiгер) болып табылады.

      2. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар, отандық және шетелдiк заңды тұлғалар құрылыстағы мердiгерлiк жұмыстардың тапсырысшылары бола алады.

      3. Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметiнiң тиiстi түрлерiн жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар (бiрлескен кәсiпорындарды қоса алғанда) құрылыстағы мердiгерлiк жұмыстарды орындайтын мердiгерлер бола алады.

      4. Техникалық жағынан күрделі объектілерді, оның ішінде бірегей құрылыс объектілерін және ірі инвестициялық жобаларды салу үшін және мемлекеттік сатып алуды қазынашылық қолдап отыруды енгізу шеңберінде іске асырылатын "пилоттық" жобалар үшін жобаның (бағдарламаның) тапсырыс берушісі (инвесторы) объектілерді салу жобасын басқару жөніндегі инжинирингтік ұйымдарды тарта алады.

      Объектілерді салу жобасын басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсету тәртібін және объектілерді салу жобасын басқару жөніндегі қызметтерді көрсететін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

      Ескерту. 65-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11. N 204 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет